Сұрақ.Тұлғалық өсудің ішкі критерийлері.
Сұрақ.Толеранттылық адами құндылықтарға сипаттама
Толеранттылық латын тілінен аударғанда «tolerantia»-шыдамдылық,өзге көзқарастарға,мінез-құлықтарға,әдеттерге төзімділік таныту,қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алушылық деген мағынаны білдіреді.Толеранттылық-қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші.Толеранттылыққа қарама-қарсы қайшылықтардың (интолеранттылық) адамзат тарихының барлық кезеңінде де болғаны рас.Интолеранттылық шыдамсыз,үрейлі адам,ол кінәні өзінен емес басқа адамнан іздейді
Толеранттылық рухани,адами,идеялық,діни көзқарастар менің ұстанымдарыма жат болса да қабылдаймын дегенді білдіреді.XVIII ғ.француз жазушысы және философ Вольтер айтқандай, «сіздің пікіріңіз маған жат,бірақ сізге оны жақтау үшін мен өмірімді құрбан етуге дайынмын» деген болатын.Ол толеранттылықтың басты қағидаты.Бұл адамдар арасында өзара сыйластықты,мейірбандылықты білдіреді.Сондықтан,толеранттылық екі жақты сана:мемлекеттер,діндер,этностар және жеке адамдардың бір-біріне шапағат жасай білуі. «Толеранттылы», «толеранттылық» сөзі лат.тілінен,француз тіліне кейін еуропа тілдеріне енген.Оны «төзімділік» деп аударып жүрміз.Бірақ кейбір көзқарастар,мысалы,Татьяна Марголина төзімділік пен «толеранттылық» ұғымдарын ажырата келе,төзімділік өзгеге жол беру және оның амалсыздан істелетін шара екендігін айтса, «Толеранттылық» адам өз еркімен және саналы түрде баратын белсенді әлеуметтік мінез-құлық деп баға береді.
сұрақ.Тұлғалық өсудің ішкі критерийлері.
Тұлғалық өсудің басты психологиялық мәні – босаңсу, өзіңді және өмірлік мәнді табу, өзін жетілдіру және барлық тұлғалық негізгі атрибуттарды дамыту. Ал тұлға мен өзінің ішкі өмірімен қатынаста болу сыртқы әлеммен қатынаспен тең. Адам үшін принципиалды маңызды болып оның ішкі өмірін басқа адамдармен құрмет тұту. Осылайша тұлғалық өсу болу үшін интерперсоналдылық интраперсоналдылықпен басылмау керек және адам 3 негізгі шыңды байланыстырып, қатынас жасай алса ғана үлкен жетісьікке жете алады.Тұлғалық өсу әрқашан адамның жасына сай бола бермейді, бұл күрделі көпаспектті процесс және ол индивидуалды-өзіндік траекторияға ие болады. Толық тұлғалық өсу кезінде ондай өзгерістер адамның ішкі өмірімен қатынасы-интерперсоналдылық, сыртқы өмірмен қатынасы- интраперсоналдылық байланысты болады. Осылайша тұлғаның өсу критерийлері интер мен интраперсоналдылықтан қалыптасады.
Тұлғалық өсудің интраперсоналдық критерийлері:өзін қабылдау. Бұл өзіндік қабылдауды және өзіне деген махаббаты білдіреді. Адамның қаншалықты өзіне құрмет тұтатынын және өзіндік шешімге келе алу қабілетін өзіне қосады,өзіне деген сенім, өзіндік табиғатына сену де осыған жатады. Өзін түсіну-өзің және қазіргі күйің туралы тереңдетілген, толық және нақты түсініктің болуы; өзіңді шынайы ретінде қабылдай алу, адекватты және иілгіш «Мен» коцепциясы, жаңа тәжирибені ассимиляциялай алатын, идеалды «Мен» мен шынайы «Меннің» жақындасуы –осылардың барлығы тұлғалық өсудің негізгі тенденциялары
Тұлғалық дамудың интерперсоналдылық критерийлері:басқаларды қабылдау. Интерперсоналды бағытта тұлғалық өсу ең алдымен басқа адамдарға деген қатынасының динамикасында көрінеді. Тұлға неғұрлым басқа адамдарды қабылдай бастаған кезде, соғұрлым ол оның жетілгендігінің белгісі.Ол тек қабылдау ғана емес, оларға құрмет пен оларға деген сезімнен де білдіріледі. Ал ол өз кезегінде адамның табиғатына сене білу қабілетінің негізі де болады. Басқаларды түсіну-жетілген тұлға басқалардың ойларына елікпей, стереотиптерге бағынбайды. Ол адекватты баға беріп, сыртқы ортаны дифференциациялап, басқа адамдарды қабылдайды
Эссе: «Өзіңді басқара білу-ең басты қағида»
Өзін-өзі басқара алу өзіндік сананың өзіне қатынасы,өзін сыйлауы және өзін бағалауы сияқты эмоционалыдқ құрамдастықтарымен тығыз байланысты.Өзін-өзі бағалау-бір жағынан,өзін тану аумағындағы интегративті жұмыстың нәтижесі болса,екіншіден өзіне эмоционалды-құндылық жағынан қатынасы.Өзін бағалау-тұрақсыз шама,ол өркендей келе,әртүрлі болып өзгереді.
