Рбір болжам ғылымға қойылатын қайшылықсыз және верификация маңызды әдіснамалық талаптарға сәйкес болуы керек.
Г. Ізденушінің болжам туралы білімдерінің айнымас құрамдас бөлігі болып, болжамның қалыптасу үрдісінің мәні туралы білім болып табылады. Болжамдардың қалыптасуынан бұрын әртүрлі дәрежеде ғылыми негізделген, жүзеге асырылу ықтималды пайымдаулардың жиынтығы ретіндегі педагогика теориясының күйіне талдау жасау орын алады. Болжамды құрудың мүмкін тәсілдері болып фактілерді зерделеу және талдау,
ұқсастықтарды қолдану, зерттеу объектісі қозғалысының мейлінше көп мүмкін «траекторияларын» жасау табылады, олардың нәтижесінде зерттеу - егер барлық бар «траекториялардан» ең жақсысы айқындалып, жүзеге асса, экспериментатор жоспарлаған сапаларға ие болады ( В.Г.Воробьев). Зерттеушінің болжамды қүру жөніндегі әрекеттерінің келесі компоненттері болуы мүмкін:
- әзірше түсіндіруге мүмкін болмайтын қандай да бір құбылыстарды ашу;
- оны жан - жақты зерделеу;
- болжамды кұрастыру .байланыстар, себептер жэне т.б туралы ғылыми болжау ретінде қүрастыру;
- болжауланған себептерден қисынды шығатын, істердің анықталуы, егер де себеп шын мәнінде табылған болса;
Істің қаншалықты ақиқаттың фактілеріне сәйкестігін тексеру. Е Бұдан да басқа нұсқау бар.
Педагогикалық болжамды құрастырудың бірнеше кезеңдері ерекшеленеді:
. зерттеуші есепке алады.зерттеудің болжамын құрастыруда кәдімгі жіберілетін қателерді ізденуші білу керек:
ғылыми болжау ретінде берілгеннің, өздігінен айқындығы;
болжамда педагогикалық кұбылыстардың себеп - салдарлык байланысының болмау;
болжамда нақтылықтың болмауы;
Педагогика тарихы бойынша зерттеулердегі болжамның бар болуы, бірақ педагогикалық тәжірибені жалпылау кезінде және салыстырмалы педагогика мен педагогика тарихы бойынша болжам талап етілмейді, өйткені, осы жағдайдағы түсігік себеп - салдарлық тәуелділік қалыптастырушы экспериментте негізделмейді, ол дәлелдеулердің тарихи, қисынды жэне бекіту әдістерінде негізделеді (2,23).
Ж Диссертациялық зеулердің болжамдарының құрылу мысалдары: 1) Тақырып: «Болашақ мұғалімдердің әлеуметтік - педагогикалық жұмысқа дайындығының жүйесі»
Болжам: болашақ мұғалімдердің әлеуметтік - педагогика жұмыстарына дайындығы кіріктірілген тұлғалық білім ретінде қалыптасуы мүмкін, егер дайындық жүйесінде үш блок үйлесімді жүзеге асырылса: ынталы - мақсатты, мазмұнды және процессуалдық, онда жоғарғы оқу орнының педагогикалық үрдісінің кәсіби бағыттылығы социумның талаптарына жауап береді, өйткені,болашақ мұғалім өзіндік әрекеттерінде әлеуметтік - педагогикалық жұмыстың формалары мен әдістерін оқушылармен жұмыс істегенде меңгереді ( Г.Ж. Меңлібекова).
Түсіндірмелі аппарат ғылыми зерттеу болжамының жасалу мәселесінің түсіндірмелі аппараты.
- Болжам - ғылыми негізделген, бірақ теоретикалық ереже ретінде өзінің нақты бекітілу үшін арнайы дэлелдіктерді талап ететін анық емес болжау (5,197).
- Идея - мұратқа, мақсатқа жетудің бағытындағы болмыстың қайта жасалу әдістері мен мазмұны туралы ой (5,197).
- Интуиция - қиын жағдайдағы сенімді бағытқа қисыны жасалып бітпеген шешімдерге мүмкіндік (5,197).
- Тұжырымдама - зерттеушілік ізденіс үшін негіз болатын теоретикалық ережелердің жүйесі.
- Теория - болжамдардың негізінде пайда болатын мэнділік қүрамы және заңцылықтардың тұтастық түсінігі, ғылыми ережелердің жалпы біріктірілген принциіпімен, танымның кайсы бір саласындағы негізгі идеялардың жүйесі, сипаты, түсінігі, болжауы.
Факт - ғылыми дәлелденген таным ақиқаты, құбылыстар мен жағдайлардың тіркелген байланыстары немесе құбылыс (15,201).
Педагогикалық зерттеудің мақсаты мен міндетін анықтау.
Біздің айдарымыздың алдыңғы мақаласы таңдалған зерттеу объекті мен пәніне арналған, Сізге осы ұғымдар арасындағы айырмашылықты көруге, зерттеушінің ғылыми-таным бағытталған объектіні шындық аймағы ретінде ұғыну және зерттелетін субъект пен объект арасындағы түйінді пән негізінде түсіну, яғни зерттеушінің объектіні педагогикалық ғылым жағынан көру тәсілін көрсетеді.
Енді ғылыми жұмыстың келесі кезеңін қарастырамыз. Таңдалған зерттеу объекті мен пәніндегі қарастырып отырған мәселенің өзектілігін пайдалана отырып, оның мақсатын анықтауға болады. Зерттеу мақсаты әр түрлі әрекеттердің белгілі бір механизмі «мақсат-құрал-нәтиже» болып табылады. Мақсат - сезінілген бейне, пайдалы нәтиже, ол міндетті түрде саналы қызмет нәтижесінде жетілуі тиіс (5,37).
Ызметтің компоненті негізінде алынған мақсаттың философиялық түсінігі ретінде қарастырғандықтан, зерттеу мақсатының мазмұнын қарастыратын негізгі элементтерін атап кетуге болады: қорытынды нәтиже зерттеу объектісі, қорытынды нәтижеге жетудің жолы. Ғылымдардың айтуы бойынша, мақсат және оған байланысты жүргізілетін зерттеу ара-қатынасының диалектикалық маңызы болып - мақсаттың зерттеу нэтижесінің идеалды формада күтілуі, ал зерттеудің өзі қойылған мақсатқа жетуіне бағытталған күрделі процесс саналады. Мақсатты бағытталу - адам қызметінің ең маңызды сипаттамасы. Мақсатқа жету үшін, ең алдымен, адам ойында керекті болашақ бейнені құрады, оны ойластырады, шындықты озатын бейне құрастырады. Осы аталған жағдайлардың барлығы да педагогикалық процеске жатқызылады. Осыған байланысты келесі негізгі ұғымдарды қарастырады: «мақсат», «білім беру мақсаты», «оқыту мақсаты», «тәрбие беру мақсаты», «ғылыми зерттеу мақсаты», «психолого-педагогикалық зерттеудің мақсаты».
Білім беру мақсаты - қоғамның білім беру мазмұнын жетілдіруге, тәрбиелік бағадарламаларды және білім-тәрбие процесінің қорытынды мақсатқа құрастыруға бағытталған нәтижелері (5,71).
Оқыту мақсаты - оқушылардың когнитивті (тану), эффективті (эмоциялық-қүнды) немесе психо-моторлы салаларды оқытудағы қорытынды және аралық нәтижелері (5,71).