Зін-өзі бақылау сұрақтары

1.Кеңестік білім жүйесінің қандай жетістіктері бар?

2.Қазақстандағы білім беру жүйесінің негізгі компоненттерін атап, сипаттама беріңдер.

3.Жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беретін және жоғары кәсіптік білім беретін оқу орындарының негізгі түрлерін атаңдар.

4.Білім берудің мемлекеттік стандарты дегеніміз не және оған қандай талаптар қойылады.

5.Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" заңын жүзеге асыру ерекшеліктерін көрсетіндер.

6.Қазақстандағы білім жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарын атандар.

Дебиеттер

1.Государственная программа "Образование". Алматы, 2000.

2.Государственные стандарты начального образования Республики Казахстан. Алматы, 1998.

3.Государственные стандарты среднего образования Республики Казахстан. Кн. 1,2. Алматы, 1998.

4.3акон Республики Казахстан "Об образовании" Алматы, 2000.

5.3акон Республики Казахстан "О языках в Республике Казахстан" Алматы, 1997.

6.Конституция Республики Казахстан. Алматы, 1995.

7.Концепция развития среднего образования Республики Казахстан /Учитель Казахстана, № 17-18, 1997.

8.Кумбс Ф.Кризис образования в современном мире.М., 1970.

9.Национальное согласие-основа стабильности и развития Казахстана. Астана, 1999.

10.Проблемы и тенденции развития школы в современным мире. М., 1988.

11.Садыков Т.С. Теоретико-методологические основы модернизации системы образования в Республике Казахстан. Алматы, 1998.

12.Храпченков В.Г. Тенденции и особенности развития всеобщего среднего образования в Казахстане. Алматы, 1996.

Зіндік жұмыс үшін тапсырма

Мұғалімдердің, оқытушылардың, оқыту орындарының қызметін реттейтін, маңызды нормативтік құжаттарды оқыңдар:

-ҚР "Білім туралы" заңы. -ҚР "Қазақстандағы тілдер туралы" заң.

-Мемлекеттік "Білім туралы" бағдарламасы -Орта білімді дамыту концепциясы

-Бастауыш және орта білімнің мемлекеттік стандарты.

Рефераттық тақырыптар

1.ҚР білім берудегі мемлекеттік саясаты.

2."ҚР тілдер туралы " заңы-Қазақстан халқының тілі мен мәдениетін дамытудың жолы.

3.Қазақстанда білім жүйесін дамыту.

4.Білім жүйесін дамытудың тенденциясы.

Мектептің оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылығы

Мақсаты: қазіргі заман мектебі жұмысын басқару әдісінің теориялық негізін айқындау.

Міндеттері:

а) "Мектепті басқару мен басшылық ету" ұғымының мәнін ашу.

ә)Басқару қызметтерін сипаттау.

б)Мұғалімнің мамандық дәрежесін көтеру туралы түсінік беру.

Жоспары

1."Мектепті басқару мен басшылық ету" ұғымының мәні және оның негізгі принциптері.

2.Мектеп басшылығының оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен басқару қызметі.

3.Педагог кадрлердің әдістемелік жұмысы мен аттестациясы.

Негізгі ұғымдар: басқару, мектеп жұмысын басқару, педагогикалық басқару, білім беруді басқару, әдістемелік жұмыс, инновациялық бағыттылық, аттестация, кәсіби-педагогикалық мәдениет, мамандық пен көсіби шеберлікті көтеру, педагогикалық технология.

Басқа пәндермен байланысы: философиямен, әлеуметтанумен, психологиямен, физиологиямен, педагогика тарихымен, этнопедагогикамен байланысты.

