Арым –қатынастың жалпы сипаттамасы.
Педагогикалық қарым-қатнас, адамның психологиясына негізделген күрделі үрдістерден тұратын, іс-әрекетте, басқалармен араласып-құраласу барысында туындайтын ір түрлі «кедергілер» проблемасы болып табылады.
Қарым-қатнастағы қиындықтар - адамның болжанған қарым-қатнасты жүзеге асырудағы «іркілісті» субьективті бастан кешіру күйі, яғни, қарым-қатнас әріптесінің әрекеттерін қабылдамауы салдарынан, мәтінді түсінбеу, оны серігінің түсінбеуі, коммуникативтік ситуацияның өзінің психалық күйінің өзгеруі т.б. салдарынан болатын «ерекшеліктер». Қиындықтар- іс-әрекеттің, қарым-қатнастың тоқталуы, үзілуі, оларды жалғастыру мүмкіндігін болжау формасымен айқындалады. Іс-әрекет процесінде қиындықтардың пайда болуы және оны саналы түсіну обьектілендіру-проблемалық жағдайдың пайда болуы шарттарының бірі екенін, мұның өзі ойдың пайда болуымен дамуының алғышарты мен негізі болып табылатынын есепке ала отырып, ал педагогикалық психологияда адам факторы, қалыптасқан «қиын» жағдайдан шығу болып табылады .
Қазіргі кезде қарым-қатынас қиындықтары, немесе «кедергілер» оларды талдау мен жуықтауға байланысты түрлі позициядан қарастырылады. Мысалы: жалпы психологияның түсініктеме беру шегінде, олар мағыналық, эмоцияналдық, негативтік, тактикалық ретінде бөлінеді. Олар қарым-қатнастың коммуникативтік және интерактивтік екі негізгі жақтарымен ара-қатынаста болады, мысалы өз кезінде, когнитивтік, аффективтік және мінез-құқықтық ойлардан көрінеді.
Сонымен бірге, адамның қарым-қатнастар тек қана іс-әрекет сипатымен емес немесе эмоцияналдық, когнитивтік (мысалы, когнитивті стиль) және тағы басқа тұлға ойларымен теңестіріледі.Сондай –ақ ол неғұрлым терең және кең ықпалдар салдарынан болуы мүмкін. Адамның қарым-қатнастағы қиындықтарының төмендегідей негізгі салдарын бөлуге болады: этномәдени, мәртебелік-позициялық-рөлдік, жас ерекшеліктік, жеке дара-психологиялық, іс-әрекеттік, тұлға аралық қатынастар саласы. Олар, әрине «адам» деген ортақ тұтас жүйеде бір-бірімен қабаттасып, өзара әрекеттеседі, бірақ теориялық тұрғыдан талдау мақсатында әрқайсысының әрекеті жеке қарастырылуы мүмкін.
Осы ауқымдағы қиындықтар этникалық сана ерекшеліктерімен, адам санасының әлеуметтік және мәдени дамуының нақты жағдайларындағы қарым-қатнасында көрінетін құндылықтарымен, таптаурындарымен, ұстанымдарымен байланысты. Әдетте, қарым-қатнас субьектілерінің этно-әлеуметтік мәдени ерекшеліктерінен туындаған қиындықтарды адамдар солай болуы тиіс деп қабылдайды.Сонымен бірге, әр іс-әрекет субьекті, белгілі бір менталитет иесі ретіндегі қарым-қатнас әріптесі және адам ретіндегі оның ойлауы, Л.В. Щерба дәл айтқандай, ана тілінің формасы бойынша «құйылған» (осы ойды В.Гумбольдта білдірген) адам ретіндегі өзі соның өкілі болып табылатын халыққа тән нормаларға, дәстүрлерге, дүние және дүниетаным бейнесіне сәйкес басқа адамдармен өзара әрекеттесетіні айқын. Осы тұрғыдан алып қарағанда, педагогтың қарым-қатнас сипаты, оның оқушыларға деген ынталы, қамқорлы қатынасы жеткілікті түрде көрнекті болып табылады. Мұндай қатынас оларда әсіресе, жеткіншіліктер мен жоғары сынып оқушыларында наразылық тудырады, өйткені, олар соңғы он жылдықта қарым-қатнастың неғұрлым іскерлік, ұстамды стиліне бағдарлана бастады. Осы жерде қиындықтар пайда болды, оның себептерінің бірі педагогтың өзінің этно-әлеуметтік мәдениетінен болуы ықтимал.
