Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: Тәрбиеші:
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта. Бөлімі: Экология.
Тақырыбы: Тиін
Мақсаты:Тиіннің қоректенуі, тіршілігі туралы түсіндіру. Жануарлар әлеміне танымдық қызығушылығын, тілектестік, қамқорлық сезімін ояту.
Көрнекіліктер: тиіннің суреттері, тиіннің тіршілігі туралы түсірілген бейнетаспа.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.
Билингвальді компонент:Тиін - белка
Іс-әрекет кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- Қозғаушылық | Шаттың шеңбері: Тәрбиеші музыка қойып, балаларды шаттық шеңберіне жинайды. | Бір – біріне алақан арқылы жылу беріп, бір – біріне жылы сөздер айтады. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік | -Балалар хайуанаттар бағына кім барды? Ол жерден қандай аңдар көргендеріңді еске түсіріңдерші? -Мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер шешуін табыңдар. Шешуін дұрыс тапқан бала сол аңның суретін тақтаға іледі. 1. Өзі бір қу Жүрген жері айқай мен шу. Ол қай аң? 2. қорбаң, қорбаң етеді, Орман оның мекені. Тәтті балға тойып ап, Қыста ұйқыға кетеді. Бұл не? 3. Сұр түсті Ақсиған көп түсті. 4. Секең, секең етеді Орман оның мекені -Жарайсыңдар, балалар, енді осы аңдар туралы кім айтып береді? -Ал тиінді көргендерің бар ма? Сендердің көпшілігің тиінді байқамай қалуларың да мүмкін, себебі: ол кішкентай әрі көбінесе ағаштардың басында жүреді. Біз бүгін тиін жайлы әңгімелесеміз. Міне, мынау-тиін (суретін көрсетеді). -Дұрыс айтасыңдар, демек, тиін қарағайлы ормандарды мекендейді екен. Тиін туралы білгілерің келсе, алдарыңда тұрған суретке назар аударыңдар. -Тиіннің түсі, денесі, құлағы, құйрығы қандай? Енді мен сендердің айтқандарына кішкене толықтырулар енгізейін. Ол үшін біз қазір тиін туралы түсірілген бейнетаспаны қараймыз. (Бейнетаспадан балалар тиіннің тіршілігі туралы толық ақпарат алады.) Тиіннің түсі ақшыл сұр не жирен, үлпілдек, қалың жүнді, құйрығы ұзын, құлағында шашағы болады. Аяқтарында ұзын тырнақтары бар, қалай ойлайсыңдар тырнақтары қандай қызмет атқарады? -Ал мықты тістері мен әдемі әрі ұзын құйрығы қандай қызмет атқарады? Дұрыс айтасыңдар, олар құйрықтарын ағаштан-ағашқа секіру кезінде тепе-теңдікті сақтау үшін және аязды күні суықтан қорғану үшін қолданады. Олар қатты суық болған кезде домаланып жатып, құйрықтарын жамылғы ретінде пайдаланып ұйықтайды. Қыстыгүні тиіндердің жүндері үлпілдек, жұмсақ, қалың, ұзын, ал жазға қарай керісінше жұқа, сирек, қысқа әрі қатайған болып келеді. Тиіндер жылына екі рет күзде және көктемде түлейді. Ұясын ағаш басына, кейде кеуесіне не жартас жарығына салады. -Тиіндер қысқа қандай дайындық жасайды? Жаз, күз мезгілінде тиіндер тоқ жүрсе де, қыс маусымына дайындық жасайды екен. Олар қыс маусымына қалай дайындалады? -Олар қай жерге жинайды? -Дұрыс айтасыңдар, ағаштардың қуыстары мен ойық жерлеріне тасып қор жинайды. Уақыт өте келе олар жемін қай жерге көмгендерін ұмытып қалады. Қыс түскенде олар жинағын қорларының кейбіреуін ғана кездейсоқ тауып алады. Тиіндердің бұндай аңқаулығын басқа жануарлар мен құстар жақсы пайдаланады. Миға шабуыл: -Балалар, тиіндердің де табиғаттың көркеюіне, өсіп-өнуіне көмегі тиеді екен. Олар да адамдар сияқты өсімдіктерді отырғызады. Кәне, ойланайықшы, олар өсімдіктерді қалай отырғызуы мүмкін? Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді. | Балалар хайуанаттар әлемінен аю, қоян, түлкі, қасқыр, піл, арыстан, маймыл, т.б аңдарды көргендерін айтады. -Түлкі (түлкінің суретін іледі.) -Аю (аюдың суретін іледі.) -Қасқыр (қасқырдың суретін іледі.) -Қоян (қоянның суретін іледі.) Балалар суретке қарап, аңдар туралы білетіндерін әңгімелейді. -Бар. -Тиіннің түсі қызғылт, үстінде жүні бар, құйрығы ұзын, құлағында шашы бар, әдемі көздері жылтырап тұрады. -Ағаштың діндерін ойып, қуыс етіп жасайды. -Шырша, балқарағай жаңғақтарымен қоректенеді. Олар ағашқа өрмелеп шығуы және қорегін ұстап тұруы үшін ыңғайлы. -Тиіндер тісімен қатты жаңғақтарды шағып әрі кеміріп жей алады. Ал құйрығы ағаштан – ағашқа секіру үшін керек. -Қыста жеу үшін жаңғақтар мен саңырауқұлақтар жинайды. -Ағаштардың жемістері мен жаңғақтарын, бүрлерін, саңырауқұлақтарды жинайды. Ағаштардың түбін қазып көміп тастайды. -Тиіндер жерге көмген жаңғақтары мен дәндердің орнын ұмытып қалады. Сол көмілген жаңғақтардан көктемде өсімдіктер өсіп шығады. Сергіту жаттығуын жасайды. Дәптермен берілген тапсырманы орындайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік | Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. | Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікірлерін бөліседі. |
Күтілетін нәтиже:
жасайды:Тиіннің жабайы аң екендігін, оның жануарлар мен адамдар үшін пайдасын, олардың көбінесе орманда тіршілік ететіндігін, қыс маусымына қалай дайындалатыны туралы.
түсінеді:Тиінді танып байқап, сипаттап береді; тіршілігін, мекенін, құйрығы мен тырнақтарының қызметін, олардың табиғаттың көркеуіне, өсіп-өнуіне көмегі тиетіндігін.
қолданады:тиіндердің табиғаттағы орны, тіршілігі, қозғалысы, қорегі, адамға пайдасы, тиіндердің түстерінің тіршілік етіп жүрген ортасына қарай өзгеріп тұратындығы туралы және бейімделуі туралы.