Лабороториялық жұмыстар әдісі.

Тәжірибеде дәлелденгендей, лабороториялық жұмыстар оқыту әдісіне қойылатын талаптарды қанағаттандыра алады. Оқушы жұмыстың бұл тәсілі арқылы айнала өмір шыңдығын және айналадағы құблыстарды, олардың арасындағы өзара байланысты, көпшілік жағдайда, олардың арасындағы ішкі тартысты, байланысты, ұқсастықты түсінеді және бұл әдіс онымен жұмыс істеуге үйретеді.

Лабараториялық жұмыстың әртүрлігі, оның психологиялық өзіндік ерекшелігі, оқу-танымдық әсері болуы ешбір талас туғызбайды. Кейбір жағдайларды байқау әдісінің өзі оқушылардың өз бетінше қорытынды жасауына, ой қорытуына, тіпті нақтылы ойлау прцесін түсінуге кедергі келтіреді. Лабараториялық жұмыс көбінесе нақтылы ой операциясының компоненттері ретінде қызмет атқарады. Байқау айналада болып жатқан құбылыстың нақты бір белгілерін анықтауға көмектеседі. Ал, эксперимент сол құбылыстың ішкі байланысын, оның сыртқы әсерді қабылдауын, онымен арақатынасын оқушыларға ашып береді. Эксперимент оқушыны нақты ойлауға үйретеді. Бұл әдістің тән бір ерекшелігі қимылды актілі болуы, бұл акті таным құралының қызметін атқарады.

Лабораториялық жұмыс барысында оқушылар тек басымен ойлап қана қоймай тікелей қолымен де жұмыс істейді. Демек, лабораториялық әдіс тек оқыту процесіне ғана емес, тәрбие жұмысында да ойдағыдай нәтиже береді. Ең бастысы, ол танымдық сапаны арттыру құралының қызметін атқарады. Сонымен бірге, ақыл-ой, дене тәрбиесі танымдық әсер береді, сыртқы қабылдауды күшейтеді. Дұрыс ұйымдастырылған лабораториялық жұмыстар оқушыларды өз бетінше топшылауға, өзінше дұрыс қорытындылауға баулиды. Лабораториялық жұмыстың тағы бір ерекшелігі оқушылар тек тыңдап қоймай, өздерін «тыңдатады» және олар бақылу жүргізуге үйренеді, ой қорытындысын жасай алады. Оқушылар жұмыстың немесе сабақтың техникалық мазмұнын түсінеді. Техникалық құралдармен жұмыс істеу тәсілін анықтайды.

Лабораториялық жұмыстың білім берерлік әдет пен дағдыға үйретерлік ауқымы үлкен. Ол орындалатын істің немесе өтілетін сабақтың мақсаты мен міндетін, құралын, бақылау жасау жолдарын тек жан-жақты түсіндіріп қоюмен бітпейді. Әдістің ең басты ерекшелігі ол техникамен жұмыс істеуге дағдыландырады, оқудың мамандандыруға көмегін арттырады және оқушыларды аналитикалық-синтез принциптерімен жұмыс тәсіліне баулиды.

Гіме әдісі.

Оқыту процесінде әңгіме әртүрлі әдістерді қолданған кезде тек тәсіл ретінде ғана қолданылмайды. Әңгіме әдісі педагогикалық процестің көптеген салаларынан орын алады. Оқыту әдістері жүйесінде жеке әдіс түрінде қолданылады. Әңгіме кезінде мұғалімнің сөзімен бірге, оқушының да сөйлеуі пікірлесуі жиі пайдаланылады. Мұғалімнің сөзі көп ретте сұрақ түрінде беріледі және түсіндірумен толықтырылады. Ал, оқушылардың сөзі көбнесе жауап түрінде болады. Мұғалім жүйелі сұрақтар қою арқылы тиісті түсініктер қорын ашады және пікір таласын туғызады. Содан кейін оқушылардың сұрағын пайдалана отырып, мұғалім бұрынғы белгілі құбылыстар мен ережелердің арасындағы жаңа байланыстарға оқушылардың ойын бұрады және соған бағыттайды.

Психологиялық күйдің өзіндік ерекшелігі бұл әдісті пайдаланғанда айқындала түседі. Әңгіме-ойлау мектебі, еске түсіру және ойлау процесіндегі жаттығу болып табылады әңгіме кезінде ойлау актісі сөз түріндегі қозу туғызады, демек сұрақ және түзету арқылы мұғалімнің шеберлігі арта түсетін болады. Әңгіменің басқа әдістерден айырмашылығы ол оқушылардың бірлесіп немесе тоқталып ойлау қабілеттіліктерін туғызады. Бұл әдістің көп тірлігін әңгіменің психологиялық келбетін және әдістің жоғары бағалығын көрсетеді.

Әңгіме, барлық әдістер секілді, негізгі тәсілдер тізбегін құрайды. Бұл әдісті шеберлікпен пайдалану, әдісті қолданғанда мұғалімнің қиындыққа соқпай өтіп кетуіне жәрдемдеседі. Әңгімені қолданғандағы негізгі тәсіл–оқушылардың бойындағы білімдердің есептелуі. Бұл әңгімені қолданудағы «шикі зат» ретіндегі материал болып табылады. Әдетте мұғалім әңгімені қолданғанда алдын-ала сұрақ-жауап өткізеді. Соның ізінше материал оқушылардың есінде сақталып тұрған сәтте әңгіме әдісін қолдану қажет. Әр түрлі әдістерді пайдаланып, бірден оқушыларға жаңа материалдарды түсіндіретін жағдайларда кездеседі. Мұғалімнің шеберлігіне байланысты әңгіме әдісін түрлендіре түсуге болады.

Мысалы, мұғалімнің баяндауы, кітап тексін оқу, байқау әдістерін пайдалану, осыдан кейін әңгіме әдісіне көшу. Ол материалды толық түсінуге жағдай жасады. Әңгіме барысында оқушылардың логикалық ойлауы дамиды.

Мектеп тәжірибесінде мұғалім әңгіменің кіріспе әңгіме, қорытынды әңгіме, қайталау әңгіме, пікірлесу әңгіме сияқты түрлерін оқу материалының ерекшелігіне сай, сабақтың мақсатына сай қолданады.

Наши рекомендации