Уелбек Қоңыратбаев – дарынды зерттеуші

Бүгінде көпшілік қауымға жол тауып отырған сол мұралар ғылыми оралымға еніп, ел, халық игілігіне айналып келеді. Ғалымның мұрасы әлі де зерттеліп, зерделене береді деген сенімдеміз. Себебі, оның ғылыми ізденістері мен қаламгерлік, ағартушылық қызметі ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ тарихымен тікелей қабысып жатады. Небәрі 16 жасар Әуелбектің қаламынан туған өлеңдер поэзия өнерінің биік табысы бола қоймас. Бірақ олардан болашақ қаламгердің жаңа өмірге деген талпынысы мен өзіндік ой-өрісін, шығармашылық қарымын байқауға әбден болады. Оқу-білімге деген құлшыныс, көкіректі кернеген алып-ұшпа талап жиырмасыншы жылдары жастарды жайбарақат қалдыра алмаған. Үлкен шығармашылық ізденіске бой ұрған Әуелбек Қоңыратбаев та көп оқып, көп ізденіп, көп жазған. Ұстаздары – В. Бартольд, Ә. Диваев, Ж. Аймауытов және Х. Досмұхамедовтерден әдебиет тарихы мен теориясының мәселелеріне жетіле түссе, М. Жұмабаев пен Б. Күлеев поэзияларының әсерімен жастық кезеңді терең сезім, көркем сөз арқылы бейнелеуге ұмтылған. 1925 жылы Ташкент Халық ағарту институтын аяқтаған бойда Ә. Қоңыратбаев республикамыздың сол жылдағы орталығы Қызылордаға оралып, Қарақалпақ автономиялық облысында совпартшкол лекторы, ауыл шаруашылық техникумында оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1927 жылы Қызылордаға келіп, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің мұғалімі, «Қосшы» одағының Қызылорда округтік атқару комитетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарады. Бірнеше рет уездік кеңеске депутат, президиум мүшесі болып сайланады. 1927-1930 жылдары Ә. Қоңыратбаев тағы да поэзияға бет бұрады. Қаламгердің «Әйел теңдігі» журналында жарияланған «Болады сәуле, Күләндә», «Сырласу», «Теңдік жолы» сияқты лирикалық өлеңдері жастық шақ сезімдеріне толы.

Әуелбек Қоңыратбаевтың шығармашылық жолы мен әдебиеттану ғылымындағы табыстарын бірнеше кезеңге бөлуге болады: алғашқы кезең 1920-1935 жылдар аралығын қамтыса керек. Бұл жылдар ішінде Ә. Қоңыратбаевтың жаңа, социалистік қоғамға деген көзқарасы қалыптасып, қазақ халқының ауыз әдебиетіне деген құштарлығы мен сүйіспеншілігі арта түседі. Екінші кезең – 1935-1955 жылдар табысы болмақ. Бұл жиырма жылдық мерзімде Ә. Қоңыратбаев 100-ге тарта үлкенді-кішілі еңбектер жариялап, ғылым кандидаты деген атаққа ие болды. Әсіресе, оның Ғылым академиясының тіл-әдебиет институты бастырған «Абай шығармаларының басылымына түсініктемелерін», М. Әуезовпен бірігіп жазған «Қазақ әдебиетінің тарихы» кітабының фольклор бөлімін, «Қазақ совет әдебиетінің библиографиясын», сол сияқты «Орта Азияның ұлы ақындары» деген мақалаларын атап өтуге де болар еді.

Ғалым шығармашылығының үшінші кезеңін 1955-1965 жылдар арасында жазып, жариялаған еңбектері құрайды. Бұл он жылдық кезең Ә. Қоңыратбаев үшін аса жемісті болған. Осы кезеңде «Шолпанның ақындығы», «Қазақтың Қозы Көрпеш жыры туралы» монографияларын, «Әдебиетті оқыту методикасын», «Әдебиетті оқыту методикасының очерктерін» жариялайды. «Қозы Көрпеш жыры туралы» монографиясы ғалымдар тарапынан жақсы баға алған болатын. Автордың методикалық еңбектері күні бүгінге дейін өздерінің ғылыми-тәжірибелік мәнін жойған жоқ.

