Сурак Пед шеберлікті басқару технологиясы
Технологиялық жүйе.Педагогикада тәрбиеші шеберлігі біртұтас жүйе ретінде өзара байланысты үш құрамды топқа бөлінеді: технологиялық, әлеуметтік – психологиялық (қатынастар) және этикалық.
Технологиялық жүйе, яғни технология – бұл педагогика ықпал, әсерді жоспарлы және күтілген нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін, тұлға және ұжымға әсер ететін құралдар жүйесі.
Кәсіби техника мәні неде? Бұл тәрбиешінің оқушылардың практикалық қимыл-әрекетін ұйымдастыра алуында. Сөз оқушылардың өз өмірін ұйымдастыруда өз еркімен қатынасуы, өз-өзін басқару жайында.
Өкінішке орай, кезектегі ұжым болып кино, театр, мұражайларға, мереке, пікірталас, әртүрлі кештерді өзі ұйымдастырып жүрген, атсалысып жүрген сынып жетекшілерін жиі кездестіреміз. Бірақ жоғарыда атап өтілген шараларды жоғарғы сынып оқушыларының өзі ұқыпты түрде ұйымдастырып жүрген мектептердің даярлығына тәрбиеші кеңесші болуы керек, конференция, олимпиада, спорт сайыстарын дайындауда көмек көрсетуі керек.
Технологиялық процесс құрылымы төмендегідей болуы керек:
тәрбиеші шығармашылықпен ізденсе балалар белсенділігі артады.
тәрбиешінің оқушылардың өз-өзін басқару ұйымдарымен ынтымақтаса жұмыс істеуі: оған жаңа және күрделі мәселелерді шешуге уақыт бөлуі. Технологиялық жүйеде шаралар негізгі орын алады. Іс-шаралар оқушылардың ақыл-ой дамуын, дұрыс пікірлері мен түсінігін қалыптастырады. Тәрбиешінің шеберлігі әрбір оқушыға ерекше қарым-қатнаста болуы, оқушы қабілетінде көрініс табатын ұнамды қасиеттердің, жағдайлардың белсенділігін арттыруға бағытталған болуы керек. Тәрбиеші ұйымдастыратын тәрбие шараларына қойылатын негізгі талаптар: тәрбие шаралары кездейсоқ болмауы, әрбір шараға ұқыпты дайындық қажет.
Қарым - қатынас жүйесі Тәрбиеші шеберлігі – бұл балалар қатынасына бағыт алу өнері. Оқушылар бір-бірімен күнделікті сәлемдеседі, кездеседі, олар бірге қуанысып, кішігірім көңілсіздіктерді де басынан өткізіп отырады, “бірін-бірі түсініседі”. Тәжірибелі тәрбиеші адамгершілік қатынастың қыры мен сырларын анықтап, ажырата алады.
Бірақ тәрбиеші қаншалықты сезімтал болғанымен балалар ұжымы, қалыптаспаған жағдайда, ол балалар жүрегіне, сеніміне жол таба алмайды. Өйткені, ұжым оқушы тұлғасы қалыптасуының жетекші факторы ретінде әлеуметтік қатынас құрамының ең негізгісі, мәндісі болып саналады. Қарым-қатынас жүйесі әрбір ұжым мүшесінің бағалы жауаптарын ашып беретін дұрыс, баға беретін пікірлесу, талдау қалыптасуына негізделеді. Ол үшін ұжымның шығармашылық еңбегін қалыптастыруда жұмыстың қорытынды баспалдағы ретінде – сұхбат, әңгімелесу өте қажет.
Баға әділетті, қайырымдылық түрінде берілуі қажет. Дұрыс қатынас қалыптасуына төмендегі әдістер де ықпал етеді: қорытынды жиналыс, мінез-құлықты талдау, “найзағай” баспасы және т.б. Балалар арасындағы қатынастарға шеберлікпен жетекшілік ету үшін тәрбиеші ұжым ішіндегі, ұжымдар арасындағы қарама-қайшылықтарды жеңе білуі керек. Бұл қарама-қайшылықтардан арылу тәрбиеші тұлғасына, оның тәрбиеленушілермен қатынасының сипатына байланысты. Нағыз шебер тәрбиеші өз теңдестерімен ұнамсыз қарым-қатынаста болған оқушыларға көбірек көңіл бөледі. Әрбір оқушыны ұжымдық қарым-қатынасқа жұмылдыру үшін төмендегілерге назар аударған жөн:
әрбір оқушымен жұмыс істеуде жақын педагогикалық тапсырмалар беру;
өзара түсінісу, көмек көрсету атмосферасын қалыптастыру;
отбасының тәрбиелік әсерін есепке алу;
балалардың өзара байланысын күшейтетін, шығармашылық еңбегін дамытатын шаралар, қимыл-әрекетті ұйымдастыру;
оқушыларға өзара бірқалыпты, әділетті қатынаста болу.
Этикалық жүйе. Егер тәрбие құралдары, әдіс-тәсілдер негізінде жетекші идея болмаса, технологиялық жүйе де, қатынастар жүйесі де көздеген нәтижені бермейді.
Педагог және ұжым арасында мотивтер болуы қажет. Бұл мотивтер үшін әрбір оқушы, сынып, мектеп әрекеттенеді. Үлкен ұлы мақсаттар педагогтың ұнамды әсер ету факторлар жүйесіне сүйеніп талап етеді. 0лар мыналар: тәрбие мен тұрмыстың, тіршіліктің бірлігі; балалар еркіндігі мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі; азаматтық пен адамгершіліктің бірлігі; эстетика мен этиканың байланысы; талап қою мен сенім бірлігі; оқушы тұлғасына сергектік қатынас; жас ерекшеліктерін есепке алу; балалардың ақыл-ой, мінез-құлық денсаулық тәрбиесі жайлы жағдай жасау; критерийлерге мойынсұну принциптері.
Этикалық ұғымның тәрбие технологиясымен үздіксіз байланыста болуы үшін, педагогтар төмендегі тақырыптарда сұхбат, әңгімелер ұйымдастыруы жөн: “борыш және ата-аналар алдындағы міндеттер”; “борыш және тілек бірлігі”; “тілектер мен қажеттіліктер бірлігі”; “жан, жан күйініші” түсініктерінің адамгершілік мәні және т.б.