Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
Негізгі әдебиеттер
1. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. Алматы, «Ғалым», 2012 ж.
2. Т.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі. Алматы, «Мектеп», 2011 ж.
3. Концепция образования Республики Казахстан до 2015 года // Учитель Казахстана №1-2; 2004, 15 января.
4. Найзағарин Т.А. Қазақстан тарихы курсын оқыту әдістемесі. Алматы, 2014 г.
5. Сарсекеев Б. Активные тренинговые формы занятий в курсе основ государства и права Казахстана.- Алматы, 2013 г.
6. Ш.Т. Таубаева. Исследовательская культура учителя методологии. Теория и практика формирования. Алматы, 2000.
7. Жанпеисова М.М. Модульная технология обучения как средство развития ученика.- Алматы, 2002.
8. Гин А. Приемы педагогической техники.- Алматы, 2002.
9. Кусаинов А.К. Основные тенденции развития среднего образования в Республике Казахстан. Материалы международной научно-практической конференции.- Астана, 2002.
10. Концепция развития образования Республики Казахстан до 2015 г., «Казахстанская правда» от 26.12.2003.
11. Кудайбердиев Т. Образование, ориентированнгое на результат: компетентностный подход и функциональная грамотность учащихся. // Перемена.- 2003.- 15 января.
12. Ч.Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2003.
13. Қоянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М.Педагогика. Алматы, 2004.
14. Студеникин М.Т. Методика преподавания истории в школе. Москва, 2004.
Қосымша
1. Тұрсын Х. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі. Алматы, 2004. (2013 ж. қайта басылып шыққан)
2. Қазақстан Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы. 2005-2010 жж..Алматы, 2004.
3. ҚР «Білім туралы» Заңы. Астана, 2007.
4. Проект Государственной программы развития образования Казахстана 2011-2020 гг. Астана, 2010.
5. C. Мирсеитова Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде. Қарағанды, 2011
6. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық ІІ деңгей, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012.
7. Үлестірме материалдар ІІ деңгей, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ,2012.
8. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы.
9. Психолого-педагогический словарь по одаренности, МОН РК Республиканский научно-практичесий центр «ДАРЫН» Астана, 2006.
10. Ой еңбегі мәдениеті немесе оқудың 101 техникасы Құрастырушы Г.А. Рудик Қостанай,2010
Лекциялық кешен
Лекция тақырыбы. Тарихты оқыту әдістемесінің пәні мен мақсаты және ҚР мектептерде тарих пәнінен білім беруді дамытудың заманауи стратегиясы
Тарихты оқытудың мақсаттары мемлекет дамуының әр түрлі кезеңдерінде өзгеріп отырды. Кеңестік кезеңге дейінгі мектептерде тарихты оқытуда көптеген обьективтік жетістіктер болғанымен, оның мазмұнында ұлы орыстық шовинизм, ұлы державалық астамшылдық басым болды. Қазақстандағы мектептердің өзінде Қазақстан тарихына қатысты мәселелер оқытылмады. Кеңестік кезеңң тарих пәнінің мазмұнында жоғарыда аталған саяси белгілер коммунистік, таптық сипат алды. Дегенмен Қазақстан тарихы жеке пән ретінде оқу бағдарламасына енгізіліп, оқытыла бастады. Ол кезеңдегі тарих пәнінің мақсаты маркстік-лениндік дүниетанымға негізделіп, коммунистік идеяларға бағытталды.
Тарихты оқыту әдістемесі өз дамуында бірнеше кезеңнен өтті. Егер ХХ ғасырдың басында педагог кадрларды дайындауға баса назар аударылып, осы істе қазақ зиялылары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Қ.Сәтпаев, Ә.Ермеков т.б. белсенділік танытса, 1918 жылы кеңестік еңбек мектебінің негізі қаланғандығы баршаға мәлім.
Әрине, тәуелсіздік алған кезеңге дейін елімізде тарихты оқыту сағат санынан пәннің мазмұнындағы басымдықтарға дейін талай өзгерістерімен сипатталады. ХХ ғасырдың 90-шы жылдары «Білім туралы» заңға сәйкес білім беру жүйесін реформалауда тұлға дамуына басымдық беру қағидасы басшылыққа алынып, плюрализмге жол ашылды. Тарихи білім берудің қайталамау (линейный) қағидасындағы құрылым орныға бастады. Жергілікті жағдайды ескере отырып, біртіндеп бағдарлы мектеп жүйесіне көшірілді.
Бүгінгі таңда пәнді оқытуда озық тәжірибе мен жаңашыл идеяларды ұштастыру заман талабына айналған. Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, диалогтік оқыту, құзыреттілікке бағытталған білім беру, дарынды және талантты оқушылармен жеке жұмыс жасау, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау және тарих пәнін оқыта отырып оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту, пәннің тәрбиелік пәнінің жүзеге асырылуына көңіл бөлінуін қадағалау өзектілікке ие болған.
Қазіргі кезеңде тарихи білім берудің мақсаттары былай айқындалған:
- оқушылардың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі адамзаттың тарихи даму жолы туралы тарихи білімдерді игеруі;
- тарихи білім негізінде оқиғалар мен өмірлік құбылыстарды ой елегінен өткізе алу қабілетін дамыту;
- отансүйгіштік, тарихи тәжірибе,гуманизм идеялары негізінде оқушылардың рухани құндылық бағдарлары мен көзқарасын қалыптастыру;
- халықтардың тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрметін дамыту.
Қазіргі кезде тарихты оқытудың мақсаттарын айқындау одан әрі жалғасуда. Соған сәйкес мынадай міндеттерді атауға болады.
- ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, табиғаттың мәдениеттің және қоршаған ортаның байланыстарын қорғау қажеттілігін сезіне білетін отансүйгіш азамат тәрбиелеу;
Қазақстанның әлемнің білім кеңістігімен ықпалдасуы «Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту түжырымдамасы» және «Қазақстан Республикасында 2005-2010 ж.ж. білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы» талаптарына сәйкес отандық білім беруді модернизациялау мен орта 12 жылдық оқудың ұлттық моделін орнықтыру-білімдік шоғыр нышанын өзгерту және оның әдіснамасына пара пар біліктілікке, мектептегі білім беру мазмұнын түбегейлі өзгертуге және жаңатуға ұластыра шешуі тиіс.
Ол екпіннің білім, білік және дағды жиынтығын игеруге бағытталған мақсаттық ұстанымына білімді өздігінен алу, талдай білу, құрыльшдау және қоғамдық өмірде өзін өзі барынша жүмылдыра отырып, ақпартты тиімді қолдану біліктілігін қалыптастыруға ығысуын білдіреді.
Бағдарламада тарихи білім берудің жаңа тұжырымдамасы үсынылған, онда мектепте тарих пінін оқыту түбегейлі өзгертілген келіспен сипатталады; отандық тарихты оқып үйренуге басымдылық беру, оны әлемдік дамудың контексінде оқыту, тарихи білім беруде саясаттандырудан бас тарту.
Адамзат тарихының дамуының өркениетті түжырымдамасын игеру нәтижесінде орта ғасырлар тарихы, жаңа және қазіргі заман тарихы курстарының хронологиялық шеббері өзгертілді, тарихи білім беру мазмүны Қазақстан трихы мен дүниежүзілік тарихын жаңаша кезеңдендіруі ұсынылған.
Негізгі әдебиеттер: [6, 23, 31, 35]
Қосымша әдебиеттер: [5, 8, 9]
Лекция тақырыбы. Тарихты оқытудағы интерактивтік инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану. ОТК және компьютер мүмкіндіктерін пайдалану
Оқытудың барлық әдістері мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Технология» грек сөзі- «шеберлік туралы ғылым» деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық технология оқу үрдісімен мұғалім мен оқушының, оқытушы мен студенттің іс-әрекетімен тығыз байланысты. Қазіргі кезде қолданылып жүрген оқытудың жаңа технологиялары: ынтымақтастық, білім беруді ізгілендіру, мәселелі оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, түсіндіре басқарып немесе қарқынды оқыту, модульдік.
Құрастырмалы пікір талас, семинар, диспут, ойын-жарыс, проблемалық сабақ- зерттеу, проблемалық жобалаушы дискуссия. Биоинформатика, синэргетика, т.б. технологиялар. Озық технология авторлары: Ш.А.Амоношвили, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Б.Ф.Шаталов, т.б. Барлық жаңа технологияның мақсаты- пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады.
Білім беру саласында қол жеткізілген пәтуаның мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігін мойындады. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал 21-ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы (ЭЫДҰ) жасаған Құзыреттерді Анықтау және Іріктеу Жобасы дағдылардың барынша кең ауқымын қамтитын 21-ғасыр дағдыларының моделі болып табылады. Аты аталған жоба оқушылардың терең тұжырымдамалық түсінікпен астасқан негізгі сауаттылықты меңгергендігін көрсететін, кең мағынасында шешімдер мен іс-әрекеттерді таңдау қабілеттілігі сияқты түйінді құзыреттер жүйесін сипаттайды. Мұғалімдер жұмыстарына жеткілікті уақыт бөле білулері керек, оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес, жалпы алғанда оның оқуын барынша жекешелендіру және баланың бойында метасананы – қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере отырып, оны тұлға ретінде дамытуда икемділік танытулары тиіс.
Елбасымыз Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.
Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Сондықтан мұғалімдердің алдында тұрған басты міндет – білім алушыларды университетте оқуға емес, «өмірге дайындау» болып табылады.
Қазақстан тарихы- гуманитарлық пәндердің ішінде тәрбиелік мәні жоғары пән. Адамзат баласынының пайда болуынан бастап бүгінгі күнге дейін ел тарихы 5 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейін әр қырынан қарастырылады.
Қазақстан тарихын оқыту заман ағымына сай заманауи белсенді әдістермен оқытуды қажет етеді. Әрбір сабақ оқушының пәнге қызығушылығын арттырып, табыс кілтіне ие болуын қамтамасыз ету керек. Мұндағы сабақтың кезеңдерінінің жүйелілігі мен бірізділігін қамтамасыз ету аса маңызды. және өзге де түрлердегі сабақтарды өткізу оқушының пәнді оқуға ынтасын арттыра түседі. Оқушыларға нақты тапсырмалар беріліп олардын танымдық дағдыларының қалыптасуына жағдай жасалуы тиіс.
Бекта (2003) сыныпта жоғары деңгейдегі АКТ пайдалануға байланысты оқудың бірталай жақсарғандығын байқаған. Бұл ретте зерттеу нәтижелері жалпы әсердегі жағдайлардың едәуір әртүрлі болуына қарамастан, АКТ қандай жағдайда неғұрлым нақты ілгерілеуге әкелетіні түсініксіз екенін көрсетті. Оқуды қолдайтын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірқатар сипаттамалары анықталды (Kennewell and et al., 2008), алайда сонымен бірге АКТ көп жағдайларда оқуға кедергі келтіретіні анықталды (Birnbaum, 1990). АКТ оқушыларды танымдық және метатанымдық тапсырмаларды орындауға қатыстыруға ынталандыра алатындығының дәлелдері жеткілікті (Сох, 1997). Дегенмен бұл ынталандыру барлық пәндер бойынша үлгерімді жақсартуға әкелуі де мүмкін.
Әйтсе де тарих пәнін оқыту барысында қолданылатын оқытудың коммуникативтік технологиялары оқушылардың оқу процесіне қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.
Негізгі әдебиеттер: [6, 7, 32, 42, 43, 44, 45]
Қосымша әдебиеттер: [5, 14, 18]
Лекция тақырыбы. Тарих пәні бойынша оқытуды ұйымдастыру формасы, әдістемелік әдіс-тәсілдері және тарих пәнін оқытуда көрнекілік құралдарды пайдалану.
Педагогикалық технология оқу үрдісімен мұғалім мен оқушының іс-әркетімен тығыз байланысты. Оның құрамына мыналар кіреді:
а) тұжырымдық негізі;
ә) оқытудың мазмұндық бөлімі;
- оқытудың нақты және жалпы мақсаты;
- оқу материалдарының мазмұны;
б) үрдістік бөлім-технологиялық үрдісі;
- оқу үрдісін ұйымдастыру;
- оқушылардың оқу қызметінің әдістерә мен формалары;
- мұғалімнің материалдарды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген оқытудың жаңа технологиялары:
1. Ынтымақтастық;
2. Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш.А.Амоншавили бойынша)
3. Проблемалы оқыту;
4. Түсіндіре басқарып оза немесе қарқынды оқыту;
5. Деңгеймен саралап оқыту;
6. Модульдік.
