Александр Сергеевич Петровтан, 18.07.1974 ж.т. 9 страница
ІІБ ТБ аға тергеушісі
полиция капитаны (қолы)Н.Белгібаев
«С А Н К Ц И Я Б Е Р Е М І Н»
Ақтау қаласының прокуроры
аға әділет кеңесшісі
______________ А.Ибраев
« 5» қаңтар 20__ж.
Тінту жүргізу туралы
ҚАУЛЫ
5 қаңтар 20__ж. Ақтау қаласы
Ақтау қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты М.Қасымов№15471003100020 қылмыстық іс материалдарын қарап,
АНЫҚТАДЫ:
02.01.20__ жылы 05.00 сағатта анықталмаған адамдар бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында алдын ала қылмыстық сөз байласып, пластик терезені қысу арқылы Ақтау қаласы 11 шағын ауданда орналасқан №36 үйдегі №2 пәтерге заңсыз кіріп, адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданып, бейсболбитасымен М.И. Смирнов дене зақымдарын келтіріп, құны 150 000 теңге тұратын «Айфон 5С» маркалы ұялы телефон мен құны 120 000 теңге тұратын «Асер» маркалы ноутбукты ұрлаған.
Осы қарақшылық шабуыл нәтижесінде белгісіз адамдар
М.И. Смирновке дене зақымдарын келтіріп, жалпы сомасы 270 000 теңгеге материалдық зиян келтіріп, қылмыс жасаған жерден жасырынған.
Осы факт бойынша Ақтау қаласының ІІБ анықталмаған адамдарға қатысты ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 1), 3), 4) тармақтары бойынша алдын-ала тергеу басталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті адам анықталды, ол:
Е.С. Таиров 06.05.1987 ж.т., Ақтау 27-25-12 мекенжайы бойынша тұрады, ондан жоғарыда аталған ұрланған «Айфон 5С» маркалы ұялы телефон алынған.
Жазылғандардың негізінде, осы уақытта күдікті Е.С. Таировтың тұратын жерінде іс бойынша маңызы бар нәрселер мен құжаттар болуы мүмкін деп ойлауға жеткілікті деректердің болуын ескеріп, ҚР ҚПК-нің 198, 252, 254-баптарын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. 06.05.1987 ж.т. күдікті Ермек Сакенович ТайыровтаАқтау қаласы,
27-25-12 мекенжайы бойынша тінту жүргізілсін.
2. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.
3. Осы қаулының көшірмесі прокурорға жіберілсін.
Ақтау қаласы ІІБ
ТБ тергеушісі
полиция аға лейтенанты(қолы)М. Қасымов
Қаулы маған жарияланды «___»_______ 20__ ж.
Қаулының көшірмесін алдым
Күдікті ______________________
Тінту
ХАТТАМАСЫ
5 қаңтар 20__ж.Ақтау қаласы
Тінту басталды: 10 сағ. 30 мин.
Тінту аяқталды: 11 сағ. 00 мин.
Ақтау қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты М.Қасымов ҚР ҚПК-нің 199, 252, 254, 256-баптарының талаптарын сақтай отырып, куәгерлер ретінде шақырылған мына адамдардың қатысуымен:
1) Смайылов Ринат Маратұлы 15.08.1992 ж.т., Ақтау қаласы, 15-10-3 мекенжайы бойынша тұрады;
2) ҚұсайыновАрна Серікұлы 02.02.1993 ж.т., Ақтау қаласы, 15-11-20 мекенжайы бойынша тұрады;
Ақтау қаласы ІІБ КБЖ криминалист маманы полиция лейтенанты
Р. Хамидуллинның қатысуымен және күдікті Е.С. Таировтың қатысуымен Ақтау қаласы, 27-25-12 мекенжайы бойынша тінту жүргізді.
Жоғарыда аталған барлық адамдарға ҚР ҚПК-нің 80 және 82-баптарына сәйкес тергеу әрекеттерiн жүргiзуге қатысуға; тергеу әрекетi жөнiнде хаттамаға енгiзілуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасауға; өзi қатысқан тергеу әрекетiнің хаттамасымен танысуға; қылмыстық қудалау органының әрекеттеріне шағым келтіруге; қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өзi шеккен шығыстарға өтем алуға; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқықтары түсіндірілді. Оларға сондай-ақ тінту жүргізу кезінде қажетті жағдайларда оның барысы мен нәтижелерін техникалық құралдар арқылы тіркеу қолданылатыны туралы хабарланды.
