Мақсаты: Студенттерге балалар мен жасөспірімдердің тамақтануының гигиеналық қағидалары туралы түсінік беру.

3. Дәріс тезисі:

Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануына байланысты Академик А. А. Покровский "мөлшерленген тамақтану концепциясын" жасады, басқаша айтқанда, адамның тағамдық заттарға қажеттілігін оқу туралы негізгі ұғым, адамға қалыпты өміp сүру үшін тек тамақтың мөлшері мен қуаты ғана емес, сонымен қатар оны қамтамасыз ету үшін зат алмастыруды icкe асыратын да тағамдар керек. Өciп келе жатқан ағзаға бұл ерекше маңызды болып келеді жасына, жынысына, тұратын жеріне байланысты балалар мен жасөспірімдердің тағам құрамы мөлшерленген болуы керек.

Тағамның құндылығына, ақуыздың аминокислоттық құрамына, май мөлшеріне жіне өсімдік, минералдық тұздар мен витаминдерге көп көңіл бөлінеді. Тағамның мөлшері мен сапасы өciп келе жатқан ағза қажетлігіне сәйкес келуі керек, ceбeбi өciп келе жатқан ағза тағам жетіспеушілігіне және артықшылығына сезімтал болады.

Мөлшерленген тамақтану ұғымы туралы Тағамтану Институты балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық қажеттілігінің мөлшерін олардың жасы мен жынысына қарай құрастырады. Онда оңтустік және солтустік аудандарға қарап өзгертулер жасалды. Сол сияқты мөлшерлерден айырмашылығы Денсаулық Сақтау Министрігі бұрын да қабылданған, ұлдар мен қыздарға айырмашылықтары мен мөлшерлері енгізілген, 11 жастан ас асқандарға жануар тектестердің ақуызы және өсімдік майы, тағы басқалар көп мөлшерде бepiлyi қарастырылған.

Балалардың дұрыс тамақтануы тек оның тәртібін дұрыс ұйымдастырғанда ғана мүмкін. Оның ережелері:

1. Тамақтанудың уақыттары мен олардың араларындағы үзілістерді қатал сақтау;

2. Тамақтанудың аралық физиологиялық дұрыс уақыты;

З. Тамақтың бөлек-бөлек уақыттардағы саны және сапасы бойынша дұрыс бөлінуі;

4. Балалардың тамақ ішудің және тәртібінің шарттары. 1-7 жас аралығындағы балалар үшін арасында 3,5-4 сағат үзіліспен күніне 4-5 рет тамақтану ең дұрысы болып есептеледі. Одан артық некем тамақтану тиімсіз. Тамақтану уақыты тұрақты болу керек. Бұл асқазанның дұрыс сөл бөлуіне көмектеседі. Арасындағы үзілістерде балаларға ешқандай ас бермей және соңғы ас ұйқы алдында кемінде 2 сағат бұрын болу керек. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда тәбеті бұзылып, ас қорытылуы нашарлайды. Бір күндік ас мөлшері әрбір мерзіндерде дұрыс бөлінуі керек. Тамақтанулар санына байланысты таңғы ас пен кешкі ас біркүндік мөлшердің 20-25%-ын, түскі ас - 30-35%, 2-ші түстем кейінгі ас - 10-15% құрайды. Кейбір жағдайларда 5% мөлшерінде ауытқулар болуы мүмкін. Физикалық және сезімталдық жүктеме асқазан сөлдерінің бөлінуін төмендетеді. Сол себепті тамақтану алдында балаларға міндегті түрде 30 минуттық демалыс болу керек. Тамақтанудың ұзақтығы да реттелуі керек. Таңғы ас пен кешкі ас үшін ұзақтығы - 15-20 мин., түскі ас үшін - 20-25мин.

Санитарлық дәрігер тағам түрлерін құрғанда тиісті негізгі шарттарды міндетті түрде білу керек.

1. Тағам мөлшерінің қуаттылығы балалардың жасыңдағы қажеттіліктеріне және пайдалы заттар жағынан жыл мезгіліне, физикалық жүктемеге және климатқа байланысты сәйкес болуы керек. Жазғы мезгілде энергия шығымы көбейетіндіктен тағамның құндылығын 10% - ға арттыру керек.

2. Балалар мекемесінің жұмыс істеу ұзақтылығына байланысты тағам түрлері 3 -5 реттік тамақтануға дайындалады.

3. Тағам түрлері әрбір балалар және жасөспірімдер мекемелері үшін тағайындалған азық - түліктерден жасалады. Ет пен балықтан жасалған тағамды таңғы ас пен түскі асқа қосу керек, кешкі аска сүт, көкөніс және сүлы тағамдары ұсынылады.

Күнделікті мөлшерде ет, балық, май, көкөніс және нан болуы тиісті,

4. Тағам түрлері әр алуан болуы керек. Күні бойы тамақтар қайталанбауы тиіс.

5. Кез-келген балалар мекемесінде екі апталық үлгіде тағам түрлері жасалады, оның негізінде Тамақтану институтының жергілікті жағдайы мен ұсынысы бойынша үлгілі тамақ түрлері алынады. Және де тұрақты "жазғы" және "қысқы" екі тағам түрлері құрылады. Тағамдық мөлшердің құндылығы мен химиялық құрамын анықтау арнайы кестелер мен балалар тамақтануының басшыларының көмегімен жүргізіледі.