7. Тұлғаға бағдарлы педагогикалық технология
8. Адамгершілікті қалыптастыруға негізделген әдебиетті оқыту жүйесі (Е.Н.Ильин бойынша)
9. Ойын технологиясы
10. В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдар технологиясы;
11. Интербелсенді оқыту технологиясы;
12. Нысаналы оқыту технологиясы;
13. Дифференциалды оқыту технологиясы;
14. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы;
15. Ұжымдық оқыту технологиясы (Дяченко Ривин бойынша)
16. Топтық оқыту технологиясы;
17. Модульдік оқыту технологиясы;
18. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы;
19. Дамыта оқыту технологиясы;
20. Компьютерлік оқыту технологиясы;
21. ТРИЗ технологиясы (Өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы)
Барлық жаңа технологиялардың мақсаты-пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заман талабына сай, электрондық оқулық, интернет, web сайдты қолданудағы жаңа ақпаратты технологияларды пайдалану тарих үшін маңызды.
Оқушылардың ұғымдар мен түсініктерін, оқылатын құбылысты тікелей немесе оның бейнесінің көмегімен қабылдау арқылы қалыптастыратын оқыту түрі көрнекі оқыту деп аталады. Тарих сабағында көрнекі оқытудың атқаратын ролі ерекше. Тарихи білім көзі ретінде түрлі көрнекі құралдар пайдаланылады. Көрнекі оқыту өткен кезеңмен танысу кезінде сезімге әсер етумен бірге ойлау жүйесіне де ықпал жасап, бірқатар қосымша қызметтер атқарады.
Көрнекі құралдарды сабақта қоладну жағдайында оқушылардың өткен тарихи кезең туралы арқылы алынған нақты бейнесі қалыптасатындығын есте ұстау керек. Көрнекі құралдар тарихи фактілерді нақтыландырып, оқушылардың өткен кезең туралы білімдерін жаңғыртады. Көрнекіліктер тарихи құбылыстардың мәнін ашып, негізгі тарихи ұғымдар мен заңдылықтарды қалыптастыруды қамтымасыз етеді. Көрнекіліктер сыртқы белгілеріне қарай: баспалық, экрандық, дыбыстық, ал мазмұны мен тарихи бейнесіне қарай заттық, бейнелеу, шартты-кескіндемелік деп топтастырылады. Және де тарихты оқытудағы көрнекіліктер тағы да мынадай болып топтастырылады.
- табиғи алып түрдегі көрнекілік: түпнұсқа түріндегі тарихи ескерткіштер немесе тарихи орындар(Египет пирамидалары, Қызыл Алаң, Республика алаңы)
- материалдық мәдениеттің түпнұсқа заттары: (археологиялық қазбалар, еңбек құралдары, нумизматика т.б. (Макеттер, үлгілер т. б.)
- Бейнелі көрнекіліктер: (оқу картиналары, репродукциялар)
- Шартты-кескіндемелік көрнекіліктер: ( қолжазбалар, тарихи картиналар, аппликация, сұлба, диаграммалар)
- Оқытудың техникалық құралдары
Шартты ккескіндемелік көрнекілік тарихи процестің сандық және сапалық мазмұнын ашып, қоғамдық құбылыстардың басты белгілерін, даму бағыттарын айқындап, тарихи ұғымдардың заңдылықтардың себеп-салдарлы байланыстарын игеруге көмектесетін рәміздік бейнелердің жиыны. Оған жататындар:қолжазбалар, тарихи картиналар, аппликация, сұлба, диаграммалар.
Көрнекіліктің ерекше түрі тақтаға салынатын суреттер. Сондықтан пән мұғалімі тақтаның мүмкіндігін сабақ үстінде барынша кеңінен пайдалану мұғалімнен шеберлік талап етеді.
Оқытудың техникалық құралдары білім берудің көрнектілігін, бейнелігін, әсерлілігін күшейтіп, оқушылардың шығармашылық қиялы мен ойлауын ынталандырады. Техникалық құралдарға оқу фильмдері, слайд-презентация, флипчарттар, оқытудың сандық ресурстарын қолдануға болады.
Негізгі әдебиеттер: [6, 9, 12, 14, 15]
Қосымша әдебиеттер: [1, 5, 7, 9]