Арнайы білім берудің құқықтық негіздері.
Адамның ең маңызды игілігі – жеке басының бостандығы мен құқықтары. Бұл құқықтар мен бостандықты қорғау, әлеуметтік қолдау, оны іске асыру механизмдері конституциялық-құқықтық жарықтарда және адам құқығы туралы халықаралық құжаттарда белгіленген. Азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениет саласындағы құқықтар жайла халықаралық құжаттар барлық адамдардың өмір сүруге, бостандыққа, жеке тұлғалық дербестігіне, ой-пікір, діни жолын таңдау, еңбек ету еркіндігіне, дем алуға, әлеуметтік қолдауға, қаржылық және моральды қызығушылықты қорғауды қолдайды.
Барлық еркіндік пен құқықтар жүйесінде ең маңыздысы білім алуға құқық. Бұл тұлғалар үшін ең қажетті құқық. Бұл құқықтан әр бала немесе жасөспірім ақыл-ойында, дене дамуындағы кемістікке сондай-ақ жыныс әлде кіші елдер өкілі болғандығына қарамастан айырылмайды.
Баланың білім алуға деген құқығы бірқатар халықаралық құжаттарда бекітілген, олар «Адам құқықтары жайлы Жалпы Декларация», «бала құқықтары жайлы Коненция» т.б. және өз еліміздегі құқықтық Заңдарда белгіленген, нақты ҚР Конституциясында және ҚР «Білім туралы» Заңы (2007), ҚР «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы (2002), ҚР «Бала құқықтары туралы» Заңы (2002).
ҚР «Білім туралы» Заңы 47 бапта білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі бекітілген. Нақты Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдау талаптарына сәйкес білім беру ұйымдарын және білім алу нысандарын таңдауға құқығы бар деп жариялайды.
11. Жетім балалар мен ата-анасының қорқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру.
ҚР «Білім туралы» Заңы 49 бапта ата-аналардың және де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері көрсетілген, олар:
- баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға;
- өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан консультациялық көмек алуға құқығы бар.
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арұылы қолдау туралы» Заңының 4 Тарауында Кемтар балалардың құқықтары бекітілген, нақты ата-аналарының және өзгеде заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген. 15 бап кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепілдікті түрде тегін алуға құқығын бекітті.
«Баланың құқықтары туралы Конвенцияда» мүгедек балалардың ерекше күтімге, білім алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортада, қоғамда толық құқылы өмір сүруіне, тәуелсіздігі мен әлеуметтік ортаға қосуды қамтамасыздандыру туралы мазмұны 23 бапта белгіленген.
«Мүгедектер тең құқылы мүмкіндіктермен қамтамасыздандыру туралы стандартты ережелер» (БҰҰ), мүгедектердің қалыпты дамыған тұлғалармен әлеуметтік жағынан да, саяси азаматтық, экономикалық, мәдени жағынан тең құқылы екендігі айтылған. Бұл құқықтық құжатта мүмкіндіктігінің түріне қарай (мысалы, көрмейтін тұлғаларға Брайль шрифтімен жазылған, фонографиялық жазалар және қажетті сәйкес келетін технологиялармен қамтамасыз ету) мемлекеттерде арнайы стратегиялар, ақпараттық қызмет пен қол жетімді құжаттарды әзірлеудің қажеттілігі жайлы бекітілген.
1994 жылы Испания мемлекетінде Саламанка қаласында ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың білім алуына «Саламанка декларациясы» қабылданған. Бұл құжатты енгізуіне Дүниежүзінің барлық мемлекеттер ал салысты. Аталмыш құжатта барлық адамдардың білім алуына тең құқылы екендігі жайлы, ерекше қажеттіліктілігі бар тұлғаларға арнайы білім алуына арнайы жағдайлармен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы айтылған, олар:
- әр баланың білім алуы мен оны жалғастыруға;
- білім алуында ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың жалпы мектептерде оқуға;
- инклюзивті білімді ұйымдастыру бағытында жалпы мектептерде дискриминациялық көзқарастарды алдын-алу, жою туралы;
- жалпы мектептерде инклюзивті білімді ұйымдастыру;
- арнайы білім беру бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеу т.б.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтарының теңдігі бірқатар заңдар мен құқықтық құжаттар жарияланып бекітілген, арнайы білім беру.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Философиялық білім арнайы педагогика үшін қандай қызмет атқарады?
2. Тәуелсіз өмір сүрудің мағынасын ашығыз.
3. Арнайы білім берудің қазіргі экономикалық жағдайына сипаттама беріңіз.
4. Арнайы психология мен арнайы педагогика байланысын ашып көрсетіңіз.
5. Мүмкіндіктері шектеулі балалардық құқықтарын қорғайтын негізгі құжаттар мен заңдарды атаңыз.
6. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңында қандай құқықтар туралы айтылған?
Әдебиеттер:
1. Специальная педагогика /Под ред.Н.М.Назаровой. –М., 2001.
2. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ҚР Заңы.-Астана. – 2002.
3. ҚР «Білім туралы» Заңы. –Алматы. –Юрист. – 2007.
4. Права ребенка. –Алматы. – Юрист. – 2007.
5. «Бала құқықтары жайлы Конвенция» БҰҰ, 1989.
6. ҚР «Бала құқықтары туралы» Заңы. –Астана. – 2002.