6. Күн ара үлгіге тамақ түрлері негізінде жинақталатын тағам түрлері құрылады, онда әрбір тамақтанудағы тағамның барлық порцияларының және жеке азық - түліктердің салмағы нұсқалған тізімі болуы керек. Тамақ түрлерінде тағам ішетін балалар мен қызметкерлердің санын да қосады. (МДБМ. қызметкерлері - 3 түрлі тағам ішеді.

7. Тағам түрлеріне қосылған және керекті азық-түліктер жоқ болса, оларды басқа химиялық құрамы ұқсас тағаммен алмастыру керек, ол үшін сәйкес алмастыру кестесін қолдану керек.

8. Балалар тамақтарының түрінде құнарсыз тағамдар (боьқа түрлері қара бидай наны) белсенді тамақ қорытуына себепкер болатын "В" тобының дәрумендері болу керек.

9. Тамақтану түрлерінде бөлінген ақуыз салмағы барлық жыл мезгілдерінде тұрақты болуы тиіс.

4. Иллюстрациялы материалдар:слайдтар

5.Әдебиет:

Азақ тілінде

Негізгі:

1. Кучма, В. Р.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы: оқулық. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 464 бет.

2. Приз, В. Н.Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын және сырқаттанушылығын бағалау: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2013

қосымша:

1.Бөлешов М.Ә.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы:оқулық-Эверо,2015

2.ЕрмановаС.А.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.-Ақ-нұр,2014

3.Ордабеков, С. О. Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы: оқу құралы - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012.

4.Бөлешов М.Ә. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.- Алматы: Эверо, 2010.

5.Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

6.Қорытынды сұрақтары:

1. Балалар тағамындағы ақуыз, майлар мен көмірсудың маңызы қандай?

2. Бірінші күнен бастап баланың негізгі тамақ түрі болып табылады не?

3. Ас мәзірін дайындауға ұандай гигиеналық талаптар қойлады?

4. Балаларды неше жастан бастап өз бетінше тамақ жеуге үйрету керек?

№6

1.Тақырыбы: Балалар мекемелерінің жиһаздарына, құрал- жабдықтарына қойылатын гигиеналық тарлаптар

2.Мақсаты:Студенттердібалалар мекемелерінің жиһаздарына, құрал- жабдықтарына қойылатын гигиеналық тарлаптарментаныстыру.

3. Дәріс тезисі:

Балалар мен жасөспірімдердің жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар

Жиһаздардың мөлшері баланың бой ұзындығына сәйкес болуы керек. Сол үшін балалардың бой ұзындықтары топтарға бөлінген, яғни жиһаздардың белгілі топтары белгілі бой ұзындығының топтарына сәйкес келуі керек. Сәби жасындағы балалар мен мектеп жасындағы балалардың бой ұзындықтарының 6 тобы бар (80см - ден бастап 90см аралықпен 100см-ге дейін), соған сәйкес жиһаздардың да әріппен белгіленген 6 тобы бар А, Ә, Б, В, Г, Д. Мектеп оқушылары үшін бой ұзындығының 5 тобы бар (130см бастап 15 см аралықпен) және жиһаздардың әріптерімен белгіленген 5 тобы бар: А, Ә, Б, В, Г. Жиһаздардың әрбір тобына цифрмен немесе әртүрлі бояулармен белгі салынады. Цифр белгісі болшекпен көрсетіледі (бүлінгіште жиһаз топтары, бой ұзындығы және ол жиһаздың томенгі бетіне жазылады). Түрлі-түсті белгіні жиһаздың бүйір жағына, диаметрі 20мм дөңгелекпен, жиһаз мөлшеріне сәйкес түрмен бояп жазады.

Бірдей жас топтарындағы бой ұзындықтарының ауытқуларын есепке

алған кезде, әрбір сыныпта екі топтың жиһаздары болуы керек. Көптегензерттеулер, бүтіндей алғанда (1-10 сыныптарда) жиһаздардың «А» тобына10%, «Ә», «Б», «В» - топтарына 25-30% және «Г» тобына 5% келетінін көрсетеді.

Жиһазды дұрыс таңдап алу үшін әрбір сыныптағы мектеп оқушыларының бойы өлшенеді. Ол үшін әрбір сыныпта есіктің жанында бой өлшегіш таяқша болуы керек, онда бой ұзындығының әрбір топтары кеңдігі 15см түрлі-түсті жолақ арқылы жиһаздардың белгісіне сәйкес белгіленеді. Мұндай жағдайда мектеп оқушылары өздеріне қажетті жиһаз топтарын өздері анықтай алады.

Мектепке дейінгі мекемелерде 1 жастан 4 жасқа дейінгі балалар үшін 4 орынды үстелдер болуы керек, ал ересек балаларға тамақ ішетін кезде, екі орынды үстелдерді қолдануға рұқсат етіледі. Төрт орынды үстелдерді екі қатардан, ал, екі орынды үстелдерді 3 қатардан артық орналастыруға болмайды.

Мектептің жазу құралдар (қалам, дәптер, сия) балалардың кору мүшелері мен осы жастарында өте әлсіз келетін қолдарының ұсақ булшық еттеріне өте көп жүктеме түсірмеуі керек. Сондықтан жуан немесе өте жіңішке қаламдарды қолдану әріптерді дұрыс жазылуына кедергі келтіреді. Өзегі шариктен тұратын немесе сиясы автоматты түрде берілетін қаламдардың ұзындығы 142-150 мм, диаметрі 8-10 мм, салмағы 10 граммнан артық болмауы керек. Осындай қаламдарды қолдану ыңғайлы болып келетінігигиенист, зерттеулер нәтижесінде дәлелденген Гигиеналық тұрғыдан

алғанда қаттылығы орташа (М,ТМ) ұзындығы 170-180мм, диаметрі 7-8ммқарындаштар мақсатқа сәйкес келеді Мектеп жасына дейінгі және мектепжасындағы балаларға кырлы қарындаштарды қолденуға болмайды.

