Тақырыптық сабақтың жоспары
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК
кафедра ХИРУРГИЯЛЫҚ АУРУЛАР №1
Силлабус
ДИСЦИПЛИННа: Андрология және репродуктивті медицина.Ерлер белсіздігі.Сексопатология.
ДИСЦИПЛИНА коды: UAAP-1
Мамандық: УРОЛОГИЯ ЖӘНЕ АНДРОЛОГИЯ
Оқу сағаттарының/кредиттерінің көлемі: 630/14
Оқыту курсы мен семестрі: 3 КУРС, 6 семестр
Ақтөбе 2015 жыл
Силлабус Хирургиялық аурулар №1 кафедрасымен урология
(кафедра/курс атауы)
«Андрология» модульдік оқу бағдарламасының негізінде құрастырылды
(дисциплина атауы)
Кафедра отырысында талқыланған ______ ______________ 20____
Хаттама №______
Кафедра жетекшісі ______________ профессор, м.ғ.д. Курмангалиев О.М.
Оқытушылар туралы мәлімет:
О.М. Құрманғалиев – кафедра жетекшісі м.ғ.д., профессор, жоғарғы дәрежелі дәрігер, педагогикалық жұмыс тәжірибесі -31 жыл, жалпы тәжірбиесі – 35 жыл. Тел. 53-42-60
М.Н. Сарқұлов – доцент, м.ғ.к., жоғары дәрежелі дәрігер, педагогикалық жұмыс тәжірбиесі- 12жыл, жалпы жұмыс тәжірибесі 16 жыл. Тел. 53-42-60
Қ.Г. Сүлейменов – кафедра ассистенті, жоғары дәрежелі дәрігер, педагогикалық жұмыс тәжірибесі-12 жыл, жалпы дәрігелік тәжірбиесі-16 жыл.
Е.Е.Саотаев- м.ғ.к., жоғары дәрежелі дәрігер, педагогикалық жұмыс тәжірибесі-10 жыл, жалпы дәрігелік тәжірбиесі-15 жыл
Косымша ақпарат
Хирургиялық аурулар №1 кафедрасының урология курсы Актөбе облыстық ауруханасының урология бөлімшесінің негізінде, м/ж Жаңа-қоныс ауылы, 3 қабатта орналасқан. Автобус бағыты № 21, 37. «АОБ» аялдамасы.
Сабақ кестесіне сәйкес №1, №2, №3 каф.жетекшісі және урология бөлімшесінің оқу кабинеттерінде жүргізіледі.
Тел. 53-42-60
1. Кіріспе: резидент андрологияны оқи отырып, төменгі несеп жолдары симптомдарымен көрініс беретін ауруларды, оның этиологиясын, жіктелуін, клиникалық көрінісін, диагностикасын, консервативті және оперативті терапия әдістерін хаттамаға сәйкес үйренеді.
2. Модульдік оқу жұмысы бағдарламасының мақсаты: Модульдік оқу бағдарламасының мақсаты: резидентті урология және андрология мамандығы бойынша клиникада мамандандырылған дәрігерлік көмек көрсетуді өздігінен орындауға дайындау.
Резиденттерді тиісінше дайындау және оқыту біріктірілген, тегіс қамтылған медициналық қызмет көрсетудің шешуші элементтері болып саналады.
Урология және андрология бойынша резидентураны аяқтаған соң, дәрігер өз бетімен жұмыс жасап және мамандандырылған урологиялық көмек көрсете білу қажет.
3. Модульдік оқу жұмысы бағдарламасының міндеттері
- резидентті несеп-жыныс жүйесі аурулары туралы заманауи теориялық білімді, несеп-жыныс жүйесі ауруларының принциптарын, диагностикалау әдістерін, емдеу, алдын-алуды игеруге дайындау;
- манипуляцияны жүргізу үшін практикалық дағдыларды оқыту, игерту;
- заманауи әдістермен қазіргі медицинаны және есеп-есеп беру құжаттамаларды жүргізуді игерту.
Уролог-андролог резидентті дайындау ,бұл маманды кәсіби білім мен икемділігін кеңейтуге бағытталған процесс, сонымен қатар, медицина, психология, әлеуметтану, менеджмент саясындағы дүниетанымын қалыптастыру. Осыған байланысты резидентураның оқу жоспары мен бағдарламасы клиникалық, фундаментальды және гуманитарлы дисциплиналардың біріктірілген түрінде қарастырылады. Резидентті базалық дисциплиналармен дайындау урология кафедрасымен орындалады.
