Дауысты дыбыстардың топтастырылуы. 4 страница

Көптік мағынаны білдірудің тәсілі аталған көптік жалғаулармен шектеліп қоймайды. Жіктеу түріндегі адам мағынасындағы сөздерден де көптік ұғым туады: біздің ағайынымыз(ағайындарымыз).

Бұл айтылған жайт көптік мағына тудырудың морфологиялық тәсілі болса, синтаксистік тәсіл арқылы да көптік мағына білдіріледі. Ондайда көптік мағынаны білдіретін сөздер зат есіммен тіркеседі: жиырма студент, отыз үй.

Заттың, нәрсенің белгісін, қасиетін білдіретін сөз табын сын есім деп атайды.

Ақылды үйренуге құмар,ақымақ үйретуге құмар. Дерттімін деп дерттіге айтпа. Келтірілген мысалдардағы сын есімдер белгілі бір адамның тұрақты қасиеттерін білдіреді.

Сын есім лексика-семантикалық және морфологиялық сипаттарына қарай қатыстық сын есім және сапалық сын есім деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Сапалық сын есімдер. Заттың, нәрсенің, құбылыстың тұрақты қасиеттерін білдіретін сын есім сапалық сын есім деп аталады: Адал достық алтыннан да қымбат. Өмір, өмір, өмір жолы күйбелең, Күнделікті таусылмайды күйбелең (С.М.).

Сапалық сын есімнің өзіне тән, демек, сын есімнің екінші түрі- қатыстық сын есімнен өзгеше ерекшеліктері бар. Біріншіден, сын есімнің бұл түріне жататын сөздер шырай формасына өзгеріп отыруға бейім: жақсы- жақсырақ-жақсылау-өте жақсы-жап-жақсы. Екіншіден, мұндай сын есімдер өзара антонимдік қатынас жасайды: жақсы-жаман, жоғары-төмен, жомарт-сараң т.б. Үшіншіден, бұл тәріздес сын есімнен абстрактілі мағыналы зат есім жасауға болады: жақсы-жақсылық. Жаман-жамандық т.б.

Тілдің ұлттық ерекшелігіне байланысты түске қатысты сын есімнің қолданылуы әртүрлі болып келеді. Айталық, түсі, бір қарағанда, қызыл көрінгенімен, малға байланысты түрлі-түрлі сөздер қолданылуы мүмкін: Қызыл сиыр, бірақ жирен ат (жирен сиыр емес).

Қатыстық сын есімдер. Қатыстық сын есім заттың, нәрсенің қасиетін тікелей емес, басқа заттарға, құбылыстарға, қимыл-әрекеттерге қатынасы арқылы білдіреді.

Терезені қағады көктем, Жаңбырлы саусақтарымен (С.М.)

Қатыстық сын есім болатын сөздердің заттарға қатынасы түрлі-түрлі болып келеді, мекен, қонысты білдіреді: Астаналық студент, ауылдық дәрігер; орынды көрсетеді: алдыңғы бөлме, үстіңгі қабат; оқиғаның болу иезгілін танытады: кешкі спектакль. Түскі тамақ - мерзімді аңғартады: апталық жоспар - адамға тән белгіні білдіреді: жігіттік намыс т.б.

Қатыстық сын есім белгілі бір заттың, адамның немесе басқа құбылыстың белгісін қалай болса солай білдіріп қана қоймайды, соларға тән тұрақты қасиеттерді бейнелейді. Сондықтан сын есімнен басқа сөздермен алмастырғанда да, әлгі қасиеттер байқалып отырады: ауылдық дәрігер - ауылда істейтін дәрігер, кешкі спектакль - кешке болатын спектакль.

Қатыстық сын есім болатын сөздер өздеріне қатысты сөздермен матасу арқылы байланысады: аптаның жоспары, жігіттің намысы. Мұндайда өзіне тән аффикстің болмауына байланысты сын есім болуға тиісті сөздер зат есі қызметін атқарғанымен, ол екі сөздің байланысы анықтауыш пен анықталуышы сөздің байланысы күйінде сақталады.

Көркем әдебиетте морфологиялық қолданыстың көп болуына сай қатыстық сын есім заттың тұрақты емес, тіпті оған тән емес қасиетін танытуы мүмкін, Мәселен, жоғарыда келтірілген С. Мауленовтің өлеңіндегі көктемнің жаңбырлы саусақтары деуі тек қана бейнелілік үшін қажет. Саусақтың жаңбырлы болатыны белгілі, бірақ саусақтарды жаңбырға телуі - поэзия жолдарына лайық.

