Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ұлттық ойындарды топтау, жүйелеу.
Ұлттық ойындарының ел арасында кең тарауының арқасында бір ойынның әр жерде әртүрлі тәртіппен ойнауы және олардың аттарының әртүрлі болып келуі жиі кездеседі. Осы жағдайды ескере келіп ойындарды жүйелеу, топтау және атау беру мәселесі шығады, олай болмаған жағдайда ойындарды тәжірибелік тұрғыдан қолдану, ережесін айқындау мүмкін болмайды.
Ұлттық ойындарды жүйелеу, топтау ісімен ғалымдар көптеп шұғылдануда. Ұлттық ойындарды жүйелеуге байланысты жазылған еңбектерге өз тағы бір күрделі мәселе ойынның атауына байланысты, оған себеп бір ойын түрінің Қазақстанның әр жерінде әртүрлі атпен аталуы. Осыған байланысты бір ойын түріне неғұрлым дәл атау беру арқылы ойынның бір түрін қалыптастыру.
Халық ойындарын қазіргі заманғы жүйелеуде ғалымдар әртүрлі жолдар мен көзқарастар ұсынады. Мысалы Б.Төтенаев қазақ халқының ұлттық халық ойындарын екі үлкен топқа бөлген жөн деген пікір айтады. Оның біріншісі салт-тұрмыс негізінде пайда болған ұлттық ойындар, екінші жастар ойындары мен қимыл-қозғалыс ойындары [1].
Ұлтық ойындар классификациясына көңіл бөлген ғылым Т.Ж. Сағындықов халық ойындарын спорттық жаттығулармен ұштастыра отырып он топқа бөліп, нақтылай оларға:
1) ойыншықтармен ойналатын ойындар;
2) лақтыру, жүгіру және секіру элементтері бар ұлттық ойындар;
3) күрес және қарсыласу элементібар ұлттық ойындар;
4) көзді байлап ойнайтын ұлттық ойындар;
5) дала кеңістігінде ойнайтын ұлттық ойындар;
6) суда ойналатын ұлттық ойындар;
7) әскери-өнерлік элементі бар ұлттық ойындар;
8) столдаойналатын ойындар;
9) ат-спортына қатысты ұлтық ойындар;
10) атракциондық ойындар;
Дене тәрбиесі және спорт үйлесімді жан-жақты адам тәрбиелеуге бағыттаған. Бұл міндеті шешуге ұлттық, халақ интернационалдық тәрбиенің барлық әдістерімен құралдары бағытталған.
Ұлттық негізбен, сана сезімме,ұлттық пікірмен байланысты ұлттық спорт мүдделері, бұл дегеніңіз үлкен спорт саласына тартылған, ұлттық эготстік сезімдерден жоғары тұған, қазіргі қоғамда өмір сүретін обьективтік шындықты түсінуге өзін мәжбүр ете алатын белгілі бір ұлт өкілдерінің соншалықты бір деңгейге көтерілгенкөрсеткіштер болып табылады.
Дене шынықтыру-спорт ойындарын екіге бөлген:
v жедел қимыл денешынықтыру-спорт ойындары:
v баяу қимыл денешынықтыру-спорт ойындары.
Жедел қимыл денешынықтыру-спорт ойындары зат қолданылып ойналатын ойындар болып бөлінеді оны тағы да төртке бөлген:
Ø атпен ойналатын жедел қимыл ойындар;
Ø атқа байланысты емес жедел қимыл ойындар;
Ø допен ойналытан ойындар;
Ø сүйекпен ойналатын ойындар.
Бұның ішіндегі бастауыш сыныптарда топ ойын түрлері атпен ойналатын жедел қимыл ойындар, атқа байланысты емес жедел қимыл ойындар, допен ойналытан ойындар бірігіп-дене кбастауыш сыныптардаін сомдап, адам ағзаларын шыңдап, дене саламатылығын арттыруғанегізделген ойндар деп жекелеген.
Ал сүйекпен ойналтан ойындардың өзін екіге бөлген:
1) асықпен ойналатын ойындар ,
2) сүйекпен түнде ойналатын ойындар.
