Технологиялық карталар 9 страница
Біледі:музыканы тыңдауды, сөздерді қайталауды.
Игереді:шананы ұстауды, ленталарды сермеуді, шамдарды ұстауды, қоюды.
Меңгереді:шеңбер бойымен жүруді, аяқ- қол қимылдарын қайталауды, алға-артқа жүруді.
Технологиялық карта
Білім беру саласы:Шығармашылық
Бөлімі:Музыка
Тақырыбы:«Қаршақыз бізде қонақта»
Мақсаты:естияр топ көңілді шат-шадыман музыка арқылы тыңдауға, естуге ынталандыру. Қимылдық ойын арқылы ән айту сезімін ояту.
Міндеттері: естияр топ әнді қуанышты, екпінді орындауға үйрету.
Дыбыстың әуезділігін, жеңіл әндерді орындау дағдыларын қалыптастыру,хорда орындау.
Балалардың жеңіл гимнастиқалық, бейнелі, би қимылдарын үйренген кезінде қимыл мен музыаның үйлесімдігін дамыту.
Мақсаты: қазақтың киелі аспабы домбырамен таныстыру. Күй жанры туралы мағлұмат беру.
Міндеттері: Әнді түсініп, сергек, жігерлі орындауға баулу.
Музыканың мазмұнына назар аудару.
Музыканы мұқият тыңдауға үйрету
Қолданылатын көрнекі кұралдар:кішкентай шырша, ойыншықтар, қар.
Сөздік жұмыс:аппақ қар, шырша.Билингвалды компонент:тиын-белка, түлкі-лиса,саңырауқұлақ-грибы
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Музыка жетекшісінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті | Есеп | ||
естияр топ | 2 сәбилер тобы | + | - | ||
Мотивациялық - қозғаушылық | Музыка жетекшісі балалармен амандасады және ойынға шақырады. Музыканың сүйемелдеуімен «Көңілді саусақтар» қимылды әуеннің орындайды. -Ал, балалар, балалар, секіріңдер ойнаңдар, тізе бүгіп кезек-кезек, қол шапалақтандар. | Балалар еркін жүріп залға кіреді, амандасады. Әуенді тыңдап, қосыла қимылдар жасауға талпынады, секіреді, тізе бүгеді, қол шапалақтайды. | Балалар музыка әуеніне ілесіп залға келеді. Шеңбер бойымен жүреді, жүгіреді, қимылдар жасайды. Атаны қарсы алады. | ||
Ұйымдас- тырушылық ізденістік | -Балалар, қараңдаршы біз қайда келдік? Қандай әдемі шыршамыз, шыршада ойыншықтар бар екен. «Шыршамыз, шыршамыз Ән тыңдайық бәріміз». «Жасыл шырша» әні (музыкасы Қ. Қуатбаев, сөзі Қ. Шалқаров). Педагог қолына ақ қар алып, шырша артынан домалатады. -Балалар, мынау не домалап келген? (Қолына алып). Егерде ән салып берсеңдер, қар сендерді орманға алып барамын дейді, ол жақта қар көп жауыпты,-деп, балаларды әндете шыршаның қасына шақырады. «Қаршақыз бен балалар» (музыкасы мен сөзі Г. Абдрахманова). «Келіңдер, келіңдер Аппақ қарға жетіңдер»,- Деп, балаларға қарларды ұсынады. Әнді айтып, би қимылдарын көрсетеді, үйретеді. Балаларға шырша түбіне барып, аппақ қарды жинауды ұсынады. «Қолымызға ұстайық Жинайықшы тездетіп»,- Деп, шырша түбіне шашылған қарларды музыка ырғағымен жинауды үйретеді. -Балалар, аппақ қар бізді «Дәлдеп ұр» ойынына шақырып тұр. «Келіңдер, келіңдер Дәлдеп ұрып көріңдер». «Дәлдеп ұр» ойыны. Жетекші балаларды екі топқа бөліп, бірін бірі дәлдеп ұруды үйретеді. | Балалар мұқият қарайды. Шыршаны айнала жүреді. «Шырша» әннің тыңдайды. «Қар»,-деп жауап беруге тырысады. Балалар шыршаның қасына келіп қарды ұстап көреді. Балалар әуенді тыңдап, билеуге тырысады. Балалар әнді көңілдене тыңдайды, шыршаға жақындап, шашылған қарды музыкамен жинауға тырысады. Балалар бірін бірі дәлдеп ұруға тырысады. | Атаның әңгімесін тыңдайды. Балалар домбыра аспабымен танысады, әрқайсысы ұстап, шертіп көреді. Балалар өткен сабақтарда үйренген әндерін естеріне түсіріп айтады. Жаңадан ән үйренеді. Әннің кім туралы айтылып отырғанын аңғарады. Балаар екі жаққа бөлініп, арқан тартысады. Бірін бірі жеңуге тырысады. | ||
Рефлексиялқ – түзетушілік | -Балалар, сендер керемет ән айттыңдар, биледіңдер, әсіресе шырша түбіндегі аппақ қар сендерге қатты риза болды. Келесі жола тағы да қайталап, ән саламыз, билейміз. Ойын ойнаймыз. Сау болыңдар! | Балалар ризашылығын білдіреді. Қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:музыка ырғағын түсініп, сезіммен тыңдап, жетекшінің қимыл-әрекетін жасай білуі керек.