Әуелбек Қоңыратбаевтың білікті әдебиет сыншысы ретінде танылған тұсы да осы кезеңде болатын. Қазақ әдебиетінің бүгінгі күн талаптарынан туындайтын өзекті мәселелері мен сын теориясына арнап жазған 300-ге тарта мақалалары, атап айтқанда, «Шебердің қолы ортақ», «Даралау және психологиялық талдау», «Типтендіру проблемасы жөнінде бірер сөз», «Ақындық мәдениет туралы», «Көпсөзділік пен ықшамдылық», «Лирика жанры туралы», Сәкен, Бейімбет, Мұхтар, Әбділдә шығармашылығына реализм, романтизм ағымдарына байланысты жазылған дүниелері қазақ әдеби сынының өсіп-өркендеуіне үлес болып қосылды.

Профессор Ә. Қоңыратбаев шығармашылығының ең соңғы кезеңін 1965-1986 жылдар арасы деп айтуға болады. Бұл кезең ғалымның ежелгі түркі тайпалар мәдениетін зерттеуге бой ұрып, бірыңғай фольклористика ғылымына бет бұрған шағы болып табылады. Сол кезден бастап соңғы 15-20 жылдық мерзім ішінде Ә. Қоңыратбаев түркология саласында еңбектер жазды.

Бұл кезеңде ғалымның «Түркі сөзінің тегі неде?», «Орхон жазуындағы телестер кім?», «Этностар шежіресінен», «Тарихшы туралы дерек», «Ноғайлы жұрты кімдер?», «Ноғайлы жұрты туралы» сияқты көптеген ғылыми-проблемалық мақалалары, зерттеу еңбектері жарияланып, қазақ түркология ғылымына соны леп әкелген болатын.

Осы жылдар ішіндегі Ә. Қоңыратбаевтың үлкен бір табысы – «Ежелгі түркі тайпалар поэзиясы және қазақ фольклоры» деген тақырыпта жазған докторлық диссертациясы болған еді. Бұл еңбек өзінің құндылығымен көптеген ғалымдардың назарына ілігіп, С. Мұқанов, І. Кеңесбаев, Ә. Марғұлан, Ғ. Мұсабаев, Б. Кенжебаев, Х. Сүйіншәлиев, М. Дүйсенов секілді фольклорист ғалымдардан жоғары баға алған. Мұнда автор Орта Азия халықтарының бай фольклор мұрасын негізге ала отырып, ежелгі түркі тайпаларының ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетін сақ, үйсін, жужан, сәнби, одан бергі жердегі оғыз ұлысы, ноғайлы дәуірімен байланыстырып, Орта Азия ренессансы жайында тиянақты ғылыми тұжырымдар айта білді.

Әуелбек Қоңыратбаев – қазақтың алғашқы кәсіби шығыстанушыларың бірі. В. Бартольд, Е. Бертельо, В. Жирмунский сияқты аса көрнекті шығыстанушылардың ізін қуған ғалымның қазақ және шығыс әдебиетінің тарихи сабақтастығына арналған ізденістері әлі күнге өзінің ғылыми мәнін жоймаған. Олар енді-енді зерттеліп, ғылыми оралымға кірігуде. Ә. Қоңыратбаев еңбектеріне тән тағы бір ерекшелік – фольклор шығармаларын мезгіл-мекенсіз зерттемей, белгілі бір тарихи кезең шеңберінде сөз етуі. Ә. Қоңыратбаевтың ғылыми-шығармашылық ізденістеріне тән белгі – қазақ әдебиетінің тарихы, әдеби-көркем сын және әдебиетті оқыту әдістемесі салаларында қатар еңбек етуі.

Ғалымды қазақ әдебиеттану ғылыми ізбасарларының бірі ретінде бағалауға толық негіз бола алады деген сенімдеміз. Оған көрнекті қазақ әдебиеттанушыларының әр жылдары айтылған пікірлері мен лебіздері куә. Ғалымның фольклортану, шығыстану, түркітану, әдебиет тарихы мен сыны салаларындағы күрделі еңбектері қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу, кемелдену кезеңдерімен тығыз байланысып жатады.

Әуелбек Қоңыратбаев – қазақтың аса көрнекті ғалымы. Оның еңбектерінсіз қазақ әдебиеттану ғылымының 20-80-ші жылдардағы тарихы түгелденбейді. Әуелбек Қоңыратбаев туралы Жанұзақ Қожаберген: «Білімінің тереңдігіне найза байламайтындығына қарамастан барынша қарапайым киінетін, барынша қарапайым жүретін Әуекеңнен өзіңе беймәлім бірдеңелерді жанамалап сұрай қалсаң, соқырға таяқ ұстатқандай етіп таба қазығына тақап дәл, нақты айтып бергенде амалсыз жағаңды ұстаушы едің» - дейді. Әуелбек Қоңыратбаев - нағыз ғалым прототипі, бүкіл болмысымен типтенген кейіпкер.

