Дәріс 11. Іскер адамның кабинеті..
1. Іскер адамның кабинеті
2. Кабинет иесініңң жұмыс столы.
3. Қабылдау жүргізуге арналған стол
Кезкелген үлкенді, ішілі басшының өз қабинеті болуы керек. Себебі кабинет бір жағынан басшының статусының жоғарылығын көрсетсе, екіншіден - ол ұжымның өміршеңдігіне қатысты мәселелердің шешілетін орны.
Кабинет иесінің имиджі кабинет арқылы да қалыптасады, оған әсер еттін элементтер:жайылған кілем, терезе алдына қойылған гүлдер, кабинет жарларының жағдайы, жалпы ішкі обстановкасы. Осылардың бәрі кабинет иесінің әрекеті туралы мәлімет беріп тұрады. Оған қарап сіздің талғамыңыз да бағаланады. Батыс бизнессмендері офис мебельдеріне, кабинеттің кеңдігіне жне үлкенді-кішілі детальдарға қарап –ақ фирмаға өз бағасын береді. Оң әсер ету үшін артыққа барудың да керегі жоқ.Оны басшының өз талғамы ғана біледі. Маңыздысы мебель бірыңғай стильде,келушілерге ыңғайсыздық тудырмауы тиіс.
Сонымен сізді басшы етіп, қабинет берді делік. Сіздің алдыңыздағы бұрынғы басшыдан жазылған қағаздар, стол, аудармалы календарь, жардағы календарь, т.б. қалады. Сіз оларды әлі де болса (босқа шығын шығармай) пайдалануды ойлайсыз. Бірақ ол дұрыс емес. Қалған заттар бұрынғы өз қожайынының энергиясын сақтау қасиетіне ие. Күндердің күнінде басыңыз ауырып тынымсызданасыз, бұл ескі қалдық заттардан құтыл, обстановкеаны жаңарт деген сигнал!
Егер сізге дейінгі басшы дәрежесі жоғарылап кетсе, қалған мебельдің сізге айтарлықтай әсері болмауы да мүмкін! Ал егер оны қамауға алып, соттаған болса, онда обстановканың тез жаңартылғаны дұрыс.
1.Келген адамдарға ауыр сезімдер тудырмас үшін кабинеттің кең және жарық болғаны дұрыс.
2.Кабинеттің квадрат формасында болғаны дұрыс.Ұзын кабинет шеф пен қабылданушы арасын алшақтатып, әр полюстегі адамдардай сезім тудырады.Қабылданушы столдың екінші басында есік алдында тұрады. Стол керісінше қойылса , онда басшы мен бағынышты арасында артық жақындық туындайды.
Сондықтан кабинеттің обстановкасын өзіңіздің тиянақты ойластырғаныңыз жөн. Ең әуелі жөндеудің қажеттілігін шешіңіз. Оның мерзімін кешеуілдетудің қажеті жоқ.
Сіздің кабинет кірген кісілерге бағыныштыларыңыздың еңсесін басып, дізесі дірілдейтін күйге түсіретін жер болмауы керек.Төбенің ашық түсте болуы, кабинетке кеңдік, жарықтық иллюзиясын тудырады., ол үшін пластиктен жасалған төбелерді пайдалануға болады. Жалаңаш жарлар да кабинетке тартымдылық бермейді. Жарға біртонды абстракты суреттермен безендірілген обойларды жапсырған жөн. Сұйық обойларды да пайдалануға болады-ол сізді «талғамсыз» екен деген атақтан қорғайды.Егер қабинетіңізде сізге ұнамайтын заттар болса ( мысалы төбе, жар, т.б. .заттар), онда ол кабинетке сіз шын ынтаңызбен кірмейсі, яғни сіздің мәселелерді шешу қабілетіңіз төмендейді. Ол өз кезегінде өзгеріс қажет деген сигнал! Кабинетті басқа адамдардың «мынаған жөндеу қажет қой» деген ақылына жеткізбей жөндеткен дұрыс.
Кабинеттегі столдың да өз орны бар.Психологтар төрт бұрышты столдар жөнінде оның айна аласындағылар арасында жарыс-қорғаныс сезімдерін тудыратынын айтады.Мұндай столдарды әріптестер арасында пайдаланбаған жөн. Тек қысқа отырыстарда, тез шешілеті мәселелер қарастырғанда пайдалануға болады.Бейресми қарым-қатынас жағдайын тудыру үшін дөңгелек стол керек.Үлкен офистерде столдардың екі түрінің де болғаны дұрыс.
Тік бұрышты столдың ерекшелігі- оның қысқа басындағы адамның әсерінің басқалардан басым екеннінде.Бірақ ол есікке ту сыртын беріп отырмауы керек.Кейде бұл орынға бейресми лидер отырады.Басшының оң қолы жағындағы адам оған тым жақындығын білдіреді.
Кабинеттегі басшының жұмыс столы үстем позицияда болады.Оның қандай екені сіздің талғамыңызға байланысты. Ол столды қабинетіңізде өткізілетін шараларды, ескеріп өзініз таңдайсыз.Бірақ жұмыс столыңыздың кішкентай болуына негіз жоқ, себебі фирмаға қатысты құжаттарды, схемаларды жайып қарау қажеттілігінің туынедайтынын ескеру қажет.Жұмыс столының формасының қандай екенініңғ маңызы шамалы, т ек ол жалпы стильді бұзбаса болғаны.Әрине басшының орны стол басында болады.
Бірінші ереже –столыңды таза әрі тәртіпте ұста.Столдың қалай-болса солай ұсталуы оның иесінің жұмыс орнын ұйымдастыра алмайтынын көрсетеді. Столда кофенің, шайдың дақтары, темекінің күлдері, қалам, карандаштың, майлы бармақ іздері болмауы керек.Жұмыс күнінің соңында стол сүртіліп, одан барлық артық заттар алынып тасталады.Столда қалатындар:Монитор, стол шамы, телефон, факс, жазу құралдары,кіші көлемдегі жабысқақ қағаздар,сізің визиткаларыңыз тұратын құрал,құжаттарды салатын лотоктар.Лотоктарға барлық құжаттарды жинап , стол үстін тарылту қажеттілігі жоқ. Онда тек ағымдағы қажетті құжаттарды ұстау керек.Ал басқаларын шкафқа , сақтау жәшіктерінде ұстау керек.Лотокта ресми , құпия ақпараттарды сақтауға болмайды.Лотоктар саны столда көп дегенде 5 болғаны дұрыс.Сіз стол басында жұмыс жасайтын болсаңыз, оған мобильді телефоныңызды, блокнотыңызды, таныстарыңыздың визиткаларын, көзілдірігіңізді дайындап алғаныңыз дұрыс.