4. Оқытудың қорытынды нәтижелері:
Резидент білуі тиіс:
- Несеп-жыныс жүйесінің анатомиясын және топографиялық анатомиясын, оның онтогенезін,
- Несеп-жыныс жүйесінің қалыпты және патологиялық физиологиясы бойынша басты сұрақтарын;
- Негізгі урологиялық аурулардың заманауи этиологиялық көріністерін, жіктелуін, олардың даму механизмдерін, жалпы және қосымша зерттеу әдістерін, урологиялық клиникаларда қолдану және емдеудің заманауи принциптерін;
- Негізгі несеп-жыныс жүйесі ауруларының клиникалық симптоматологиясы мен синдромологиясын, оларды алдын-алу, диагностикасы мен емін;
- Несеп-жыныс жүйесі ауруларының диагностикасын;
- Несеп-жыныс жүйесі ауруларының дифференциальды диагностикасын;
- Урологиялық ауруларды заманауи тәсілдермен зерттеу;
- Аурудың қорытындысы және болжамын;
- Клиникада қолданылатын урологиялық аурулардың фармакотерапия, физиотерапия, емдеу массажы және ЛФК және емдеудің басқа да тәсілдерін;
- Шұғыл көмекті қажет ететін урологиялық жағдайдағы науқастарға жедел көмек көрсетуді;
- Медициналық құжаттаманы жүргізуді.
Резидент жасай білуі тиіс:
- морфологиялық және биохимиялық қан және зәр талдауына; несеп-жыныс жүйесінің және кіші жамбас астауы мүшелерінің рентгенологиялық зрттеу әдістеріне; констрастты ренгенография әдісі (несеп-жыныс жүйесі мүшелерінің урография және ангиографиясы), абдоминальді сегменттің және кіші жамбастың КТ және МРТ; радиоизотопты и ультрадыбысты зерттеуге диагностикалық баға, интерпретация жүргізу;
- клиникалық синдромдарды бөлу, урологиялық ауруларды клиникалық және дифференциальды диагностикалау, клиникалық диагнозға негізделіп,науқастарға жүргізуді жоспарлау және тактикасы;
- диагноздың тұжырымын жасау, керек емдi тағайындауқ;
- қуык пункциясын жасау жане зерттеу нәтижесiн диагностикалық бағалау;
- урологиялық шұғыл жағдайлар кезiнде көмек көрсетy;
- госпитализациялау көрсеткіштерін анықтау және ұйымдастыру;
- аpнайы зерттеу әдістерінің қажеттілігін анықтау.
Резидент игеру керек дағдылар:
- жалпы дәрiгерлiк, диагностикалық жане емдiк манипуляцилар;
- анамнез жинау және науқастарды урологиялық зерттеу;
- сана мен психофизикалық дамуының деңгейiн анықтау;
- медициналық манипуляциялар:инъекциялардың барлық түрлерi
- дифференциалды диагностика өткiзiлуiмен жасалған объективтi және параклиникалық зерттеулер, жиналған анамнез бойынша, қолданыстагы классификацияға сәйкес диагноз қою.
Резидент келесi салаларда кұзыреттi болуы тиic:
- дәрiгерлiк саласындағы нормативтi-заңнамалы қызмет, есеп беру кұжаттарын жүргiзу,халық денсаулығының сапасын статистикалық талдау;
- наукаспен, оның туыстарымен, әрiптестерімен және басқа қызметкерлермен максималды сенiмдi қарым қатынас құру;
- зертханалық жане аспаптық зерттеу мен емдеудiң заманға сай әдiстерiн қолданумен өткiзiлген диагностика жане дифференциалды диагностика;
- төтенше жағдайлар кезiнде алғашкы дәрiгерлiк көмек көрсету; салауатты өмip салтын насихаттау барысындағы санитарлы-тәрбие жумыстары.
5. Перереквизиттер: Ішкі аурулар
Постреквизиттер: Акушерство және гинекология, онкология
6. Пәннің қысқаша мазмұны: Төменгі несеп жолдарының симптомдары: резидент андрологияны игере отырып, төменгі несеп жолдары симптомдарымен көрінетін ауруларды үйреніп, оның этиологиясын, жіктелуін, клиникалық көрінісін, диагностикасын, консервативті және оперативті терапия әдістерін хаттамаға сәйкес үйренеді.
