Мектепке дейінгі балаларды Отанын сүюге тәрбиелеу
Топ туралы ұғым және оларды топтастырудың негізгі жолдары
Топ - мүшеліктін ресми немесе бейресми критерийлерімен шектелген индивидтердің (адамдар немесе заттардың) ұжымы немесе көпшілігі. Әлеуметтік топ оның мүшелері өзара рөлдер мен әрекеттерді қамтитын әлеуметтік интеракцияға қосылған кезде пайда болады. Мүшелік тұрғысынан әлеуметтік топтар салыстырмалы ашық және қозғалмалы (достар тобы) немесе жабық және қозғалыссыз (масондық ұйымдар) болуы мүмкін.
Ықтық тәрбиенің формалары мен әдістері
Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана өоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.
Құқықтың тәрбиені заман талаптарына сай жүргізу үшін ең алдымен сынып жетекшілерінің және мектептердің озат тәжірибесін терең зерттеп, нәтижесін оқу және тәрбие жұмыстарында ұтымды, жинақты етіп пайдаланып, оңтайлы формалар, әдістер мен тәсілдерді іздестіру қажет.
Құқықтық лекториялар. Мектептерде жоғары сыныптар оқушылары үшін ұйымдастырылады. Лекторийлердің мақсаты -жеткіншектер мен жасөспірімдерді еліміздің заңдарына және халқына құрмет сезімін тәрбиелеу, құқықтық біліммен қаруландыру, оны насихаттау.
Лекториялардың жоспары бір жылға жасалып, онда лекциялар тақырыптары көрсетіледі.
Кинолекториялар - әр түрлі жастағы балалар үшін ұйымдастырылады. Оқушыларға жас ерекшеліктеріне байланысты түрлі көркемдік, хроникалық-құжаттық, ғылыми фильмдер, кино-фильмдер көрсетуге болады.
Жасөспірімдердің заң тану мектептері. Мұндай мектептерді жастар сарайы, жалпы білім беретін орта мектептердің жанынан ұйымдастыруға болады. Негізгі мақсат - жас түлектерді құқық және еңбек, азаматтық және заңдары жайлы біліммен қаруландыру. Мектептердегі құқықтық тәрбиенің басқа формалары: құқмқтық білім факультативтері, дәріс, баяндама, әңгіме, пікір-талас, олимпиада, кештер, сайыстар, т.б.
Тәрбиенің жалпы әдістері негізінде құқықтың тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:
Сөздік ақпараттық әдістері: дәріс, әңгіме, әңгімелесу, өнеге, түсіндіру, дәлелдеу, насихаттау, бекерге шығару.
Бұл әдістің тиімділігі нақты материалды оқушыларға түсінікті тілде мазмұндай білуге байланысты.
Ұқтыру, машықтандыру әдістері: үйрету, тапсырма, жаттықтыру, талап.
Бұл әдістер оқушылардың іс-әрекеттері мотивтерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Ынталандыру және тежелуәдістері тобы: ынталандыру әдістепрі, тежелу әдістері (жазалаудық түрлері).
Сонымен топтарда көрсетілген әдістердің бірлігі жалпы тәрбие жүйесінде болымды нәтиже береді.
Мектепке дейінгі балаларды Отанын сүюге тәрбиелеу
Н. Назарбаев өзінің дәстүрлі Жолдауында: «Қазақстанның отаншылдық
сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу
орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып
табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу –
мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» - деп көрсеткен.
Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік
мүдделері болады. Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», «отансүйгіштік»,
«патриотизм», ұғымдары сол заманның ақиқаты – наным-сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы – қазақстандық патриотизм болып есептелген. «Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған Отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата-жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм – Отан – анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім мен білікті, ақыл-парасатты ел игілігіне жұмсау, атамекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кіреді. Демократиялық бағыт ұстанып отырған қоғамда, балалар мен жастардың тағдыры өздеріне, отбасының материалдық ахуалына байланысты болып отырған жағдайда патриотизмнің маңызын айқындау басты мәселелердің бірі екені даусыз.
Өсіп келе жатқан жас буындардың бойында қазақстандық патриотизм
сезімін қалыптастыру үшін: әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс. Балалардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда ана тілі пәндерінің алатын орны ерекше. Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс тұлғалары, ақын-жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең жырлары, шешендік сөздері балалардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы өте зор.