Қазіргі қолданып жүрген ГОСТ бойынша мектеп дәптерінің ені 170мм, ұзындығы 250мм болып келеді.Дәптердің беттеріне түзу жолақтар салынады және ені 25-30мм жиектік жолақ қалдырады. Қиғаштау келген қисық сызықтар қолдың ұсақ бұлшық еттерінің қызметін жеңілдетеді және жазу жылдамдығының азаюына мүмкіндік жасайды деп есептеледі.

4. Иллюстрациялы материалдар:слайд

5.Әдебиет:

Азақ тілінде

Негізгі:

1. Кучма, В. Р.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы: оқулық. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 464 бет.

2. Приз, В. Н.Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын және сырқаттанушылығын бағалау: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2013

қосымша:

1.Бөлешов М.Ә.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы:оқулық-Эверо,2015

2.ЕрмановаС.А.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.-Ақ-нұр,2014

3.Ордабеков, С. О. Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы: оқу құралы - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012.

4.Бөлешов М.Ә. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.- Алматы: Эверо, 2010.

5.Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

6.Қорытынды сұрақтары:

1. Балалар жиhаздарының таңбалануына (маркировка) қойылатын негізгі талаптарды атаңыз?

2. Бөлменің техникалық жарықтануы жайлы айтыңыз?

3. Жиhаздар қалай белгілену керек?

4. Қазіргі кезде мектеп бөлмелерінде тақтаның неше түрін қолданады?

5. Балалар киімінің физикалық-гигиеналық материалдарының және құрастырылуының неге сәйкес болу керек?

Кредит

№7

1.Тақырыбы: Жасөспірімдерге дәрігерлік-кәсіптік кеңес және кәсіптік бағдар беру. Оқушыларға кәсіптік бағдар берудің медико- физиологиялық аспектілері.

2. Мақсаты: Жасөспірімдерге дәрігерлік-кәсіптік кеңес және кәсіптік бағдар берумен, оқушыларға кәсіптік бағдар берудің медико- физиологиялық аспектілерімен таныстыру.

3.Дәріс тезисі: Мамандыққа бағыт беру мектеп оқушыларының тілегі, денсаулық жағдайын, жеке басының ерекшеліктерін, сонымен қатар, қоғамға қажеттігін ескере отырып, оқушыларға мамандық таңдауға көмек көрсету үшін ғылыми негізделген көп аспектілі жүйесі.

Біздің қоғамда жасөспірімдерге мамандық таңдауға еркіндік берілген, бірақ, сол мамандақтардың қазіргі тізімі 50 мыңнан астам атаулардан тұрады. Мұнда, мектеп оқушыларының кейбіреуі денсаулығына байланысты немесе ағзаның жеке ерекшеліктеріне байланысты тізімде көрсетілген бірқатар мамандықтарға жарамсыз болады. Сондықтан мамандық тандау ерікті болып қана қоймай, сонымен бірге салалы түрде негізделген болуы керек.

(Мектеп оқушылары халықтың басқа контингенттеріне қарағанда, осы жастағы ерекшеліктеріне:

1.өзінің күші мен мүмкіндігін артық бағалау;

2.әртүрлі мамандықтардың ағзаның қоятын талап-тары туралы білімнің болмауы;

3.Денсаулық жағдайларындағы ауытқуларды елеп-ескермеу т.б. жағдайларға байланысты мамандық таңдау үшін медициналық қызметкерлердің бағыт беруін қажет етеді.

Оқушылар мұндай сұрақтарға күмеісті мектеп педиаторларынан, балалар емханасынан дәрігерінен, ересектер емханасының жасөспірімдер бөлмелерінен; сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің санитар дәрігерінен алады.

Мектеп оқушылары үшін мамандық таңдау олардың болашақтағы өмір жолын, оны ішінде денсаулық жағдаиын да анықтайтын маңызды қадамдары болып саналады.

Бірақ, жасөспірімдердің көбі осы сұрақ туралы анық пікір айта алмайды. Мысалы, Мәскеу қаласында жүргізілген зерттеулер тек бітірушілердің 20% ғана өзінің болашақ мамандығын таңдай алғандығы, 50% мамандық таңдамағандары, ал 30% кейбір тілектері болса да оны қалай іске асыруды білмейтіндігін корсетті. Жасөспірімдердің осы 80% мамандық таңдау кезінде маңыздылығы томен негіздерді басшылыққа алатындықтан қателікке көп ұшырайтындығы анықталды. Мұндай негіздерге, көбінесе, жолдастарына көзсіз еліктеушілік, немесе "модадағы" мамандықтарға еліктеушіліктер жатқызуға болады.