"Мектепті басқару мен басшылық ету" ұғымының мәні және оның негізгі принциптері. Қазіргі заман мектебі- күрделі жүйе, ол оқушылардың, оларды оқытып, тәрбиелейтін мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің (директоры, оның оқу және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары), оқу-тәрбиелік және қызмет көрсететін адамдардың іс-әрекетінен, мектеп алдында тұрған жалпы міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай

жасайтын материалдық базадан тұрады. Сонымен қатар, мектеп дегеніміз-мұғалімдер мен онда қызмет ететін адамдар ұжымы, олар білім беру жүйесін мемлекеттік тұрғыдан басқарудың объектілері болып табылады. Қазіргі мектепті өзара байланысы бар, ішкі құрылымы және социуммен белгіленетін тұтас әлуметтік-педагогикалық жүйе ретінде қарастыру керек. Ол өзара тығыз байланысты екі жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылушы. Бұл қазіргі кез-келген оқу-білім беру мекемесінің алдына өмірдің өзі қойып отырған міндеттерді жүзеге асыру бойынша барлық жұмыстың басты ұйымдастырушысы ретіндегі мектеп директорының тікелей басқару іс-әрекетінде көріну керек. Мектеп басшылығы мен мұғалімдерден тұратын басқару жүйесі жетекші болып келеді. Басқарылушы кіші жүйеге оқушылар мен олардың ұйымдары жатады.

Мектепті басқарудың басты мәні-педагогтардың оқыту мен тәрбиеде ең жақсы нәтижеге жету мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарының іс-әрекетін мақсатты ұйымдастыру.

Адамдар жеке істей алмайтын немесе жекелеп істеу тиімсіз болғанды жұмыла істеу үшін басқару қажеттігі туындайды. В.Г. Афанасьевтің пайымдауынша: "Басқару -қоғамның, оның кез-келген даму сатысындағы, ішкі өзіне тән қасиеті. Бұл қасиеттің жалпылық сипаты бар және ол қоғамның жүйелік табиғатынан, адамдардың қоғамдық, ұжымдық еңбегінен, еңбек пен өмір барысында қарым-қатынас жасау, өзінің материалдық және рухани өмірінің жемісімен алмасу қажеттігінен бастау алады".

ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы басқару білімінің қарқынды өсуі мен өзгеру уақыты. Бұл эволюцияның бастапқысы ретінде басқарудың классикалық мектебінің негізін салушы А. Файольдің еңбектерін атауға болады, ол 1916 жылы басқарудың жалпы принциптерін ұсынған. Дәл осы принциптер ғылыми басқару теорияларының негізіне айналған.

"Басқарудың классикалық теориясы" 1930-жылдарға дейін ең басты орында болғаи. XX ғасырдың 30-жылдарында басқарушылық ғылым дамуында "басқарушылық кдтынастар теориялары" атты жаңа бағыт қалыптасты. Классикалық теория бірлескен іс-әрекет нәтижелілігінің негізгі шарттары не, қашан,

қайда және қалай істеу керектігін анықтайтын басқарудың нақты ресми құрылымы, жемісті жұмысты (ең бастысы, материалдық жағынан) қамтамасыз ету деп санаған. Ал адамдар қатынасының теориясы адамның ұйымдағы мінез-құлқын анықтайтын факторларлы, мақсаттылық пен жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды бірінші орынға қояды. Бұл теория XX ғасырдың 50-60-жылдары Батыста, әсіресе АҚШ-та кең өріс жайған, тәжірибеде оң нәтиже бере алмаған, дегенмен басқарудың демократиялық әдістерін кеңінен енгізу әрекеті де осы теориямен байланысты. "Адамдар қатынасы теориясының" орнына, басқарудың жүйелік теориялары, жағдайлық теориялар, басқарудың рационалистік (ақыл-ой талабына ғана негізделген) және мінез-құлықтың жағымды жақтарын біріктіріп, олардың орнына ұйымдастырушылық даму теориялары келді.

