Дәріс № 14қырып. Қиың өмірлік жағдайлар және соған түскен балаларға көмек беру.
Күйзелістік және туғандарын жоғалтудың психологиялық ерекшеліктері.
2.
Күйзеліс — бұл қауіпті оқиғаларға ауыр қайғыру реакциясы болып табылады. Қытай тілінде «күйзеліс» екі бөліктен тұрады қауіптілік пен мүмкіндіктер, бұл сөздер төтеншелікті, іс-әрекетте қауіптілік және қажеттілікті түсіндіреді. «Күйзеліс» түсінігі аса қауіпті жағдай және кез-келген мәселенің белгілі бір шешімін табу, айналым пункті, аса қажетті кезең. Күйзелістер адамдар өмірінде кездеседі, топтарда, ұжымда, қоғамда және ұлттар арасында болады.
Күйзелістердің алдын-алудағы әлеуметтік жұмыстың мақсаты – бір адамға немесе отбасындағы барлық адамдарға, әдеттегі жағдайды жасау, тап болған күйзелістерді жоққа шығару туралы көмегі.
Әлеуметтік қызметкерлер адамдарға төмендегідей күйзелістік жағдайларды бастарынан өткерген кезеңде керек болады:
o әлеуметтік және психологиялық қақтығыстар, стресстік жағдайлар;
o кедейшілік пен жоқшылық;
o алкоголизм мен нашақорлық;
o зорлық-зомбылық пен алалау;
o этникалық және ұлттық мәселелер;
o қылмыс жасау және құқық бұзушылық;
o жұмыссыздық пен мамандық адаптация;
o мүгеддектік және жалғыз қариялық;
o пәтер мәселесі;
o ата-ана қатыгездігі және т.б.
Әлеуметтік жұмыстың ерекше құндылықтары:
o жақын адамға деген сүйіспеншілік, жан ашу, қиыншылықта бірге болу;
o ниеттестік;
o жағдайды өзгертуге деген мүмкіндікке сену;
o көмек жасау ниеті мен жәрдемі;
o білім жинау;
o тәжірибе алу;
o әлеуметтік шығармашылық;
Күйзелістің, болжауы мүмкін емес, белгілі бір ұзақтығы болады, және ол бірнеше сағаттан көптеген айларға созылуы мүмкін. Күйзелістің пайда болуының үш кезеңін бөліп көрсетуге болады.
Бірінші кезең: фрустрациға қалыпты реакция. Адам проблемалық жағдайға тап болғанда, оның шешімін табу үшін ең алдымен бұрынғы тәжірибесін (кездескен жағдай) қолданады. Бұл кезеңде адам алғашқы шешу әдістері мен қорғаныс механизмдерін басшылыққа алады. Егер алғашқы әдістер дұрыс қызмет атқармаса, екінші кезең қолданысқа енеді.
Екінші кезең:үрей. Адамның бойында өзіне сенбеушілік, қорқыныш, қобалжу сезімдері көрініс тауып, үдей түседі. Бұл кезеңде мәселенің жаңа шешу әдістері қолданылады, адам бойында релаксация басым болып, қысым (напряжение) азаяды. Егер тұлға қандай-да бір себептермен көмек ала алмаса, жаңа кезең басталады.
Үшінші кезең. Күйзеліс. Бұл кезеңде тұлға алдағы мәселелік жағдайдан қалай шығуды білмейді, және эмоционалдық және интеллектуалдық ұйымдастыра алмаушылықпен, адам хаосты сезінуімен сипатталады . Бұл жерде алкоголизм, нашақорлық, психиканың бұзылуы, криминалдық мінез - құлық, суицид (өз-өзіне қол жұмсау) т.б. іс-әрекеттер көрініс беруі мүмкін. Бұл кезеңде кеңес беруші мұқтаж тұлғаның жағдайды өзі бақылай алуына көмектеседі, егер мәселенің шешімі табылмаса да, ол басты қағида еместігін түсіндіреді.
Күйзеліс-кенеттен, әрі бақылаудан тыс болады. Соның ішінде бұл құбылыс адамның өзін жоғалтуымен, өз орнын таба алмауымен, көздеген мақсатқа, жетістіктерге жете алмау нәтижесінде пайда болып, бақылауға алынбайды.
Күйзелістердің кейбір түрлері адам өміріне қатты әсер етеді. Тіпті, ол адам өміріне қатер туғызуы мүмкін.
Әдебиеттер тізімі:11, 12, 20, 21.