Жиембет Бартоғашұлы ((1570-1575) жылдар шамасында туып, 1643 жылы дүниеден қайтқан). Қазақтың аса талантты жырауы, биі әрі жеңімпаз батыры. Ол Кіші жүздің Байұлы тайпасының Тана руынан шыкқан. Жиембеттің жас шағы қазіргі Батыс Қазақстан аймағының Өзен, Жем, Арал аралығындағы ауылдарда өткен. 16 жасынан хандар, билер, батырларжанында жүріп, ел билігіне араласады. Өсе келе ол Есім ханның беделді биі әрі батыры дөрежесіне көтеріледі. Талай ұрыс, шайқастарға катысып, ерлік көрсетеді. Ханның жауынгер жасағын баскарып, жеңімпаз қолбасшы болады. Ол сонымен бірге Еңсегей бойлы Ер Есімнің кіші жүз еліндегі ең бір беделді бас биі ретінде танылады. Жиембет әсіресе 1620 жылғы Есімханның ойрат-қалмақтармен соғысы кезінде ерекше ерлік, тапқырлық көрсетіп, шапқыншы жауды ойсырата жеңіп, бетін кайтарады.[1]. Жиембет жыраудың ересен ерлігі мен әділ де алғыр билік қызметі былай жазылған: "...Ол Есім ханның кіші жүздегі ел басқарушы биі, қолбасшы батыры болған. Қалмақтарға қарсы 1620-27 жылдарғы жорықтарға қатысып ұйымдастырушылық қабілетімен, ерлігімен көзге түскен". Сөйтіп ол үлкен абырой, беделге ие болады. Жиембет бидің Есім ханмен бұл достық қарым-қатынасы ұзаққа бармайды. Екеуінің арасында ел аралық бітімгерлік, жер дауы, жесір дауы кезінде келіспеушілік өрістей береді. Бетің бар, жүзің бар демей, турасын кесіп айтатын қайсарөжет би Есім ханның кейбір озбыр жөн-жосықсыз іс-әрекеттеріне қарсы шығады. Оның бұл мінезі ханға да жаға бермейді. Сөйтіп хан мен бидің арасы суи бастайды. Жиембет ханнан іргені аулақтатып, қол астындағы елге өзінше билік жүргізе бастайды. Мұны білген хан оның соңына түсіп, куғынға салады. Сонда бір кездесуде Жиембет жырау Есім ханға былай депті:

Еңсегей бойлы Ер Есім!
Есім сені есірткен,
Есілде менің кеңесім.
Ел білгеннен Есім хан,
Қолыңда болдым сүйесін,
Қолтығыңа болдым демесін.
Ертеңгі күн болғанда,
Елің кеңес құрғанда,
Айналып ақыл табарға,
Есіктегі ебесін;
Сонда ханым не десін?!
Мен жоқ болсам, Есім хан,
Ит түрткіні көресің.
Жиембет қайда дегенде,
Не деп жауап бересің?..
Менімен ханым ойнаспа!
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пенен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайыңдай.
Зорлығымды сұрасаң,
Бекіре менен жайындай.
Беріктігімді сұрасаң,
Қарағай менен қайыңдай.
Көруші едім Есім хан,
Ханымды - күнім, сізді - айымдай.
Сырым саған түзуді,
Садаққа салған бұлындай.
Жұмыскерің мен едім,
Сатып алған құлындай.
Жүруші едім аранда,
Өзіңнің інің мен ұлыңдай.
Есімде мені сүймеуің,
істетпекке қойған тілің деп.
Мен өлсем құнсыз кетер деме сен,
Кешегі өзіңнің ұрып өлтірген,
Тілеуберді құлыңдай!
Тілеуберді құлың мен емес,
Менің ер екенімді көргенсің,
Әуелден бірге жүргенсің,
Дегенімді кылғансың,
Қайратымды білгенсің,
Аптықпа ханым, күңнен соң,
Сіздің естен кеткенмен,
Біздің естен кеткен жоқ.
Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,
Соқыр бурыл байталға,
Сонда бір жайдақ мінгенсің.
Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,
Қаланың қасы бүлгенде,
Хандар қалаға қылаған,
Сұлтандар суға сылаған.
Қаз мойынды Ханымша,
Қалада тұрып жылаған.
Тал шарбакқа мал сақтап,
Тас қалада жан сақтап,
Тасқан екен мына хан!
Қайрылып қайыр қылуға,
Қылғаның жоқ ұнаған.
Қайратым қанша қайтса да,
Мұныңа ханым, шыдаман!
Арқаға карай көшермін.
Алашыма ұран десермін,
Ат құйрығын кесермін,
Ат сауырсын берермін.
Алыста дәурен сүрермін.
Қарамасаң, ханым, қарама,
Сенсіз де күнімді көрермін.

