Дәрістердің тақырыптық жоспары. Бастауыш білім және педагогика

ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

БАСТАУЫШ БІЛІМ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

“БЕКІТЕМІН”

Бастауыш білім және педагогика

факультетінің деканы

____________Оразбаева Э.Б.

«_____» _________ 2016 ж

Педагогика ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ кафедрасы

«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінен (ТzhTA 3301)

СИЛЛАБУСЫ

Мамандығы:5В011300 - Биалогия, 5В011400 - Тарих, 5В011600-География

Курс: 3

Семестр: 5

Кредиттер саны: 2

Дәріс:15

Практикалық сабақтар (семинар): 15

Зертханалық сабақтар:

ОСӨЖ – 30

СӨЖ – 30

Межелік бақылау:

Емтихан түрі:

Оқытушы туралы мағлұматтар: п.ғ.к., доцент Қаражігітова К.Н.

Мамытбаева Ж.А. магистр-оқытушы

Кеңсе: «Педагогика және психология» кафедрасы

Мекен-жайы: Шымкент қ, А. Байтұрсынов көшесі,.13

Тел.: _______________________

Е-mail: _____________________

Кеңес беру уақыты: 14.00-15.00

Шымкент 2016

Силлабус Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «___» ____________ 20___ жылғы №_____ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және ҚР БҒМ «___» ___ 20___ жылғы №___ бұйрығымен бекітілген пәннiң типтік оқу бағдарламасы және институттың жұмыс оқу жоспары негізінде дайындалған.

Силлабус «Педагогика және психология» кафедрасының мәжілісінде талқыланып бекітілді, № __ хаттама, «___» ____________ 20 ___ ж.

Кафедра меңгерушісі _______________ Арзымбетова Ш.Ж.

(қолы, аты- жөні)

1. Курстың өзектілігі және қажеттілігі: «Тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесі» курсы «Жалпы педагогика» және «Тәрбие теориясы» бөлімдерін байланыстыратын «Педагогика» пәнінің логикалық жалғасы болып табылады.

Сондықтан жоғарыда айтылған пәндердің негізін жетекшілікке ала отырып «Тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесі» курсы болашақ сынып жетекшілерінің мектепте оқушылармен тәрбие жұмысын тиімді жүзеге асыруға даярлығын қамтамасыз етеді.

«Тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесі» курсын «Педагогика», «Тәрбие теориясы», «Психология» пәндерімен тығыз байланысты. «Тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесі» пәнін оқу барысында студенттер баланың тәрбиесінің даму заңдылықтары, мектептегі біртұтас педагогикалық процесті тәрбие жұмысын жоспарлау, басқару және ұйымдастыру туралы білімдер, іскерліктер және дағдылар қалыптастырады. Ол болашақта өз мамандықтарын іске асыруға мүмкіндік береді.

Курстың мақсаты: мектептегі сынып жетекшісінің кәсіби тәрбиелік іс-әрекетінде оқушылырдың тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесінің негізгі мәселелерін оқып үйренуге және шығармашылықпен болашақ қызметін атқаруға бағыт беруге көмектесу.

Курстың міндеттері: Студентерде оқушылармен тәрбие жұмысын жүргізудің теориясы, әдістемесі мен техникасын кәсіби-педагогикалық білімдері мен біліктерін меңгеруге құлықтылық ояту; Студенттердің жалпы педагогикалық және арнайы тәрбие біліктерімен қаруландыру; Студенттердің оқушылармен тәрбиелік жұмысты теориялық тұрғыдан қарастыруын қамтамасыз ету

Курстың пререквизиттері:Жоғарыда айтылған пәндердің негізін жетекшілікке ала отырып «Тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесі» курсы болашақ сынып жетекшілерінің мектепте оқушылармен тәрбие жұмысын тиімді жүзеге асырудың технологиялық даярлығын қамтамасыз етеді.

Курстың постреквизиттері:- педагогикалық ситуацияларды талдау, кешенді тәрбиелік міндеттерді бөліп алу, оларды нақтылау және басымды міндетті анықтау;

- тәрбие жұмысын кешенді жоспарлау, тәрбие жұмысының негізгі талдау, тәрбие әдістерін, құралдарын, формаларын оптималды таңдау;

- біріккен іс-әрекетті ұйымдастыруға, іске асыруға, мектептің әлеуметтік-мәдени ортасымен байланысын қамтамасыз ету;

- тәрбие жүйесін дигностикалау, кемшіліктерін анықтау және оларды жою шараларын белгілеу;

2 Курс саясаты:

1. СӨЖ арналған тапсырмалар бірінші аптада беріледі.

2. Студент қатыспаған сабақтарын кафедрада бекітілген кестеге сәйкес тапсырады.

3. Студент семестр барысында оқытушы анықтайтын кредитке сәйкес тапсырма орындауы тиіс. (1 кредит - 2 тапсырма)

Студенттердің білімін бағалау

Әрiптiк жүйемен бағалау Баллы %-тiк мазмұны Дәстүрлi әдiспен бағалау
А 4,0 95-100 «өте жақсы»
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 «жақсы»
В 3,00 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 «қанағаттанарлық»
С 2,00 65-69
С- 1,67 60-64
D 1,33 55-59
D+ 1,00 50-54
F 0-49 «қанағаттанарлықсыз»

Курстың мазмұны

Дәрістердің тақырыптық жоспары

Наши рекомендации