Стеудің мағыналық түрлерінің кестесі

ҮСТЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ СҰРАҚТАРЫ МЫСАЛДАРЫ
1.Мезгіл үстеуі Қашан? Қашаннан? Қашаннан бері? Бүгін, былтыр, биыл, таңертең, бүрсігүні, қыстан бері, ала жаздай, күні-түні, ендігәрі, күндіз, бағана, таң сәріге дейін, енді, қазір, әлгінде, ежелден, кеше.
2.Мекен үстеуі Қайда? Қайдан? Қалай қарай? Кейін, алдыға, артқа, әрі-бері, ілгері-кейін, әрмен қарай, тысқары, төменнен, жоғары-төмен, алдыдан.
3.Сын-қимыл (бейне) үстеуі Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше? Тез, жылдам, бетпе-бет, ақырын, бірден, әрең-әрең, жиі-жиі, бірте-бірте, бұрынғыдай, бұлбұлша, арыстандай, келе сала, емін-еркін, лезде, осылай.
4.Мөлшер үстеуі Қанша? Қаншама? Қаншалық? Қыруар, біршама, әжептәуір, неғұрлым, мұншама, соншалық, әжептәуір, мұнша, сонша, бірталай, көп.
5.Күшейткіш үстеуі Қалай? Қандай? Тым, өте, ең, тіпті, әбден, мүлдем, нағыз, керемет, аса, өңкей, кілең, орасан, ылғи, сәл, нақ, ерен, дәл.
6.Мақсат үстеуі Қалай? Не мақсатпен? Қасақана, әдейі, жорта, әдейілеп.
7.Себеп-салдар үстеуі Не себепті? Неге? Құр босқа, текке, амалсыздан, шарасыздан, лажсыздан, босқа, бекерден-бекер, бекер, босқа.

Сөздердің бірігуінен жасалған күрделі үстеулер бірге жазылады. Мысалы: бұл жыл– биыл,бұл күн– бүгін,жаздың күні – жаздыгүні,ендігіден әрі ендігәрі, қыстың күні– қыстыгүні ,күздің күні– күздігүні;

Сөздердің қосарлануынан, қайталануынан жасалған күрделіүстеулердефис (-)арқылы жазылады. Мысалы:анда-санда, бетпе-бет, арлы-берлі, жиі-жиі, ертелі-кеш, күні-түні, жоғары-төмен, т. б.

Тіркесу арқылы жасалған күрделі үстеулербөлекжазылады.Мысалы:қыс бойы, таң сәріде, келе сала, төмен қарай, жоғары жаққа.

Үстеудің сөйлемдегі негізгі қызметі – пысықтауыш. Шыңғыстың сырты тез (қалай?) жылынбағандықтан,ерте (қашан?) көктемейтін.Ережені жаттамайынша (қайтпейінше?), тапсырманы орындай алмайсың..

Үстеу атау септігінде тұрып бастауышқызметінде жұмсалады. Еріншектің ертеңі(несі?)бітпес. Күшейткіш үстеулер сапалық сын есіммен тіркесіп келіп, күрделі анықтауышқызметін атқарады. Бәйгеге өңшең жүйрік, кілең сәйгүлік(қандай?) аттар қосылды.

Еліктеу сөздер, түрлері, емлесі

Еліктеу сөздер –айналадағы, табиғаттағы түрлі дыбыстарға, құбылыстарға, қимыл-әрекеттерге және солардың бейнелеріне еліктеуден туған сөздер. Мысалы: жалт-жұлт етеді, сарт ете түсті, арбаң-арбаң етіп, күлмің-күлмің етті, шіңк-шіңк етті.Еліктеу сөздер мағынасы жағынан екігебөлінеді: еліктеуіштер, бейнелеуіштер.

Еліктеуіш сөздер – табиғаттағы, төңіректегі түрлі дыбыстарға еліктеу арқылы жасалған сөздер. Еліктеуіш сөздер көбінесе еткөмекші етістігімен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: сарт-сұртетеқалды,гүрсететүсті,жымың-жымыңетеді,жарқетеқалды, т. б.

Бейнелеуіш сөздер –табиғаттағы заттардың әр алуан күйін көру арқылы сипаттау, бейнелеунәтижесінде жасалатын сөздер. Мысалы: жалт қарады, маң-маң басады, желп-желп етеді, жарқ-жарқ етті.

Еліктеу сөздер құрамына қарай негізгі, туынды, күрделітүбір болып бөлінеді.

Негізгі еліктеусөздерге түбір сөздер жатады: дүңк, тырс, дік, жылт, шаңқ, қарқ, дүрс, арс, шарт, пыр, шиқ, жалп, жарқ, шіңк, бүлк, тарс, қиқ, т.б.

Туынды еліктеусөздер -аң, -ең, -ың, -ің, -ңжұрнақтары арқылы жасалады: балп-аң, елп-ең, жылт-ың, кілт-ің, жайна-ң, қиқ-аң, т. б.

3. Күрделі еліктеусөздерқайталану: бүрсең-бүрсең, дүр-дүр, гүрс-гүрс, жалп-жалп, т. б.

қосарлану: арбаң-ербең, адыраң-едірең, шап-шұп арқылы жасалады.

Еліктеусөздерденжұрнақарқылы басқа сөз таптары жасалады:

1.Еліктеу сөздензат есімжасайтын жұрнақтар:

-ыл, -іл, -л – тарс-ыл, сарт-ыл, дүрс-іл, күңк-іл, бүлк-іл, арс-ыл., т.б.

Ақ, -ек – бұлт-ақ, бүлк-ек, т.б.

Ыр, -гір – даң-ғыр, дүң-гір, т.б.

2.Еліктеу сөзденетістікжасайтын жұрнақтар:

Ыра, -іре – салб-ыра, үлб-іре, т.б.

Ла, ле – дабыр-ла, күбір-ле, т.б.

Да, -де – қоқаң-да, ербең-де, т.б.

Еліктеу сөздер көбінесе көмекші етістікпен, кейде негізгі етістікпен тіркесіп жұмсалады. Еліктеу сөздер көмекші етістікпен тіркескенде,күрделі баяндауышқызметін атқарады. Мысалы: Аспанда самсаған жұлдыздар дір-дір етеді. Кенет артына жалт қарады. Дір-дір етеді, жалт қарады –қайтті?– баяндауыш.

Еліктеу сөздер түрленіп келіп, басқа сөйлем мүшелерінің де қызметін атқарады. Мысалы: Жарқ-жұрқтанкөзің талып, даң-дұңнанқұлақ тұнады. Жарқ-жұрқтан, даң-дұңнан–неден?– толықтауыш.

Тарс-тұрс еткен дыбысқа барлығы елеңдей қалды. Тарс-тұрс еткен –қандай? – анықтауыш. Жүгірген бойы өзенге күмп беріп қойып кетті. Сәби томп-томпжүгіріп жүр. Томп-томп, күмп беріп –қалай? – пысықтауыш.

Осарлануданжәнеқайталануданжасалғанеліктеусөздердефисарқылыжазылады.Мысалы,қарш-қарш, сарт-сарт, опыр-топыр, делең-делең, бүрсең-бүрсең, қалт-құлт, қорбаң-қорбаң, т. б.

Наши рекомендации