Міне содан бері бұл толғау ел жадында сақталып, жатқа жырланып бізге жеткен.

Хан мен би арасындағы сол бір келіспеушілік өрши түседі. Бұл жанжалға енді мынадай бір жесір дауы кеп жалғасады. Ол былай: Қасым ханның атасы Тәуекел өліп, оның Ақторғын дейтін әйелі жесір калады. Ақторғын өзі сұлу, келбетті, әрі ақылды болса керек. Қасым ағасының жылы өткен соң Ақторғын жеңгесін әмеңгерлікпен өзі алмақ ойда жүреді. Ал, Ақторғын болса, өзі сүйетін Жолымбет нағашысының бір батыр насат інісімен көңіл қосып жүріп, жүкті боп қалады. Мұны сезген Қасым хан енді бұрынғыдан бетер қаһарланады. Жиембеттің батыр інісі Жолымбетті қарауындағы мың сан қолымен шүршіт соғысына айдайды. Әлгі батыр жігітті зынданға салады. Жиембет биді ойрат соғысынан қолға түскен құлдарға косып, жер аудармақ болады. Хан бұйрығы бойынша Жолымбет батыр өз сарбаздарымен шығысқа аттанып, алты ай дегенде зор жеңіс, мол олжамен оралады. Жүздеген пенде-шүршітті ханға әкеп сыйға тартады. Есім хан бір жағынан Жолымбеттің бұл ерлігіне риза болса да, екіншіден іштей оған деген өшпенділігін тастамайды, қайта өршіте түседі. Бір айтыс тартыста Жолымбеттің көзін жоймақ боп оны әуелі зынданға тастатып, артынан дарға асылсын деп, жұртқа жар салады. Осы жарлықты есіткен Жиембет би дар басына жетеді, сөйтеді де анадай жерде би, батырлар ортасында тұрған Есім ханға тура барып былай деп зәрлі де, қаһарлы жырын термелейді:

Өмірің қатты, Есім хан,
Бүлік салып бұйырдың.
Басын бер деп батырдың,
Қанын ішіп канбаққа,
Жанын отқа салмаққа,
Атадан жалғыз ол емес,
Хан ие, ісің жол емес!
Жолбарыстай Жолымбет,
Құрбандыққа қол емес!
Жол тосып алып кетіпті,
Қалмақтан алмақ сыйыңды,
Қаһарыңды басқалы,
Қалың елім жиылды.
Бастап келген өзге емес,
Жиембет сынды биіңді,
Малын салып алдыңа,
Әр саладан құйылды.
Он екі ата Байұлы,
Бір Тәңіріге сыйынды.

Жиембет жырау осылай дегенде, хан Есім райынан қайтып, дар алдында тұрған Жолымбетті босаттырып жібереді.

- Жырауым, - дейді хан Жиембетке қарап - мен өзіңді сыйлап бір өтінішіңді қабыл алдым. Енді сіз де бұрынғы райыңыздан қайтарсыз?! - Қайтпағанда ше, хан ием, - деп би екі бүктелген бұзау тісті қамшысын төсіне басып оған ризалық білдіреді. Ханның Жолымбет батырды жазадан құтқарып, оның ағасы Жиембет биді риза етуінде үлкен мән бар-тын. Жесір даулап бір батырды дарға асқанша, оның қарамағындағы қалың бұқара елді өзіне каратып, билік ауқымын бұрынғыдан да кеңейту, нығайту еді. Ол ең алдымен осыны ойлады. Егер осылай шешімге келмеген күнде, Жиембет жырау оның бұл озбырлығын бүкіл Жайық жағалауындағы елге жайып жіберуі мүмкін еді. Есім хан сөйтіп дегеніне жетеді.