Бастауыш сыныптарда ойлау арқылы орындалатын ойындарды төрке бөлген:
ü логикалық оймен математикалық сызбаларға негізделген ойындар. Оны ары қарай: өзі–ойша санауға, ауызша есеп, амалдарға қолдануға, ойлауды дамытуға негізделген ойындар;
ü тез ойлау жедел шешімді талап ететін ойындар;
ü феласофиялық ой жүйенідамытуға негізделген ойындар деп атап оны ақыл-ойды шыңдауға арналған ойындар деп топтаған.,
ü абстракциялықойлау мен тіл дамытуға негізделген ойындар деп топтаған ойындардың өзін жануарларға байланысты абстракциялық ойды реттеп жүйелейтін ойындардеп келтірген. Төрт ойын топтары да ақыл-ойды шыңдауға дүние танымды дамытуға арналған ойындар деп топталып, түйінделген [2].
Біз өз зерттеуімізде қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағындағы жүгіру, секіру, тепе-теңдік сақтау, еңбектеу, өрмелеу қимыл-қозғалыс, лақтыру және қағып алу, жалпы даму жатығулары бойынша жеке-жеке бөліп, оқушылардың ағзасын шынықтыру барысындағы сабақты қызықты әрі пайдыалы өткізуді көздедік.
Мектеп жасындағы оқушыларға қажетті ұлтық ойындарды топтау барысында ойынның мазмұны мен орындалысы, ойын тақырыбы, оның қозғалыс қызметі мен ережесін меңгеру қажет. Себебі осы ұлттық ойынның мазмұны оның тәрбиелік маңызын анықтап, баланың ойын қимылын қаншалықты қабылдайтынын көрсетеді. Ойын мазмұнынан қимыл-қозғалыс тапсырмасын қаншалықты ұйымдасып орындалғаны көрінеді.
Ұлттық ойындардың ел арасында кең тарауының арқасында бір ойынның әр жерде әртүрлі тәртіппен ойналуы және олардың аттарының әртүрлі болып келуі жиі кездеседі. Осы жағдайды ескере келіп ойындарды жүйелеу, топтау және атау беру мәселесі шығады. Топталып, жүйеленбеген ойындарды тәжірибелік тұрғыдан қолдану ережесін айқындау мүмкін болмайды.
Ұлттық ойындарды жүйелеу, топтау ісімен ғалымдар көптен шұғылдануда. Біз төменде осы күнге ұлттық ойындарды жүйелеуге байланысты жазылған еңбектерге тоқтала отырып өз тарапымыздан ойындарды жүйелеудің жаңа жолын ұсындық, ондағы мақсатымыз ұлттық ойындарды меңгеру, оның ұлттық ерекшелігін мейілінше ашып көрсетуге сптігі болсын деген мақсатты ұстандық (1-сурет).
Оқушылар ойын ережесіне сәйкес ойынның мазмұнды сюжетіне сәйкес қозғалысты тоқтатады немесе қимылын өзгертеді. Сюжетті ойынға қатысушылар қимыл түрлерін жиі қайталауын әдетке айналдырғанда ғана ұлттық ойындарды меңгеру өз нәтижесін береді.
Оқушылар ойын ережесіне сәйкес ойынның мазмұнды сюжетіне сәйкес қозғалысты тоқтатады немесе қимылын өзгертеді. Сюжетті ойынға қатысушылар қимыл түрлерін жиі қайталауын әдетке айналдырғанда ғана ұлттық ойындарды меңгеру өз нәтижесін береді.
Мазмұнды сюжетті қозғалмалы ұлттық ойындардың бір ерекшелігі оқушыларға сомдалған бейне кейпіндегі ойындарды барлық ойыншыларға бірдей қатысты ереже арқылы орындату естерінде жақсы сақталады. Мазмұнды сюжеттік ойындарға негізінен топтық құраммен ойналады. Ойыншылар саны әртүрлі болып келеді және ойынды жылдың әр мезгілінде ойнауға болады.
Мазмұнды сюжеттік ойындардың пайдасы оқушылар аңдарды, құстарды, заттарды бейнелеп үйренеді. Оқушылардың қимыл-қозғалыс әрекеттері бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді.