Білім беруде әлеуметтік-бейімдеу бағытын қамтамасыз ету принципі
Дамудағы кемістікті түзету және орнын теңестіру және толықтыру арнайы педагогикада кемтар тұлғалардың әлеуметтік өмірде тәуелсіздігін қамтамасыздандыру құралы ретінде қарастырылады.
Арнайы білім берудің әлеуметтік – бейімдеу бағыты әлеуметтік қатынастың түрлі құрылымын және адамды қоршаған мәдени ортаға психологиялық дайындығын қалыптастырады, дамудағы әлеуметтік кемшілікті анықтап түзетуге көмектеседі. Арнайы білім берудің әлеуметтік – бейімдеу бағыты арнайы білім стандартының мазмұнымен, түзетушілік білім беру үрдісінің формасы мен құралдарымен қамтамасыз етеді. Тәрбиеленушілердің әлеуметтік өмірге қатынасуына қажетті мінез – құлқын меңгеруі бойынша жүргізілетін түзету – педагогикалық және психологиялық жұмыстардың ұзақ әрі күрделі жүйесін, сондай – ақ аталмыш тұлғаға тиісті қарапайым гигиеналық, қарым – қатынастық, тұрмыстық дағдыдан бастап күрделі әлеуметтік, адамгершілік, философиялық, әлеуметтік – мәдени дағыдалрға дейінгі әдеттерді қалыптастыруды арнайы білім беру стандарты қарастырады.
Ойлау, сөйлеу тіл және қарым – қатынасты дамыту арнайы білім беру құралы ретінде принципі
Қалыпты дамушы бала өмірінің алғашқы күндерінен бастап – ақ сөйлеу ортасында тәрбиеленіп және затты – әлеуметтік өмірмен белсене араласуға мүмкіндігі бар болуы, сөйлеу тілі мен ойлауды дамытуға, қарым – қатынас іскерлігін қалыптастыруға қажетті барлық жағдайды меңгереді.
Жалпы білім беретін мекемелердегі оқыту қалыпты балалардың сөздік қорын дамытуға бағытталған. Қалыпты дамыған бала мектепке келгенде тұрмыстық ұғымдарды меңгерген жағдайда алады.осыдан кейін, біртіндеп ғылыми түсініктер қалыптасады, сөздік логикалық ойлауы дамиды. Кемтар балалардың сөйлесу негізінде қарым – қатынас дами бастайды, мінез – құлқы қалыптасады.
Ақыл – ой немесе дене дамуындағы кез келген кемістік баланың ойлауына, сөйлеу тіліне, қарым – қатынасына жағымсыз әсерін тигізеді.
Сөйлеу, ойлау және қарым – қатынастағы кемістіктер мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің барлық категорияларына тән дамуындағы өзіндік мәселелерді білдіреді. Сондықтан да, олар үшін маңызды қажетті жағдайдың бірі сөйлеу, ойлау және қарым – қатынасты дамыту бағыты бойынша түзету-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру.
Арнайы оқытудың түзету-теңестіру бағыты туралы принципі
Бұл принцип арнайы мектептерде оқушылардың сақтаулы сау күшіне сүйенуді талап етеді яғни зақымдалмаған анализаторлар мен ағза мүшелері, жүйелерді пайдалана отырып әзірленеді. Психикалық және дене дамуындағы зақымдалған немесе әлсізденген функцияларды реттеуге бағытталған түзету жұмысы үшін компенсациялау яғни теңестіру үрдісі қосымша құрал ретінде қарастырылады. Оқып үйрену көрмейтіндер үшін саусағының сипау арқылы болса, естімейтіндер сөйлеп тұрған адамның ерін қимылы арқылы сөйлеу мағынасын түсіне алады немесе ымдық қимыл арқылы үйренуге қабілетті.
Білім берудің түзету-теңестіру бағыты оқыту, түзету – дамыту процесін арнайы техникалық құралдарының қазіргі жүйесімен, компьютерлік технологиялармен қамтамасыз ету талабын білдіреді.
Жалпы бұл принцип арнайы білім беруде жетекші деп айтуға болады, өйткені нақты дамытудағы кемістіктерді түзетуді қамтамасыз етуін қадағалайды.
Арнайы оқыту мен тәрбиелеудегі әрекет арқылы ықпал ету принципі
Арнайы оқыту жүйесіндегі заттық-тәжірибелік әрекет кемтар баланың дамуын қамтамасыздандырудың арнайы құралы болып табылады. Ғылыми зерттеулер заттық-тәжірибелік әрекет, дамуында ауытқуы бар балалармен жүргізілетін жұмыстың ең қуатты нәтижелі түзету құралы екенін дәлелдейді (жоғары жүйке жүйесін, қабылдау, сөйлеу, есте сақтау, ойлауды түзетеді, дамытады). Аталмыш принцип сабақта, сондай – ақ сабақтан тыс уақытта жүзеге асырылады.
Әрекет жасау кемтар балаларды оқыту мен бойындағы кемістіктерді түзетуге мол мүмкіндіктері береді. Бұл жерде кемтар балалардың жас ерекшеліктерін ескеру арқылы жетекші әрекетін толық ұйымдастыру қажеттілігін ескеру керек.