Дау-дамай саябыр тауып, ел арасы мамыражай тыныштық қалыпқа келеді. Бірер жыл өткізіп алып Есім хан тағы да Жиембет бидің соңына түседі, ондағы мақсаты, Жиембет би ықпалында жүрген елдерді өзіне түгелдей каратып алып, өзінің хандық құзырын бұрынғыдан да кеңейту болатын. Оның бұл ойы Жиембет биді биліктен тайдырмайынша іске аспайтын еді. Сондықтан ол өзінің жендеттерін жұмсап Жиембетті қолға түсіреді де, оны Қиыр Шығысқа жер аудартып жібереді. Содан Жиембет би жат жерде азап шегіп күнелтеді. Бидің бұл жылдарғы хал-ақуалын бейнелейтін толғау, жырлары көп. Соның екі нұсқасын келтірейік:

Бірінші толғауы:


Басы саудың түгел - дүр,
Толған тоғай малы - дүр.
Тоқтамай соққан толағай,
Толастар мезгіл жеткей-дүр.
Керегеге ілінген,
Шабылмаған семсер тұр.
Жаудан алмай кегімді,
Есіл де өмір өткен құр.
Азап шектім аралда,

Екінші толғауы:

Қол-аяғым бұғауда,
Тарылды байтақ кең жерім!
Арманда болып барамын,
Қоштасуға аял жоқ,
Қалқаман, Шолан ерлерім!
Қайрылып кадам басарға,
Күн болар ма мен сорға!
Ханға қарсы тұрам деп.
Түн ұйқымды бөлгенмін,
Жұртымды жөнге салам деп.
Бас кессе де басылмай,
Ақ ісімді жасырмай,
Атқа мінген ер едік.
Қашырды бүйтіп елімнен,
Күйеуден безген қатындай.
Өзен, Арал жерлерім,
Қиядан қалды көрсеткен,
Төбеңе шығар күн бар ма?
Жотасы биік Дендерім,
Қайрымсыз болған хандарға,
Тиер ме екен бір күні,
Жолбарыстай шеңгелім!

Сол айдаудан Жиембет би 1643 жылы ауылына қайтып оралады. Бұл кезде Есім хан өлгенді. Ел-жұрты, ағайын-туыстары өзінің сүйікті биі, талай ел қорғаны болған батырын зор құрмет көрсетіп қарсы алады. Төбесіне көтеріп оған сый-құрмет көрсетеді. Айдау, бұғауда тапқан кесел, жарақатын жазуға көмектеседі. Бірақ жыраубұрынғыдай көсіліп жырлай алмайды. Дендеп кеткен ауру алмай қоймайды. Жетпістен асқан шағында бұл дүниемен коштасады. Біз Жиембеттің билік кызметіне қатысты сөз қозғадық, ал оның жыраулық таланты өз алдына арнайы сөз етуді кажет етеді. Жиембет жыраудың біраз толғаулары "Бес ғасыр" жинағында жарияланған.[2][3][4]

Кодекс Куманикус (лат. Codex Cumanіcus), «Қыпшақ тілінің сөздігі» – қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап (латын әліпбиінде қалыптасқан қысқаша атауы – СС), 82 парақтан (164 бет) құралған қолжазба.

Бірінші бетінде «1303» деген жазу бар. Еңбектің авторы мен жазылған жері белгісіз. Түркітану ғылымындағы жаңа деректер бойынша, бұл еңбек түпнұсқасы 1294 жылы жазылған да, оның бірінші көшірмесі 1303 жылы жасалған, ол 1330 жылы толығымен көшіріліп біткен (Л.Лигети). «Кодекс Куманикус» Дешті қыпшақта немесе Қырымда (Солхат қаласында) жинастырылып, бір ізге түсірілген. Осы өңірді қоныстанған қыпшақтарды Батыс Еуропа жұртшылығы кумандар деп атаған. 1303 жылы «Кодекс Куманикус» түпнұсқадан Алтын Орда мемлекетінің астанасы Сарай қаласының жанындағы Джан әулиенің ғибадатханасында көшірілген. «Кодекс Куманикус» готикалық көне қарпімен жазылған. Екі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімі (1–10 б.) – үш бағана етіп жазылған латынша-парсыша-куманша сөздік. Қалған жартысындағы сөздер лексикалық мағыналарына қарай топтастырылған. Мысалы, адамның дене мүшелерінің аттары, егіншілікке байланысты сөздер, т.б.

