Педагог пен тәрбиелуші арасындағы кәсіби қарым қатынас.
Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынасты күнделікті тәлім-тәрбиенің нақтылы фактілерінен алынып, оларды салыстыра отырып, өзара топтастырып көрсетілді. Осындай аталған ұнамды, ұнамсыз деген сапалар менг ерекшеліктер шәкірттер тарапынан көрсетілген өз пікірлері. Солай дегенмен де бұл қасиеттердің бәрі оқу-тәрбие ісінде жиі кездесіп отырады. Мұндай жәйттердің бәрі шәкірттердің жүрегін жарып шыққан пікірлері мен жанашырлық ниетімен айтылған олардың жан дүниесін тебіренткен мәселелер екенін әрбір ұстаз, тәлім-тәрбиеші ақыл-ойға салып, өз қабырғасымен кеңесіп, таразылап көруі қажет.
Мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі барлық іс-әрекеттерін оқушылардың ой-пікірлері бойынша қалайша бағаланатынын анықтау ниетімен ұнамды және ұнамсыз жақтары деп екі жікке бөлінді. Осы сапалар мен ерекшеліктерден мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі даралық қасиеттері мен мамандық біліктілігіне қойылатын талаптар айқындала түсер деген жорамал жасалды. Соның нәтижесінде шәкірттер тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар мен тілектердің мән-жайын қарастырып мынадай төрт топқа бөліп іздестірілді де, олардан тиісті қорытындылар жасалды.
Ұстаздар мен шәкірттер арасындағы өзара қарым – қатынастың дамуына, яғни ұстаздың қарым – қатынас жасау деңгейі, педагогикалық топтың және сыныптың даму деңгейі әсер етеді.
Қарым – қатынас жасау барысында шәкірттер өздерінің мұғалімге деген қатынастарын көрсетеді. Ұстаздар мен шәкірттер арасындағы қарым – қатынас әрдайым келісімді, өзара түсініскен, шынайы қатынас бола бермейді. Қатынастардың әрқашанда жақсы бола бермеуі ұстазға да шәкіртке де байланысты.
Ұстаз бен шәкірттердің қарым – қатынас функциясы әртүрлі. Сондай функциялардың классификациясының негізгі біреуі Ломовтың «Индивидтің мінез –құлқындағы әлеуметтік регуляция және қарым – қатынас» атты еңбегінде, ол осы функцияның негізгі класын бөліп шығарды. (коммуникативті – ақпаратталған).
Тағы да ол қарым – қатынастың бірлескен әрекет ұйымдастырушы ретінде, адамдардың бір – бірін тануы, және тұлғааралық қарым – қатынастың дамуы мен қалыптасуы деген түрлерін бөліп шығарады. Б.Ф.Ломов – қарым – қатынас жоғарғы динамикалықпен және функционалдылықпен сипатталатын көп өлшемді процесс ретінде зерттелінуі тиіс деген қорытындыға келеді. Ұстаз бен шәкірт арасындағы өзара түсіністік бірден қалыптаспайды.
Қарым – қатынас біздің өмірімізде және қоғамдағы іә — әрекетте үлкен ролге ие. В.Н.Панаферовтың айтуы бойынша кез келген адамдық әрекеттер қарым – қатынастан тыс болмақ.
Кеңестік психологтар қарым – қатынастар әс — әрекеттің айрықша түрі ретінде қарастырады. Педагогикалық іс — әрекетте қарым – қатынас – ұстаздар мен шәкірттер арасындағы өзара байланыстың және өзара әсердің әртүрлі түрлері және формалары. Кеңестік психологияда қарым – қатынасты, бір жағынан іс — әрекеттің бір түрі, екіншіден, іс — әрекеттің өзіндік көрінісі деген ұғым басым. Қарым – қатынастың іс — әрекетпен байланыстылығы топ мүшелерінің бір – бірімен «үйлесу» немесе «үйлеспеуіне» байланысты делінетін қарым – қатынастың құрылымы өте күрделі. Бұлар бір – бірімен тығыз байланысты үш жақтан (коммуникативтік, интерактивтік, перцептивтік) тұрады. Көптеген факторлардың ішінде оқу және оқудан тыс кездердегі ұстаздар мен шәкірттерарасындағы қалыптасқан – қатынас айрықша шешуші фактордың бірі болып саналады. Осы қарым – қатынас мәселері жөнінде тікелей және жанама қамтыған В.М.Афоньков, А.А.Бодалев, Н.В.Кузьмин, А.А.Леонтьев, Р.Н.Мальковская, Н.Т.Полехин тағы басқалардың зерттеулерінде өзара қатынастың шешуші роль атқаратындығы жөнінде баса көрсетіледі.
Жеке бастың қарым – қатынастары барысында жс өскін қоғамның әлеуметтік байланыстар жүйесіне араласады. Осы жүйе барысында қарым – қатынас тәжірибесі қалыптасады, адамдардың өзара қатынасы хақындағы ережелері мен әдептерін, адамгершілік қасиеттердің даму комплексін таниды. Мұның бәрі оның жақсы қырларының, мұғалімдермен достық, пейілділік қатынастарыныңнығаюына, оқу үлгерімі мен тәлім алу сапасына жан – жақты өзгеріс жасайды.
Л.Я.Коломинский қарым – қатынас туралы: «Бұл процесс барысында жүзеге асып жалғасатын, қалыптасатын хабарламалық және заттық өзара әсер» деп анықтама берді.
Осы кезде тәлім – тәрбие ісіндеі шәкірттермен қарым – қатынас жасауда мұғалімнің өзіндік сапа ерекшеліктерімен қатар, оның өзге адамдармен әсіресе, шәкірттердің даралық ерекшеліктерімен санасып отыру қажеттігіне баса мән береді. Осындай талапты анықтап, оны жүзеге асыру жолында ұстаздың бойында өзіндік сапа, ұстаздық қасиет және арнайы білім болу керек деген міндет қойылады. Шәкірттер өз ұстаздарының бойынан көңілдеріне қонымды талап – тілектеріне лайықты, ұнамды қасиеттерді көргісі келеді. Осы орайда ұстаздың бойындағы сапалар мен қасиеттердің қаншалықты ықпалды болатындығын белгілі жүйеге келтіріп, іздестіру оларды күнделікті тәлім – тәрбие істерінің тәжірибесіне ендіріп отырудың маңызды екендігіне айрықша көңіл бөлу керек болады. Адамның дамып, жетілуіндегі ерекшеліктерге байланысты, ұстаздар шәкірттерге ілтипатпен көңіл аударып, сеніммен қарау керек. Егер де ұстаздар шәкірттерге әлі де бала ретінде қарайтын болса, онда олар мұндай талаптарға қарсы шығып, өздерінің қарсылығы мен наразылығын сөйлеген сөздерімен, істеген істерімен, мінез – қылықтары арқылы білдіреді.
Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін ұстаз барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек балалар, яғни жоғарғы сынып оқушылары, студенттер ұстаздың әрбір қимыл – қозғалысын, іс — әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл – кеңесіне өзге адамдар мен қарым – қатынасына, шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды.