Price D. Ethic of scientific publication // Science. 1964. JVfe 144. P. 3619.

I. ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАНЫҢ ХХ ҒАСЫРДЫҢ 90-шы ЖЫЛДАРЫ МЕН ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ: ҚЫСҚАША ТАЛДАУ

Ресейде «әлеуметтік қызметкер», «әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман» және «әлеуметтік педагог» деген жаңа мамандықтардың пайда болуы ХХ ғасырдың 80-шы жылдарының соңы – 90-жылдарының басында орын алып отырған. Осыншама ауқымды өзгерістер жаңа мамандықтардың қалыптасуының қыр-сырына, олардың одан әрі даму ерекшеліктеріне әсерін тигізбей қоймады.

Кейінгі жылдары көптеген зерттеушілер Ресейдегі әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік педагогиканың тарихи тамырларының мәнін түсінуге, мемлекеттіліктің дамуының әртүрлі тарихи кезеңдеріндегі әлеуметтік-педагогикалық қызметтің даму ерекшеліктерін зерттеуге (оның түрлі формаларында), осы қызметтің заңды тәуелділіктері мен кереғарлықтарын зерттеуге кіріскен. Әлеуметтік педагогика тарихының жекелеген проблемалары бойынша монографиялар, хрестоматиялар, диссертациялық зерттеулер пайда болды2).

Зерттеушілермен алынған нәтижелерді талдау былай деп мәлімдеуге мүмкіндік береді, яғни әлеуметтік педагогиканың одан арғы дамуына барлық негіздемелер бар: тарихи-педагогикалық (мемлекет пен қоғамның алдыңғы даму кезеңдерінде жинақтаған білімдер); әлеуметтік-саяси (қоғамның сұранымдары және оның әлеуметтік тапсырысы); ғылыми-практикалық (социум субъектілерінің - адамдар мен әлеуметтік институттардың әлеуметтік-педагогикалық қызметінің сан-алуан түрлі тәжірибесі); ғылыми-теориялық (теориялық білім деңгейіне дейін жалпыланатын әртүрлі дәрежедегі жүйеге келтірілген білімдердің жиынтығы) және т.б.

Әлеуметтік педагогиканың пайда болуы себептері мен оның тарихын кезеңдерге бөлудің ұсынылып отырған нұсқаларын талдауға ұмтылмай-ақ оның дамуының жаңа заманына тоқтала кетейік. Әлеуметтік педагогика саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жалпылау кейінгі ондаған жылдар бойы оның дамуын шартты түрде кезеңдерге бөлуге мүмкіндік берді1.

Бірінші кезеңнің – әлеуметтік педагогиканың эмпирикалық даму кезеңінің уақыттық шекараларын жуықтап алғанда XX ғасырдың 80-90-шы жылдарының межесімен, яғни әлеуметтік педагогиканың мамандық ретінде, ғылыми пән ретінде, кәсіби қызметтің түрі ретінде пайда болуына дейінгі кезең деп белгілеуге болады.

Кеңестік қоғам ол кездері артынша «тоқырау кезеңі» деп аталған күйді кешіп жатқан. Мұндай жағдай зерттеушілер мен практиктерді әлеуметтік ортаны, кеңестік макро- және микросоциумын жетілдіру бағытында жиналып отырған проблемаларды шешудің жолдарын іздестіруге мәжбүр етеді. Ғылымда мұндай міндет саяси-идеологиялық себептермен қойылмайтын болғандықтан1 іргелес бағыттардағы, атап айтқанда, педагогиканың сериялық функциясын күшейту мен практикалық жүзеге асыру бағытындағы проблемалардың шешімін іздеуге талпыныстар жасалған болатын. Мұндай жағдай педагогика ғылымында тәрбие проблемасының басым болуына, тәрбие теориясында айқын түрде «әлеуметтік тәрбиеге» бағытталған әлеуметтік-педагогикалық тақырыптың пайда болуына әкелді.

