Еңбектестіктің әрекетке ықпалының жалпы сипаттамасы

Оқу процесін ұйымдастырудың түрлі формаларының (фронтал-дық, даралық, бәсекелестік, әріптестік) тиімділігін салыстырмалы зерртеулердің басым көпшілігі еңбектестік формасындағы арнайы ұйымдастырылған оқу процесінің оған қатысушалардың іс-әрекетіне жағымды әсерін растайды. Бұл, еңбектестік жағдайында күрделі ақыл-ой тапсырмасы табыстырақ орындалатынынан, жаңа материалды жақсы меңгеруден көрінеді. Х.И. Лийметс жұмыстарында, мысалы, оқушылардың топтық жұмыстарының олардың коммуникативтік іскерліктері деңгейлерінің жоғарылауына белсендіруші және мотивтендіруші ықпалы көрсетілген.

«Мұғалім-оқушы» схемасы бойынша даралық жұмыспен салыстырғанда топішілік еңбектестік тура сол міндеттерді орындау тиімділігін кем дегенде 10%-ға жоғарлататыны дәлелденген. Зерттеулер, еңбектестікке түсуші топтар құрамының біртектілігі (гомогендік) немесе әр тектілігі (гетерогендік) мәселесінің бір мағыналы еместігін және топ ішілік еңбектестікті диадалық, триадалық немесе жалпы топтық принцип бойынша ұйымдастырудың артықшылығын көрсетеді. Алайда, көптеген зерттеулер мәліметтері бойынша, триада диададан және жалпы топтық (7-12 адам) өзара әрекетке қарағанда өнімдірек екені, бірақ топтың ұжым құраушы артықшылығын асыра бағалау қиын (Л.А. Карпенко) екені анықталды. Бірақ еңбектестікті ұйымдастырудың кез-келген нұсқасында ол даралық жұмыстан тиімдірек.

Триаданың артықшылығын сипаттай отырып, Л.В. Путляева және Р.Т. Сверчкова топтың неғұрлым үлкен алқалылығын, үлкен дәлелділігін (диадаға қарағанда пайда болатын ойлар санының көптілігінің есебінен), неғұрлым үлкен контакттылығы мен лабильділігін белгілейді. Маңыздысы, қарым-қатынас жүйесінде үшінші жақтың пайда болуы оған жаңа сапа – рефлексивтілікті береді. Атап өтілген триаданың артықшылықтарын білім беру процесін ұйымдастыруда есепке алу маңызды, өйткені оқыту практикасында даралық және диадалық (жұппен жұмыс істеу) жұмыс формалары, фондық, көбінесе сыныптың нақты басқарылмайтын, фронталды жұмысында әлі де болса кең тараған.

Жалпы топтық еңбектестікті ұйымдастыру, әрине, әлі көп қиындықтарды көрсетеді (триадалық ұйымдастырумен салыстырғанда), бірақ тек сол ғана топтың, ұжымдық іс-әрекет қалыптасатын, мұғаліммен теңсеріктес еңбектестік үшін ұжымдық субъект жиынтығы ретінде қалыптасуын дайындай алады. Бұл жерде ұжымдық іс-әрекет принципі үш тұрғыдан жүзеге асады: үйренушілердің ұжымдық шығармашылыққа деген ұстанымымен, әр шәкірттің қойылған міндетті орындауға белсенді қатынасуымен және әр шәкірттің іс-әрекет тұлғалық-мәнді пәнін таңдауымен, яғни осы пәнді белгілеу құралдарын, оның көріну және оны артық көру тәсілдерін білу мағынасында, мұның өзі оқу процесінің дараландырылуын қамтамасыз етеді.

11.2.Еңбектестіктің оқу іс-әрекетіне ықпалы.

Балалардың жігерін міндеттерді орындауға және дағдыларды жаттықтыруға біріктірудің артықшылығы қандай деген сұраққа жауап бере отырып, осы проблеманы жетілдіруші Г.А.Цукерман әлемде жүргізілген зерттеулерді жалпылау негізінде, біріккен оқу іс-әрекетіндегі келесі ережелерді көрсетеді:

- меңгеріліп отырған материалдың көлемі және түсіну тереңдігі ұлғаяды;

- балалардың танымдық белсенділігі мен шығармашылық деңгейі өседі;

- білім мен іскерлікті қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады;

- оқу мотивациясының ақауларымен шартталған тәртіп сақтаушы қиындықтар бәсеңдейді;

- оқушылар білімнен көбірек қанағат алады, өздерін мектепте еркін сезінеді;

- оқушылар арасындағы өзара қатынас сипаты өзгереді;

- сыныптың бірлігі күрт өседі, бұл жерде сыншылдықпен қатар өзін-өзі және өзара сыйласу өзінің және өзгелердің мүмкіндіктерін сәйкес бағалай алу қабілетімен қатар өседі;

- оқушылар маңызды әлеуметтік дағдыларға ие болады: әдеп, жауапкершілік, , басқалардың позициясын есепке ала отырып өз мінез-құлқын қалыптастыру іскерлігі, қарым-қатынастың гуманистік түрткілері ;

- мұғалім, топқа бөлуде балалардың өзара бейімділіктерін, олардың дайындық деңгейлерін, жұмыс қарқындарын есепке ала отырып, оқытуда дараландыру мүмкіндігін алады;

Мұғалімнің тәрбиелік жұмысы топтық оқыту үшін қажетті шарт бола бастайды, себебі барлық топтар өздерінің қалыптасуында қақтығыстық қатынастар сатысынан өтеді....