Мектепті басқару мәселесіне арналған көптеген зерттеулер бар: оларда мектелті басқарудың (Э.Г. Костяшкин, Ю.А. Конаржевский, В.П. Стрезикозин, П.В. Худоминский, Т.И. Шамова, Н.Д. Хмель, Н.Н. Тригубова, т.б.) мәні ашылады. Басқарушылық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың жүйесін енгізу бойынша (И.П. Раченко, Умирбекова Ж.Б., Г.Т. Хайруллин, т.б.); мұғалімдердің шығармашылық зерттеушілік және эксперименталды қызмет-әрекетін ұйымдастыру бойынша, ғылымды практикаға енгізу бойынша (Ю.К. Бабанский, Л.И. Гусев, В.И. Журавлев, В.И. Загвязинский, Б.А. Койшибаев, В.В. Краевский, Г.Л. Лукпанов, М.Н. Скаткин, Я.С. Турбовский, т.б.); мамандықты жетілдіру бойынша (Я.С. Бенцион, Г.И. Горская, Л.С. Коробкова, Ш.Т. Таубаева, В.П. Топоровский, т.б.); мамандықты көтерудің психологиялық-педагогикалық және ақпараттық негізін құру бойынша (Г.С. Сухобская, А.С. Пискунов, т.б.); Қазақстандағы педагогикалық кадрлардың мамандығын көтеру жүйесін дамыту тарихы бойынша (Б.А. Альмухамбетов т.б.) жұмыстар жүргізіледі. Мектеп басқарудың жаңашылдық аспектілері М.М. Поташкин, В.С. Лазарев, Л.И. Моисеев, И.И. Цыркун, Н.Р. Юсуфбекова және т.б. еңбектерде талданған. Алайда, мектеп басшыларын мектептегі жаңалықтарды ұйымдастыру

мен басқаруға дайындаудың мәні мен әдістемесі педагогикалық ғылымда жеткілікті баяндалмаған.

Басқарудың қызметтерін тек дидактикалық тұрғыдағы аспектілермен шектеген қате болар еді. Білім беру мектептеріндегі педагогикалық ұжымның жүзеге асыратын тәрбиелік жүйесі де басқаруға келеді. Әсіресе, мектептердегі тәрбиелік жұмыстың тәрбиенің қалыптасқан стереотипінің түбегейлі өзгеруімен, ондаған жылдар бойы қалыптасқан балалардың қоғамдық ұйымдарының (пионерлер, комсомол) жойылуымен, идеялардың түпкілікті ауысуымен қазіргі кезеңіндегі қиыншылықты ескерсек, басқарудың маңызы зор. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі қиыншылық жағдай, білім берудің, қазіргі тәрбиелік процесті белсендіруді, оның жаңа түрлері мен әдістерін табуды, әсіресе, бұл процесті басқарудың басқа амалдарын табуды өте қатты қажет етеді.

Қазақстан Республикасында беделді азаматты тәрбиелеу мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр, яғни бұл процесс педагогикалық басқарудың ең маңызды мәселесіне айналып отыр.

Г.И. Щукинаның пікіріне қосылып, басқару дегеніміз-мектеп ішіндегі "психологиялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік" сияқты күрделі процестер мен қатынастарды саналы түрде реттеу деп есептейміз. Алайда басқарудың алдыңғы қатарлы тәжірибесін жинақтап қорыту тек материалды жинаумен ғана және оны тиісті ғылыми-әдістемелік тұрғыдан бағаламай, тек баяндаумен ғана шектеледі. Материалдарда, көбінесе, негізгі идеялар мен тәжірибенің талдауы болмайды және оларды қолданудың кеңес-ұсыныстары берілмейді, оны енгізудің шарттары да көрсетілмейді. Ал кейбір жағдайларда, тұтас жұмыс жүйесі емес, керісінше, жекелеген тәсілдер ғана суреттеліп таратылады. Кейде, мектеп басшылары мен білім беру органдары үшін ешқандай тәжірибелік құндылығы жоқ көптеген материалдар жинақгалады. М.М. Поташник былай дейді: "Басқару-мектептің қалыптасуын, тұрақтануын, тиімді қызмет етуін және дамуын қамтамасыз ететін барлық субъектілердің мақсатты іс-әрекеті". Бұл анықтама маңызды екі нәрсеге назар аудартады: біріншіден, кез-келген басқарудың мақсатты іс-әрекет болып табылады; екіншіден, ол басқалардан өзінің міндеттерімен ерекшеленеді.

К.Я. Вазинаның пікірінше: "Басқару-нақты бір мақсатқа жетуді қамтамасыз етегін қалыптасуға жауап беретін жүйенің қызметі".

Педагогикалық басқару әлеуметтік мақсатта жүзеге асады, ол адамдардың іс-әрекетін басқару мен олардың бірігуіне қатысты. Алайда, ол жалпы әлеуметтік басқарудан өзінің объектілерімен (оқушылар, мектептер, мектептен тыс мекемелер, халыққа білім беру бөлімшелері, т.б.), олардың заңдылықтарымен ерекшеленеді.