Қатыстық сын есімдер зат есі, үстеу, етістік сияқты сөз таптарынан тек жұрнақ жалғану арқылы ғана жасалады. Демек, түбір күйінде кездеспейді, тек қана жұрнақтың көмегімен сын есім болуы-қатыстық сын есімнің ең басты морфологиялық белгісі.

Шырай категориясы сапалық сын есімдермен тығыз байланысты болғанымен, қатыстық сын есімдердің шырай категориясының жұрнақтарын жалғайтын кездері болада немесе шырай категориясына сәйкес түрленеді: көрікті-көріктілеу-өте көрікті т.б.

Сын есімнің шырайлары.Басқа түркі тілдеріндегі сияқты, қазақ тілінде де, шырай категориясы бар екенін және бұл категорияның сын есімді ерекшелейтін қасиет тіл мамандарының ешқайсысы теріске шығармайды. Қазір қазақ тілінің матриалына қарағанда, мынадай шырайлар бар: жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай.

Жай шырайғаарнайы тоқталудың қажеті бола қоймас, себебі, оның даралағыш морфологиялық көрсеткіші жоқ. Бұл шырайдың негізгі қызметі – түбір күйінде барлық шырайға негіз болатын сын есімді танытуы.

Мәселен, биік дегенде белгілі бір заттың немесе хайуанаттың тігінен қарағандағы көлемі жайында ұғым аламыз, ал сол заттың немесе хайуанаттың сол деңгейден сәл аласа болуы немесе одан тым зорайып көрінуі, қалай болғанда да, осы сөзбен салыстыру арқылы білінеді. Дәл сол сияқтын, үстел үстіндегі қағаз қызыл делік. Екінші бір қағаз да қызыл көрінгенімен, дәл алғашқы қағаздың түсіндей әсер бермейді, демек, ол түстің тым ашықтығы немесе сәл де болса әлсіздігі (жетіңкіремей жатқаны) туралы сөз болғанда, бәрібір, алдыңғы қызыл деген сөз беретін ұғыммен салыстыра айтамыз. Сондықтан тұлғалық ерекшелігі болмаса да, жай шырайдағы сын есім басқа шырайдағы сөздердің мағынасын айыру үшін елеулі қызмет атқарады.

Салыстырмалы шырай.Заттың бір тектес сапасы мен белгісінің арасындағы сәл кем немесе саәл артықтығын білдіретін шырайды салыстырмалы шырай деп есептейді.

Салыстырмалы шырайдың тұлғалық көрсеткіші –рақ (-рек), -лау, (-леу), -дау (-деу), -тау (-теу), -ғылт, -ілдір, -шыл (-шіл), -қы (-кіл), -аң (-ең) жұрнақтары болып табылады.

Турашыл дос тұрақты. Сөз қаталдау, бірақ оның себі бар (орыс мақал – мәтелдері). Еркегі көбірек ауыл ат беретін түрі жоқ және жылқылары да шамалырақ, кедейлеу ел екен. Өзі – денелі, ортадан биігірек бойлы, бетінен сақал – мұрты аз, көгіреңкі, қара сұр екен.

Бұл аталған жұрнақтардың алдыңғылары мүмкіндігінше көбірек қолданылады да, кейінгілері олардан сирек ұшырасады. Мәселен, -ғыш қосымшасы тек қана сары сөзіне жалғанады: сары – сарғыш. Сондай-ақ жұқа, қарт сөздеріне –аң (жұқалаң, қартаң, босаң) жалғанады, соған қарамастан, жұрнақтардың, түгелдей алғанда, жұмсалу шегі бар.

Күшейтпелі шырай. Шырайдың бұл түрінде заттың бастапқы, қалыпты сапасы күшейе түседі. Күшейтпелі шырайлы сын есімнің жасалуы да басқа шырайға ұқсамайды, дәлірек айтқанда, сынның күшейтіле көрсетілуінің морфологиялық сипатына келетін болсақ, тек еселеме буынды болып отырады: үп – үлкен, қап – қара, ап – айқын, жап – жасыл, ып – ыстық, біп – биік т.б. Мысалы: Зембілде жатқан Николай Васильевичтің жүдеу жүзі құп – қу болып кетіпті. Сақалының әрбір қылы айғырдың қылындай болу керек, қырған жалпақ иегі қап – қара, қара көк екен.

