Электронды үкімет бағдарламасының мақсаты мен міндеті.

Мақсаты

Азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсетулерге жылдам әрі сапалы қолжетімділігін қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану жолымен мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігін арттыру

Міндеттері

Мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық қоғам жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік беретін нормативтік құқықтық және әдіснамалық база құру;

мемлекеттік органдардың электрондық қызмет көрсетулерін қалыптастыру және дамыту;

«электрондық үкіметтің» қызмет көрсетулеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық теңсіздікті жою және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білім деңгейін көтеру жөнінде жұмыстар ұйымдастыру;

е-үкімет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөліктерін қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оңтайландыру;

«электрондық үкіметтің» ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 маусымдағы отырысында № 9 хаттамамен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы “электрондық үкімет” тұжырымдамасының ережелері ескеріле отырып әзірленді.

Осы Бағдарламаның негізіне «электрондық үкімет» арқылы - прогрессивті ақпаратты Қазақстанға» қол жеткізу идеясы алынды.

Қазақстанда «электрондық үкіметті» қолданысқа енгізу мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдарға ұсынатын қызмет көрсетулер сапасын жақсартуға және мерзімін қысқартуға, мемлекеттік органдар қызметінің ақпараттық базасына қолжетімділікті қамтамасыз етуге, болашақта әкімшілік жүйені жетілдіруді ескере отырып, құрамы жағынан тиімді әрі оңтайлы мемлекеттік аппарат құруға бағытталған.

«Электрондық үкімет» құрудың басты басымдықтары Интернет-байланысқа қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білім деңгейін көтеру, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесіне жаңғырту жүргізу болып табылады.

Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуді қалыптастыру кезінде әкімшілік процестерге технологиялық қайта жабдықтау жүргізу көзделетін болғандықтан, “электрондық үкімет” құру сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесін ұдайы жетілдіріп отыруға мүмкіндік береді.

Әлемдік тәжірибені талдауды ескере отырып, Қазақстанда «электрондық үкімет» құрудың ұзақ мерзімді болашағы бар және ол үш кезеңде іске асырылатын болады.

8.Компьютерлік вирустар келесі белгілерге сәйкес классификацияланады:

1) Тіршілік ортасы;

2) Тіршілік ортасын зақымдау тәсілі;

3) Активтеу тәсілі;

4) Көрсету тәсілі;

5) Маскировка тәсілі.

1. Тіршілік ортасын зақымдау тәсілдері:

1) Файлға өз көшірмесін жазады (вирус денесі);

2) Осы көшірмеге файлдың бастапқы түпнұсқасын сақтайды;

3) Файлдың түпнұсқалы басын вирус денесін басқаруға берілетін командаға ауыстырады.

Инфицирленген программаны жүктеу кезінде алдымен вирус денесінің орындалуы иницияланады, нәтижесінде:

1) Программаның түпнұсқалы басы қалпына келеді (бірақ файлда емес, жадыда!);

2) Кезекті құрбан ізделінеді және зақымдалуы мүмкін;

3) Рұқсатсыз қолданушылар әрекеті іске асырылуы мүмкін;

4) Басқаруды вирустасушы-программаның басына беру іске асырылады, нәтижесінде ол қарапайым тәсілмен орындалады.

Вирустарды активтеу тәсілдері

Активтеу тәсілінен тәуелді бөлінеді:

§ Резидентті емес вирустар;

§ Резидентті вирустар.

Резидентті емес вирус бұзылған программа қосылғанда жұмыс атқарады. Вирус – программасы программа жұмыс істеп отырған уақытта қауіпті.

Егер программа өшсе вируста жұмысын аяқтайды. Резидентті вирустар бұданда қауіпті мұндай вирустар бұзылған программа қосылғанда іске асады бірақ бұл вирус компьютер жадысында өзінің резиденттік бөлігін қалдырады. Компьютер жадысында қалған вирус операциялық жүйенің және басқа программалардың ішіне енеді. Резиденттік вирустар жедел жадыда жүйе тоқтағанғашейін жұмыс атқарады.

Операциялық жүйенің стандартты құрылғылары немесе BIOS құрылғыларын қолдана отырып бұл вирустар әртүрлі орындалатын файлдардың және жедел жадының ішіне еніп алады.

Вирустардың деструктивті әрекеттері

Вирустардың пайда болуы (деструктивті әрекеттермен):

1) ДЭЕМ-ның жұмысына әсер ету;

2) Программалық файлдардың бұзылуы;

3) Мәліметтері бар файлдардың бұзылуы;

4) Дискі немес оның бөлігін форматтау;

5) Дискідегі немесе оның бөлігіндегі ақпаратты ауыстыру;

6) BR немесе MBR дискінің бұзылуы;

7) FAT бұзылу жолымен файлдар байланысының бүлінуі;

8) CMOS-жадыдағы мәліметтердің бұзылуы.

Бірінші топты вирусты «иллюзионистер» деп, ал барлық қалған топты вирустарды «вандалдар» деп атайды.

Вирусты маскировкалау тәсілдері

Маскировкалау тәсілдеріне сәйкес бөлінеді:

Маскировкаланбайтын вирустар;

Өзіндік шифрленетін вирустар;

Стелс-вирустар.

Соңғы екі топ антивирустық құралдардың пайда болуына байланысты дами бастады.

Стелс-вирустармен қолданылатын маскировкалау әдісі кешенді сипаттан тұрады және екі категорияға бөлінуі мүмкін:

1) Вирустасымалдаушы-программада вирустың болуын маскировкалау;

2) ОЖСҚ (ОЗУ)-да резидентті вирустың болуын маскировкалау.

Наши рекомендации