Игереді:музыка ырғағымен аппақ қарды ұстауды, лақтыруды, дәлдеуді игереді.
Меңгереді: қолдарын еркін қимылдату, жинау, отыру, жүгіру, жүру, тұру дағдыларын меңгереді.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: музыка
Тақырыбы: «Біздің атай»
Мақсаты: естияр топкөңілді шат-шадыман музыка арқылы тыңдауға, естуге ынталандыру. Қимылдық ойын арқылы ән айту сезімін ояту.
Міндеттері: естияр топ әнді қуанышты, екпінді орындауға үйрету.
Дыбыстың әуезділігін, жеңіл әндерді орындау дағдыларын қалыптастыру,хорда орындау.
Балалардың жеңіл гимнастиқалық, бейнелі, би қимылдарын үйренген кезінде қимыл мен музыаның үйлесімдігін дамыту.
Мақсаты: қазақтың киелі аспабы домбырамен таныстыру. Күй жанры туралы мағлұмат беру.
Міндеттері: Әнді түсініп, сергек, жігерлі орындауға баулу.
Музыканың мазмұнына назар аудару.
Музыканы мұқият тыңдауға үйрету.
Қолданылатын көрнекі құралдар:домбыра аспабы.
Сөздік жұмыс: күй, домбыра.
Билингвалды компонент:тиын-белка, түлкі-лиса,саңырауқұлақ-грибы
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Музыка жетекшісінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті | Есеп | ||
естияр топ | 2 сәбилер тобы | + | - | ||
Мотивациялық - қозғаушылық | Балаларды музыка әуенімен қарсы алу. Шеңбер бойымен бірінің соңынан бірі тізіліп жүреді. Амандасу, музыка әуеніне сай қимылдар жасау. Күй ойналып, ішке ата кіреді, балалармен амандасып, келген себебін айтады. | Балалар музыка әуеніне ілесіп залға келеді. Шеңбер бойымен жүреді, жүгіреді, қимылдар жасайды. Атаны қарсы алады. | Балалар еркін жүріп залға кіреді, амандасады. Әуенді тыңдап, қосыла қимылдар жасауға талпынады, секіреді, тізе бүгеді, қол шапалақтайды. | ||
Ұйымдас- тырушылық ізденістік | Ата: Балалар, бүгін мен ауылдан әдейі сендердің балабақшада не үйренгендеріңді көру үшін келдім. Және өзім де құр алақан емес, өнерден хабарым бар екенін сендерге көрсеткім келеді. Алдымен өзіммен бірге ала келген аспабыммен таныстырайын. Домбыра. Бұл қазақтың киелі аспабы. Домбыра арқылы халқымыз қуанышын, қайғысын бөлісіп отырған. Қазір мен сендерге шертіп көрсетейін. Музыка тыңдау: «Қосалқа» күйі (Дәулеткерей) Бұл күйде қыздың әдемі жүрісін, сыңғырлаған сырғаларын бейнелеп отыр. Музыка жетекшісі атаға балалардың әнін тыңдауға ұсынады. Өткен әндерді қайталайды. Ана туралы әже туралы әндерін айтып береді. Ән айту: «Әй әй ата» (музыкасы Ө.Байділдә, сөзі Ж.