Азақстанда оқитын жастар мен балаларды тәрбиелеудің негізгі мәселелері және тенденциялары

Жылдарға арналған

БАҒЫТ - БАҒДАРЛАМАСЫ

Ақтөбе облысында тәрбие жұмыстарының

Жылдарға арналған

БАҒЫТ - БАҒДАРЛАМАСЫ

Мазмұны

Мазмұны

БАҒЫТ - БАҒДАРЛАМАНЫҢ КОНЦЕПЦИЯ МЕН ТӨЛҚҰЖАТЫ

Атауы

Бастамашылары

Бағдарлама жобасын құрастырушылар

Заңнамалық база

Болжамдық нәтижесі

КІРІСПЕ

1.Қазақстанда оқитын жастар мен балаларды тәрбиелеудің мәселелері және негізгі тенденциялары

2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

3. Тәрбие беруді ұйымдастырудың негізгі ұстанымдары

4. Жаңа заманауи білім беруде тәрбие үрдісінің негізгі бағыттары

5. Әртүрлі типтегі білім беру мекемелерінде тәрбие берудің негізгі бағыттарын жүзеге асыру

5.1. Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі тәрбиенің дамуы

5.2. Жалпы білім беру мекемелеріндегі тәрбиенің дамуы

5.3. Қосымша білім беру мекемелеріндегі тәрбиенің дамуы

5.4. Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі тәрбиенің дамуы

6.Бағдарламаның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету

6.1. Нормативтік - құқықтық базаның дамыту

6.2. Ғылыми қамтамасыз ету

6.3. Бағдарламалық - әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету

6.4. Басқарушы және педагогикалық кадрлармен жұмыс

6.5. Ведомстволар және қоғамдық ұйымдармен қарым - қатынас

7. Тәрбие сапасының баға критерийі

8. Бағдарламаны жүзеге асырудағы күтілетін нәтижелер

Атауы: Ақтөбе облысында жастар мен балаларға тәрбие берудің

Жылдарға арналған бағыт-бағдарламасы

Бастамашылары:Ақтөбе облысының білім басқармасы

Бағдарлама жобасын құрастырушылар:

-Ақтөбе облысының білім басқармасы

-Ақтөбе облыстық оқу-әдістемелік орталығы

Заңнамалық база:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы»;

- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

- Білім алушы жастарды тәрбиелеудің кешенді бағдарламасы;

- Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие беру концепциясы;

- Заңдар: «Қазақстан Республикасындағы бала құқығын қорғау», «Балалар құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы, «Діни ұйымдар мен наным-сенімдердің бостандығы туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кәмелетке толмаған жастар арасында құқық бұзущылықтың және балалардың қараусыз, бақылаусыздығын алдын – алу туралы», «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы», «СПИД ауруының алдын-алу туралы», «Шылым шегуге шек қою туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқауындағы «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасы.

Болжамдық нәтижесі:

- Ақтөбе облысының саяси дамуы мен әлеуметтік - экономикалық жағдайында рухани - адамгершілік, интеллектуалдық ақиқатқа негізделген іс - әрекет пен адами капиталдың қалыптасуына бағытталған ғылыми-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық кешенді тәрбиелік іс-шаралармен қамтамасыз ету;

- Жеке тұлғаның дамуын жүзеге асыруға, өскелең ұрпақтың шығармашылық еңбегін, денсаулығын нығайтудағы бағытталған тәрбие жұмысы жүйесін құрастыру және енгізу;

- Инновациялық білім беру жүйесінде вариативті білім беру мен оқытуды, тәрбиелеу және өзін - өзі тәрбиелеуді, даму және өзін-өзі дамыту, есею және әлеуметтендіру, қазіргі заманғы жастардың таным және шығармашылық қызметке бағдарланған мотивациясын кеңейту;

- Ақтөбе облысында үздіксіз тәрбие беруді қамтамасыз ету мақсатында тәрбие беру азаматтық қоғамдастық өкілдері мен сыртқы ұйымдар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынас желісін құру;

- Дамушы жеке тұлғаны әлеуметтендіруге және тәрбиелеуге бағытталған халықаралық бағдарламаларға, жобаларға қатысу.

КІРІСПЕ

Тәрбие - жеке тұлғаны дамытуға мақсатты бағытталған және педагогикалық тұрғыда ұйымдастырылған үдеріс, сонымен қатар қабылданған құндылықтарды игеруге , қоғамның адамгершілік және моральдық нормаларын белгілеу болып табылады.