Тақырыптық сабақтың жоспары
№ | Лекция тақырыптары | Сағат саны |
ҚР андрологиялық көмекті ұйымдастыру | ||
Ерлердің жыныс гормондарының функционалды жалпы физиологиясы | ||
Ұлдардың жыныстық жетілуінің бұзылысы | ||
Несеп жыныс жүйесінің бейспецификалық аурулары. | ||
Урогенитальды инфекция | ||
Сексопатология. Эректильды дисфункция. Копулятивті цикл бұзылысы . | ||
Ерлердің белсіздігі: этиология, диагностика, емі | ||
Ерлердің жыныс жүйесінің басқада аурулары. | ||
ИТОГО |
Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары:
№ | Сабақтың тақырыптары | Сағат саны |
ҚР андрологиялық көмекті ұйымдастыру.Бағдарлама «Ерлер денсаулығы».Андрология бөлмелерінің жабдықталуы. Ерлер денсаулығы және отбасы ұзақтығы орталығының структурасы. | ||
Андрологиялық науқастың зерттеу әдістері. Жалпы клиникалық тексеріс: пальпация, диафаноскопия, лабораторлы диагностика: уретрадан жағынды алу,простатадан секрет, спермограмма, жыныс гормондарын анықтау,УЗИ-жыныс мүшелерін зерттеу және допплерография.Құрғақ уретроскопия , ирригационды. | ||
Ерлердің жыныс гормондарының функционалды жалпы физиологиясы.Ерлердің жыныс мүшесініңэмбриология, анатомия және физиологиясы. Ұманың анатомиясы мен физиологиясы. | ||
Ұлдардың жыныстық жетілуінің бұзылысы .Ұлдардың жыныс жүйесінің дифферонцировкасы. Жатыр ішілік баланың дамуы эмбриология, генетика, эндокринология.Ұлдардың пубертатты дамуы (эндокринные аспекты).Пубертат туралы мәлімет.Ұлдардың жетілуінің кідірісінің себептері мен нұсқалары.Ұлдардың жыныстық дамуының уақытынан ерте синдромы. | ||
Ерлердің жыныс мүшелерінің аномалиясы. Ерлердің жыныс мүшелерініңкемістігі және эмбриологиясы. Атабездің структурасы және аномалиялық жағдайы. Жыныс мүшесінің және уретраның аномалиясы. | ||
6. | Несеп жыныс жүйесінің бейспецификалық аурулары. Простатиттің этиологиясы, клиникасы, диагностикасы және емі. Простатит пен уретриттің этиологиясы, клиникасы, диагностикасы және емі Эпидидимит пен эпидидимоорхиттің этиологиясы, клиникасы, диагностикасы және емі. | |
Урогенитальды инфекция. Хламидиоз, уреаплазмоз, микоплазмоз, трихомониаз, гарднереллёз, генитальды герпестің клиникасы, диагностикасы және емі. | ||
Жыныс мүшесінің және ұма жарақаттары. Жыныс мүшесінің жарақаты:ашық және жабық.Диогностикасы және емі.Ұманың жарақаттары:ашық және жабық.Атабездің жарақаты және асқынуы. Атабездің перекрут,алғашқы көмек. Варикоцеле және гидроцеленің диагностикасы және емі. | ||
Сыртқы жыныс мүшелерінің ісігі. Жыныс мүшесінде қатерсіз түзілістің пайда болуы.Ракалды ауруы.Жыныс мүшесінің рагы.Уретраның ісігі:қатерсіз,қатерлі.Мошонканың және атабездің ісігі.Атабездің герминогенді және нерминогенді ісіктері.Атабездің,епидидимус,жабындының ісігі . | ||
Ерлер белсіздігі:этиология, диагностика,емі. | ||
Ерлердің басқада аурулары: Пейрони ауруы, приапизм, склероатрофиялық лихен | ||
Барлығы: |
СРОП тақырыптық жоспары:
№ | Сабақ тақырыптары | Сағат саны |
Андрологиялық кабинеттің жарықтануы. Құжаттарға кіріспе. | ||
Андрологиялық аурулары бар науқастарды қабылдау.Қарау,уроандрологиялық аурулары бар науқастарды қабылау, МИЭФ и AMS анкеталарын пайдалану.Уроандрологиялық ауруларда диагностикалық протоколды қолдану. | ||
Урология бөлімшесіндегі науқастарға курация жүргізу. Қуықасты безінің және ұрық көпіршігінің қабынуы,диагностика, клиника және емі. | ||
Ерлердегі жыныстық бұзылыстардың диагностикалық әдістері.Андрологиялық науқастардың гормоналды статусын анықтау.Коррекция әдісі.Диагностикалық протоколды қолдану.Пейрони ауруындаем ретінде инновациялық технологияны хирургиялық тұрғыда қолдану. | ||
Андрологиялық науқастарға курация жүргізу.Ерлердің белсіздігін емдеу әдістері. | ||
Барлығы |
8. Студенттің өзіндік жұмысының тапсырмалары:
Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптары
№ | Тақырыптары СРР | Сағат саны |
ҚР андрологиялық көмекті ұйымдастыру. | ||
Андологиялық науқастарды заманауи қағида бойынша емдеу және диагностика. | ||
Ерлердің жыныс мүшелерінің қабынуы. | ||
Қартайған ерлердің мәселелері. | ||
Ерлердердің белсіздігі. | ||
Барлығы |
Студенттің өзіндік жұмысының жоспары(СРО)
№ | ТақырыптарыСРР | Тапсырмалары және орындау формасы | СРР формасы | СРР тапсыру уақыты |
ҚР андрологиялық көмекті ұйымдастыру. | Реферат | Мәліметтің толықтығын тексеру | Тақырыптық жоспарға сәйкес | |
Андологиялық науқастарды заманауи қағида бойынша емдеу және диагностика. | Курация | Таңғы дәрігерлер конференциясына доклад дайындау | - « - « - « - | |
Ерлердің жыныс мүшелерінің қабынуы | Курация | Науқастың емі мен диагностикасы жқнінде индивидуальды бағдарлама бойынша протокол дайындау. | - « - « - « - | |
Қартайған ерлердің мәселелері. | Курация | дәрігерлер конференциясына доклад дайындау | - « - « - « - | |
Ерлердердің белсіздігі. | Курация | Таңғы дәрігерлер конференциясына доклад дайындау | - « - « - « - | |
Барлығы |