Смақов) Музыка жетекшісі әнді орындап береді. Балалар әнді кім туралы екенін сұрайды. Ата өзі туралы айтылған әнге алғысын білдіреді: Рахмет балалар, өнерлерің өрге өссін. Енді күштеріңді сынап көрейік. Өзіммен бірге арқан ала келдім. Қане екіге бөлініп арқан тартайық. «Арқан тартыс» ойыны. | Атаның әңгімесін тыңдайды. Балалар домбыра аспабымен танысады, әрқайсысы ұстап, шертіп көреді. Балалар өткен сабақтарда үйренген әндерін естеріне түсіріп айтады. Жаңадан ән үйренеді. Әннің кім туралы айтылып отырғанын аңғарады. Балаар екі жаққа бөлініп, арқан тартысады. Бірін бірі жеңуге тырысады. | Балалар мұқият қарайды. Шыршаны айнала жүреді. «Шырша» әннің тыңдайды. «Қар»,-деп жауап беруге тырысады. Балалар шыршаның қасына келіп қарды ұстап көреді. Балалар әуенді тыңдап, билеуге тырысады. Балалар әнді көңілдене тыңдайды, шыршаға жақындап, шашылған қарды музыкамен жинауға тырысады. Балалар бірін бірі дәлдеп ұруға тырысады. | ||
Рефлексиялқ –түзетушілік | Ата балаларға ризашылығын білдіріп, мақтау, мадақтауларын жеткізіп, қоштасады. | Атамен қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:қазқтың киелі аспабы домбыра туралы білулері керек.
Игереді:күй деген ұғымдарды игереді.
Меңгереді: арқан тарту дағдыларын меңгереді.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: музыка
Тақырыбы: «Біздің атай»
Мақсаты: естияр топ қазақтың киелі аспабы домбырамен таныстыру. Күй жанры туралы мағлұмат беру.
Мақсаты: 2 сәбилер тобыкөңілді шат-шадыман музыка арқылы тыңдауға, естуге ынталандыру. Қимылдық ойын арқылы ән айту сезімін ояту.
Міндеттері: естияр топ әнді қуанышты, екпінді орындауға үйрету.
Дыбыстың әуезділігін, жеңіл әндерді орындау дағдыларын қалыптастыру,хорда орындау.
Балалардың жеңіл гимнастиқалық, бейнелі, би қимылдарын үйренген кезінде қимыл мен музыаның үйлесімдігін дамыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар:домбыра аспабы.
Сөздік жұмыс: күй, домбыра.Билингвалды компонент:тиын-белка, түлкі-лиса,саңырауқұлақ-грибы
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Музыка жетекшісінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті | Есеп | |||
+ | - | |||||
естияр топ | 2 сәбилер тобы | |||||
Мотивациялық - қозғаушылық | Балаларды музыка әуенімен қарсы алу. Шеңбер бойымен бірінің соңынан бірі тізіліп жүреді. Амандасу, музыка әуеніне сай қимылдар жасау. Күй ойналып, ішке ата кіреді, балалармен амандасып, келген себебін айтады. | Балалар музыка әуеніне ілесіп залға келеді. Шеңбер бойымен жүреді, жүгіреді, қимылдар жасайды. Атаны қарсы алады. | Балалар музыка әуеніне ілесіп залға келеді. Шеңбер бойымен жүреді, жүгіреді, қимылдар жасайды. Атаны қарсы алады. | |||