Практикалық іс-әрекет ретіндегі педагогикалық басқару-оқушылардың оқуы мен тәрбиесін басқару. Педагогикалық басқару теориясы-мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар жүйесі, ұжымдар мен жеке адамдар жүзеге асыратын тәрбие мен оқыту процестерін басқару туралы білімдер.

"Педагогикалық басқару" ұғымы "білім беруді басқару" ұғымынан кең, өйткені ол тәрбие мен оқытуды жүргізетін басқа мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарда (жанұя, қоғамдық ұйымдар, мамандықты көтеру жүйесінің мекемелері, т.б.) қызмет етеді. Шындығында, педагогикалық басқарудың кез-келген "адам - адам" жүйесінде орны бар. Бұл жағдайда педагогикалық мақсаттар басқарудың негізгі түріне бағынады-педагогикалық процесс субъекті іс-әрекетін басқару.

Педагогикалық басқарудың білім беру жүйесіндегі басты объектісі-өсіп келе жатқан ұрпақгың іс-әрекеті. Оларды оқыту мен тәрбиелеуді басқару не тікелей (мұғалімдер, тәрбиешілер арқылы), не жанама-мемлекеттік қоғамдық ұйымдар арқылы жүргізіледі.

Басқару субъектісінің қызметтер жиынтығын басшылық дейді.

Білім беру мекемесін басқару іс-әрекетінің басқа мекемелер немесе өнеркәсіп орындарындағы басшылықтың жұмысынан едәуір айырмашылығы бар. К.Д. Ушинский былай деп жазған: "Егер қаржы немесе әкімшілік әлемде олардың идеяларының орындаушыларға ұнайтын-ұнамайтынын ескермей, ұйғарыммен, жарлықпен қызмет етуге болатын болса, қоғамдық тәрбие беру әлемінде ашық айтылып, ашық қабылданған пікірден басқа идеяны жүзеге асырудың басқа амалы жоқ". М.И. Кондаков: "Мектеп жұмысын басқару өндірістік және қоғамдық өмірдің басқа салаларын басқарудан айтарлықтай ерекше, өйткені мұнда

күштерді орналастыру мен үйлестіру, байланыс пен өзара тәуелділік жүйесін жүзеге асырудан басқа, оқу-тәрбие процесінің барлық жақтарына бағытталған ұйымдастырушылық-педагогикалық ықпал ету мәселелері басты мәнге ие болады", - дейді.

Білім беру жүйесінің иерархиялық құрылымының әрбір элементінде, министрлік болсын, облыстық, аудандық басқарушы орган (департаменттер, білім беру бөлімдері) немесе мектептер болсын, бәрінде, тек педагогикалық қана емес, басқарудың басқа да түрлері кездеседі, мысалы: әкімшілік, шаруашылық, құқықтық. Басқарудың барлық түрлері білім беру жүйесінің шеңберінде бір-бірімен байланысты, олардың бәрі жалпы тәрбиелік және білім беру міндеттерін шешуге бағытталған. О.С. Анисимов: "Білім беруді басқаруды жіктегенде мынаны ескеру керек: басқару -адам іс-әрекетінің ең маңызды түрлерінің бірі. Бұл іс-әрекет қатал шектеу мен бөлуге көнбейді"-деп, дұрыс айтқан.

Егер білім беру жүйесін қарайтын болсақ, педагогикалық басқару мен басқарудың басқа түрлерінің үлес салмағы мен қатынасы әртүрлі екенін байқауға болады. Мысалы, министрлік, облыстық, аудан және қалалық білім беру басқармасы деңгейінде кешенді процесс ретіндегі басқару жүйенің арнайы құрылымын құруға, ведомстволық мекемелер мен адамдар қызмет-әрекетіне қажетті материалдық, ұйымдастырушылық, кадрлік және басқа да жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған. Мектеп директоры, мұғалімдер деңгейінде педагогикалық басқару практикалық қызмет-әрекеттеріндегі педагогикалық талаптарды тікелей жүзеге асыру ретінде толығырақ көрінеді. Педагогикалық басқаруға қызмет көрсету (мектептің материалдық базасы, құрал-жабдықтар, оқу-техникалық құралдары. т.б.) маңызды, бірақ бағынушылық мәнге ие.

