Жылу құбылыстары
Физика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия.
Сабақтың мақсаты:
-Жылулық, Броундық қозғалыс, диффузия құбылыстарының мағынасын түсіне білуге, оның қандай шамаларға тәуелді екенін айқындау.
Сабақтың міндеттері:
- Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, еркін сөйлей білуге, өз ойын жеткізе білуге, ортақ шешім шығаруға баулу;
- танымдық белсенділіктерін арттыру, білімді тәжірибеде қолданып, болжам жасау біліктіліктерін дамыту.
Сабақ түрі:жаңа сабақ
Сабақтың кезеңдері | уақыт | Кіріктірілген модульдер | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі Білу | 5 мин | АКТ, СТОү, ОЖЕСО, | Амансындар ма, балалар? Сабақта түгелміз ба? Ал ендеше түгеліміз орнымыздан тұрып атом және молекула ойынын ойнайық.2,3, 5-атомды молекулаға бірігейік. Тақырыпқа шығу үшін видео(ежелгі адамдардың от алуы туралы мультфильм үзіндісі) көрсетемін. Сабақ мақсатын айқындайтын сұрақ қоямын:- Осы видео неге көрсетілді? Бұл физикалық құбылыстың қай тобына жатады?Жылу дегеніміз не? Ыстық дене суық денеден қалай ерекшеленеді? | Амандасып топтарға бөлінеді . Сұрақтарға жауап беру барысында сабақтың мақсаты жылулық қозғалыс екенін біледі. Топтарда оқулықтың 8 бетіндегі мәліметке сүйеніп, соңғы .3,4 сұраққа жауап береді. Жылутек ұғымы XVII ғасырда пайда болған, ол ерекше бір объект ретінде қарастырылып, бір денеден басқа денеге берілетінін айтқан. Бұл теорияны ұстанған Бэкон, Гук, Ньютон, Бойль, Бернулли, Ломоносов болды. XIX ғасырдың аяғында жылулық қозғалыс ұғымы түсіндірілді. Ол молекулалардың ретсіз қозғалысы екені. Әр топтан бір баяндамашы сабақ мақсатын айтады. |
Түсіну | 10 мин | СТОү, ОжОЖТ, басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау | Топтық «Бірге ойлаймыз» диалог арқылы Броундық қозғалыс және диффузия ұғымын және оның қандай шамаларға тәуелді екенін анықтауға, анықтамасын шығарып флипчартқа түсіріп қорғауға тапсырма береді. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалауды ұйымдастырады. | Топтарда оқулықтың 9,10 бетіндегі мәліметті пайдаланып Броундық қозғалыс, диффузия туралы өз сөзімен білдіріп, көрнекі тұрде бейнелейді анықтамасыншығарады: Топтар бір-бірін бағалайды. |
Қолдану | 10 мин | СТОү, ОжОЖТ, ОЖЕСО, басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау | «Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?» әдісімен Броундық қозғалыс, диффузияны тәжірибе арқылы тексереді. Орындаған тапсырмаларын бас бармақ арқылы бағалауды ұсынамын. | Үнсіз қадаммен жұптарға бөлініп, басқа топтарға өз тәжірибесін жетекшілікке алып, алдыңғы теориялық білімдерін нығайтады. Әр топты бас бармақпен бағалайды. |
Талдау | 13 мин | АКТ, ОжОЖТ, ОЖЕСО, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау | «Сұрақтар шеңбері» әдісімен әр топ есептер жинағынан берілген сұрақтарға жауап береді. І топ-1-6 ІІ топ-7-13 Таймкипер топтың есептерді шығару шапшандығын бағалайды. | Есептер жинағынан берілген сұрақтарға шеңбер бойымен жауап береді. Таймкипер бағалайды |
Жинақтау | 3 мин | СТОү, ДжТОЖ, ОЖЕСО, басқару және көшбасшылық, | Аквариумдағы алтын балық әдісімен сабақта алған білімдерін жинақтауға жетелеймін | Ортаға отырған оқушыға сұрақтар қояды. |
Бағалау Рефлексия | 4 мин | ДжТОЖ, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау | «Диффузияның адам өміріндегі маңызы» атты шағын шығарма жазу Стикер таратып, сабақты қорытындылауға жетелейді | Шығармаларын жазып, бір-екеуін оқиды. Стикер арқылы сабақты қорытындылайды |
Модульдер:АКТ, СТОү, ДжТОЖ, ОжОЖТ, ОЖЕСО, басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Әдіс-тәсілдер:Проблемалық оқыту, есептеу тәсілдері, АКТ.
Дереккөздер:оқулық: Физика және астрономия, Б.М. Дүйсембаев., Г.З. Байжасарова., А.А. Медетбекова-Алматы, Мектеп-2012 ж; Есептер жинағы, Физика,В.И Кем,Б.А.Кронгарт-Мектеп 2012 ж, интербелсеңді тақта, проектор, бейнеклип, презентация, флипчарт, стикер, маркерлер, бағалау парағы,Броундық қозғалыс моделі.
Оқыту нәтижесі:Сын тұрғыдан ойлау арқылы жылу мөлшері, заттың меншікті жылусыйымдылығы ұғымдарын меңгерді, өз ойын еркін жеткізіп, танымдық белсенділігі артты, білімін іс жүзінде қолданып, іскерлік қабілеттері дамыды.
Физика 8 сынып