Ұйымдас- тырушылық ізденістік | Ата: Балалар, бүгін мен ауылдан әдейі сендердің балабақшада не үйренгендеріңді көру үшін келдім. Және өзім де құр алақан емес, өнерден хабарым бар екенін сендерге көрсеткім келеді. Алдымен өзіммен бірге ала келген аспабыммен таныстырайын. Домбыра. Бұл қазақтың киелі аспабы. Домбыра арқылы халқымыз қуанышын, қайғысын бөлісіп отырған. Қазір мен сендерге шертіп көрсетейін. Музыка тыңдау: «Қосалқа» күйі (Дәулеткерей) Бұл күйде қыздың әдемі жүрісін, сыңғырлаған сырғаларын бейнелеп отыр. Музыка жетекшісі атаға балалардың әнін тыңдауға ұсынады. Өткен әндерді қайталайды. Ана туралы әже туралы әндерін айтып береді. Ән қайталау: «Әй әй ата» (музыкасы Ө.Байділдә, сөзі Ж.Смақов) алдымен мәтіні қайталап, естеріне түсіруге тырысады. Ата өзі туралы айтылған әнге алғысын білдіреді: Рахмет балалар, өнерлерің өрге өссін. Енді күштеріңді сынап көрейік. Өзіммен бірге арқан ала келдім. Қане екіге бөлініп арқан тартайық. «Арқан тартыс» ойыны. | Атаның әңгімесін тыңдайды. Балалар домбыра аспабымен танысады, әрқайсысы ұстап, шертіп көреді. Балалар өткен сабақтарда үйренген әндерін естеріне түсіріп айтады. Балаар екі жаққа бөлініп, арқан тартысады. Бірін бірі жеңуге тырысады. | Атаның әңгімесін тыңдайды. Балалар домбыра аспабымен танысады, әрқайсысы ұстап, шертіп көреді. Балалар өткен сабақтарда үйренген әндерін естеріне түсіріп айтады. Жаңадан ән үйренеді. Әннің кім туралы айтылып отырғанын аңғарады. Балаар екі жаққа бөлініп, арқан тартысады. Бірін бірі жеңуге тырысады. | |||
Рефлексиялқ –түзетушілік | Ата балаларға ризашылығын білдіріп, мақтау, мадақтауларын жеткізіп, қоштасады. | Атамен қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:қазқтың киелі аспабы домбыра туралы білулері керек.
Игереді:күй деген ұғымдарды игереді.
Меңгереді: арқан тарту дағдыларын меңгереді.
Технологиялық карта
Білім беру саласы:Шығармашылық
Бөлімі:Музыка
Тақырыбы:«Бесік жыры»
Мақсаты: естияр топмузыкалық аспаптармен ансамбльде ойнауға дағдыландыру. Би қимылдарын мәнерлеп орындауды үйрету.
Міндеттері: естияр топ музыкаға әсерлену, ырғақтық, динамикалық есту қабілеттерін дамыту.
музыканы еске сақтау, сезіне білу, таныс әнді тану, қабілеттерін дамыту.
әнді түсініп, сергек, жігерлі орындауға баулу.
Музыканың мазмұнына назар аудару.
Мақсаты: 2 сәбилер тобылирикалық сипаттағы әндерді орташа екпінемен, күш түсірмей әндете айтуға баулу және тембрін, динамикасын қабылдап сөзінуге, тыныс шығармалар ырғағын сезіну.
Мендеттері: 2 сәбилер тобыМузыканы тыңдау, қабылдау, еске сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Дыбыстың әуезділігін, жеңіл әндерді орындау дағдыларын қалыптастыру,хорда орындау.
Балалардың жеңіл гимнастиқалық, бейнелі, би қимылдарын үйренген кезінде қимыл мен музыаның үйлесімдігін дамыту.
Қолданылатын көрнекі кұралдар:бесік, қуыршақ.
Алдын ала орындалатын жұмыс:Бесікке салу, дәстүрі туралы әңгімелеу
Сөздік жұмыс: бесік жыры, әлди-әлди.