- Әдетте, білім беру жүйесіндегі басқару туралы сөз еткенде, көбінесе, иерархиялық тұрғыдан: министрлікті, облыстық, аудан, қалалық білім беру басқармалары бірінші болып аталады. Оқу-тәрбие процесін тікелей басқару "мектеп әкімшілігі деңгейінде, ең бастысы, мұғалімнің жүзеге асыратын жұмыстарын ұмытпауымыз керек.

Мектепті басқару теориясы (мектептану) арасында ғылыми іс-әрекет пен практикалық іс-әрекет ретінде объектілері,

басқарудың тәсілдері мен нәтижелерінде айырмашылықтар бар.

Мектепті басқару теориясының объектісі-барлық құрамды элементтерімен алынған жүйе. Практиканың объектісі-мектептің әртүрлі құрамдық топтарының іс-әрекеті (ұжым, сынып, жеке субъект).

Практикалық басқару іс-әрекетінің амал-тәсілдері -басқару әдістері. Басқарудағы ғылыми іс-әрекеттің амал-тәсілдері-ғылымның нақты бір объектісін зерттеуде қолданылатын жолдар, тәсіл, амалдар: мектептерді басқару бойынша білім беру органдарының жұмыс тәжірибесін қортындылап талдау, ғылыми болжамдар жасау, оларды эксперименталды тексеру.

Білім беру жүйесіндегі немесе бөлек топтағы практикалық басқару іс-әрекетінің нәтижесі-тәжірибені көбейту, бұған оқу-тәрбие процесінің қортындылары дәлел бола алады. Басқару теориясының нәтижесі-жаңа заңдар, практикалық іс-әрекетте жүзеге асырылатын заңдар, принциптер, ережелер, тұжырымдар.

Мектептегі практикалық басқару іс-әрекетінің бағыттары, кұндылығы жағынан бірдей емес. Мектептің негізгі әлеуметтік міндеттеріне сәйкес, ол өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асырады, осыған байланысты, басқарудың барлық бағыттарының ішінде оқу-тәрбие жүйесін басқару бірінші орында болу керек.

Осылайша, педагогикалық басқару-практикалық іс-әрекет, ол-тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру. Педагогикалық басқару теориясы-мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар жүйесі, ұжымдар мен жеке адамдар, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер жүзеге асыратын педагогикалық жүйені басқару, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу, оқыту және дамыту.

Білімнің бұл саласының міндеттері-педагогикалық , басқаруды зерттеу, оның теориялық және практикалық ; мәселелерін жете зерттеу, оны жетілдірудің ғылыми ұсыныстарын жасау. Сонымен қатар, педагогикалық басқару мектептің барлық жұмысымен қатар басқа жұмыстың түрлерін жоққа шығармайды. Білім беруді басқару теориясы ағарту саласындағы ерекшеліктерді ескере отырып, әлеуметтік басқарудың жалпы заңдылықтарына негізделеді.

Мектеп басшылығының оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен басшылық етуі бойынша қызметтері. Мектеп басшылығының қызметтері Қазақстан Республикасының Білім беру Министрлігі бекіткен арнайы ережелер жиынтығымен анықталады, бұл ережелер мектеп директорының, оқу-тәрбие жұмысының әртүрлі мәселелері бойынша орынбасарлары мен басқа да педагогикалық кадрлардың іс-әрекетін реттейді. Төменде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша мектепте кызмет атқаратын адамдардың жұмыстары келтірілген.

Мектеп директорының басшылық қызметі, оқу-тәрбие жұмысы мен сапасы үшін арнайы жауапкершілігі бар. Мектеп директорының міндеттері:

-кадрларды дұрыс таңдау мен орналастыру, мектептің педагогикалық ұжымына басшылық ету, мүғалімдердің кәсіби, ғылыми-теориялық және психологиялық-педагогикалық деңгейін көтеруге жағдай жасау, олардың педагогикалық шығармашылығына жол ашу және оқыту мен тәрбиенің озат педагогикалық тәжірибесін енгізу;

-оқу-тәрбие процесінің барысын, оқушылар білімінің сапасы мен жеке тұлға ретінде дамуын, сыныптан тыс жұмыстың мазмұны мен ұйымдастыруын бақылау;

-оқушылардың кәсіби бағыты бойынша тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру және оларға өмірде өз жолын табуға кеңес беру;

-оқушылардың өзін өзі басқару органдарына практикалық көмек көрсету және оның іс-әрекетін белсендіру, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру бойынша мұғалімдер мен оқушылардың қоғамдық ұйымдарымен іскерлік ынтымақтастық қатынас жасау;

-Еңбек туралы Заңға, мектептің ішкі тәртіп ережелері мен уставына сәйкес мектеп кызметкерлерінің міндеттерін анықтау мен нақтыландыру;

-ата-аналар қоғамдастығы органдарының жұмысын ұйымдастыру мен оларға басшылық жасау;

-жергілікті қоғамдық ұйымдар, мекемелер және негізгі кәсіпорындармен іскерлік байланыс орнату;

-мектептегі қажетті санитарлық-гигиеналық тәртіпті орнату, окушылардың, мүғалімдер мен мектептің қызмет көрсету адамдарының сабақтағы және іс-әрекеттің басқа да түрлері

барысында еңбекті қорғау мен қауіпсіздік шараларын сақтау;

-мектептің қазіргі заманғы оқу-материалдық базасын нығайту мен дамыту;

-мектеп қызметкерлерін жұмысқа алу мен жұмыстан шығару;

-мектептің педагогикалық кеңесімен келісіп, мұғалімдерді және мектептің басқа да қызметкерлерін мадақтау мен марапаттауға ұсыну.

Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасарының қызметі мен міндеттері:

-мектептегі сабақтарды және оқыту процесіндегі тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру;

-оқу бағдарламаларының орындалуын, сабақтардың барысы мен оқушылар үлгерімінің сапасын бақылау;

-әртүрлі пәндер бойынша сыныптан тыс оқу жұмысын ұйымдастыру (пәндік үйірмелер, қоғамдар, олимпиадалар, жарыстар, т.б.);

-оқушылардың оқу көлемін реттеу; -мектептің оқу-тәрбие жұмысын талдау және педагогикалық ұжым іс-әрекетінің нәтижелері туралы сандық және жазбаша есеп беру;

-оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша білім беру департаментінің нұсқауларын жүзеге асыру мен олардың орындалуын бақылау;

-оқу-тәрбие жұмысының сапасын жоғарылату үшін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені қорыту мен енгізу;

-мұғалімдердің пәндік әдістемелік комиссияларының (секциялары) жұмысына басшылық ету.

Мектеп директорының тәрбие жұмысы бойынша орныбасарының міндеттері:

-оқушылармен сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен үйлестіру;

-оқушылар тәрбиесін жетілдіру бойынша сынып жетекшілері мен ұзартылған күн топтары тәрбиешілерімен әдістемелік жұмысты жүргізу;

-оқушылар ата-анасымен, мектептен тыс балалар ұйымдарының басшыларымен іскерлік байланыс орнату;

-мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмыстарына ғылыми-әдістемелік бағалау, озат педагогикалық тәжірибені қолдау.

Мектепті жаңарту мен оған өзгерістер енгізу жағдайларында жоғарыда аталған қызмет міндеттерін орындау үшін мектеп директоры мен оның орынбасарларының жоғары педагогикалық білімділігі, адамгершілік мәдениеті болуы, жұмыста іскерлік пен жауапкершілік көрсетулері, оқыту мен тәрбиені жетілдірудің тәсілдері мен шығармашылық әдістемесіне ие болуы керек, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің жаңашылдық ынтасы мен озат тәжірибесіне қолдау көрсету. Мектеп басшыларының қызметтері әдістемелік жұмысты нақты ұйымдастырғанда ғана нәтижелі болмақ.

Педагогикалық кадрлердің әдістемелік жұмысы мен аттестациясы. Әдістемелік жұмыс-ғылым және озат педагогикалық тәжірибе жетістіктеріне, оқу-тәрбие жұмысының нақты талдуына негізделген, әрбір мұғалімнің, ұстаздың, тәрбиешінің, оқу мекемесі басшысының, білім беру жүйесінің басқа да қызметкерлерінің педагогикалық мамандық дәрежесін және кәсіби шеберлігін көтеруге (педагогтардың кәсіби өзі өзіне білім беруді, өзін өзі тәрбиелеуді, өзін өзі жетілдіруді басқару бойынша шараларды да есептегенде), тұтас педагогикалық ұжымның теориялық мүмкіндігін дамыту мен көтеруге және оқушыларға нақты білім беру, тәрбиелеу мен дамытудың үйлесімді деңгейіне жетуге бағытталған өзара байланысты шаралардың, қызметтердің жүйесі.

