Орыс емес халықтардың ағарту ісіндегі патша саясаты. Алғашқы орыс-ұлттық мектептер.

Қарастырып отырған к езеңде қазақ жері Ресейге толық қосылып болғандығын білеміз. Патша өкіметінің отарлау саясатының жағымсыз жақтарымен қатар оның прогрессивтік мәні орасан зор болды. Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ халқының мәдениетінің дамуына орыс мәдениетінің прогрессивтік ықпалының күшеюіне көмектесті. ХІХ ғасырдың орта кезінде Ресейдің өзінде ерекше әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің болғандығы белгілі. ХІХ ғасырдың 60-жылдары Ресей тарихында сословиелік крепостниктік тәрбие жүйесіне қарсы бағытталған педагогикалық ой-пікірінің жетістіктері кезеңі болып табылады. 60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыс Ресейді мекендеген орыс емес басқа халықтардың педагогикалық ой-пікіріне ерекше ықпал етті.Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысында әртүрлі типтегі орыс-қазақ мектептері ашылды. Орынбор орыс-қазақ мектебі қазақ балаларына арналып, 22 тамызда 1850 жылы салтанатты түрде ашылды. Мектепке 50 бала қабылдады. Ерекше атап өту керек, сол кездегі оқу орындарына тән мектепте белгілі тәртіп орнатылды, атап айтқанда: оқу жылының ұзақтығы белгіленді, оқу мерзімі 7 жыл, мектепке оқушыларды қабылдау (әрбір 2 жылда), жазғы демалыс уақыты (15 маусымнан 15 тамызға дейін); сабақтартардың кестесі және тәрбиеленушілердің демалысы енгізілді, емтихандардың ережелері жаслады.1813 жылы Омбыда Сібір казактарының әскери училищесі ашылды, ал 1927 жылы Орынборда-Неплюев әскери училищесі жұмыс істеді. Ақмола, Семей облыстары қазақтарының балалары үшін Омбы қаласында орыс мектебі ашылды. Мектептің құрылымы мен ішкі мазмұны Орынбор мектебіндей болды. Мектеп негізінен төменгі басқару аппараты үшін қазақтардың арасынан кадрлар даярлау мақсатын қойды.

ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер. Мұсылмандық мектептерді реформалау. Жаңа әдістік мектептер мен медреселер.

1.Қазақ халқы ерте заманнан-ақ білімді ,сауатты болуға ұмтылған, надандық пен топастықты әжуа етіп, күлкіге айналдырған. Әрбір ата-ана баласына әдептілікті үйреткен, сауатты да білімді болуға баулыған. Бұған мысал ретінде қазақтар арасында «Қара күш бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген мақал кеңінен тараған. ХІХ-XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі екі: діни және зайырлы бағытта жүргізілді. XIX ғасырдың орта кезіне дейін қазақ балалары мектептер мен медреселерде мұсылманша білім алды. Оларды негізінен молдалар оқытты. Оқу ата-аналарының қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Мұсылмандар мектебінде негізінен ер балалар оқыды.Мұсылмандық метептерді реформалау.Халық арасында медреселердің беделі күшті болды. Олар молдалар мен мектеп мұғалімдерін даярлады. Оқу мерзімі 3—4 жылға дейін созылды. Медресе шәкірттері ислам дінінің негіздері бойынша бастауыш білім алумен қатар философия, математика, медицина, тарих, тіл білімі (лингвистика) және астрономия жөнінде де едәуір хабардар болып шықты. Діни оқу орындарының басты қызметінің бірі жастардың бойына әдептілікөнегесі мен адамгершілік қасиеттерді дарыту болды. 1870 жылдан бастап патша үкіметінің бастамасы бойынша медреселерде міндетті түрде орыс тілінің негіздерін үйрету енгізілді. Медреседе бірнеше сынып бөлмелері болды. Олар шәкірттер тұратын, дәрет алып, жуынып-шайынатын, сондай-ақ тамақтанатын бөлмелер еді. Медреседе ұстаздыққа әдетте жасы 40-тан асқан адамдар ғана қабылданатын. Олардың медресені бітіргені туралы дипломының болуы талап етілетін. Кейіннен патша үкіметі мұсылманша оқытуды да өз бақылауына алуға тырысты. Мәселен, 1867—1868 жылдардағы әкімшілікреформалар бойынша мектептер мен медреселер ашу үшін уезд бастығының арнайы рұқсатын алу керек болды. Патша үкіметі мұсылмандардың оқу орындарын ашықтан-ашық кемсітіп, қорлау саясатына көшті. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Омбы, Семей, Орал, Ақмола қалалары халыққа білім беру орталықтарына айналды. Қазақстандағы орыс тілді халықтың арасында сауатсыздардың пайызы тым жоғары болды. Мұны 1897 жылғы халық санағы айқын көрсетті. Атап айтқанда, халықтың 8,1 пайызын ғана сауатты деуге болатын еді. Соның ішінде ерлердің 12 пайызы, ал әйелдердің 3,6 пайызы ғана хат таныды. Орысша сауат ашқан қазақтардың пайызы бұдан да төмен болды. Ал мұсылманша оқып сауат ашқан дала қазақтарының саны өте көп еді. Бірақ олардың қанша пайызының сауатты екеңдігі халық санағын өткізу кезінде есепке алынбады.

Наши рекомендации