Асырмалы шырай.Бұл шырайдағы сын есім заттың алғашқы, қалыпты сапасын тым асыра, көтере немесе кеміте көрсету үшін жұмсалады.

Көп жағдайда жай шырай түріндегі сын есімнің алдында аса, тым, өте сияқты үстеулер келіп отырады: аса қымбат, өте ауыр, тым биік т.б. Ең тәтті де – тіл, ең ащы да – тіл (орыс мақал – мәтелдері). Сенің Айтжанның тым сыпайы ғой, бабаңды білмеген шығар.

Басқа сөз таптары сияқты сан есімдердің де лексика-семантикалық ерекшеліктері бар. Сырттай қарағанда, айталық, көп ретте зат есіммен ттіркесетіндігі сын есімге ұқсаттырса, сан есім сияқты, сапаны емес, сандық мөлшерді білдіруі бұл сөз табының өзіндік ерекшеліктерін танытады. Сан есім өзі тіркескен зат есім болмаған жағдайда заттық ұғымды да білдіреді. Мысалы: Екеу қорқатын жерге біреуді жібер дегендегі екі адам, бір адам ұғымдарының орнына жинақтық сан есімдер ғана қолданылып отыр. Оның өзінде әңгіме адам туралы екені түсінікті, сондықтан сөйлем мүшесі болу ыңғайында да зат есімдердің қызметін атқарады.

Тегінде, сан есім нақты сан есімді білдіреді. Олай болмай , әйтеуір, мөлшерді білдіру шарт деп есептегенде, сан есімге ұқсас сөздерді сөз табына жатқызған болар едік. Мәселен, жарты, жарым, сыңар, дара, қос, сегіз сөздері де мөлшерді танытады. Бұларды толық мағынасындағы сан есімдер болып табылатын екіден бір, немесе біреу, сондай-ақ екі сөздерінің синонимі деп қарауа болады. Солай болғанына қарамастан, нақтылы сан атауы болмағандықтан, дәл санды көрсетпегендіктен, сан есім бола алмайды.

Осы себептен грамм, килограмм, центнер, тонна сөздерінде, қарыс, адым, шақырым, ат шаптырым, көз көрім сөздерін де сан есімге жатқызудың еш қисыны жоқ. Лексика- семантикалық ерекшеліктеріне байланысты олар басқа сөз табы болып табылады.

Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері де бар. Көбінесе сан есімдер зат есімдермен тіркеседі де, ондай тіркес жағдайында сан мөлшері барынша айқындала түседі: он дәптер, жиырма студент, сексен үй т.б. Мй тіркесте сан есім ешқандай тұлғалық өзгеріске түспейді.

Сан есімнің өзге сөз таптарынан ең басты ерекшелігі- ол басқа сөз таптарынан жасалмайды.

Мағыналық топтарының ыңғайына қарай сан есімдер әр түрлі қосымшалар жалғайды. Бұл, әсіресе, жинақтық, топтық, болжалдық, бөлшектік сан есімдерден байқалады: екеу, бесеу, он-оннан, жиырма-отыздан, қырық-елуден т.б.

Мұндай жайт, жұрнақтың жалғануы, реттік сан есімдерде де болады: тоғызыншы, мыңыншы, отыз екінші т.б. Морфологиялық тұрғыдан сан есімдердің басқа сөз таптарынан тағы бір басты өзгешілігі- реттік сан есім жұрнағының жалғануы. Демек, кез келген сөз лексика-семантикалық ерекшеліктерінің үстіне, реттік сан есімнің жұрнағын жалғаса - сан есім болады деген сөз. Керісінше, жағдайда ол сөзді сан есімге жатқызу орынсыз болады. Айталық, мөлшерді білдіргеніне қарамастан, шақырым, грамм, қарыс сөздерінің сан есім бола алмайтындығының бір басты себебі осында жатыр.

Сан есімдер дара және күрделі болып бөлінеді. Дара сан есімдер іштей негізгі (бес, жеті, тоғыз) және туынды (сегізінші, үшеу, бірер) болып бөлінеді.

Күрделі сан есімдер екі не одан көп сөзден тұрады да, екі жолмен жасалады: тіркесу арқылы (он жеті, жүз бір) және дара сан есімдердің қосарлануы арқылы (бес-алтау, жетпіс-сексен).