Әдістемелік жұмыс-педагогикалық кадрлердің олардың идеялық, ғылыми-теориялық, кәсіби, әдістемелік және мәдени деңгейін көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке- дара жүйелік жұмысынан құралған күрделі шығармашылық. Ол оқу-тәрбие процесін басқарудың, педагогтарды жоғары әдістемелік мәдениет пен өз еңбегінің сапасы мен нәтижесіне талабы негізінде тәрбиелеудің маңызды амал-тәсілі болып табылады. Оның стратегиялық бағыттарының бірі-білім беру тәжірибесіндегі оқушылардың танымдық, ойлау әрекетін белсендіретін, терең білім, білік және дағдыларды қалыптастыратын ұтымды және нәтижелі әдістерді шығармашылық түрде меңгеру.

Әдістемелік жұмыс педагогикалық тәжірибемен тығы байланысты. Халық ағартушылығының көрнекті өкілдері Н.К. Крупская, А.В. Луначарский педагогикалық тәжірибекі өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесінің теориясы мен практикасы дамуының бастаулары деп есептеген. А.С. Макаренконың, С.Т. Шацкийдің, С.М. Ривестің, В.Н. Сорока-Росинскийдің және көптеген басқа да көрнекті педагогтардың ұлы гуманистік идеялары негізінде құралған тәжірибелері тәрбиенің теориясы мен практикасының бірлігі, мектептің қоғам мақсат-мүдделері негізінде қызмет етіп, осы мақсат-мүддеге жетудің дұрыс жолдарын табудың үлгісі бола бермек.

Әдістемелік жұмыстың мазмұны келесі бағыттар бойынша нақтыланады: мұғалімнің жалпы мәдени дайындығы, кәсіби-адамгершілік мөдениеті, жалпы мәдениеттілігі, әдіснамалық мәдениеті, зерттеушілік мәдениеті, диагностикалық мәдениеті, басқару мәдениеті ұзақ уақыт аралығында күрделі проблема бола алады; Мұғалімдердің әдістемелік, жаңашылдық іс-әрекетке қатысуы, болашақта жеке педагогикалық жүйенің, іс-әрекеттің дара стилінің қалыптасуына жағдай туғызады,

Қазіргі уақьпта педагог-практик ғалымның соавторы бола алады, олардың қатынасы екі жақты құқығы мен міндеттерін айқындайтын арнайы келісім-шартпен анықталады. Зерітеуші педагогтар мен жалпы білім беру мекемелерінің белгілі бір бөлігі арасында жаңа байланыстар орнай бастады. Ғылым мен практика арасындағы ара қашықтықты азайту қажеттігі туындады, ал ол, өз кезегінде, нақты қызмет жасап отырған оқу мекемелерінде ғылыми лабораториялар құру процесіне жағдай жасайды. Сөйтіп, Қазақстанда Ақтөбе қаласындағы №12, Тараз қаласындағы № 58 мектеп-лабораториясы, Өскемен қаласындағы дамытушы білім беру Орталығы жанындағы мектеп-лабораториясы құрылды. Осылайша педагогикалық қоғамдастық өз назарын ғылыми бағыттағы практикаға және практикалық бағыттағы ғылымға аударып отыр.

Жаңашыл педагогтар тәжірибесі, ең алдымен, оқыту әдістемесіне ғылыми оқытудың нақты бір бағытының және оны жүзеге асырудың технологияларына үлкен үлес қосады. Дидактикаға бұл тәжірибе, біріншіден, баяндаудың әртүрлілігін нақтылай түсуге, екіншіден, жаңашыл мұғалімнің тәжірибесін

зерттегеннен кейін кемшіліктерді түсінуге көмектеседі: оқыту процесінде оқу материалының мазмұны мен оқушылар білімін есептеу мен бақылаудың кері байланысы да бар.