Билингвалды компонент:тиын-белка, түлкі-лиса,саңырауқұлақ-грибы
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Музыка жетекшісінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті | Есеп | |||
+ | - | |||||
естияр топ | 2 сәбилер тобы | |||||
Мотивациялық - қозғаушылық | Вальс (Шуберт. Билеп үйренейік жинағынан) ырғағымен балаларға би қимылдарын қайталауды ұсынады. Жұмбақ жасырып, шешулерін сұрайды. Тұрады ол әр үйде, Жайлы орын сәбиге. Шаңғы табан үйшік ол, Тербететін, әрине. Бұл не? | Балалар өздеріне таныс вальс қимылдарын еркін орындайды Ойлап тапқан би әлементтерін қоса орындайды. Балалар жұмбақты тыңдап, шешуін ойланып табады. Шешуі: Бесік | Балалар өздеріне таныс би қимылдарын еркін орындайды. Ойлап тапқан би әлементтерін қоса орындайды | |||
Ұйымдас- тырушылық ізденістік | Балалар, Әмина әжеміз бүгін немересі Айдананы бесікке салу рәсімін жасайды екен. Бесік тойына біз де барайық. Бесік жанында әже немересі (куыршақ Айдананы) алдына алып отырады. Балаларды төрге шақырып, отырады ұсынады. Ортаға бесік әкеліп қояды. Бесікке қуыршақ сәбиді жатқызып, бөлейді. -Біз қуыршақты бөлеп, бесікке салу рәсімін жасайық. Аршаның түтінімен бесікті аластап, тазарталық. Алас, алас, баладан алас, Көзі жаманның көзінен алас, Тілі жаманның тілінен алас, Қырық қабырғасынан алас, Отыз омыртқасынан алас. Бісіміллә, келді міне иесі, Кош пәлесі! – Деп, аластап, сәбиді бөлеуді көрсетеді. Бесікті тәрбетеді. Музыка тыңдау: Бесік жыры | Әмина әженің немересін бесікке салу рәсіміне бірге баруға қызығады. Балалар әженің немересі Айдананы қалай бесікке салғанын көріп, тамашалайды. Бесікке салу дәстүрін көріп, еске сақтауға тырысады. Әженің айтқан сөздерін тыңдап, түсінуге тырысады. Балалар Бесік жырын тыңдап, әннің сипаты | Әлди, әлди халық әнін орындап, дауыстарын ашық, жарқын және баяу, ақырын шығарып айтуға тырысады. Жаңа әннің лирикалық әуенін жеткізе әндетуге үйренеді Ән авторларымен танысып, шығармалары түралы мәлімет алады. Балалар қуыршақтарды қолдарына алып, ән ырғағымен әлдилейді. Ойында айтылған әндерді естіп. Олардың дауыс тембрін ажыратады. Аспаптар атын атап айтып, сол аспаптарда қосыла ойнайды. Жұптасып билеудің қимылдарын жетік меңгергендерін көрсетеді. | |||
Рефлексиялқ – түзетушілік | -Бесік жырының әуені қандай екен? -Сәбиді ұйықтатарда қалай әндеткен дұрыс? -Әжеміз қандай ән айтты? Сұрақтар қою арқылы оқу іс-әрекетінде өткен, үйренген материалдарды пысықтайды. | Қойылған сұрақтарға жауап беріп, көріп үйренгендерін қайталайды. Балалар көнілді қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: лирикалық сипаттама әндерді нақышпен орындауды.
Игереді: лирикалық әуенді тындап, сезінуді.
Меңгереді: дауысқа күш түсірмей әндетуді.
Технологиялық карта
Білім беру саласы:Шығармашылық
Бөлімі:Музыка
Тақырыбы:«Бесік жыры»
Мақсаты: естияр топ музыкалық аспаптармен ансамбльде ойнауға дағдыландыру. Би қимылдарын мәнерлеп орындауды үйрету.
Міндеттері: естияр топ музыкаға әсерлену, ырғақтық, динамикалық есту қабілеттерін дамыту.
музыканы еске сақтау, сезіне білу, таныс әнді тану, қабілеттерін дамыту.
әнді түсініп, сергек, жігерлі орындауға баулу.
Музыканың мазмұнына назар аудару.
Мақсаты: 2 сәбилер тобылирикалық сипаттағы әндерді орташа екпінемен, күш түсірмей әндете айтуға баулу және тембрін, динамикасын қабылдап сөзінуге, тыныс шығармалар ырғағын сезіну.
Мендеттері:2 сәбилер тобы Музыканы тыңдау, қабылдау, еске сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Дыбыстың әуезділігін, жеңіл әндерді орындау дағдыларын қалыптастыру,хорда орындау.
Балалардың жеңіл гимнастиқалық, бейнелі, би қимылдарын үйренген кезінде қимыл мен музыаның үйлесімдігін дамыту
Қолданылатын көрнекі кұралдар:бесік, қуыршақ.