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды» құру біздің алдымызға үлкен мақсаттар қойып отыр. Ол - жеке тұлғаның және қоғамның,«парасатты экономиканың» қажеттіліктерін қанағаттандару үшін бәсекеге қабілетті, салауатты, тұлға қалыптастыру. Осындай мақсатқа жету үшін жоғары оқу орындары студенттерінің белсенді дамуына негіз болатын өзін-өзі басқару жүйесін құру заман талабы.
Студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің мақсаты – студенттерге білім, білік, дағдылар жиынтығын беріп қана қоймай, сонымен қатар,өмірдегі өз орнын анықтай алатын, сапалы білімі арқылы мүмкіндіктерін жүзеге асыратын, үнемі даму үстінде өз-өзін өмір бойы оқуға жетілдіріп отыруға қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып отыр.Сондықтан бүгінгі күні жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісі студентгердің өзін-өзі жан-жақты жетілдіру, өзінің қоғамдағы орны мен даму деңгейін айқындау, өзінің ішкі сезімдері мен сапалы қасиеттерін дамыту, қабылдау, сыртқы ортамен сарапқа сала отырып дамытуға бағытталуы қажет.Студенттік өзін-өзі басқару тұжырымдамасының негізін анықтау үшін ең алдымен мынадай сұрақтарға тоқталу қажеттігі туындайды:
-студенттік өзін-өзі басқару түсінігінің негізін анықтап алу;
-жоғары оқу орны жағдайларында дамуының мақсаттық құрылымдарын ашу;
-педагогикалық жоғары оқу орнындагы болашақ ұстаздық тұлға ретінде тәрбиелеу жүйесіндегі студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің студенттерді дамытудағы рөлі мен ерекшеліктерін белгілеу;
-педагогикалық жоғары оку орнындагы студенттік өзін-өзі баскарудың жолдарын аныктау;
Қорыта келгенде:гуманитарлық тәрбие беру парадигмасындағы болашак маманды әлеуметті белсенді тұлға ретінде дайындык кезіндегі казіргі заман талаптарына сай көзқарас тұрғысынан қарастыру. Осы сұрақтарға жауап ретінде өзін-өзі басқару құрылымының тұжырымдамалары мен теориялық кұжаттар негіздеріне сүйене отырып, біздер өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастырудың теориялық бағдарламасын қалыптастыруға тырыстық.Студенттердің өзін-өзі басқару қызметіндегі мәнін анықтауда,ең алдымен, оларға жоғары оқу орнында барлық негізгі жэне жетекші салаларына педагогтармен бірге қатысуына тең құқық беруге мүмкіндік туғызу қажет. Осыған байланысты студенттерді өзін-өзі басқару құрылымына дайындау, басқару қызметіне ынталандыру,басқарудың негізгі әдістерін үйрету үшін ең алдымен тұлға қалыптастыру механизмін ашып алу қажет.Олардың ішіндегі ең негізгілері - сараптау, жинақтау,салыстыру, сәйкестендіру және бағалау операциялары. Өзін-өзі басқару, сонымен қатар, сыртқы ортаны тану арқылы да әсіресе, яғни,сезім, қабылдау, өзін-өзі қадағалау, ойлау секілді үрдістерді тану арқылы да іске асады. Өзін-өзі басқарудың негізгі бастаулары -іс-әрекет және қарым-қатынас. Өзін-өзі басқару үрдісінде адамның іс-әрекет субъектісі ретіндегі өзі туралы бітімі қалыптасады, тұлғаның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасы ашылып, оның өзін-өзі бағалауының әділдігі сарапқа түсіп, саралана отырып өзін тез жиып айналасындағы студенттерді оңай ұғынып, болып жатқан процесті саралау, бақылау, қадағалау мүмкіндігі артады. Өзінің ішкі дүниесін ғана байытып қоймай өзге тұлғаның қалыптасуына тікелей әсерін тигізеді.Тұтастай алғанда көптеген авторлардың пікірі бойынша,тұлғаның өзін-өзі басқаруы - студенттің өзін-өзі тэрбиелеуінің, өз білімін жетілдіру мен өз тұлғасының өсіп-жетілуінің қажетті шарты.Декарттың дәлелдеуіне сүйенсек, өзін-өзі басқару процесінде тұлғаның өзін-өзі тануынан өткен жемісті жұмыс жоқ, бірақ – бұл үшін көрегендік пен ержүректік қажет. «Өзін-өзі адам ретінде зерттеп — білмеген адам өзге адамдарды да терең зерттей алмақ емес».