АҚШ мен Канададағы нклюзивтік білім беру жағдай.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді. Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту. АҚШ-тың мүмкіндігі балаларды оқытудағы қазіргі саясаты жалпы және арнайы оқытуды біріктіру ұсыныстарынан тұрады. Бұл біріктірулерде 3 негізгі жолдар бар: «негізгі бағыт», «жалпы білім инициативасы», «енгізу». Бұл арнайы білім беру алаңында үлкен дау-дамай тудыруда. «Негізгі бағыт» мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту негізгі мектептерде оқытуды көздейді. Бұл балалар қоғамға араласуы керек болғандықтан , оларды әлеуметтік және білім беру қызметтеріне қосу керек деп есептейді.
«Жалпы білім беру инициативасы»-бұл АҚШ-тың білім департаментінің арнайы білім беру бөлімінің ұсынысы. Жалпы білім беру инициативасы -дамуында ауытқуы бар оқушыларға білім беру шарттарына фундаментальды өзгеріс енгізуді ұсына отырып, «негізгі бағыттан» ары қарай дами түскен. Кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің басшылары жалпы білім беру инициативасын мақұлдаса, кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің мұғалімдері ауытқуы бар балаларға жалпы білім беру инициативасының әсер ету мүмкіндіктерін түсіну үшін қосымша сынақтар мен зерттеулер қажет дейді.
«Енгізу» моделі балаларды ауытқу түріне және көріну деңгейіне тәуелсіз тұрған жері бойынша жалпы білім беру үрдісіне енгізуді көздейді. Осындай балаларға мамандар тобы жеке оқыту бағдарламасын құрады, сол бойынша оқушының жетістігі бағаланады.Қазіргі кезде АҚШ-та 1990жылы қабылданған, «ауытқулары бар тұлғалар үшін білім беру акты» деп аталатын заң жұмыс істеуде. Бұл халықтық білім беру жүйесінде бала оқуына қажет тегін білім береді. Ата-анасы баласының оқу мүмкіндігі туралы қорытынды талап ете алады, ол бала дамуындағы ауытқуының бар немесе жоқтығына негіздемеден тұрады. Заң тек арайы білім алуға ғана емес қосымша қызмет түріне де құқық береді.
13. Ұлыбритания мен Словениядағы АҚТ –ны қолдану тәжірибесі туралы айтып беріңіз.
Әртүрлі елдердегі, әсіресе, Ұлыбриятания Бірлескен Корольдігіндегі мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс жасау барысында АКТ-ны қолдану туралы мысалдарды қарастырып өтелік. Олар үйдегі қолжетімділік бағдарламасын құрастырды. Бұл бағдарлама жалпыұлттық сипаттағы түрткі болып, мүмкіндігі шектеулі балалар мен адамдар үшін үйінде отырып, Интернет желесіне қосылған компьютердің көмегімен білім алуға деген қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, қосымша технологиялар мен арнайы бағдарламалық қамсыздандыру тәсілдері де қолданылды. Бұған білім берудің жергілікті органдары қатысты. Бағдарлама 2006-2008 жылдар арасында құрастырылып, 2009 жылы қолданысқа еніп, 2010 жылдың басында ұлттық сипат алды. Ол «бизнес-үлгілер» арқылы жүзеге асты, отбасы мүшелеріне арнайы кредиттік карталар берілді, оның көмегімен АКТ-ны даралап сату бағасына сәйкес алу мүмкіндігі жасалды. Бірақ, аталған бағдарламаның өзіндік кемшіліктері де болды. АКТ-ның сәйкес құрал-жабдықтарын шектелген мерзім ішінде оқушылардың көп санына тауып беру өте қиын еді. Бағдарлама туралы толық ақпаратты www.homeaccess.org.uk сайтынан таба аласыз.
Словенияда АКТ тұлғалық қарым-қатынастар мен өзара байланысты қолдау үшін тиімді пайдаланылып келеді. Қазіргі таңда АКТ көмегімен есту қиындықтары бар студенттердіне жоғары білім беру мүмкіндіктерін жақсартуға болады. Бұл елде онлайн-тәртібіндегі электронды білім беру кең дамыған. Естімейтін және әлсіз еститіндер үшін «Қалай жұмыс табуға болады?» дегген электронды оқытудың толық курсы құрастырылды. Бұл бағдарламада веб-интерфейс арқылы электронды оқу материалдары мен веб-беттер қолданылады. Әрине, ым-ишарат тілі де кең қолданылады. Модуль өткізушісі (SLI) мультимедиялық тәсіл көмегімен естімейтін және әлсіз еститіндер үшін ақпараттар алуға септігін тигізеді. Естімейтін және әлсіз еститіндер үшін электронды оқыту порталы Moodle бастапқы кодын ашуға септігін тигізді. Электронды материал алты тараулардың орнын толықтырды. Мұнда тұтынушылар жұмыс табу туралы кеңес алады. Ол үшін өмірбаяндарын веб-сайттар көмегімен жұмысқа қабылдау туралы өтініш-хат жазып, Словенияның жұмыспен қамту қызметіне жөнелтуге болады. Байланыс словен тілінде оқылатын чат, бейне-конференциялар мен бейне-форумдар арқылы бақыланып отырады.
Олар естімейтін және әлсіз еститін адамдар арасындағы коммуникацияның жаңа тәсілін қамтамасыз етті, себебі ым-ишараттар тілі немесе жазбаша мәтін арқылы жауап беру мүмкіндігі ашылды. Электронды білім беру Еуропалық Одақ жобасы мен «Үздіксіз білім беру бағдарламасы» аясында «DEAFVOC 2: еуропадағы саңырауларға кәсіби тілдік білім беру үшін оқу бағдарламаларын беру» тақырыбында құрастырылды. Жобаның серіктестері: Финн саңыраулар ассоциациясы (FAD), Хельсинки, Финляндия; Ирланд саңыраулар қоғамы, Дублин, Ирландия; Клагенфурт университеті жанындағы саңыраударға арналған ым-ишарат тілі орталығы, Клагенфурт, Австрия; Морибор университетінің электротехника және компьютерлік ғылымдар факультеті мен білім беру мәселелері бойынша Финн ұлттық кеңесі, Словения. Жоба 2009 жылы басталып, 2010 жылы эксперименталды курс аяқталып, саңырау әрі әлсіз еститін жұмыссыздармен жүзеге асырылды. Олар бұл жобаны материалды электронды меңгеруге қолжетімді болу үшін пайдаланды. Болашақта, электронды оқыту саңырау адамдарға арналған барлық оқу мекемелерінде қолжетімді болады, әрине. Оқу бағдарламасының бұл курсы словен қоршаған ортасында толық бейімделді. Ең бастысы – электронды оқыту прототипінің дизайны мен нұсқаулығы ым-ишарат тілінің қаншалықты маңызды екендігін көрсетті. Курстың құрастырылуы барысында туындаған үлкен мәселелер техникалық аспектілермен байланысты болды: серверден ағымдық бейне алу, тұтынушылық Flash Player (үлбір фон, сыртқы субтитрлер), Moodle (Custom PHP скриптерде) ортасын қалыптастыру, сонымен қатар Moodle порталының қолжетімділігі мен тәжірибелігі.