Сонымен қатар, дұрыс таңдалмаған мамандықтар елеулі қателіктерге әкеліп соғады, әсіресе жасоспірімдердің денсаулығына кері әсер етуі мүмкін

Кейінгі жылдардағы зерттеулер бойынша 8-10 класс оқушыларының 40%- ке жуығының денсаулығынан ауытқулар байқалады, яғни, бұл оқушылардың еркін Мамандық таңдауға мүмкіндіктері жоқ. Бұл жағдайларды ескермеу аурулардыасқындырып, соңынан мүгедектгікке соқтыруы мүмкін. Егер таңдап алынған мамандық оқушылардың жеке өзі ерекшеліктерге сәикес келмесе, онда ол жүйке-психикалық бұзылуларға, тіпті осматикалық ауруларға ұшырауы мүмкін. Мамандыққа жарамсыздық өндірістердегі апаттардың жеке жарақаттанулардың себептердің бірі ретінде болады Еңбек сапасының төмен болуы, мамандардың тұрақтамауы осының салдарынан қоғамға материалдық зиян келтіру сияқты дұрыс таңдалмаған мамандықтың заңды нәтижесі болып саналады. Жоғарыда көрсетілгендерді есепке ала отырып, мамандыққа бағыт берудің мәселесінде 3 негізгі аспектілерді бөлуге болады:

1.Психофизиологиялық – жасөспірімдердің жеке басының ерекшеліктері, оның қабілеті, жеке психо-физиологиялық ерекшеліктері ескеріледі.

2.Медициналық - оқушының денсаулық жағдайы ескеріледі.

3.Әлеуметтік- экономикалық - қоғамға әртүрлі мамандықтың қажеттілігі ескеріледі;

4. Иллюстрациялы материалдар:слайд

5.Әдебиет:

Азақ тілінде

Негізгі:

1. Кучма, В. Р.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы: оқулық. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 464 бет.

2. Приз, В. Н.Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын және сырқаттанушылығын бағалау: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2013

қосымша:

1.Бөлешов М.Ә.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы:оқулық-Эверо,2015

2.ЕрмановаС.А.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.-Ақ-нұр,2014

3.Ордабеков, С. О. Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы: оқу құралы - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012.

4.Бөлешов М.Ә. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.- Алматы: Эверо, 2010.

5.Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

6.Қорытынды сұрақтары:

1.Кәсіби бағыттандыру дегеніміз не?

2.Кәсіби іріктеу дегеніміз не?

3.Кәсіби кеңес беру дегеніміз не?

4.Балаларға қай жастан бастап кәсіптік-бағдарлау жұмысы жүргізіледі?

5.Кәсіптік жарамдылықтың анықтамасын беріңіз.

№8

1.Дәрістің тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдер мекемелерін жобалаумен салуға қойылатын гигиеналық талаптар.

2. Мақсаты: Студенттерге балалар мен жасөспірімдер мекемелерін жобалаумен салуға қойылатын гигиеналық талаптар туралы түсінік беру.

Дәріс тезисі.

Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде сақтық санитарлық бақылау жұмысын дұрыс жүргізгенде ғана балалардың өсіп, дамуына қажетті қолайлы жағдаи жасауға болады. Ол үшін қаланың жалпы жоспарын өңдеп, келісу және тұрғын аудандар мен ықшам аудандардың жобаларын жеке талдап қарау жұмыстарын міндетті түрде санитарлық қызметтің қатысуымен жасаған кезде ғана дұрыс нәтижеге жетуге болады.

Қаланың жалпы жоспарын өңдеу кезінде СЭС, балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің қазіргі жағдайлары туралы санитарлық сипаттамалар негізінде санитарлық жоспар-тапсырма жасайды. Бұл тапсырмада міндетті түрде орындалуы қажет (мысалы, бала-бақшаны өндіріс орнының санитарлық қорғаныс зонасынан шығару, немесе материалдық- техникалық базасы санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін мектептерді қайта салу т.с.с).Қаланың жалпы жоспарын келісімге салу кезеңінде ең алдымен елді мекенінің балалар мен жасөспірімдер мекемелерімен қамтамасыз етілу жағдайы туралы сұрақты шешу қажет. 2.07.01-87 «Қалалық және ауылдық елді мекендердегі құрылыстарды жоспарлау», құрылыс нормалары мен ережелері (ҚНменЕ) бойынша мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (МДМ) саны, қалалық демографиялық. құрылысына байланысты болады және халықты МДМ қамтамасыз ету деңгейі 85% мөлшерінде алынады (жалпы түрдегі - 70% , арнаулы түрдегі - 3% және салауаттандыру түрі -12%). Демографиялық мәліметтер болмаған жағдайда, жаңадан салынатын елді мекендерге бұл көрсеткіш 1000 адамға - 180 орын есебінен алынады және құрылыс салынып жатқан тұрғын территориясында -1000 адамға 100 орыннан артық болмауы керек. Мектеп қажеттілігі мектеп жасындағы балаларды толық емес орта мектеппен (1-9 сыныптар) 100% және толық орта мектеппен (10-11 сыныптар) 75% дейін қамтамасыз ету есебінен алынады Жаңадан салынатын елді мекендерде -1000 адамға 180 орыннан кем болмауы керек. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерін орналастыру туралы сұрақтар да (тұрғын аймақтарды жобалау, жер учаскесімен қамтамасыз ету) осы кезеңде қарастырылады. Сонымен қатар, санитарлық-гигиеналық корсеткіштері бойынша немесе қала салу жағдайына байланысты қайта салуды қажет ететін объектілер анықталады. Санитарлық тапсырманың барлық шарттарының орындалу барысы тексеріледі. Сақтық санитарлық бақылаудың келесі кезеңі тұрғын аймақтың жобасының детальды жоспарын санэпид қызметімен талдап келісу болып табылады. Мұнда есепке алынған халықтың санына объектілердің жеткіліктілігі, олардың ықшам ауданда орналасуы, қызмет ету ауданы жер учаскесінің ауданы, ғимараттың бағытталуы, басқа ғимараттардан' ара қашықтығы, кұрылыс салу мерзімі соңғы рет дұрыстап тексеріледі Осы жњмыстарды жасауда төменде көрсетілген мөлшерлік талаптар сақталуы керек:

Қызмет ету ауданы көрсетілген мөлшерден жоғары болмауы керек-1.қаладағы мектепке дейінгі мекемелерде - 300 м ., кішкене қалалар мен ауылды жерлердегі мектепке дейінгі балалар мекемелерінде - 500 уг жалпы білім беру мектептерінде -750м, бастауыш сыныптарға арналған жалпы білім беру мектептерінде 500м.