Еңбектестіктің осы артықшылықтарын талдау, оның мұғалімнің іс-әрекетіне де, яғни өзі үшін мәнді жағымды жәрдем алатын мұғалім іс-әрекетіне жанама түрде жағымды ықпал ететінін көрсетеді.

Оқудағы еңбектестік проблемасының өзінде екі жақ ұйғарылады: а) біріккен іс-әрекеттің баланың дамуына, оның оқи алу ептілігіне, топтың, ұжымның қалыптасуына ықпалы және б) біріккен әрекеттің өзін және оның балаларда жаңа іс-әрекет түрлерінің пайда болуындағы рөлін зерттеу.

Проблеманың екінші жағы азырақ зерттелген, алайда ол топ мүшелерінің әрекеттерінің объекттерімен және осы объекттердің құрылымдық қасиеттерімен, әрекет тәсілдерінің қатысушылардың арасында таратылуы мен алмастырылуы кезіндегі байланыс арқылы, оқу-танымдық іс-әрекет дамуының негізі болып келеді (В.В. Рубцов). Басқаша айтқанда, жаңа іс-әрекет пайда болуының алғышарты ретіндегі бірлескен әрекеттің өзін зерттеу де ықпалды зерттеу болады, бірақ ол субъектке ғана емес, іс-әрекеттің өзіне ықпалын зерттеуді ұйғарады. В.В. Рубцовтың зерттеуі, белгілер арқылы берудің әрекеттің жалпы принципін қалыптастырудағы рөлін экперименталды тұрғыдан дәлелдеуге, бірлесіп бөліскен іс-әрекетті ұйымдастыру тәсілдері мен механизмдерін айқындауға мүмкіндік берді. П.Ф. Каптерев бойынша, оқытудың бірлесіп бөліскен, шынайы генетикалық, эвристикалық формасы оқу іс-әрекеті үшін маңызды келесі іскерліктерді тұжырымдауға мүмкіндік береді:

- «міндеттен қайта құру жүйесін көру;

- қайта құруларды ағымдағы зерттеліп отырған құбылыс ерекшеліктерімен байланыстыру;

- бірлескен іс-әрекеттің жалпыланған модельдерін құру;

- зерттелініп отырған құбылысқа өз әрекеттеріне сәйкес түсініктеме беру, мұның өзі рефлексияның жеткілікті жоғары деңгейінің қалыптасуын растайды».

Біріккен оқу әрекетінің өзгеше оқу ситуациясы ретінде бағалай отырып, В.В. Рубцов және В.В. Агеев оның келесі талаптарға жауап беруі керектігін атап өтеді: мақсаттың ортақтығы, әр қатысушының өзінің даралық әрекетін орындауы, барлығының барлығымен үйлестірілуі, аддитивтіксіз, яғни іс-әрекеттерді жай ғана қосу емес, ортақ нәтижен алу.

Осы талаптардың тілдік топтағы шәкірттердің ұжымдық коммуникативтік іс-әрекетін ұйымдастыруда жүзеге асырылуына мысал келтірейік. Ең алдымен, шәкірттер тобының алдына ойлау тапсырмалары қойылады, оны тек ұжыммен ғана орындауға болады. Сонымен бірге, тапсырманы орындау бойынша жалпы топтық іс-әрекет жалпы топтық нәтижеге ие, мысалы топтың барлығының ой, пікірлері ұжымдық монолог немесе полилогиялық пікірлер. Бұл жерде шәкірттердің жеке пікірлері бүкіл топ үшін ортақ мағынасы бар. Мысалы, кіші сынып шәкірттері шет тілі сабағында өздеріне белгілі анықтауларды қолдана отырып және оларды осы тілдің белгіленген нормалары мен узусына сәйкес бірізділікпен орналастыра отырып, қандай да бір затты сипаттайды. Мысалға, егерде бірінші оқушы заттың мөлшерін атаса, онда екіншісі оның қажеттілігін емес, көлемін, содан соң салмағын, формасын, түсін және т.б.атайды. Мұндай бірізді жауап беру барысында заттың қажеттілігі белгіленбейді. Алдыңғы жауаптардың барлығы шәкірттердің естерінде сақталынып қалады да, қайталанады және жаңа жауаптармен толықтырылады. Нәтижесінде оқушылардың жекеленген жауаптарынан заттың толық ұжымдық суреттеуі қалыптасады.