Жастар мен балалардың рухани - адамгершілік тұрғысынан қалыптастыру, оларды өз бетінше өмір сүруге дайындау қоғам мен мемлекет дамуының алғы шарттары болып табылады. Мемлекет саясатында тәрбие беру бағытын ҚР 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудағы Мемлекеттік бағдарламасы, ҚР «Білім туралы» Заңы, 2006-2011 жылдарға арналған ҚР білім беру мен тәрбиелеудегі кешенді бағдарламасы, үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие Концепциясы білім берудегі адамгершілік қағидалары айқындайды.

Білім беру мекемелеріндегі отбасы мен педагогикалық ұжым арасындағы қарым-қатынастар тәрбие берудегі нақты мақсаттар мен міндеттерді анықтап, өз бағытын бағдарлауды қамтамасыз ету мақсатында тәрбие беру кеңістігінде жеке тұлғаны модельдеу, өз мүмкіншілігін жүзеге асыруға жағдай жасау саясатының негізін құрайды.

Бағдарлама білім беру мекемелерінің қоғамдық беделін көтеруге, қазіргі заманғы тәжірибе және отандық дәстүр негізіндегі тәрбие құрылымы мен мазмұнын жаңартуға, тәрбие және оқу үдерісіндегі үйлесімділікті қолдануға, мемлекеттік баланс, қоғамдық және отбасылық тәрбиеге, әртүрлі типтегі білім беру мекемелеріндегі тәрбиеге және олардың артықшылығына бағытталған. Жаңа қоғамдағы әлеуметтік жаңару кезеңінде өзектілік мәселесі тәрбиенің құнды дүниетанымдық негіздерінің қалыптасуына, білім жүйесіндегі жаңаша тәрбие беру мүмкіндіктеріне, қоғамдық келісім негізінде қазақстан ұрпақтарының арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуге негізделеді.

Бағдарлама білім беру жүйесіндегі тәрбие беруді ұйымдастыруды жетілдірудің міндеті мен мақсатын, бағыттарын және білім беру мекемелеріндегі тәрбие беру тәжірибелерін дамытумен байланысты бірінші кезектегі шараларды анықтайды.

Бағдарлама ведомстволық статусқа ие, ең алдымен білім беру басқармасына, әртүрлі типтегі білім беру мекемелеріне арналған. Берілген бағдарлама өңірлік және жергілікті бағдарламаларды құруға негіз болып табылады.

азақстанда оқитын жастар мен балаларды тәрбиелеудің негізгі мәселелері және тенденциялары

Бағдарламаның негізгі ережелерін жүзеге асыру Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі тәрбиенің инновациялық даму механизмін құруға мүмкіндік береді және адамгершілікті, азаматтылықты, патриоттылықты, әлеуметтік белсенділікті, шығармашылық шеберлікті, қазақстандық өскелең ұрпақтарының бойында салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға бағыттайды.

Қабылданатын Бағдарлама мына негіздейді :

- білім беру жүйесіндегі тәрбиенің дамуын басқаруды жетілдіру;

- тәрбие беруді дамытуда қажетті ғылыми-әдістемелік, ұйымдастырушылық, кадрлық, ақпараттық қамтамасыз ету;

- білім беру мекемелерінде тәрбие қызметінің сапасы мен тиімділігін көтеру.

Соңғы жылдары білім беру мекемелерінде жастардың әлеуметтік белсенділігі мен төзімділігін қалыптастыруға, олардың әлеуметтік-жоба қызметтеріне қатысуға қызығушылығын белсендіруге, өзін-өзі басқара білуін жетілдіруге бағытталған тәрбиенің мақсаттық және вариативтік бағдарламасы, балалардың қоғамдық қозғалысындағы волонтерлік тәжірибелер жинақталған.