Дәріс № 15тақырып. Пенитенциарлық мекемелердің әлеуметтік-педагогикалық қызметі.
Ылмыс әлеуметтік мәселе ретінде.
2.
Арнайы түзету мекемелердегі адамдар құқықтары жағдайын бақылау халықаралық құқық қорғау стандарттарында бекітілген көзқарастар тұрғысында осы саладағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру мақсатын көздейді.
Арнайы түзеу мекеменің түрі сот шешімі бойынша анықталады. Шешім қабылдамас бұрын сот: сотталғанның жасы мен жынысын, жасаған қылмыс ауырлығын, кінә формасын, белгіленген жаза мерзімін, жазаны өтеу фактісі бойынша бас бостандығынан айыру, рецидив (белгілі бір құбылыстың қайталануы, бұл жерде қылмыстың қайталануы), қауіпті және ерекше қауіпті қылмыс рецидивін ескереді. Көрсетілген категориялар жазаларды бөлек өтеуді қамтамасыз етеді.
Сотталғандарды категориялары бойынша жазалау жоғарыда көрсетілген факторларға тәуелді болады.
Осылайша біз сотталғандардың жеке қауіпсіздігін сақтаймыз, қылмыстық қарым қатынаста бос кеткен қауіпті сотталғандардың жағымсыз әсер етулерін алдын-аламыз және олардың тәрбиеленуіне алғы шарттарды жасаймыз.
Дамыған әлеуметтік жүйедегі саяси және әкімшілік қызметкерлер бастарына саяси және әкімшілік әдістермен шешуге болмайтын мәселелер туындағанда әлеуметтік қызметкерлерге көмекке келеді. Осыдан біз арнайы түзету мекемедегі әлеуметтік жұмыс алғашқы даму стадиясында екенін көре аламыз. әлеуметтік жұмыс обьектісінің жағдайы шешілетін мәселелер мен саяси-әлеуметтік тапсырыстар ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік жұмыстың әртүрлі элементтері өзіне приоритетті болуы мүмкін: әлеуметтік зерттеу, әлеуметтік оқыту және дамыту, әлеуметтік жұмыс инфрақұрылымдардың дамуы, әлеуметтік болжау және жобалау.
Арнайы түзету мекемелері арнайы түзету жүйесіне енетін мемлекеттік органдар болып саналады. Арнайы түзету мекемелері мынадай: белгілі бір мерзімге және өмірбақилық бас бостандығынан айырғандарды түзеу және жаңа қылмыстарды жасаудың алдын-алу, сонымен қатар персонал мен сотталғандардың, қызметтік тұлғалардың іс-әрекеттерінің заңды және құқықтық тәртіптерін қамтамасыз ету, сотталғандарды еңбекке тарту, олардың жалпы және кәсіби білімдерін ұйымдастыру, сотталғандардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету сияқты қызметтерді атқарады. Арнайы түзету мекемелерінің түрлеріне:
1. Арнайы түзеу колониясы;
2. Түрмелер;
3. Еңбекпен тәрбиелеу колониялары;
4. Уақытша ұстау изоляторлары;
5. Тергеу изоляторлары және т.б.
Арнайы түзеу мекемелерінің жүйесін бас бостандығынан айырылған сотталған тұлғалардың классификациясы анықтайды.
Арнайы түзеу мекеменің түрі сот шешімі бойынша анықталады. Шешім қабылдамас бұрын сот: сотталғанның жасы мен жынысын, жасаған қылмыс ауырлығын, кінә формасын, белгіленген жаза мерзімін, жазаны өтеу фактісі бойынша бас бостандығынан айыру, рецидив (белгілі бір құбылыстың қайталануы, бұл жерде қылмыстың қайталануы), қауіпті және ерекше қауіпті қылмыс рецидивін ескереді. Көрсетілген категориялар жазаларды бөлек өтеуді қамтамасыз етеді. [9]
Сотталғандарды категориялары бойынша жазалау жоғарыда көрсетілген факторларға тәуелді болады. Осылайша біз сотталғандардың жеке қауіпсіздігін сақтаймыз, қылмыстық қарым қатынаста бос кеткен қауіпті сотталғандардың жағымсыз әсер етулерін алдын-аламыз және олардың тәрбиеленуіне алғы шарттарды жасаймыз.
Арнайы түзету жүйе мекемелеріне жеке-жеке тоқталсақ:
Әдебиеттер тізімі: 1, 2, 8, 9, 11, 12, 18, 21.