2.Жер учаскесінде ауданы 1 орынға : Мектепке дейнгі мекемелердің сыйымдылығы: 100 орынға болғанда 40м 100 орынан жоғары болғанда 35 м 500 орынан жоғары болғанда 30м Жалпы білім беру мектептерінің сыйымдылығы:

-40-тан 400 орынға дейін - 50 м2 600-ден 800 орынға дейін - 40 м2

-800-ден 1100 орынға дейін - 16 м2

3.Ғимарат пен оның учаскесінің ара қашықтығы:

-қалада, қызыл сызыққа дейін - 25 м

-ауылдық жерде, қызыл сызыққа дейін - 10 м

-тұрғын үйлерге дейінгі ара кашықтық инсоляция, жарықтандыру мөлшері

бойынша.

4.Санитарлық мөлшер мен ережелер бойынша мектеп жасына дейінгі мекемелердң, жалпы білім беру мектептерінің, мектеп-интернатгардың ғимараттарының орналастырылуы мен бағытталуы болмелерде үздіксіз үш сағаттық инсоляция ұзақтығын қамтамасыз етуі керек. Жобаның детальды жоспарлануы негізінде ықшамаудан құрылысының жобасы өңделеді Осыдан соң сақтық санитарлық бақылау жұмысы бірінен кейін бірі жүретін негізгі төрт кезеңнен тұрады:

1. Жер учаскесін бөліп алуды келісу. 2 Құрылыс жобасын қарау. 3.Құрылысқа бақылау жүргізу.4.Объектіні қабылдап алу.

4. Иллюстрациялы материалдар:слайд

5.Әдебиет:

Азақ тілінде

Негізгі:

1. Кучма, В. Р.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы: оқулық. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 464 бет.

2. Приз, В. Н.Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын және сырқаттанушылығын бағалау: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2013

қосымша:

1.Бөлешов М.Ә.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы:оқулық-Эверо,2015

2.ЕрмановаС.А.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.-Ақ-нұр,2014

3.Ордабеков, С. О. Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы: оқу құралы - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012.

4.Бөлешов М.Ә. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.- Алматы: Эверо, 2010.

5.Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

6.Қорытынды сұрақтары:

1. Қай маман ескертпелі санитарлық қадағалауды жүргізеді?

2. Балалар мекемесіне қандай гигиеналық талап қойылады?

3. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерін жайландыруға қандай гигиеналық қағйдалар бар?

4. Балалар мекемесінің аймағын неге негіздеп көгалдандырады?

5. Балалар мекемесінің аумағын қанша пайыз көгалдандыру керек?

№9

1.Тақырыбы: Балаларды сауықтыру лагерлерінің жоспарлануы мен абаттандыруына қойылатын гигиеналық талаптар. Балалар мен жасөспірімдер ұжымдарында жазғы сауықтандыру жұмыстарын ұйымдастырудың гигиеналық сұрактары.

2. Мақсаты:Балаларды сауықтыру лагерлерінің жоспарлануы мен абаттандыруына қойылатын гигиеналық талаптарға түсінік беру, балалар мен жасөспірімдер жазғы сауықтандыру ұйымдарының жұмыстарымен тансу.

3. Дәріс тезисі:

Жазғы мезгіл жас балаларға, бүлдіршіндерге және барлық өсуші талаптағыларға сауықтыру жұмыстарын жүргізуге өте қолайлы екені белгілі Негізгі санитарлық жұмысты ұйымдастыру тәртібі барлық жазғы салауаттандыру лагеріне қойылады. Барлық салынып жатқан жазғы салауаттандыру орындарды санитарлық талаптар мен ережелерге сүйенуі және ғимараттың жабдықтауы үшін керек. Барлық жазғы салауаттандыру лагерлерде қайтадан салу кезінде Қазақстан Республикасының рұқсат еткен барлық талаптары бойынша полимерлік материалдарды қолдануы қажет,уақытша салынған ғимаратты жазғы салауаттандыру лагеріне қолданылатын болса, оныо аймағында немесе алаңдарында мөлшерлік құжаттан ауытқулар болса, онда оны сол жердің санитарлық эдидемиологиялық қызметкерлері шешуге тиісті. Жазғы салауаттандыру лагерлері жаз айында және жыл бойы қолданылуы мүмкін. Жыл бойы қолданылатын жазғы салауаттандыру орындары балаларды демалуына қоиылатын талапқа сай болуы керек.Ұжымның басшылары балалар лагерінің санитарлық- эпидемиологиялық қызметінің ғимараттар жоспары бойынша барлық талаптарын орындауы керек. Балалар салауаттандыру лагерлері екі топка бөлінеді:

1.сыйымдылығы 330 балаларға арналған жеке лагерь;

2.сыйымдылығы 690 балаларға арналған топтық лагерь;

6-9 жастағы (25 баладан аспауы керек) 10-14 жастағы'(30 баладан аспауы керек)