Екінші бөлімі (111–164 б.) – діни уағыздар. Осы бөлімдегі мәтіндер мен жұмбақтарды көрнекті неміс түркітанушысы А. фон Габен «кумандар әдебиетінің үлгісі» деп таниды. Көптеген қыпшақ сөздері көне неміс тіліне, кейде латын тіліне де аударылып берілген. Жеке сөйлемдер мен сөз тізбектері, жеке сөз тізімдері мен аудармасыз берілген жұмбақтар, қыпшақ тілінің латынша жазылған қысқаша грамматикалық очеркі де бар. Ол кезде (13–14 ғ-лар) Дунай өзенінен Жоңғар қақпасына дейінгі елдің бәрі де қыпшақ тілін түсінген. Батыс Еуропаның Шығысқа жорыққа шыққан адамдары Алдыңғы Азия, Таяу Азия, Кіші Азия, Орта Азия және Орта Азия елдерін аралау үшін куман (қыпшақ) тілін халықаралық тіл ретінде пайдалануға болады деп ұққан. Сол кездегі еуропалықтар үшін латын тілі қандай рөл атқарса, бірсыпыра Азия халықтары үшін куман (қыпшақ) тілі де сондай қызмет атқарған. «Кодекс Куманикус»Венециядағы Марк әулие шіркеуінің кітапханасында сақтаулы.

Аударылымдары[өңдеу]

Осы уақытқа дейін «Кодекс Куманикустің» қыпшақ тіліндегі бөлімі үш тілге аударылып, төрт рет басылып шықты: 1828 жылы француз тіліне (Г.Ю.Клапрот, Париж, 1-бөл.),1880 жылы латын тіліне (А.Кун, Будапешт, 1–2-бөл.), 1884 жылы неміс тіліне (В.В.Радлов, Санкт-Петербург, Кун баспасының негізінде), 1936 жылы түпнұсқа (факсимилие) түрінде бір рет жарық көрді (Гренберг, Копенгаген, түпнұсқа), 1942 жылы (Гренберг, Копенгаген, куманша-немісше сөздік). Қолжазба қазіргі Тіл білімі институтында бірінші рет орыс тіліне аударылып, түгелдей баспаға (1972) дайындалды, ал парсыша бөлімі 1972 жылы Иранда басылып шықты.

Ерекшелігі[өңдеу]

Қазіргі түркі халықтарының, олардың ішінде қыпшақ тобына жататын халықтардың қоғамдық, этнографиялық, саяси-әлеуметтік, әдеби-мәдениеттік, тілдік тарихын зерттеуге «Кодекс Куманикус» материалдарының тигізер пайдасы мол. Тіл ерекшелігі жағына ол қазіргі түркі тілдерінің, солардың ішінде қазақ тілінің орта ғасырдағы табиғи қалпын көрсетеді. «Кодекс Куманикустен» қазіргі қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі болып табылатын кейбір грамматикалық құбылыстар байқалады. Мысалы, ондағы сөздерде «ш» – аш (ач емес), «с» – тас (таш емес), «ж» – жол (йол емес), «т» – тізе (дізе емес), «к» – кел (гел емес), «у» дыбыстары – тау (тағ емес) айтылады. Көне түркі тіліндегі қатаң дыбыстардың орнына қыпшақ тілінде ұяң дыбыстар: кішік (кічік емес), еріндік дыбыстардың орнына езулік дыбыстар жұмсалады: келгіл (келгүл емес), т.б.[1]

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің

Ғылыми кеңесінде бекітілді.

30.06.2009 жыл. Хаттама № 10

БАҒДАРЛАМА-МИНИМУМ

13.00.02 - оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі

(бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ әдебиеті)

мамандығы бойынша кандидаттық емтихан тапсыруға арналған.

Алматы, 2009

13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ әдебиеті) мамандығы бойынша кандидаттық минимум емтихандарын тапсыруға арналған бағдарлама – аспиранттар мен ізденушілердің қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасу, даму тарихы, мақсат-міндеттері, мазмұны, зерттеу нысанасы, ғылыми-тәрбиелік негіздері жөніндегі мәселелерді терең зерттеп игеруіне бағыттама қызметін атқарады. Және сол арқылы әдіскер ғалымдар мен мамандардың кәсіби деңгейін көтеруді мақсат етеді.

Бағдарлама-минимум университеттердің оқу жоспарларындағы дәстүрлі «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» курсының материалдарын негізге ала отырып әдебиетті оқыту әдістемесі мазмұнының даму жолындағы мәселелерді зерттелу үрдісіне қарай жасалды. Бүгінгі күн талабында әдебиетті оқытудағы мұғалімдердің таңдаулы тәжірибелеріндегі ой түйіндері әдістеме пәнінің мәселелерімен байланыста берілді.

Наши рекомендации