Білім алушылардың кәсіптік даярлық деңгейіне қойылатын талаптар

16. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды даярлау деңгейіне қойылатын талаптар оқытуды аяқтау бойынша қызмет көрсету және басқару еңбегінің кіші мамандарының біліктілігін беру мүмкіндігін көздейді.
17. Базалық құзыретке қойылатын талаптар қазіргі қоғамда кәсіби ұтқырлықты, бәсекеге қабілеттілікті және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін әмбебап білім, шеберлік пен дағды, қасиеттер мен қабілеттіліктер ретінде мазмұндалады.
18. Кәсіптік құзыреттілікке қойылатын талаптар маманның кәсіптік қызметін жеке орындауға, өз еңбегінің нәтижелерін бағалауға, қызметінің негізгі міндеттерін шешуге, сондай-ақ білімнің, шеберліктің, дағдының белгілі бір көлемін меңгеруге деген даярлығы ретінде мазмұндалады.

Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартына
1-қосымша

Орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделі

Р/с № Циклдердің, пәндер мен оқу жұмыстарының атауы Жалпы орта білім базасында Техникалық және кәсіптік білім базасында*
1 ж. 6 а. 1 ж. 10а. 10 а.
Жалпы гуманитарлық пәндер + + +
………………………
Әлеуметтік экономикалық пәндер + + +
………………………
Жалпы кәсіптік пәндер + + +
………………………
Арнайы пәндер + + +
………………………
Білім беру ұйымдары анықтайтын пәндер + + +
Кәсіптік практика Міндетті оқытудың жалпы оқу сағатының көлемінен кемінде 40% болуы керек**
Аралық аттестаттау + + +
Қорытынды аттестаттау:
8.1 Білім беру ұйымында оқытудың толық курсының қорытындысы бойынша қорытынды аттестаттау 2 аптадан артық болмауы керек
8.2 Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру Кемінде 12 сағат болуы керек
Барлығы міндетті оқуға
Консультациялар Оқу жылында 100 сағаттан артық болмауы керек
Факультативтік сабақтар Теориялық оқыту кезеңінде аптасына 4 сағаттан артық болмауы керек
Барлығы

Ескертпе:
* оқу мерзімі білім деңгейіне және оқу бейініне байланысты белгіленеді.
** оның ішінде жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-тәжірибелік сабақтар, курстық және дипломдық жобалар.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен
бекітілген

Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

Жалпы ережелер

1. Осы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының негізінде әзірленді, білім беру мазмұнына, студенттердің білім траекториясына, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, олардың құрылымына және студенттердің даярлық деңгейін бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.
Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) жоғары арнаулы білім – кемінде 4 жыл нормативті оқу мерзімімен міндетті түрде теориялық оқудың кемінде 161 кредитін және кәсіби практиканың кемінде 6 кредитін меңгертіп, тиісті мамандық бойынша біліктілікті бере отырып мамандар даярлауға бағытталған жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы;
2) бакалавриат – кемінде 4 жыл нормативті оқу мерзімімен міндетті түрде теориялық оқудың кемінде 129 кредитін және кәсіби практиканың кемінде 6 кредитін меңгертіп, тиісті мамандық бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін бере отырып мамандар даярлауға бағытталған жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы;
3) дескрипторлар (descriptors) – студенттердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламаларын аяқтаған соң ие болатын білім, білік, дағды және құзыретінің деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы; дескрипторлар оқыту нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ кредиттерінің жалпы санына (сынақ бірліктеріне) негізделеді;
4) дипломдық жұмыс (жоба) – тиісті саланың нақты мамандығының өзекті проблемасын студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы;
5) жеке оқу жоспары (ЖОЖ) – үлгілік оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен студенттің әр оқу жылына арнап өзі құрастыратын оқу жоспары;
6) элективті пәндер каталогы (ЭПК) – зерттеу мақсатын, қысқаша мазмұнын (негізгі бөлімдер) және зерттеуден күтілетін нәтижелерді (студенттердің алатын білімі, шеберлігі, дағдысы мен құзыреттерін) көрсете отырып, пәннің қысқаша сипаттамасы берілетін таңдау компоненттері бойынша барлық пәндердің жүйеленген аннотацияланған тізбесі;
7) таңдау компоненті – жоғары оқу орны ұсынатын, пререквизиттері мен постреквизиттерін есепке ала отырып кез келген академиялық кезеңде студенттердің өздері таңдай алатын оқу пәндерінің және тиісті кредиттердің (немесе академиялық сағаттардың) ең аз көлемінің тізбесі;
8) құзыреттер – студенттердің оқыту процесі кезінде алған білім, шеберлік және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті;
9) міндетті компонент – үлгілік оқу жоспарында белгіленген және білім беру бағдарламасы бойынша студенттер міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің және тиісті кредиттердің ең аз көлемінің тізбесі;
10) оқу жұмыс жоспары (ОЖЖ) – мамандық бойынша әзірленетін үлгілік оқу жоспары мен студенттердің жеке оқу жоспарлары негізінде білім беру ұйымы дербес әзірлейтін оқу құжаты;
11) үлгілік оқу бағдарламасы (ҮОБ) – оқу мазмұнын, көлемін, ұсынылатын әдебиетті анықтайтын және білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін мамандықтың үлгілік оқу жоспарының міндетті компоненттегі пәннің оқу құжаты;
12) үлгілік оқу жоспары (ҮОЖ) – Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші мен осы стандарт негізінде әзірленетін, міндетті компонент пәндерінің тізбесі мен кредиттердің ең аз көлемін және практиканың, қорытынды аттестаттаудың барлық түрлерін көрсете отырып, пәндер циклі бойынша білім беру бағдарламасының құрылымы мен көлемін регламенттейтін, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін оқу құжаты.
2. Жоғары білім беру бағдарламаларын ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, бакалавриаттың тиісті мамандықтары және жоғары арнаулы білім бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиясы бар жоғары оқу орындары іске асырады.
3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары жоғары білімді мамандар (бакалаврлар мен дипломды мамандар) даярлауды:
1) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне;
2) осы стандартқа және жоғары білім мамандықтарының үлгілік оқу жоспарларына;
3) академиялық күнтізбеге;
4) студенттердің жеке оқу жоспарларына;
5) мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларына;
6) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.
4. Жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға «бакалавр» академиялық дәрежесі немесе біліктілік беріледі.
5. Осы стандартты қолдану мынадай мақсаттарға жетуді көздейді:
1) студенттердің дайындық деңгейіне және жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын міндетті талаптардың негізінде жоғары білім сапасын арттыру;
2) білім беру қызметінің барлық субъектілерінің құқықтарын реттеу;
3) студенттерді оқыту деңгейін және білім беру бағдарламаларының сапасын бағалаудың объективтілігі мен ақпараттылығын арттыру;
4) студенттердің академиялық оралымдылығы үшін жағдай жасау;
5) Қазақстанның бірыңғай білім беру кеңістігінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының халықаралық білім кеңістігіне тең дәрежеде қатысуы үшін жоғары білім туралы құжаттардың конвертациялануын қамтамасыз ету.
6. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін жоғары оқу орындары заңнамаға сәйкес оқытудың түрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен бақылаудың нысандарын, әдістерін таңдай алады.
7. Жоғары білім мамандықтарының үлгілік оқу жоспарлары осы стандарттың ережелеріне сәйкес келуі және білім беру бағдарламаларының құрылымына, мазмұны мен көлеміне, оқытудың нормативті мерзімі мен студенттерді даярлау деңгейіне қойылатын талаптардың жиынтығын анықтауы тиіс.
8. Жоғары оқу орны мамандықтарының тізбесі бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне сәйкес болуы тиіс.
9. Жоғары білім мамандықтары шеңберінде жоғары оқу орындары Ұлттық біліктілік шеңберіне, кәсіптік стандарттарға сәйкес және Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шеңберімен келісілген білім беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді.
10. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің әрбір деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттің алған білімінің, шеберлігінің, дағдысы мен құзыретінің деңгейі мен көлемін сипаттайтын Дублин дескрипторлары оқу нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ ЕСТS кредит (сынақ) бірліктерінің жалпы санына негізделеді.

Наши рекомендации