Осы кезеңде, шын мәнінде әлеуметтік-педагогикалық қызмет өзге мамандықтағы социалистердің (мұғалімдердің, дәрігерлердің, партия қызметкерлерінің, медиктердің, мәдени-бос уақыт және жаппай спорт жұмысын ұйымдастырушылардың және т.б.) арасында «шашыратылған болатын». Осындай эксперименттік және эмпирикалық жұмыстың тәжірибесін жалпылау, оны ғылыми тұрғыдан ұғыну әлеуметтік-педагогикалық проблематика бойынша ғылыми еңбектердің пайда болуына әкелді. Былайша айтқанда, қоғамның әлеуметтік проблемаларын білім беру-тәрбиелеу жүйелері жағдайында, сондай-ақ социумның педагогикалық емес институттарында педагогикалық құралдармен шешудің жолдарын іздестіру бойынша тынымсыз жұмыс жүргізіліп отырды3. Диссертациялық зерттеулер банкінің деректері бойынша 1970 және 1988 жылдар аралығында (19 жыл) 39 диссертация қорғалған, соның 22-і - педагогикалық ғылымдар докторы ғылыми дәрежесін алуға арналған. Осылайша, орташа жылдық коэффициент 2,05 құрады.

Леуметтік педагогиканың кезеңдерге бөлінуі жайлы қараңыз: Мальковская Т.Н. Тәрбие парадигмаларының ауысуы әлеуметтік-педагогикалық проблема ретінде // Педагогика мен халыққа білім беру саласындағы ғылыми жетістіктер мен ілгері тәжірибе: Ақпарат. жинақ М., 1990. Шығ.-8. С. г-Зг; Никитина Л.Е. Ресейдегі әлеуметтік педагогиканың дамуы: Дис. ... д-р, 2001, 55-56 бет. және т.б.

Диссертациялық зерттеулердің негізгі түрлерімен танысу көрсетіп отырғандай, оларда тұтастай алғанда кейіннен әлеуметтік педагогиканың кейінгі даму кезеңдеріндегі одан арғы зерттеулер мен ұйымдастырудың әдіснамалық (ең алдымен дүниетанымдық) негіздерінің рөлін атқара бастаған теориялық көзқарастар дұрыс белгіленген.

Оған қоса, дәл осы тынымсыз еңбектің (диссертациялық жұмыстар, монографиялар, ғылыми мақалалар, конференциялардың материалдары және т.б.) саналы және қорытындыланған нәтижелері өзінің негізінде кейінгі даму кезеңдерінде әлеуметтік-педагогикалық қызметті кәсібилендіру процесі басталған іргетасты қалады. Дәл осы құрылған ғылыми іргетас 1989 жылдан бастап ғылым ретінде әлеуметтік педагогиканы және соның білім беру кешенін ұйымдастырушылар қызметінің негізін құраған болатын.

Екінші кезеңнің -әлеуметтік педагогиканың ғылыми-эмпирикалық даму кезеңінің уақыттық шекаралары жуықталған түрде 1989 - 1992 жылдар деп белгілеуге болады. Екінші кезеңнің әлеуметтік қорына елде орын алған түбегейлі өзгерістердің процестері айналды. 80-ші жылдардың екінші жартысында былайша атағанда «қайта құрудың», яғни Ресейдегі қоғамдық-саяси және экономикалық жүйенің күштеусіз алмасу үдерістерінің монолиттік және консервативтік білім беру жүйесінің қирауына әкеп соқтыратыны түсінікті болды. Сол уақытқа қарсы бұл жүйе оңтайлылығын жоғалтып, толықтай мемлекеттік қаржыландыруға тәуелді болып отырған, практикалық қызметте коммунистік тәрбиенің тақырыптық әдістемелері мен теориясына сүйеніп, тәрбие мен білім берудің, әсіресе әлеуметтік-педагогикалық мәселелер тұрғысында барлық қажетсінулерін қамтамасыз етпейтін педагогикалық лауазымдардың атаулығына ие болып отырған1.

Кеңестік мемлекеттік патернализм жылдары ішінде жанұя әлеуметтендіру институты ретінде едәуір дәрежеде деградацияға ұшырады; мектеп тәрбиедегі отбасылық мәселелерді толығымен объективті түрде қамтып отыра алмады; қамқоршылық және қорғаншылық қызметтерінің жұмысы көбінесе репрессивтік сипатқа ие болып отырды; өздерінің мәселелері білім беру мекемелерінің атқаратын қызметтерінің шеңберіне сыймайтын балалардың саны барған сайын көбейіп отырды, ал педагогикалық қызметкерлер оларды шешуге дайын болмаған.