Бұдан басқа, куәгерлер Р.М. Смайылов пен А.С. Құсайыновқа ҚР ҚПК-нің 82-бабына сәйкес олардың қылмыстық қудалау органының шақыруы бойынша келу; тергеу әрекетiн жүргiзуге қатысу; тергеу әрекетiнiң хаттамасында осы әрекеттiң жүргiзiлу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн өзiнiң қолымен куәландыру; анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың рұқсатынсыз сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын жария етпеу; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде тәртiп сақтау мiндетi түсіндірілді және оларға дәлелдi себептерсiз келуден немесе өзiнiң мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн ҚР ҚПК-нің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы туралы ескертілді.
Куәгерлер: 1. _____________
2. _____________
Криминалист маман Р. Хамидуллинге ҚР ҚПК-нің 80-бабына сәйкес құқықтары мен міндеттері түсіндірілді және оған дәлелдi себептерсiз келуден немесе өзiнiң мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн ҚР ҚПК-нің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы туралы ескертілді.
________________ Р. Хамидуллин
Тінтуді бастаудың алдында тергеуші 05.01.20__ж. тінту жүргізу туралы қаулыны көрсетті, одан кейін Е.С. Таировке тыйым салынған немесе іс үшін маңызы бар нәрселерді өз еркімен беру ұсынылды, бұған Е.С. Таиров былай мәлімдеді: пәтерде мен танысым А.А. Каирбековпен бірге 02.01.20__ж. Ақтау қаласы, 11-36-2 мекенжайы бойынша ұрлаған «Асер» маркалы ноутбук, сондай-ақ аталған мекенжай бойынша болған еуропалық келбеттегі ер адамды ұрған бейсбол битасы бар, бұл нәрселерді Е.С. Таиров өз еркімен беруді қалады, осыдан кейін ол қойма бөлмесінен оларды алып шығып, тергеушіге берді.
Осыған байланысты ҚР ҚПК-нің 254-бабының 8-бөлігіне сәйкес одан әрі іздеу жүргізілмеді, осымен тінту аяқталды.
Тінту барысында мыналар алынды:
1) «Асер»маркалы ноутбук;
2) бейсбол битасы.
Барлық алынған нәрселер бумаланды, №1 мөрмен, куәгерлердің және күдікті Е.С.Таировтың қолтаңбаларымен бекітілді.
Тінту барысында «Сони» маркалы цифрлық бейнекамераға бейнежазба жүргізілді.
Тінту барысында түскен ескертулер: тергеу әрекеттеріна қатысқандардан қандай да бір ескертулер түскен жоқ.
Куәгерлер: _____________ Р.М. Смайылов
_____________ А.С.Құсайынов
Қатысып отырған:
Тінту жүргізілген адам ____________ Е.С.Тайыров
Криминалист маман _____________Р. Хамидуллин
Ақтау қаласы ІІБ
ТБ тергеушісі
полиция аға лейтенанты(қолы)М. Қасымов
Тінтухаттамасының көшірмесін алдым ________________________
Алуды жүргізу туралы
ҚАУЛЫ
2 қаңтар 20__ж. Ақтау қаласы
Ақтау қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты М.Қасымов№15471003100020 қылмыстық іс материалдарын қарап,
АНЫҚТАДЫ:
02.01.20__ жылы 05.00 сағатта анықталмаған адамдар бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында алдын ала қылмыстық сөз байласып, пластик терезені қысу арқылы Ақтау қаласы 11 шағын ауданда орналасқан №36 үйдегі №2 пәтерге заңсыз кіріп, адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданып, бейсболбитасымен М.И. Смирнов дене зақымдарын келтіріп, құны 150 000 теңге тұратын «Айфон 5С» маркалы ұялы телефон мен құны 120 000 теңге тұратын «Асер» маркалы ноутбукты ұрлаған.
Осы қарақшылық шабуыл нәтижесінде белгісіз адамдар
М.И. Смирновке дене зақымдарын келтіріп, жалпы сомасы 270 000 теңгеге материалдық зиян келтіріп, қылмыс жасаған жерден жасырынған.
Осы факт бойынша Ақтау қаласының ІІБ анықталмаған адамдарға қатысты ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 1), 3), 4) тармақтары бойынша алдын-ала тергеу басталды.
Жәбірленуші ретінде жауап алынған М.И. Смирнов оған қатысты қылмыс жасалғаннан кейін, ол белгісіз адамдар оны ұрған жатын бөлмеде еденнің үстінде ол 1986 ж.т. Аслан Асхатович Каирбековтің атына берілген жүргізуші куәлігін тапқан, ол куәлік қазіргі уақытта оның Ақтау қаласы,
11-36-2 мекенжайы бойынша орналасқан пәтерде, зал бөлмесінде теледидардың астындағы тумбада жатқанын, оны жасалған қылмыстан кейін осы жерге өзі қойғанын айтты.
М.И. Смирновтың пәтерінде жатқан А.А. Қайырбековтің атына берілген жүргізуші куәлігінің іс бойынша заттай дәлелдеме маңызы бар екенін назарға ала отырып, ҚР ҚПК-нің 198, 253, 254-баптарын басшылыққа алып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. 1986 ж.т. Аслан Асхатқлы Қайырбековтің атына берілген жүргізуші куәлігін алу жүргізілсін.
2. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.
3. Осы қаулының көшірмесі прокурорға жіберілсін.
Ақтау қаласы ІІБ
ТБ тергеушісі
полиция аға лейтенанты(қолы)М. Қасымов
Қаулы маған жарияланды «___»_______ 20__ ж.
Мәжбүрлеп алуды жүргізу туралы
ҚАУЛЫ
5 қаңтар 20__ж. Ақтау қаласы
Ақтау қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты М.Қасымов№15471003100020 қылмыстық іс материалдарын қарап,
АНЫҚТАДЫ:
02.01.20__ жылы 05.00 сағатта анықталмаған адамдар бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында алдын ала қылмыстық сөз байласып, пластик терезені қысу арқылы Ақтау қаласы 11 шағын ауданда орналасқан №36 үйдегі №2 пәтерге заңсыз кіріп, адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданып, бейсболбитасымен М.И. Смирнов дене зақымдарын келтіріп, құны 150 000 теңге тұратын «Айфон 5С» маркалы ұялы телефон мен құны 120 000 теңге тұратын «Асер» маркалы ноутбукты ұрлаған.
Осы қарақшылық шабуыл нәтижесінде белгісіз адамдар
М.И. Смирновке дене зақымдарын келтіріп, жалпы сомасы 270 000 теңгеге материалдық зиян келтіріп, қылмыс жасаған жерден жасырынған.
Осы факт бойынша Ақтау қаласының ІІБ анықталмаған адамдарға қатысты ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінің 1), 3), 4) тармақтары бойынша алдын-ала тергеу басталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті адам 06.05.1987 ж.т.
Е.С. Таиров анықталды, одан күдікті ретінде жауап алынған кезде ол мойындау жауаптарын беріп, өзімен бірге осы қылмысты оның танысы Ақтау қаласы, 27-26-17 мекенжайы бойынша тұратын 1986 ж.т. танысы
А.А. Қайырбековтің жасағанын, олар қылмыс жасағаннан кейін
А.А. Каирбековтің үйіне барып, балконда бір бейсбол битасы мен қолдан жасалған (тоқылған) қара түсті екі масканы жасырғанан, олар қазіргі уақытта да сол жерде жатқанын айтты.
Алайда күдікті А.А. Қайырбеков жоғарыда аталған нәрселерді өз еркімен беруден тартты.
Жоғарыда жазылғандардың негізінде, бейсбол битасы мен қолдан жасалған (тоқылған) қара түсті екі масканың іс бойынша дәлелдеме маңызы болуын ескере келе, ҚР ҚПК-нің 198, 253 және 254-баптарын басшылыққа алып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. 13.06.1986 ж.т. Аслан Асхатұлы Қайырбековтен Ақтау қаласы,
27-26-17 мекенжайы бойынша бейсбол битасы мен қолдан жасалған (тоқылған) қара түсті екі масканы мәжбүрлеп алу жүргізілсін.
2. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.
3. Осы қаулының көшірмесі прокурорға жіберілсін.
Ақтау қаласы ІІБ
ТБ тергеушісі
полиция аға лейтенанты(қолы)М. Қасымов
Қаулы маған «___»_______ 20__ ж. жарияланды және бір мезгілде қаулы көшірмесі табыс етіліп, шығарылған шешімге шағымдану тәртібі түсіндірілді.
________________________________
Қаулы жариялаған
Ақтау қаласы ІІБ
ТБ тергеушісі
полиция аға лейтенанты(қолы)М. Қасымов
Алу
ХАТТАМАСЫ
2 қаңтар 20__ж. Ақтау қаласы
Алу басталдыа: 11 сағ 30 мин.
Алу аяқталдыа: 11 сағ 50 мин.
Ақтау қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты М.Қасымов ҚР ҚПК-нің 199, 253, 254, 256-баптарының талаптарын сақтай отырып, Ақтау қаласы ІІБКБЖ криминалист маманы полиция лейтенанты
Р. Хамидуллинның қатысуымен және иесі М.И. Смирновтың қатысуымен Ақтау қаласы, 11-36-2 мекенжайы 1986 ж.т. Аслан Асхатұлы Қайырбековтің атына берілген жүргізуші куәлігін алуды жүргізді.
Тергеу әрекетін жүргізу алдында М.И. Смирновқа тергеушінің барлық әрекеттері кезінде болу және тергеу әрекеттері бойынша хаттамаға енгізілуге жататын мәлімдемелер мен ескертулер жасау; өзi қатысқан тергеу әрекетiнің хаттамасымен танысу; қылмыстық қудалау органының әрекеттеріне шағым келтіру құқықтары түсіндірілді.