Сонымен қатар балалар және жастардың ортасында жағымсыз әрекеттер қатары пайда бола бастады, олардың ішінде құнды бағыт- бағдардан жаңылу, рухани-адамгершілік мақсаттарының тапшылығы, суицид, діни экстремизм, алдыңғы ұрпақ жетістіктерінің құнсыздануы, жастардың өндірісте еңбек етуден айырылуы сияқты мәселелер жаппай көрініс тапты. Жоғарыда көтерілген мәселелер аясында білім беру жүйесінде тәрбиенің мынадай өзекті мәселелері анықталды:

- педагогикалық санада тәрбие құндылықтарының әлсіреуі, «білім беру қызметін» білім беру қатынастары аясында таратуда тәрбие және білім беруді әлеуметтендіру қызметінің төмендеуі;

- тәрбие мақсаттарының нақты қойылмауы; тәрбиенің мазмұнының құндылықтарын жүзеге асыруда ұйымдастыру қызметіндегі әрекеттердің мөлшерден тыс шоғырлануы, тәрбие беруді сапалы талдауда сандық фиксацияға және тәрбие берудегі нәтижелерді артық бағалауға ұмтылыс жасау;

- тәрбие беру қызметінің нашарлауы, тәрбиелеу әдістемесінің бұрмалануы, жоспарсыз және талдаусыз ұжымдық шығармашылық жұмыстар, жастар мен балалардың бастамасынсыз, қатысуынсыз жасалған әлеуметтік жобалар, жобаны жүзеге асыруда оқушылардың өзін-өзі басқаруы мен жауапкершілігінің болмауы;

- тәрбиеге іс-шара ыңғайына қарай басым жағдай жасау, ересектер мен балаларға арналған іс- шаралардың басымдылығы, ересектер мен балаларды біріктіріп өткізу жұмыстары, қазіргі заманғы мәдени тенденцияның күшеюі, балалар мен жастардың ересектер әлемінен алшақтау әсері;

- дүниетанымды таңдау мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыс технологиясының, адамгершіліктің, саяси идеалдың, оқушылардың әлеуметтік-мәдени ұқсастықтарын қалыптастырудың, жасөспірімдер мен жастардың азаматтық іс-әрекетінің әлеуетін қалыптастырудың тапшылығы;

- тәрбие кеңістігінде тәрбие беретін әртүрлі субъектілер әрекеттерінің келіспеушілігі (білім беру институттарында, отбасы, балалар мен жастар бірлестігі, БАҚ, билік органдары және қоғамдық ұйымдар);

- тәрбие үрдісін басқарудағы артық төрешілдік, білім беру қызметінде ынталандыратын еліктеушілік; шектен тыс әкімшілік құру,өктемшілдіктің ұйымның өз мүмкіндігін дамытуға тигізер зияны;

- білім беру мекемелеріндегі балалар мен ересектер қоғамының жетілмеуі;

- білім беру мекемелеріндегі тәрбие беру үрдісінің инфрақұрылым дамуының төмен деңгейі, ресурстық қамтамасыз ету тапшылығы.

Жоғарыда аталған мәселелерді шешудің қажеттілігі қоғамның дені сау күштерін шоғырландыруды, тәрбие беру қызметінің мазмұны мен түрін жаңартуды, адамгершілік тұрғысында тәрбиелеу және тәрбиенің ашық- жариялылыққа көшуін айқындайды.

Мемлекет балаларға тәрбие беруге және азаматтардың құқығын жүзеге асыру жағдайларына жауапты, ал бұл мемлекеттік саясаттың өскелең ұрпақты тәрбиелеу бағытындағы жұмыстарын жоспарлауды және жүзеге асыруды қажет етеді.

Тәрбие беру жүйесіндегі мемлекеттік саясат тәрбиенің міндеті мен мақсатын, оларды шешу стратегиясын, заңнаманың құрылуын, мемлекеттік бағдарламаларды, ресурстардың бөлінуін, тәрбие жобаларын маңызды әлеуметтік қолдауды, бақылау механизмін анықтауларды енгізу керек.

Жиынтығында осылардың бәрі өскелең ұрпақты қоғамдык сұраныстар мен қажеттіліктерге сай тәрбиелеу жүйесін құруға қажетті жағдай жасауға ықпал етеді.

Азаматтық, патриоттық тәрбие беру мемлекет саясатының білім берудегі маңызды бағыттарының бірі. Қазіргі жағдайда азаматтық тәрбиенің негізгі принциптерінің басымдылығын анықтауда жаңа жоспарлар мен тиімді тәсілдерді жүзеге асыру қажеттілігі айқындалды. Түрлі білім беру мекемелерінде үздіксіз дамудағы тәрбие жұмыстарының әдістерін жасау, стратегия мен тактиканың үйлесімділігі басты назарда тұрады.

Түрлі білім беру мекемелерінің мақсат, міндеттерін есепке ала отырып, тәрбие жұмыстарының қазіргі динамикалық даму әдістерін жасауда стратегия мен тактиканың сәйкестік мәселесі ерекше назар аударуды қажет етеді.

Наши рекомендации