Этно-әлеуметтік мәдени саламен байланыстырылатын қарым-қатынас қиындықтарын жеңуге болады, яғни, егерде олардың өзгешелігі педагог тарапынан рефлексияланған болса (түсінілген және қабылданған), егер де ол өз қарым-қатынасын, нақты білім беру жүйесімен, нақты білім беретін мекемесімен ұйғарылған конвенционалдық қатынастар шегінде тәртіпке келтіре отырып, қадағалай алса, онда жеңуге болады.
Қарым-қатынас әріптестерінің жас ерекшеліктері де қиындықтар туғызуы мүмкін. Баланың мектепке дейін үлкендермен араласқанды қалайтыны белгілі; жеткіншек жасқа дейін балалардың жартысы қоршаған әлеуметтік ортадағы құбылыстармен араласуға басымдылық көрсетеді. Мұндай басымдылық жоғары сынып оқушыларында мектеп бітіргенге дейін, бозбала мен бойжеткендердің үштен біріне жуығы қайтадан үлкендермен қарым-қатынасқа қызығушылық таныта бастаған кезге дейін үстем болады. Үлкендермен, педагогпен қарым-қатынас жасаудағы қиындықтар көбінесе, шәкірттің соның ішінде жеткіншектің өзінің ішкі дүниесі үлкендерге түсініксіз, олар оны әлі бала деп есептейді деп ойлауымен байланысты пайда болуы мүмкін (сондықтан да педагогтың сыныпта «балалар немесе балалар мен қыздар» -деп сөйлеуі жағымсыз және сын көзбен қарау реакциясын тудыруы мүмкін).
Қарым-қатынас қиындықтары, педагогтың жұмысбастылығы немесе басқа қызығушылықтарына қарай жастар субмәдениетінің музыка, бейнелеу өнері, би, киномотограф, тіл білмеуі мен құндылықтар әлемін білмеген кезде пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда педагогта оқушылармен қарым-қатынастың ортақ мәні жоқ. Педагогикалық қарым-қатынастағы әке мен бала проблемасы «мұғалім-оқушы» ролдік қатынастарынан өте байқалады. Педагогтың жастық ерекшеліктерімен байланысты қарым-қатынас қиындықтарын жеңу оның үнемі тұлғалық және кәсіби өзін-өзі дамытуында, оның қоғам өміріне араласуында, жастар әлеміне қызығушылығында жатыр. «Кім өзі лаулап жанбай, бықсып жатса, басқаны да лаулата алмайды» - деген көне даналық.
Қиындықтар сонымен қатар, оқытушының өз студенттерінен немесе тыңдаушыларынан жас болған кезде пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда педагогтың ересек болып көрінуге ьырысуы оның іскерлік қарым-қатынас мәнерін айырықша көрсетуінен, дауыс ырғағының қажетсіз қатаңдығынан, стилистикалық формалды тілдік құралдарды таңдауының еріктілігінен көрінеді, бұл қарым-қатынас жағдайының табиғилығын бұзып, оның жайлылығын қиындатады.
Әрбір адам өзіндік қарым-қатынас стилімен ерекшеленеді. Бұл фактор адамның қарым-қатынасқа басқа адаммен түскен кездегі мінезін анықтайды.
Арнайы кәсіби қарым-қатнаста ,қарым-қатнас түрлерінің мынадай әдістері кездеседі: арнайы іскерлік, ғылыми, қоғаадық, тұрмыстық.
Арнайы іскерлік сөйлеу стилі. Бұл стиль өмірде практикалық жағынан және кәсіби іс-әрекеттерде өте маңызды. Ол құқық қорғау органдарында, басқарма, әлеуметтік орталарда жазбаша қалай қолданылса (іскерлік жазбалар, нормативті акт, іс-қағаздарын шығару т.б.) дәл солай ауызша формада да қолданылады. (жиналыстарда баяндама қортындысын айту, өте маңызды жиналыстарда сөз сөйлеу т.б.).