Оқушылар мазмұндау барысында белгілі бір логиканы ұстанса, онда осылайша оқу мәтінін де құрастыруға болады. Бұл жерде әр шәкірттің жауабы мұғалімнің ынталандыруымен, жағымды қолпаштауымен қуатталынып отырады. Мұғалім сипатталып отырған пәннің, жағдайдың толық сипаттамасын жасау үшін әр шәкірттің жауабының маңыздылығын есепке алу қажет. Ұжымдық оқу іс-әрекетіне бүкіл тіл тобының қатысуы үйренушілердің әрқайсысында қанағаттану сезімін, оларда өз іс-әрекеттерінің пайдалылығы, қажеттілігі, дұрыстығының әсерін туғызады. Ол оқытудың бастапқы сатысының өзінде шет тілдік іс-әрекетті жүзеге асыру мүмкіндігіне сенімділік береді. Мұның бәрі оқушы орындаған тілдік әрекетті, тілдік іс-әрекетті жағымды эмоционалдық қуаттау болып келеді және нәтижесінде оқыту процесінің, жалпы тілдік қарым-қатынастың табыстылығына әкеледі. Т.А. Матистің, оқудағы еңбектестіктің жеткіншектердің тек жеке сөйлемдерді ғана емес, сондай-ақ тұтас мәтінді құрастыруына тигізетін әсерін зерттеуі, оның сапасының жақсаруын, өзін-өзі бақылаудың күшеюін және жеке жаңсақ әрекеттердің азаюын айқындады.

Барлық зерттеушілер тұлға аралық өзара әрекеттесуді де реттеуші күрделі психологиялық механизмдердің әсерінің нәтижесіндетоптық еңбектестіктің іс-әрекет нәтижесіне, оқушы тұлғасы мен оқу тобының ұжым ретінде қалыптасуына жағымды әсері туралы айта келе рефлексияны дамытудың маңыздылығын атап өтеді «ол (рефлексия) арқылы қатысушының өз іс-әрекетіне қатынасы қалыптасады және бірлескен іс-әрекеттің мазмұны мен формасына сәйкес осы іс-әрекеттің қайта құрылуы қамтамасыз етіледі». Оқушылардың рефлексивтілігінің, рефлексивті ойлауының дамуы үлкен тәрбиелік, жалпы дамытушы мәнге ие, өйткені оқушысымен бірлескен жұмыста іс-әрекеттің өзіндік рефлексивтік сәттері және де бақылау (өзін-өзі бақылау) мен бағалау (өзін-өзі бағалау) әрекеттері қажетті түрде пайда болады және дамиды. Осылайша оқудағы еңбектестік, даралық оқу әрекеттерінің оның компоненттерінің бірлігінде толыққанды қалыптасуына ғана емес, сондай-ақ оқушы тұлғасының дамуына да ықпал етеді. Еңбектестіктің тәрбиелік әсері құрбылыстарымен бірлескен іс-әрекет жағдайындағы «шартты-динамикалық позицияның» қалыптасуымен шартталған. Ол адамның өзін басқа адамның көзқарасы жағынан ғана емес, бірлескен іс-әрекеттегі оның орны мен міндетіне байланысты түрлі көзқарастар жағынан бағалау іскерлігінен айқындалады.

Оқушылардың өздері бірлескен іс-әрекетке түрліше қарайтынын атап өту маңызды. Зерттеушілер осындай қатынастардың алты деңгейін бөлген. Мысалға, ең төменгі бірінші деңгей оқушылардың оқудағы тапсырмаларды бірлесе орындауға деген теріс қатынасымен сипатталады. «Жеткіншектер бірлескен жұмыстың артықшылықтарын көрмейді және түсінбейді, олар сабақтың мұндай формасы қойылған міндеттерді орындауды бірталай қиындатады, ал еңбектестік тек кедергі жасайды деп көрсетеді». Оқуға деген қалыптасқан қатынастың тек алтыншы, жоғарғы деңгейінде мектеп оқушылары еңбектестікке қосылады және оның артықшылығын бағалайды.

Даралық-психологиялық факторлар оқу міндеттерін бірлесе орындауға түрліше әсер етеді. Мысалы, оқушылардың даралық-психологиялық мінез-құлықтық ерекшеліктері пәндік талқылау мен бірлескен жұмыс тиімділігінің мазмұнына, сипатына елеулі позитивті әсер ете алмайды. Міндетті бірлесе орындаудың табыстылығына өзін-өзі ұйымдастыру, іскерлік қарым-қатынас дағдылары сияқты факторлар (серіктердің іс-әрекет стилін сипаттаушы), және де қатысушылардың іс-әрекетке дайындық дәрежесі әсер етеді.

Наши рекомендации