Жазғы салауаттандыру лагерлері ашылмастан бұрыш арнаулы комиссия құрылады. Комиссия құрамында санитарлық эпидемиологиялық станцияның дәрігері, орт сондіру техникалық және шаруашылық ұиымдарының қызметкерлері бірігіп акт толтырады. Лагерь аумағына санитарлық эпидемиологиялық қызметінің рұқсатынсыз кіруге тиым салынады, 317/у құжатында корсетілген. Салауаттандыру аймағында қызметкерлердің тұрғын үй, жеке колік тоқтайтын автоаялдамалар арналған аимақ болып бөлінеді. Негізгі құрылыс аймағы томендегідей функционалдық алаңдардан тұрады: тұрғын-үй, мәдени -тұрмыс, денешынықтыру- салауаттандыру, әкімшілік-шаруашылық, техникалық. Негізгі құрылыс аимағы биіктігі 0,9м-ден кем болмайтын қорғанмен қоршалып, оған кіретін екі жол - негізгі және шаруашылық жолдары қарастырылады.Қызмет етуге арналған аймақта қазандық, кір жуатын орын, жеке тазарту құбыры бар көлік тұрағы, кекөніс сақтайтын орын, қоймалар шеберханалар, қыста өсімдік өсіретін орын орналасады. Аймақ негізгі құрылыстын жел жағында орналасып, айналасы қоршалған және балалар бара алмайтындай болуы керек. Жасыл желектердің ауданы негізгі құрылыстың 60%-нан кем болмауы керек және барлық функционалдық алаңдар біркелкі көгалдандырылады. Тікені бар бұталы өсімдіктерді өсіруге тыиым салынады.

Негізгі құрылыс аймағының ауданын 1 орынға 150-200м2 есебіненалады. _ Аимақта денешынықтыру-салауаттандыру алаңы қарастырыладыоның ішінде міндетті түрде волейбол бадминтон, стол теннисі жеңілатлетика, ұзындыққа және биіктікке секіретін алаңдар, жгіретін жолдарболуы керек. Оған қосымша футбол, теннистік спорт, спорт ойындарынаарналған алаңдар және т.б. орналастыруға болады.

Спорт және ойыналаңдарында төмендегі ережелерді сақтау қажет: а) балалар міндетті түрдеспорттық киімде болуы; б) балалардың спорт заттары мен құралдарын дұрыспаидалануды, қауіпсіздік ережелерін сақтау жағдайын жақсы білуі- в) ауа-раиы құрғақ кездерде, алаңдарға сабақ басталардан 20 минут бұрын cv шашып шаңын басу.

Негізгі құрылыс аймағында 100 балаға 1 кран есебінде су ішетін фонтандар болуы керек.Қоқыс жинастыру үшін арнаулы бетондалған аланшалар белініп оған бетінде қақпағы бар қоқыс салғыш қойылады.

Суға түсетін жердің алаңын таңдау, балаларды салауаттандыру лагерлеріне арналған 1997 ж. Санитарлық талаптарға сәйкес жүргізіледі Бұл аимақ порттардан, шлюздерден, ГЭС-дан аулақта және лас су қосылатын жерлерден 500м жоғарыда орналасуы керек. Суға түсетін орындарды су көздерінің және ондіріс орындарының санитарлық- қорғаныш аумағының бірінші белдеулерінде орналастыруға тыйым салынады. Суға түсуге арналған орынның жағасы төмпешік, шұңқырлары жоқ, жазық болады. Балалар түсетін судың тереңдігі 1,3 м, су ағысының жылдамдығы 0,5м/сек-тен жоғары болмауы керек. Судың көбі откір заттардан, тастардан осімдіктерден, ағаш түбірлерінен тазартылған, таза құмды болуы тиіс Жағасына күн кезінен тасада орындық, ағаш төсектер орналастырылады.Суға түсетін орынның ауданы 1 адамға 4м2, ал жалпы ауданы лагерь сыиымдылығының 50%-ын қамтиды. Аймағы киім ауыстыруға арналган кабиналармен (50 адамға 1 кабина), дәретханалармен (суға түсетін жерден 20 м қашықтықта орналасқан), дене жуатын кабиналармен (40 адамға 1 кабина), су пнуге арналған фонтанмен жабдықталынып, одан ағатын судың биіктің 15-20см аралығында, ал судың сапасы ауыз суға арналған 3.01.067- 97 СанТменЕ-ге сәйкес болуы керек.

Бассейндегі су тұрақты түрде тазартылып, залалсыздандырылып отырады және ондағы коли-индекс 10-нан, жалпы микробтардың саны 100- ден, тотығу жағдайы 4мг/л және аммиак сақталу 0,05мг/л-ден жоғары болмауы тиіс.Суға түсетін жерді пайдалану кезінде негізгі хлордың концентрациясының деңгейі 0,5 мг/л -ден аспауы керек, түнде 1,5 мг/л дейін жоғарылатуға болады. Ауыз қуысының кілегейлі қабатына зақым келтірмеитіндіктен суды бромдау тәсілін пайдалануға болады. Осы мақсат үшін 5,5-диметил мен 1,3 дибромгидонтоинді пайдалану ұсынылады. Қалдық бромның концентрациясы 0,7-1,2 мг/л деңгейінде болуы керек, ал түнгі уақытта 2,0 мг/л көтеруге болады.

Лагерь ғимараты мен құбырларына қойылатын санитарлық талаптар-

1. Тұрғын үй ғимараты 2 қабаттан жоғары болмауы тиіс. Демалыс аимақтарда санитарлық эпидемиологиялық қызмет орындары мен өрт бақылау ұжымдарының келісімімен лагерьді 3 қабатты етіп жобалауға

2. Ғимараттың тұрғын бөлмелерінің терезелерін көкжиектің солтүстік аимағының 70-200 дейінгі кеңістігіне бағыттау қажет. Палаталық бөлмелерге лагердің жалпы сыйымдылығының 20% -ның есебінен алынған ересек жастағы балалар орналастырылады.

