Леуметтік жұмыс мамандығы кәсіптік қызметтің жиі кездесетін түріне жатады

Леуметтік жауапкершілік сұрақтары әлеуметтік қызметкердің клиенттермен тәжірибелік жұмысында ладынан шығады. Клиентпен немесе әлеуметтік ортада қандай да болсын өзгерімтер болатыг болса, бұл жағдайда өзгеріске ұшырайды, онда соған сәйкес этикалық бағасы да өзгереді. Осыған байланысты этикалық бағалаудың іске асырылуы әртүрлі деңгейде жүргізіледі – жеке клиент деңгейінен барлық қоғам деңгейіне дейін. Қызметті бағалауға байланыстыморальдылық критериий сұрақтарын қою өте жөн. Моральдылық критерийлері арқылы бұл бағалаулар жүргізіледі.

Әлеуметтік жұмыс мамандығы кәсіптік қызметтің жиі кездесетін түріне жатады. Мұндай кәсіптік қызметтерде жұмыстың эффективтілігі мен сәтті өткізілуін қамтамасыз ететін маманның жеке қасиеттері кәсіптік білімдер мен қабілеттерінен қарағанда бірінші орынға қойылады. Сол себептен әлеуметтік жұмыс мамандығын оқыту үрдісінде бұл мамандықытың негізі мен ерекшеліктерін танып білу ғана емес, сонымен қатар болашақ маманның адамдармен жұмыс істеуде көрсететін рухани адамгершілік қасиеттернің қалыптасуы да, тұлғалық тәрбиеленуі де қатар жүргізіледі. Сонымен қатар нағыз әлеуметтік қызметкер міндетті түрде өзінде кәсіптік білімдер мен қабілеттер және тұлғалық ерекшеліктерін қалыптастырады.

Әлеуметтік жұмыс мамандығын болашақ мамандығы ретінде таңдап алғаннан кейін жастар бұл мамандық туралы толық білімі болуы керек, сонымен қатар бұл мамандықтың талаптары мен қызығушылықтарының өзі қызығушылықтарына сәйкес келуіне қарау керек. Болашақ маман иесі (оның жұмыс деңгейіне және кәсіптік білім деңгейіне байланысты емес) қиыншылықтарға қарамай, адамдарға жақсылық сыйлауға, адамдарды жақсы көре ме екен, адамдық қайғылармен күнделікті кездесуге және осының салдарынан қатігезденіп кетпей ме екен, - бұл адамгершілік сұрақтарын мамандық таңдаған кезде шешу керек. Осы себептен әлеуметтік қызметкер мамандығын таңдаудағы адамгершілік реттеуін міндетті болып табылады. Бұл мамандық таңдаудың жағымсыз салдарларын алдын алады. Мамандық таңдау әрбір адамның өміріндегі, әсіресе жастардың өміріндегі маңызды қадам болғандықтан бұған ойланып, толғанып, белгілі бір мақсатпен барған дұрыс.

Мамандықты таңдауға негіз бола алады: болашақ маманныңрухани адамгершілік тұлғалық қасиеттерінің өзіндік сәйкес келуі және оның әлеуметтік жұмысқа деген қабілеттері. Егер адам әлеуметтік қызметкер мамандығын өз қабілеттеріне қарап таңдаса, еңбек үрдісінде кездесетін қиындықтарға қарамастан, оған моральдық жағынан қиын болмайды, оған және оның клиенттеріне, қоғамға, мамандыққа қуаныш және пайда әкеледі.

Әлеуметтік қызметкер және клиент ең бірінші рет адамға нағыз қайғы түскенде немесе ол қайғы болған кезде клиенттің өміріндегі қиын сәттерінде кездеседі. Әлеуметтік қызмет көрсету орындарына келудің өзі клиент үшін өзіндік сынақ болады. Бұл жағдайда әлеуметтік қызметкердің тұлғалық адамгершілік қасиеттеріне байланысты оның клиентінің өз күші мен өзіне сенімсіздігін жойылуы, өзіне сенімділіктің пайда болуы, өзіндік намысын сақтап қалуы және қоршаған ортасына сыйлы болуы шешіледі.

Тәртіптің этикеті мен оның мәдениетін түсіну әлеуметтік қызметкер үшін маңызды болып табылады. Клиентпен және оның жақындарымен, серіктестермен, әр түрлі ұйымдардың өкілдерімен қарым-қатынасты этикет сақтау ресми сипат алады. Әлеуметтік қызметкер өзіне артылған міндеттерді орындап, мекеме мен мемлекет атынан әрекет етеді. Әлеуметтік қызметкердің сыртқы бейнесі мен сөйлеу мәнерінің этикеті жалпы қабылданған нормаларға қаншалықты сәйкес келуі, оның жұмысы мен жауапкершілігімен қатар әлеуметтік қызмет пен әлеуметтік жұмыс туралы қоғамдық ой-пікірге де тікелей қатысты.

Әлеуметтік қызметкер үшін назар аударушылық дұрыс тәрбиенің белгісі болып қана қоймай, сәтті жұмыстың бір шарты да болып табылады. Назар аударушылық немесе байқампаздық тек қана адамдарды қорғау мен оларға көмек беруде дайындалудан тұрмайды, сонымен қатар сол клиент пен оның мәселелеріне қызығушылықтан, оның статусын өзгертуге деген құлшыныстан, балық кездесуі мүмкін деген қиынщылықтардың алдын алудан тұрады. Байқампаздық әлеуметтік қызметкерге клиенттің өмірінде болатын өзгерістерге адекватты түрде қарау, сонымен қатар уақытында дәл шешімдер қабылдау. Әлеуметтік қызметкердің байқампаздығы клиент маманнан бір нәрсені айта алмай, тұйықталып, қанағатсыз кетпейтініне кепіл болады. Әлеуметтік қызметкердің байқампаздығы клиентпен қарым-қатынас кезіндегі ұстамдылықты, сабырлылықты, оның мәселесіне толық дайындығын көрсетеді.

Нақтылық айтылған сөздерге сенімділіктен көрінеді. Әлеуметтік қызметкер, өкінішке орай, клиент үшін немесе ұжым үшін ниетіндегі барлық жағдайды іске асыра алмайды, сондықтан ол «мен істеймін» дегеннің орнына «тырысып көремін» деп айтуына тура келеді. Ал егер ол мәселенің шешілуіне сенімді болса, және оның орындалатынына сөз берсе, әлеуметтік қызметкер айтқан сөзінде тұруы керек, яғни міндетті түрде оны орындауы керек. Нақтылық – бос, артық сөйлемеу тәртібін білу және өзіне жауапкершілік арту болып табылады. Нақтылық – адамды құрметтеудің ерекше формасы, себебі нақты сенімді адам басқалардың уақытын бағалай алады, жұмысқа кешікпей, клиенттің тосып отыруына жол бермейді, әр сөздің бағасын, оның құнын біледі, жеңіл ойға және орындалмаған міндеттерге мойынсұнбайды, адасушылыққа , түсініспеушілікке жол бермейді.

Тағы да ескертетін жайт әлеуметтік қызметкердің мейірімділігі, сезімталдығы, сыпайылығы, тактикасы, нақтылығы, байқампаздығы шынайы болу керек. Егер әлеуметтік қызметкер ішкі рухани негізінен айрылыса, және ол кәсіби дайындылықтың нәтижесінде, немесе актерлық қабілет арқылы жұмыс істесе, клиент оның жасандылығын бірден танып қояды және оған үлкен сенім артуын жоғалтады.

Наши рекомендации