Сан есім болатын сөздер жалпы мағынада, әйтеуір, санды білдіргенімен, заттың сол сандық мөлшерін әр тұрғыдан сипаттайды. Айталық, біреулері есептік мағынада жұмсалса, екіншілері жинақтық ұғымда қолданылады, үшінші бір ыңғайда бөлшектік ұғымды т.с.с. білдіретіні бар. Міне, осындай мағыналық түрлеріне қарай сан есім мынадай алты топқа бөлінеді: есептік сан есім, реттік сан есім, болжалдық сан есім, жинақтық сан есім, иоптық сан есім, бөлшектік сан есім.

Есептік сан есімдер. Есептік сан есімдер сан есімдердің басқа түрлерін жасаудың негізі болып табылады, ол заттың сандық мөлшерін білдіру үшін пайдаланылады. Сандық мөлшері сан есімнің басқа түрлері де білдіреді, бірақ есептік сан есімдер нақтылы сан бойынша білдіреді: он екі орындық, жиырма үш кітап.

Есептік сан есімдер дара және күрделі түрлерге бөлінеді. Субстантивтену арқылы есептік сан есімдер өзге есім сөздердің орнына қолданыла береді: Екі жерде екі- төрт.

Реттік сан есімдер. Реттік сан есімдер заттың, құбылыстың сан ретін, орын тәртібін білдіреді. Реттік сан есімдер есептік сан есімдердің дара және күрделі түрлеріне -ыншы (-інші), -ншы (-нші) жұрнақтары жалғану арқылы жасалады: бірінші, он бесінші, тоқсан тоғызынпшы, бір мың тоғыз жүз сексен төртінші т. б.

Реттік сан есімдер сөйлем ішінде тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер болумен бірге, басқа да қызмет, айталық, қыстырма сөздер қызметін атқарады: Ие, мен орыс емес, қазақпын. Бірак, Лермонтов айналасындағы әңгімелерге таныстығым бар адаммын. Екінші, ақтап-қаралау сіз бен біздің жеке еншіміз болмағанымен, ғылымның, қоғамның еншісі (Ғ. Мүс).

Тиісті жұрнақ жалғанып, реттік сан есімдер жаңа сөздер жасауға септігін тигізеді: Екіншілей (екінші рет) бұл кемшілікті қайталамайтын болайық. Қалалық біріншілікте (бірінші орын алу үшін ұйымдастырылған жарыста) менің жолдасым чемпион атанды.

Жинақтық сан есімдер. Жинақтық сан есімдер сан мөлшерін жинақтап көрсету үшін қолданылады. Жинақтық сан есімдер қазақ тілінде көп емес: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу, олар есептік дара сан есімдерге -ay (-ey) жұрнағы жалғану арқылы жасалады.

Жинақтық сан есімдерден үш түрлі тәсіл — лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік тәсілдер арқылы әр алуан сөздер жасалады.

Лексика-семантикалық тәсіл көбінесе біреу сөзіне байланысты болып келеді. Тіліміздегі қолданылу тәжірибесіне қарағанда, бұл сан есім тура мағынасындағы сандық ұғымнан сәл алшақтап, заттық ұғымға айналады. Ондайда қанша? кім? не? сұрақтарына жауап болады: Біреудің мінінің бір елі артықтығы бар (орыс маңал-мәтелдері).

Морфологиялық тәсіл арқылы жинақтық сан есімге -ла (-ле), -лап (-леп), -п жұрнаңтары жалғанып, етістік жасалады: екеуле, ушеуле, бесеулеп, жетеу-леп, алтаулап, төртеулеп т. б.

Синтаксистік тәсіл арқылы жинақтық сан есімдерден басқа сөздер жасалғанда, бір ыңғайда жинақтық сан есімдер қосарланып келеді де, екінші ыңғайда «ара» сөзімен тіркесіп келеді: үшеу-үшеу, алтау-алтау, бесеу-алтау, екеу ара, төртеу ара, жетеу ара т. б.

Топтау сан есімдері. Топтау сан есімдері заттардың немесе құбылыстардьң, оқиғалардың теңбе-теңдігін білдіреді.

Топтау сан есімдері есептік сан есімдерден жасалады. Мұндайда есептік сан есімдерге жұрнақ жалғанады. Жұрнақтардыц жалғануының екі түрлі жолы бар:

Есептік сан есімдердің дара түрлеріне де, күрделі түрлеріне де түбір күйінде -дан (-ден), -тан (тен) жұрнақтары жалғанады: алтыдан, оннан, жиырма сегізден, қырықтан, отыз тоғыздан, бес жүзден, мыңнан т. б.