3. Бір ғимаратқа 4 топ орналаса отырылып, оның әрқайсысы қажетбөлмелердің жиынтығын толық қамтамасыз етіліп аймаққа шығатын жеке есіктері болуы қажет.

4. Лагерьде міндетті түрле медициналық қызмет корсету орны мен оқшаулатқыш жұмыс істеуі керек. Медициналық қызмет корсету орнында дәрігердің бөлмесі, тіс дәрігерінің болмесі, егу белмесі мен дәретхана қарастырылады. Оқшауланған палатадағы төсек саны лагерьдің жалпы сыиымдылығының 20%-ы есебінен алынады.

5. Лагерьдің асхана орны барлық балаларды бір мезгілде тамақтандыруға есептелінеді, бірақ есептелген орынның саны 120-дан аспауы керек.

6. Лагерь ғимараты шаруашылық су, ауыз су және ыстық су, тазалау құбыры жүиелерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Ауыз су 3.01. 067-97 СанТмЕ-не сай болуы керек. Су шығынының мөлшері тәулігіне бір орынға 130 лесебінен. оның ішінде 40 лыстық суға есептелінеді.

Орталықтындырылған тазалау құбыры болмаса лас суларды, тазартып шығаратын жеке жүйелер орналастыруға болады. Су өткізбейтін терең шұңқыры бар аулалық дәретханаларды тұрғын үй мен асханадан 50 м қашықтықта орналастырылады және 75 балаға бір орын есебінен алынады

7. Лагерьдің негізгі бөлмелерінің бәріне табиғи жарық түсуі тиіс Асхана қоғамдық мәдени бөлмелеріндегі табиғи жарық коэффициент 1%, ал тұрғын болмелерде 0,5%-дан кем болмауы керек. Жасанды жарық ретінде люминисцентті шамдарды пайдалану ұсынылады.

8. Бөлменің тобесі, қабырға, едені ылғалды тазартулар жүргізугезалалсыздандыруға кететіндей тегіс болады. Негізгі бөлмелерді жарықберетін ашық түстермен бояп, ал өндірістік қоймаларға арналғанбөлмелерді 1,5-1,8м биіктікке дейін су откізбейтін материалдармен қаптаиды.

Лагерьдің құрал-жабдықтары, жиһаздары балалардың жас бой ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс. ұйықтауға арналган болмелерді қосалқы төсектермен жабдықтауға тыйым салынады.

4. Иллюстрациялы материалдар:слайд

5.Әдебиет:

Азақ тілінде

Негізгі:

1. Кучма, В. Р.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы: оқулық. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 464 бет.

2. Приз, В. Н.Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын және сырқаттанушылығын бағалау: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2013

қосымша:

1.Бөлешов М.Ә.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы:оқулық-Эверо,2015

2.ЕрмановаС.А.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.-Ақ-нұр,2014

3.Ордабеков, С. О. Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы: оқу құралы - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012.

4.Бөлешов М.Ә. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.- Алматы: Эверо, 2010.

5.Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

6. Қорытынды сұрақтары:

1. Лагерге қабылдауды қандай мамандар жүргізеді?

2. Балаларды сауықтыру лагерлерінің түрлері қандай?

3. Жер участкесіне қандай талаптар қойылады?

4. Балаларды физикалық тәрбиелеудің негізгі шаралары қандай?

№10

Тақырып: Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастырудың қағидалары. Балалар мен жасөспірімдерді жыныстық тәрбиелеудің гигиеналық аспектілері.

2. Мақсаты:Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастырудың қағидаларымен және балалар мен жасөспірімдерді жыныстық тәрбиелеудің гигиеналық аспектілерімен таныстыру.

3. Дәріс тезисі:

Қоғамның басым мiндеттерiнiң бiрi - балалардың, жасөспiрiмдердiң және жастардың өмiрi мен оқуы үшiн салауатты да қауiпсiз жағдай жасау, санаткерлiк, рухани және дене күшiн дамытуды қамтамасыз ету, адамгершiлiктiң берiк негiзiн әрi салауатты өмiр салтын қалып- тастыру болып табылады.
Қазiргi уақытта республикада балалардың, жасөспiрiмдердiң және жастардың денсаулығына және адамгершiлiк мiнез-құлқына байланысты қолайсыз жағдай қалыптасты, олардың негiзгi себептерi мыналар:
1. жыныстық қарым-қатынас аясында адамгершiлiктiң аяққа басылуы;
2. денсаулықты сақтау мен нығайту жөнiндегi қажеттi бiлiмнiң болмауы;
3. үлкендердiң көмек көрсетуге қабiлетсiздiгi және әрбiр жасөспiрiмнің, жастың алдында туындаған сұрақтарға жауап бере алмауы;
4. жыныстық жолмен берiлетiн аурулар санының көбеюi;
5. кәмелетке толмағандар жүктілiгiнiң өсуi, оның салдары-аборт немесе көбiнесе баладан безiну мен әлеуметтiк жетiмдiкке, әкелiп соқтыратын жастай ана болу;
6. кәмелетке толмағандардың жезөкшелiгiнiң өсуi.
Соңғы он жылда жыныстық жолмен берiлетiн аурулармен (бұдан әрi - ЖЖБА) ауру күрт өстi және індет сипатына ие болды. Бұған бiр саяси, экономикалық жүйеден екiншiсiне көшу кезеңi, қоғамды басқарудың идеологиялық тетiктерiнiң әлсiреуi, жұмыссыздық деңгейiнiң өсуi, бұрын-нан бар мұраттар мен моральдық қағидаттардың бұзылуы, жыныстық мiнез-құлық нормалары-ның өзгеруi ықпал еттi.
Ең алдымен өскелең ұрпаққа адамгершiлiк-жыныстық тәрбие беру жөнiнде мемлекеттiк және қоғамдық сипатта шұғыл шаралар қолдану олардың бойында жағымды-белсендi тұлғаны қалып-тастыру, жасөспiрiмдерде болашақта берiк отбасылық қарым-қатынасқа бағытталған белсендi жеке ұстанымды орнықтыру, тәндiк және психикалық саулыққа ұмтылу қажеттігi туындайды. ЖҚТБ-ны қоса алғанда, ЖЖБА-ның (жыныстық жолмен берiлетiн аурулар) алдын-алу, жөнсiз жүктілiк, жыныстық қылмыстар мәселелерi қоса шешілуi тиiс.
Бұл бағыттағы қызмет мемлекеттiң өз азаматтарының денсаулығын қорғау саласындағы басты басымдықтарының бiрi болып табылады.
Адамгершілік-жыныстық тәрбие тұжырымдамасы жастарға бiлiм берумен байланысты мәселелердi реттеуге ықпал етуi тиiс.