Мұнда Л.Е. Никитинаның оның «Ресейдегі әлеуметтік педагогиканың дамуы» докторлық диссертациясының материалдары қолданылған. С. 50-56

Балалардың мәселесін оқу сабақтарынан тысқары түрде шешіп отыратын жаңа педагогикалық мамандықтың ғылыми және әдістемелік негіздемесін әзірлеу идеясы КСРО Ағарту министрлігінің Мектептен тыс тәрбие басқармасында туындаған болатын. Жаңа мамандықты – әлеуметтік педагогты ғылыми-әдістемелік әзірлеу міндеті Уақытша ғылыми-зерттеу ұжымының – «Мектеп - ықшамаудан» УҒЗҰ-ның алдына қойылған болатын. 1989 - 1991 жылдары УҒЗҰ КСРО-ның Халыққа білім беру мемлекеттік комитеті мен КСРО Педагогика ғылымдарының академиясымен бірлескен түрде тұрғылықты жеріндегі Тәрбиелеу жұмысының зертханасының негізінде құрылған болатын. УҒЗҰ-дың жетекші етіп педагогика ғылымдарының кандидаты В.Г. Бочарова тағайындалған болатын.

УҒЗҰ-дың үш жылдық жұмысы барысында 100 эксперименттік алаңшада әлеуметтік-педагогикалық эксперимент өрбітілген болатын, оның бағыттыраның біріне жаңа мамандықтың параметрлерін өңдеу айналды. 1991 жылы білім беру жүйесі қызметінің мазмұны бойынша ғана емес, сонымен қатар атауы бойынша «өзінің» әлеуметтік қызметкеріне қол жеткізді, бұл маңызды болатын, себебі лауазымның атауында «педагог» сөзінің болуы жаңа мамандыққа арнап педагогикалық жеңілдіктер мәселесін бірден шешуге мүмкіндік берді.

Жаңа педагогикалық мамандық аса қажет болатын, себебі үдеп бара жатқан әлеуметтік-саяси процестер онсыз да практика жүзінде «тәуекел топтарымен» нашар шешіліп отырған тәрбие жұмысының мәселелерін шиеленістіріп жіберді. Оған қоса, барлық басқару деңгейлерінде пән оқутышысының еңбегін одан әрі қарқынды етудің мүмкін еместігі жайлы ұғым қалыптасты, ал білім беру мекемесінің нақты өмірінде күнделікті тікелей оқу-тәрбиелеу процесінің шеңберінен тыс шығып отырған, алайда соның нәтижесі мен сапасына тікелей не жанама әсерін тигізіп отыратын әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешіп отыруға тура келетін.

«Өз» педагогын әлеуметтік саланың өзге ведомстволары мен секторлары алуға тиіс болатын. Пән оқытушысының негізгі білімі бар мұғалім емес, заң, медициналық, психологиялық білімдердің негіздерін меңгерген бейімі кең педагог қажет болатын.

1991 жылы КСРО тарағаны белгілі. «Әлеуметтік педагог» лауазымын тек білім беру жүйесіне ғана енгізіп үлгерді, дегенмен, стратегиялық түпкі ойлар бойынша бұл арнаулы мүмкіндіктері бойынша, бірыңғай біліктілік сипаттамасының негізінде типтік және түріне қатысты модификациясы бойынша педагогикалық лауазым болатын. Дәл осы себептен оны біртіндеп әлеуметтік қамту, мәдениет, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы және т.б. ведомстволарына, оған қоса тек әлеуметтік сала ведомстволарына ғана емес, сонымен қатар өздерінде «адам - адам» типіндегі мамандықтар қажет етілетін барлық жерлерде «ілгері жылжытып отыру» көзделіп отырған болатын.

Екінші кезеңге әлеуметтік педагогиканың дамуының төмендегідей сипаттамалары тән болып келеді.

Мазмұндық тұрғыда:

· Әлеуметтік жұмыста, әлеуметтік-педагогикалық практикада өздерін ұғыну және зерттеу, мақалалар, әдістемелік құралдар, монографиялар түріндегі ғылыми зерттеулердің перспективалық өрісін қалыптастыру мақсатында барынша жалпылама үлгілік, қайталанып отыратын белгілерді («деректерді», беталыстарды, заңды тәуелділіктерді) іздеу 1;

· әлеуметтік сала практикасын дамытудың теориялық және тұжырымдамалық негіздемелерін анықтау, оған педагогикалық мақсатқа лайықты мазмұн мен бағыт беру;

· әлеуметтік педагогиканың өзге ғылымдармен және әлеуметтік салаға жататын ғылыми пәндермен (әлеуметтік философиямен, әлеуметтік құқықпен, әлеуметтік психологиямен, әлеуметтанумен, әлеуметтік информатикамен және т.б.) өзара байланыстарын іздестіру, оның әдіснамалық және теория-әдіснамалық негіздерін анықтау;

· әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік педагогиканың, сондай-ақ әлеуметтік педагогика мен жалпы педагогиканың арақатысын зерттеу;

· социумның сан алуан түрлері мен типтерінде әлеуметтік жұмысты ұйымдастыруда жалпы, ерекше және өзіне тән ерекше (дара) белгілерді талдау және оның педагогикалық компонентін анықтау;

· практикалық қызметкерлердің – әртүрлі социум институттарындағы әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік педагогтардың функционалды міндеттеріне негіздеме беру;

Осы кезеңде зерттеу жұмысы аяқталып және әлеуметтік педагогиканы оның барлық сапалық күйлерінде ұғыну мен әзірлеуге бағытталған философия ғылымдары кандидатының ғылыми дәрежесін алуға арналған алғашқы диссертация қорғалады. Қараңыз: Филиппова Л. Ж Әлеуметтік педагогиканың теориясы мен практикасының философиялық негіздері: Филос. ғыл.докт.дис. 1993.

· Ресейдегі әлеуметтік жұмысты дамытудың негізгі әлеуметтік-педагогикалық принциптері мен тұжырымдамаларын іздестіру және құрастыру;

· әртүрлі елдердің социумдағы және халқының нақты категорияларымен әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибесін зерттеу;

· әлеуметтік жұмысқа жататын әртүрлі қызметтердің қалыптасу мен дамуының тарихи тамырлары мен ұлттық дара ерекшеліктерін зерттеу;

· елдің әртүрлі социумдары жағдайында әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік-педагогикалық қызметті өрбіту4.

· 1989-1992 жж. аралығында 83диссертация қорғалған, соның 31-і – ғылыми докторының ғылыми дәрежесін алуға арналған; бұл жағдайда жылдық орташа коэффициент 20,75 құрады.

Ұйымдық формаларды дамыту тұрғысында:

♦ «Мектеп - ықшамаудан» Уақытша ғылыми зерттеу ұжымының (УҒЗҰ) қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыру2;

♦ Кеңес Одағының аймақтарында шамамен 100 тәжірибелік-эксперименттік алаңшалардың ашылуы, олардың мақсаты - әлеуметтік-педагогикалық қызмет мамандары мен әртүрлі ведомстволық бағынудағы мекемелердің социумның әртүрлі жағдайларындағы тәжірибелік үлгілерін пысықтау;

♦ кешенді тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жүргізу; әлеуметтік-педагогикалық қызмет пен әлеуметтік жұмыстың отандық және шетелдік тәжірибесін ұжымдық талдау, УҒЗҰ тақырыбындағы халықаралық және ресейлік конференциялар мен семинарларға белсенді қатысу;

♦ түрлі социум мамандарының әрекеттерін жұмылдыру және оларды үкіметтік емес (қоғамдық) ұйымның – Ресей Федерациясының әлеуметтік педагогтарының Бүкіл ресейлік қауымдастығының (ӘлПБҚ) айналасында біріктіру; КСРО-ның жекелеген аймақтарында соның бөлімшелері мен бастапқы ұйымдарын құру;

♦ жұмыс бағыты соған ұқсас не жақын болып келетін өзге қоғамдық бірлестіктердің, мысалы Әлеуметтік қызметтер қызметкерлері қауымдастығының (В.М. Панов) пайда болуы және т.б.;

1 Қараңыз: Ресейдегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың практикасы мен оны дамытудың перспективалары жайлы: Ресей Федерациясы Білім беру министрлігі Алқасының шешімі. М., 1993,

Наши рекомендации