Бұл аталған жұрнақтар қосарланған есептік сан есімдердің екінші сыңарларына жалғанады: үш-үштен, он-оннан, жиырма-жиырмадан: Өмір көрген түлкінің үш-үштен іні болады.

Болжалдық сан есімдер. Болжалдық сан есімдер сан мөлшерін жобалап, тұспалдап көрсетеді: Әңгіменің қызығына түскен соң, қаракер аты қамшыдан құтылып, жолы болып келе жатыр еді. Бір-екі тебініп, шаужайлап қатарласты. Арадан екі-үш ай өткен соң аштық шеңгелін қаттырақ салды. Үйден 16—17 шамасындағы бұралған әдемі қыз шықты (Б. М.).

Болжалдық сан есімдер есептік сан есімнен екі түрлі тәсілмен — морфологиялық және синтаксистік тәсілмен — жасалады.

Морфологиялық тәсіл арқылы жасалғанда жалғанатын жұрнақтардың бастылары мыналар:

-ер. Бұл тек қана бір сан есіміне жалғанады: бірер.

-дай (-дей), -тай (-тей). Бұл жұрнақтар есептік сан есімдердің дара және күрделі түрлеріне, сондай-ақ қосарланған болжалды сан есімдерге жалғанады: жүздей, елудей, тоқсандай, алпыс-жетпістей, сексен-тоңсандай, екі-үш жүздей т. б.

Бұл жұрнақтардың caн есімдерге емес, сан есімдермен тіркескен сөздерге жалғануы да мүмкін: Күлпаштың Жүмағазыға тигеніне жиырма күндей болғaн (Б. М.). Он екі болыс елдің бір шеті мен бір шеті мың шақырымдай. Жапсарласқан екі ақ үй мен және жапсарласқан екі ақ үйдің арасы жүз қадамдай (С. С).

Бөлшектік сан есімдер. Сан есімнің бұл түрі санның бөлшектік үлесін білдіреді де, математикалық ұғымда қолданылады: Өткен бесжылдықта 137,9 тон­на ашытқы дайындалып, соның нәтижесінде 9,1 мил­лион тонна сүрлем мен пішендеме әзірленді («СҚ»). 1979 жылғы деректе біздің қазақ халқының 52,3 про­центі орыс тілінде еркін сөйлей алатын болып шықты («ЛЖ»).

Бөлшектік сан есімдер есептік сан есімдердің шығыс септігі тұлғасындағы сөздер мен тәуелдік жалғаудың үшінші жағындағы сан есімдердің тіркесуінен жасалады: екіден бірі, жүзден отызы, жетпістен он үші т. б.

Сан есімдердің синтаксистік қызметі. Сан есімдер сөйлем ішінде тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің барлығының да қызметін атқарады.

Бастауыш болады: Біз — төрт кісіміз. Екеуі — ноғай жігіт, біреуі — орыс, төртіншісі — мен (С. С).

Баяндауыш қызметін атқарады: Ол — жалғыз, біз — екеуміз. Тек оны жыр етеміз (Н. Ә.).

Толықтауыш қызметінде кездеседі: Үндемеген жетелі, Үйретеді екеуді. Жетіге созылған боран бүгін ғана ашылып, жылы шуақ күннің көзі ықтасындағы қардың бетін жылтыратып, терлетіп жатыр. Сол жерде менің жасымды сұрады. Сонан соң мен ана келіншектердің көзінше отыз бірден асқанымды айта алмай, жиырма бестемін дедім (С. С.).

Анықтауыш жиі ұшырасады: Бүгінде Жорж Сименонның кітаптары әлем халықтарының 55 тілінде сөйлеп, 500 миллион данамен тарап кеткен. Олардың мазмұны 52 көркем және 300 телевизиялық фильмдердің алтын арқауына айналыпты. СОКП XXVI съезінің шешімдерін басшылыққа алған аудан еңбекшілері он бірінші бесжылдықтың бірінші жылында айтарлықтай табысқа жетті («ҚӘ»).

Пысықтауыш қызметінде де сан есімдер жұмсалады: Чемпионаттың екінші күні СССР құрама командасы мүз айдынына Швеция хоккейшілерімен шықты («СҚ»).

Дәріс

Тақырыбы: Етістік, оның түрленуі. Есімше және көсемше.

Жоспары: 1. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты

2. Есімше

3. Көсемше және оның жасалуы, қызметі

Тірек сөздер: етістік, негізгі және көмекші етістік, қалып етістіктері, рай категориясы, етістіктің шақтары, етіс түрлері, есімше, көсемше.