Қазіргі жағдайларда Қазақстандық мектептің жаңа моделін жасау жүріп жатқан кезде өткеннің және қазіргі уақыттың жаңашыл педагогтарының тәжірибесін арнайы зерттеу керек: олардың тәжірибесіндегі жаңа білімнің мазмұны қандай (сапасы, деңгейі), педагогиканың әртүрлі саласы мен тұтас педагогикалық ғылым үшін педагог жаңашылдардың қосар үлесі қандай. Педагогика әдіснамасының, дидактиканың, тәрбие теориясының, педагогикалық психологияның, жеке әдістемелердің жаңашылдық тәжірибелердің басты назарында болуы керектігін анықгау қажет.

Тәжірибеде жаңа білім болса (оқыту теориясы) тәжірибенің мамандандырылған дидактикалық талдауы ғылымды нығайтып, оны анық жетістіктері деңгейінде ұстап түратынын ескеру керек. Өйткені, ғылымда іске асырылып жатқан, бір біріне қарсы, сондай-ақ бірін бірі толықгырып тұрған әртүрлі тұжырымдар, ғылыми болжамдар, теориялар, принциптер, қазіргі заманғы және моральдық тұрғыдан ескірген көзқарастар, ғылыми ережелер және дәстүрлі түсініктер, нақты білімдер мен белгі-шарттары сияқтылар кездеседі. Жаңа педагогикалық құбылыстарды түсіндіріп, негіздегенде терең және кең көлемде ғылымның өзіндік рефлексиясы, шынайы, "әрекеттегі" білімді бекітеді. Бұл орайда, теориямен тиянақталған жаңашылдық тәжірибе дамудың бастауына айналады.

Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру формалары динамикалық. Олар көптеген факторларға байланысты өзгеріп, жаңарады, олардың негізгілері: мемлекеттің білім беру саласындағы саясаты, заң актілері мен құжаттары; мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің деңгейі, оларды жеке тұлғалық және кәсіби-қызмет көрсеткіштерінің диагностикалық өлшеуімен анықталған әдістемелік сауаттылығы; мектеп ұжымындағы моральдық-психологиялық жағдай, әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың материалдық-технологиялық мүмкіндіктері; мектеп ішіндегі педагогикалық тәжірибені зерттеу, мұғалімдердің жаңашылдық ашықтығы мен белсенділігі, мектеп басшыларының

әдістемелік жұмысты орындауға кәсіби дайындығының деңгейі; мектеп ұжымындағы нақты моральдық жағдай (мұғалімдер арасындағы, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы, мұғалімдер мен басшылық арасындағы қатынастар).

Осылайша, әдістемелік жұмыстың мазмұны қазіргі мектептің өзекті міндеттерімен анықталады. Бұл міндеттер мұғалімдердің әдістемелік жағынан жетілуі және олардың өздігінен білімін көтеруі, маман педагогтардың шығармашылық өсуінің барысында жүзеге асады.

Мұғалімдерді мезгіл-мезгіл аттестациялау олардың әдістемелік деңгейінің өсуінің шеберлігіне жағдай жасайды. Аттестациялау-білім беру мекемелері қызметкерлерінің мамандығының, педагогикалық кәсібилігі мен іс-әрекеті деңгейлерінің жалпы бағасы. Аттестация мақсаты-білім беру қызметкерлерінің кәсіби, мамандығының өсуін, еңбегінің нәтижелі болуына жағдай жасайтын, еңбек ақысын дифференцирлік бағалаудың тиімді жүйесін құру. Мұғалімдер аттестациясы педагогикалық еңбектің нәтижелілігі және оқу-тәрбие процесінің сапасының сараптамалық бағасы негізінде жүргізіледі.

Аттестацияның келесі принциптері: сараптамалық бағалардың ерікгілігі, ашықтығы, жүйелілігі және тұтастығы, ол педагогикалық қызметкерлерге деген объективті, дұрыс, ұқыпты және игі ниетті қатынасты қамтамасыз етеді.

Аттестация нәтижесінде мұғалімге белгілі бір категория беріледі. Сондай-ақ, мұғалімнің мамандықты көтеру курсындағы педагогикалық білім алуы және ұстаздық іс-әрекеті де ескеріледі.

Наши рекомендации