2.Проблеманың қазiргi жай-күйін талдау

Барлық халықтың өсiмтал және сексуалдық саулығын бағалау жөнiндегі көрсеткiш топтардың бiрi балалар, жасөспірiмдер және жастар болып табылады.
15-17 жасар жасөспiрiмдер, Алматы қаласының 20 мектебi мен лицейiнiң 9-11-сынып оқушылары арасында жүргiзiлген жасырын сауалдаманы талдау сұрау салынған жасөспiрiмдердiң 33,6%-ның жыныстық байланыстан тәжiрибесi бар екенiн, олардың 61,2%-ның тұрақты жыныстық қатынас жасайтынын көрсеттi. Сұралғандардың 0,8%-ның 12 жасқа дейiн жыныстық байланыстарда тәжiрибесi болса, жасөспiрiмдердiң 12,6%-ы оған 15 жасқа дейiн ие болған.
Жасөспiрiмдер жезөкшелiгi едәуiр етек алды, жыныстық қатынас жасайтын сұрау салынғандардың 40%-ы сексуалдық қызметi үшiн сыйақы алған немесе алады.
Сұрау салынғандардың 0,5%-ы өздерiнiң қалыптасқан гомосексуалдық бағдарларын хабарласа, 1,3%-ы өздерiнiң бағдарларын бисексуалдық деп бағалайды, 7,3%-ы жыныстық құштарлығының бағытын белгiлей алмаған. Сұралған жасөспiрiмдердiң 23,3%-ы айына 2-3 рет және одан да жиi iшiмдiктi, 4,3%-ы есiрткiнi пайдаланады.
Жасөспiрiмдердiң 24,8%-ы өздерiнiң мерезбен ауырғандарын зорлаумен байланыстырады, сонымен бiрге сұрау салынғандардың 10%-ы алғашқы жыныстық қатынасының зорлау арқылы жасалғанын айтады.
Жыныстық қатынасқа түскен жасөспiрiмдердiң 14%-ы венерологиялық аурулармен ауырған. Мұндай жағдайда олардың бiреуi ғана арнаулы мекемеде емделген, ал 9-ы (64%) медициналық емес құрылымдардың қызметiн пайдалануды немесе өзiне-өзi ем қолдануды артық көрген. Республикада ауру проблемаларының сақталуы мен күшеюiне және оның сипаттарының нашарлауына байланысты мерезбен аурудың деңгейi жоғарылағаны: өз еркiмен медициналық көмекке жүгiнушiлердiң аз үлесi; қатысты адамдарды табу мен жауапқа тартудың азаюы; туа бiткен мерездiң өсуi; қаладағы сияқты ауылда да 14 жасқа дейiнгi балалар арасында мерезбен ауру деңгейiнің бiртiндеп өсуi байқалады.
0-ден 14 жасқа дейiнгi топта туа бiткен мерездің барлық жағдайы тiркелетiнiн, ал клиникаға негiзiнен 10-нан 14 жасқа дейiнгi мерезбен ауырған балалар түсетiнiн, олардың тек 12%-ы ғана сексуалдық жағынан белсендi екенiн ескерсек, 10-14 жастағылардың ауру деңгейiн сипаттайтын қарқынды көрсеткiштер бұдан да ұлғая түседi. Былайша айтқанда, 10-нан 14 жасқа дейiнгi балалардың саны 1620,6 мыңды құрайды, олардың 12%-ы сексуалдық жағынан белсендi немесе 194,5 мың, ал аурудың қарқынды көрсеткiшi 100 мың халыққа 239,6-дан келедi. Осы есептен алғанда сексуалдық жағынан белсендi мың баланың әрбiр екiншiсi мерезбен ауырған.
Ер балалардан гөрi қыз балалар ауруының өсуi алаңдатады, бұл әсiресе 15-17 жасар жасөспiрiмдер топтарынан байқалады. Шын мәнiнде жасөспiрiм қыздардың ауруы жасөспiрiм ер балалардың осындай көрсеткiштерiнен 2 есе асып түседi. 14 жастан жоғары жасөспiрiмдер тобындағы қыз балалардың тiркелген мерез аурулары санының бел алуы сексуалдық қарым-қатынастың коммерциялануымен байланысты.

Наши рекомендации