Қажетті құрал-жабдықтар:сылдырмақ, қоңырау, тұяқтас, металлофон
Алдын ала орындалатын жұмыс:Бесікке салу, дәстүрі туралы әңгімелеу
Сөздік жұмыс: бесік жыры, әлди-әлди.Билингвалды компонент:тиын-белка, түлкі-лиса,саңырауқұлақ-грибы
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Музыка жетекшісінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті | Есеп | |||
+ | - | |||||
естияр топ | 2 сәбилер тобы | |||||
Мотивациялық - қозғаушылық | Аяқ ұшымен жеңіл жүгіру, қол ұстасып баяу тербетілу, айналу, орнын ауыстыру қималдарын бекітеді. Балаларды шеңбер бойымен отырғызады. | Балалар өздеріне таныс би қимылдарын еркін орындайды. Ойлап тапқан би әлементтерін қоса орындайды | Балалар өздеріне таныс вальс қимылдарын еркін орындайды Ойлап тапқан би әлементтерін қоса орындайды. Балалар жұмбақты тыңдап, шешуін ойланып табады. Шешуі: Бесік | |||
Ұйымдас- тырушылық ізденістік | (Қ.Өріспаев, Ш.Мұхамеджанов) әнін айтып, тыңдауды ұсынады. -Бесік жыры қандай ән екен? Сендерге ұнады ма? Әлди-әлди халық әнін айтып, балаларға қосылып айтуды ұсынады. Баяу, жұмсақ әуенді сипатын өз эмоциялық сезімдерімен әндете жеткізуді ескереді. -Кішкентай сәби ұйықтады. Оянып кетпесін, өте ақырын, жәй дауыспен айтайық, - деп ескертеді. -Сәбиді ұйықтатар алдында. Бесік жырын айтса, ұйқысы тәтті болады. Сәбиіміз тыныш ұйықтасын, - деп бесікті төрге апарып қояды. Ән үйрену: Бесік жыры. (И.Нүсіпбаев, С.Жиенбаев). Әнді үйрете отырып, мазмұнын қвсқаша таныстырады, лирикалық әуеніне мән береді. Орындау барысында балаларға қуыршақтарды алып, жұбатып, тербету қимылын ән ырғағымен бірге жасайды. Ойын: Қандай аспап (Б.Дәлденбай, А.Асылбек). Ойынға сылдырмақ, ысқырық, қонырау, бубен, үшбұрыш, металлофон аспаптары қолданылады. Әуеннің тембрін дұрыс ажыратуларын қадағалайды. Би: Вальс (Шуберт) Қол ұстасып жұптасып, Шыркөбелек айналып, Вальс биін билейік! – деп би элементтерін үйретеді | Әлди, әлди халық әнін орындап, дауыстарын ашық, жарқын және баяу, ақырын шығарып айтуға тырысады. Жаңа әннің лирикалық әуенін жеткізе әндетуге үйренеді Ән авторларымен танысып, шығармалары түралы мәлімет алады. Балалар қуыршақтарды қолдарына алып, ән ырғағымен әлдилейді. Ойында айтылған әндерді естіп. Олардың дауыс тембрін ажыратады. Аспаптар атын атап айтып, сол аспаптарда қосыла ойнайды. Жұптасып билеудің қимылдарын жетік меңгергендерін көрсетеді. | Әәженің немересін бесікке салу рәсіміне бірге баруға қызығады. Балалар әженің немересі Айдананы қалай бесікке салғанын көріп, тамашалайды. Бесікке салу дәстүрін көріп, еске сақтауға тырысады. Әженің айтқан сөздерін тыңдап, түсінуге тырысады. Балалар Бесік жырын тыңдап, әннің сипаты | |||
Рефлексиялқ – түзетушілік | Аспапта ойлау: Сәулем-ай (халық әні, өндеген Б.Дәлденбай) Киімде қаңдай аспап бар? Тұяқтас пен қоңырау, Асатаяқ, тоқылдақ, Домбыра, сыртай тағы бар, Металлофон бастайды, Сырнайымыз қостайды, Барлық аспап қосылса Оркестр деп аталар! – деп, ән әуеніне оркестр ұйымдастырылып аспапта ойнап үйретеді. Ән әуеніне ілесе, ырғақты сезіне ойнауға дағдыландырады. | Балалар өздеріне ұнаған аспаптарды таңдап алып, оркестрде ойнауға дайындалады. Әуенге ілесе, әуен үндестігін сезіне қөнілді ойнап, аспаптарды меңгереді. |
Күтілетін нәтиже: