Жалпы білім беру бағдарламасы

Практикадан өту барысында студент бойында төмендегідей білім, білік, дағдыларын игеру тиіс.

· практиканың мазмұны, мақсат міндеттеріне сәйкес өз жұмысын жоспарлау;

· педагогикалық іс-әрекетке бақылау жүргізу, талдау жасау, жұмыс мазмұны мен ерекшеліктерін көрсете білу;

· балалармен, педагогикалық ұжыммен, жеке қызметкерлермен қарым-қатынас орнату;

· мамандыққа байланысты жұмыстарда тәрбиешілерге көмек көрсету, алдын-ала белгіленген іс-әрекетті жоспарлап, өткізе білу;

· мамандыққа қажетті қасиеттер қалыптастыру бағытында өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру.

Құзыреттілік атауы Негізгі білім беру бағдарламасының бастапқы бөлімі Негізгі білім беру бағдарламасының соңғы бөлімі  
Жалпымәдени құзыреттілік  
  басқа адамдармен қажетті қатынасты ұстау және қолдау қабілеттілігі; Балалар психо логиясы     Бастауыш мектептегі тәрбие теориясы мен әдістемесі      
  ақпараттық технологияны меңгеру қабілеті, барлық ақпарат құралдарымен жұмыс істеуі, өздігімен іздей білуі, қажетті ақпаратты таңдауы және талдауы, ұйымдастыруы, жасауы, сақтауы және жеткізе алуы. Ерте жастаєы балалар психологиясы   Тіл мәдениеті негіздері  
  өзінің міндетін атқаруда кешенді келуі және талдау ойлай білуі қабілеті, өзін-өзі жетілдіру және дамыту, тұлғаның кәсіби өзгеруін құралдарын меңгерген. Ересек жастаєы балалар психо логиясы     Кәсіби қазақ тілі  
  өзінің міндетін атқаруда кешенді келуі және талдау ойлай білуі қабілеті, өзін-өзі жетілдіру және дамыту, тұлғаның кәсіби өзгеруін құралдарын меңгерген. Жалпы педагогика Мәнерлеп оќу практи кумы    
  әлеуметтік өзара әрекетте өмір сүре алуы және қалыптасу қабілеті, басқалармен келісе алу мүмкіндігі және жауапкершілік пікір таласта тиімді бейімделуі мен өзгере алуы. Кәсіби бірлестікте қатынасты сақтауы, өзінің кәсіби еңбегінің нәтижесіне әлеуметтік жауапкершілікпен қарауы.. Отбасы педагогика сы     Бастауыш мектептегі математиканы оќыту теориясы мен әдістемесі    
  ақпараттық технологияны меңгеру қабілеті, ақпараттың барлық түрімен жұмыс істеуі, ақпаратты өздігінен іздеп тауып, талдау, керекті мәліметті алу, ұйымдастыру, қайта құру, сақтау және оны бере білу қабілеттілігі.   Әлеумет тік педагогика   Әдебиеттік оқу  
Кәсіби құзыреттілік     +
  Арнайы құзыреттілік   +  
  Коммуникативтік құзыреттілік +    
  Ақпараттық құзыреттілік +    
  Зияткерлік құзыреттілігі      
  Әлеуметтік      
  Дара құзыреттігігі      
  Бейіндік құзыреттілігі      

Практика мазмұны

Практиканың мақсат міндеттері:

§ теориялық білімді практикада қолдана білуге үйрету;

§ сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып, жоспарлай білуді меңгерту;

§ үзартылған күн тобындағы тәрбие жұмыстары, жеке оқушымен жұ-мыс жүргізу іскерліктерін қалыптастыру;

§ бастауыш сынып мұғалімі және үзартылған күн тобы тәрбиешілері жұмысының сипаты, мазмұны туралы түсінік қалыптастыру;

§ сыныптардың ерекшеліктеріне сәйкес сабақтан тыс тәрбие жұмыстарының формаларын меңгерту.

Тәрбие жұмысының технологиясы практикасы барысында студенттер төмендегі іс-әрекет түрлерін жүзеге асырады:

· мектептегі тәрбие жұмысының негізгі бағыттарымен, ұзартылған күн топтарының жұмысымен танысады;

· мұғалімдердің, ұзартылған күн топтары, үйірме және секция жетекшілерінің жұмысын бақылайды, талдайды;

· тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістері, құралдары мен формаларын тиімді қолдануды үйренеді;

· әр жастағы балалардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін зерттейді (педагогикалық тұрғыдан);

· мұғалімдерге сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға көмектеседі;

· тәрбие шараларын өз бетінше жоспарлап, жүргізеді;

· жалпы мектепішілік шараларды өткізуге ат салысады.

Студенттер практика кезінде төмендегідей білім, іскерлік дағдыға ие болуы қажет:

§ ұзартылған күн тобында, сыныпта өткізілетін тәрбие жұмыстарын жоспарлау, бақылау, талдау;

§ оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты тәрбие жұмыстарының мақсатын анықтап, міндет қоя білу;

§ қойылған міндетті орындауға балалар ұжымын жұмылдыра және ұйымдастыра білу;

§ жеке оқушыны және сынып ұжымын зерттей білу;

§ жеке және ұжымдық тәрбие шараларын өткізе білу.

Наши рекомендации