Етістіктер қимыл-істі білдіреді. Етістіктер бұл мағынаны етіс, рай, шақ, жақ, көптік, жекешелік, есімше, көсемше формаларында қолданылу арқылы аңғартады.

Қимыл-іс дегенде түрлі құбылыстар қамтылады. Мысалы: әрекет (оқу, тоқу, құрау), қалып (ұйқтау, күйіну), қозғалыс т.б.

Қимыл-істерді аңғартатын зат есімдер де болуы мүмкін. Мысалы, шу, күрес, жиналыс, жүріс т.б. Бірақ, бұл зат есімдерді етістіктен ажырату үшін грамматикалық формаларына қарау керек. Егер етіс, рай, шақ, көсемше, есімше формаларында қолданылса- етістік болғаны, ал бұл формаларды қабылдамаса- зат есім болғаны.

Етістіктер лексикограмматикалық ерекшелігіне қарай екі топқа бөлінеді. Олар: 1. Негізгі етістіктер. 2. Көмекші етістіктер

Етістіктер морфологиялық құрылымы жағынан жалаң етістіктер және күрделі етістіктер болып екіге бөлінеді.

Жалаң етістіктерге түбір етістіктер мен жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер жатады. Мысалы: бар, отыр, қолда, сына.

а) Түбір етістіктер. Түбір етістіктерге морфологиялық жағынан бөлшектеуге келмейтін етістіктер жатады. Мысалы: айт, кес, шеш, жүз т.б.

Кейбір етістіктер бір кезде түбір және жұрнақтан тұрғанымен қазір жіктелмейтін күйге көшкен. Мысалы: тоқта, сақта, байла т.б. Бұл сөздер тек тарихи тұрғыдан ғана түбір сөздерге жатпайды. Ал қазіргі қазақ тілі тұрғысынан түбір сөз болып есептеледі. Өйткені тоқ, сақ сөздері түбір күйінде қолданылмайды.

ә) Туынды етістіктер. Туынды етістіктерді жақсы түсіну үшін етістік тудыратын жұрнақтар мен форма тудыратын жұрнақтарды ажырата білу керек. Өйткені түбір және жұрнаққа бөлінетін етістіктің бәрі бірдей туынды етістік емес. Етістіктің түрлі формалары да жұрнақтар арқылы жасалады.

Құранды етістіктер – етістіктің аналитикалық тәсілі арқылы жасалуының нәтижесінде тілге қосылған етістіктердің үлкен бір тобы. Құранды етістіктер есім сөзге көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалады дегенбіз. Мысалы: Темір кереуетті сақыр-сұқыр еткізіп, әрі-бері аунап жатты. Келтірілген мысалды сақыр-сұқыр еткізіп деген құранды етістіктер қолданылған. Бұл құранды етістіктер ет көмекші етістігінің сақыр-сұқыр деген есім сөздерге тіркесуі арқылы жасалған. Етістіктің көмекші етістігі - құранды етістік жасайтын ең өнімді түрі.

Етістік - заттың қимыл-әрекетін, қалпын білдіретін сөз табы. Мысалы: Мал жайылып жүр. Студенттер оқиды. Самолет ұшады. Балық жүзеді.

Тұлғасына қарай етістіктер негізгі және туынды болып екіге бөлінеді. Негізгі етістіктер деп әрі қарай бөлшектенбейтін бір морфемадан тұрып, қимыл мағынасын білдіретін етістіктер аталады: кел, оқы, жүр, ал, өт, же, бөл, қал, жаз т.б.

Туынды түбір етістіктер деп негізгі түбір сөзден сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалған, ең кемі екі морфемадан тұратын етістіктер аталады (жаса+а), қыста(қыс+та), достас(дос+тас), ақылдас (ақыл+дас), жырла(жыр+ла), ескір (ескі+р), жауық (жау+ық) т.б.

Дара және күрделі етістіктер.Дара етістіктер деп бір сөзден тұратын мағыналы етістіктер аталады: кел, отыр, ойна, ағар, сырла, сана, әдеміле, оқы, тыңда, басқар т.б.

Күрделі етістік деп екі мағыналы етістіктен жасалып, біртұтас күрделі қимылды білдіретін етістік аталады: кіріп шық, келіп кет, айтып бар, алып кел, жүріп кет, қайтып кел, қайтып кет т.б.

Наши рекомендации