Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар
18. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар:
1) білім алушылар тиісті білім беру бағдарламаларын оқуды аяқтағаннан кейін және аралық, қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін нақты мамандық бойынша біліктіліктің белгіленген және/немесе жоғары деңгейін (разряд, санат) беруі;
2) білім алушылар оқытудың толық курсын аяқтағаннан кейін және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін орта буын маманы біліктілігінің деңгейін беруі;
3) білім алушылар жоғары техникалық мектепте оқытудың толық курсын аяқтағаннан кейін және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін кіші инженер біліктілігінің деңгейін беру мүмкіндігін көздейді.
19. Базалық құзыретке қойылатын талаптар қазіргі қоғамда кәсіптік ұтқырлықты, бәсекеге қабілеттілікті және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін әмбебап білім, шеберлік пен дағды, қасиеттер мен қабілеттер ретінде мазмұндалады.
20. Кәсіптік құзыретке қойылатын талаптар маманның кәсіптік қызметін жеке орындауға, өз еңбегінің нәтижелерін бағалауға, қызметтің негізгі міндеттерін шешуге, сондай-ақ білім, шеберлік, дағдының белгілі бір көлемін меңгеруге деген даярлығы ретінде мазмұндалады.
Техникалық және кәсіптік білім
берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
1-қосымша
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ОҚУ ЖОСПАРЫНЫҢ МОДЕЛІ
(жоғары біліктілік деңгейі үшін)
(орта буын мамандарының деңгейі үшін)
Академиялық сағат есебімен
Р/с № | Циклдердің, пәндер мен оқыту жұмыстарының атауы | Оқыту курсы | Оқыту мерзімі | ||||||||||||||
Негізгі орта білім базасында жалпы орта білімсіз | Негізгі орта білім базасында | Жалпы орта білім базасында | Орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім базасында | Техникалық және кәсіптік білім базасында* | |||||||||||||
1ж. 10 ай | 1ж. 10 ай | 2ж. 6 ай | 2ж. 10 ай | 3ж. 6 ай | 3ж. 10 ай | 10 ай | 1ж. 6 ай | 1ж. 10 ай | 2ж. 6 ай | 2ж. 10 ай | 1ж. 10 ай | 1ж. 6 ай | 10 ай | 1ж. 10 ай | |||
Жалпы білім беру пәндері | 1-2 | - | - | - | - | - | - | - | - | - | |||||||
Жалпы гуманитарлық пәндер | 2-3 | - | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | |
Кәсіптік қазақ (орыс) тілі | 2-3 | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | |
Кәсіптік шет тілі | 2-3 | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | |
……………………… | |||||||||||||||||
Әлеуметтік-экономикалық пәндер (философия, экономика, құқық негіздері және мәдениеттану) | 2-3 | - | - | - | - | ||||||||||||
Жалпы кәсіптік пәндер | 2-4 | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | |
……………………… | |||||||||||||||||
Арнайы пәндер | 2-4 | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | |
……………………… | |||||||||||||||||
Білім беру ұйымы анықтаған пәндер | 1-4 | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | |
Өндірістік оқыту және кәсіптік практика | 1-4 | Міндетті оқытудың жалпы оқу уақытының көлемі 40%-дан кем болмауы керек** | |||||||||||||||
Аралық аттестаттау | 1-4 | Бір семестрде 4 емтиханнан артық болмауы керек | |||||||||||||||
Қорытынды аттестаттау | |||||||||||||||||
9.1 | Білім беру ұйымында оқытудың толық курсының қорытындысы бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау | 2 аптадан артық болмауы керек | |||||||||||||||
9.2 | Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру | 12 сағаттан кем болмауы керек | |||||||||||||||
Міндетті оқытуға барлығы | - | ||||||||||||||||
Консультация | Оқу жылына 100 сағаттан артық болмауы керек | ||||||||||||||||
Факультативтік сабақтар | Теориялық оқыту кезінде аптасына 4 сағаттан артық болмауы керек | ||||||||||||||||
Барлығы |
Ескертпе
* оқу мерзімі білім деңгейіне және оқу бейініне байланысты белгіленеді
** оның ішінде жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-тәжірибелік сабақтар, курстық және дипломдық жобалар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен
бекітілген
Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Жалпы ережелер
1. Осы орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді, орта білімнен кейінгі білім беруге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
Осы стандартты меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары мен кәсіптік білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады.
2. Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) базалық құзырет – өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеттілігі, өзін-өзі жігерлендіру және өзіндік ұйымдастыруға бейімділігі;
2) біліктілік – алынған кәсіп пен мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындау дайындығының деңгейі;
3) құзырет – білім, шеберлік, дағды, кәсіптік тәжірибенің бірлігі негізінде маманның әрекет ету және белгілі бір кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;
4) оқу жоспарының моделі – техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнының негізгі инварианттық құрылымдық компоненттерін сипаттайтын оқу жоспарын ұсынудың нысаны;
5) модуль – білім беру бағдарламасының тәуелсіз, өзіндік жеткілікті және толық бөлімі немесе оқыту кезеңі;
6) модульдік оқыту – нақты кәсіптік құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған жекелеген өзара байланысты блоктар түріндегі материалдарды оқытуды құрылымдап болжайтын оқыту жүйесі;
7) оқытудың нормативтік мерзімі – нақты оқыту нысаны (күндізгі, кешкі, сырттай) бойынша кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі;
8) кәсіптер мен мамандықтардың тізбесі – оқытудың неғұрлым жалпыланған параметрлерін (мамандықтың бейіні, кәсіптік біліктілік деңгейі, базалық білім беруге байланысты оқыту мерзімі) айқындайтын кәсіптер мен мамандықтардың жүйеленген тізілімі;
9) кәсіптік оқу бағдарламасы – нақты кәсіп немесе мамандық бойынша меңгерілуі тиіс білімнің, шеберлік пен дағдының мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат;
10) кәсіптік құзыреттілік – білім, шеберлік пен дағды, сондай-ақ кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде маманның кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;
11) кәсіптік практика – кәсіптік білім берудің оқу процесінің ажырамайтын бөлігі және білікті техникалық және қызмет көрсету еңбегі жұмыскерлерін еңбек қызметіне кәсіптік даярлаудың тиімді нысаны;
12) оқу жұмыс жоспары – білім беру ұйымдарының басшылары бекітетін оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін, бірізділігін, қарқындылығын және оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысандарын, білім алушының білімі мен шеберлігін бақылауды реттейтін және кәсіптік даярлығын бағалауды регламенттейтін үлгілік оқу жоспарының негізінде орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары әзірлейтін құжат;
13) оқу жұмыс бағдарламасы – білім беру ұйымдарының басшылары бекітетін үлгілік оқу бағдарламасы негізінде оқу жұмыс жоспарының нақты пәні үшін орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары әзірлейтін құжат;
14) үлгілік оқу жоспары – орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптер мен мамандықтарға, оқыту мерзімдеріне қатысты оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін айқындайтын оқу жоспарының моделі негізінде әзірленетін құжат;
15) үлгілік оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының нақты бір пән бойынша меңгерілуге тиіс білім, шеберлік пен дағдының мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат;
16) цикл – білім берудің бір бағытындағы оқу пәндерінің жиынтығы.
3. Орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлау осы стандартқа, сондай-ақ мыналарға:
1) оқу-бағдарламалық құжаттарға -оқу жоспарының моделіне, үлгілік және оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына жеке оқу жоспарларына;
2) кәсіптік оқу бағдарламаларына;
3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы бекіткен нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.