Арнайы іскерлік стилде, стильүш түрге бөлінеді.
- құқықтық
- дипломатиялық
- административтік-концелярлық
Олардың әрқайсысының өзіндік сөйлеу мәні , коммуникативті формасы мен өзіндік специорикасы болады. Сонымен меморандуль, нота, коммюнике дипломыналық коммуникатцияға қолданылады, хат жазу,анықтама баяндамахаттамалары, сенімділік куәлігі, бұйрық, арыз, мінездеме сияқты түрлер административті концелярия түрінде кездеседі; заң, бап, тарау, нормативті акт, жолдама, тармақ сияқты түсініктер құқықтық стилде кездеседі.
Бұл іскерлік стилде, терминдер қандай ұзақ жазылып үлкен мағына берсе, дәл солай қысқартылып сол ұғымды түсіндіре алады .
Терминдер көп жағдайда мынадай мағына береді.
- құжаттардың атауы, сауалнамалар жүргізу, келісімдер,контракт т.б.
- мамандығына байланысты аталу түрі, жағдайы, орындау функциясы, педагогтың әлеуметік жағдайы, сот, менеджер, компания презденті, тергеуші, психолог, бугалтер т.б.
- процесуалды жұмыстар (экспертиза жүргізу, сұрақ жүргізу, бағалау, атестатция т.б.) немесе прорессияналды іс-әрекет есеп шығару, ақпарат талдау, анықтамалар дайынду т.б.)
Іскерлік стилі ақпараттық обьектілігін талап етеді. Құжаттарда
келтірілген текстерде жеке субьективті пікір кездесуі керек. Іскерлік стилде қолданғанда шығармасы компактт , экономды сөздің шеберлігінің асып кетпейтіндей болғаны жөн. Онда стандартталған сөйлеу қалпы болу керек.
Іскерлік сөйлеуде сөйлеу мәдениеттілігі болу керек. Мойындап,
кішірейіп сөйлеу түрінде: «- Өзімізден кешірім өтінеміз», құрау мәнерінде «біз сіздің көмегіңізге сеніп отырмыз», мейрімділік пен келісімділік мәнерінде «мен сіздің пікіріңізге қосыламын», сөзді аяқтағанда «менің ойымшабіз бүгін көп сұрақтың жауабын шешкен сияқтымыз» т.б.
Ғылыми сөйлеу стилі. Бұл стиль көбінде арнайы бір ғылыммен айналысатын мамандарда, сабақ беретін педагогтарда, жаңалық аша білетін тұлғаларда кездеседі. Бұл стиль ғылыми тракаттарда ,статияларда, тезистерде, диссертациялық зерттеулерде, ғылыми еңбектерде ,конференция, семинар, лекцияларда көп қолданылады.
Ғылыми сөйлеу стилі мынадай негіздермен белгіленеді:
- жекешеленген қарым-қатнас солай деп саналады, қалай байқалды,ақырғысында т.б.)
- ақпараттық логикалық мазмұны, талқылау түрінде т.б.
- абстракті лексика (мысалы; мәні, назар аударуы, бар, қолданыста, тұрағы, қолданылады т.б.)
«Мен» концепциясының орнына «Мен»көпше түрі қолданылады
( біз солай деп ойлаймыз, біз бақылаймыз, біздің пікіріміз бойынша т.т.)
Жалпы қоғамдық сөйлеу мәнері кез-келген көпшіліктің алдында
сөйлеген ойды жатқызуға болады. Мысалы ; қысқа бір-екі сөз, жиналыстасөйлеу, телевиденияда, лекция, семинар, газет, журналдар, т.б.
Публицикалық стиль (латынша publicus-қоғам) қоғамдық ортада, саяси қоғам, идеологиялық, экономикалық мәдени т.б. орталарда қолданылады.
Публицистикалық стиль мынадай стилдермен ерекшелінеді; информаттивті, құжатты -дәлелдердің нақтылығы.Қолданылатын материалдардың жинақтылығы.