Сондай-ақ алу жүргізу кезінде оның барысы мен нәтижелерін техникалық құралдар арқылы тіркеу қолданылатыны туралы ол ескертілді.
Криминалист маман Р. Хамидуллинге ҚР ҚПК-нің 80-бабымен көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсіндірілді және оған дәлелдi себептерсiз келуден немесе өзiнiң мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн ҚР ҚПК-нің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы туралы ескертілді
________________ Р.Хамидуллин
Алуды бастаудың алдында М.И. Смирновқа 20__ж. 2 қаңтардағы алуды жүргізу туралы қаулы көрсетілді, бұдан кейін М.И. Смирновқа 1986 ж.т.
А.А. Қайырбековтің атына берілген жүргізуші куәлігі өз еркімен беру ұсынылды.
Бұдан кейін М.И. Смирнов зал бөлмесіне өтіп, теледидардың астындағы тумбаның шыны есігін ашып, 1986 ж.т. Аслан Асхатұлы Қайырбековтің атына берілген «В» санатындағы FU№072569 жүргізуші куәлігін алып шығып, оны тергеушіге өз ергімен берді, алынған жүргізуші куәлігі полиэтилен пакетіне бұмаланып, №1 мөрмен бекітілді.
Пакетте мынадай жазу жасалды: «Ақтау қаласы, 11-36-2 мекенжайы бойынша М.И. Смирновтың пәтерінен алуды жүргізу барысында алынған А.А. Каирбековтің атына берілген жүргізуші куәлігі», ол тергеуші қолымен бекітілді.
Алу барысында «Кэнон» маркалы цифрлық фотоаппаратқа фотосуретке түсіру жүргізілді.
Алу барысында түскен ескертулер: қандай да ескертулер түскен жоқ.
Алу жүргізілген адам_____________ М.И. Смирнов
Криминалист маман _____________ Р.Хамидуллин
Алуды жүргізген:
Ақтау қаласы ІІБ
ТБ тергеушісі
полиция аға лейтенанты(қолы)М. Қасымов
Алу хаттамасының көшірмесін алдым _______________________
Шығ: 2-11150-14-0660
06.01.20__ж.
Ақтау қаласының прокуроры
аға әділет кеңесшісі
А.С.Ибраевқа
Жүргізілген санкция берілмеген мәжбүрлеп алу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
6 қаңтар 20__ж. Ақтау қаласы
Мен, Ақтау қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты
М.Қасымов20__ж. «_5_» қаңтарда 15 сағ. 25 минуттан 16 сағ. 15 минутқа дейін ҚР ҚПК-нің 253, 254-баптарына сәйкес күдікті А.А. Қайырбековтің тұратын Ақтау қаласы, 27-26-17 мекенжайы бойынша №15471003100020 қылмыстық іс материалы бойынша санкция берілмеген мәжбүрлеп алуды жүргізді.
Мәжбүрлеп алуды прокурор санкциясысыз жүргізу қажеттілігі
А.А. Кайрбековтің жоғарыда аталған заттай дәлелдемелерді өз еркімен беруден бас тартуына, сондай-ақ алынуға жататын нәрселер олар табуды кідірту салдарынан жоғалып кетуі, бүлдірілуі немесе қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкін нақты қауіпі болуына байланысты болды.
Алу барысында мыналар алынды: бейсбол битасы және екі қолдан жасалған (тоқылған) маскалар, олардың пайда болуы туралы А.А. Қайырбеков түсіндіруден бас тартты.
Алынған нәрселер бумаланды және куәгерлердің қолтаңбаларымен бекітілді, ол туралы хаттамада тиісті жазба жасалды.
Ақтау қаласы ІІБ
ТБ тергеушісі
полиция аға лейтенанты(қолы)М. Қасымов
Нәрселер мен құжаттарды қарап-тексеру
ХАТТАМАСЫ
6 қаңтар 20__ж. Ақтау қаласы
Қарап-тексеру басталды 15 сағ. 00 мин.
Аяқталды 15 сағ. 40 мин.
Ақтау қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты М.Қасымов Ақтау қаласы ІІБ КБЖ криминалист маманы полиция лейтенанты
Р. Хамидуллинның қатысуымен, ҚР ҚПК-нің 219, 220, 224-баптарын басшылыққа алып, ҚР ҚПК-нің 199-бабының талаптарын сақтай отырып, Ақтау қаласы ІІБ-де №227 кабинет бөлмесінде табиғи жарық болған кезде күдіктілер Е.С. Тайыровтен, А.А Қайырбековтен және жәбірленуші
М.И. Смирновтан табылған және алынған «Айфон 5С» маркалы ұялы телефонды, «Асер» маркалы ноутбукты, 2 дана бейсбол биталарын, 2 дана қолдан жасалған (тоқылған) қара түсті маскаларды және А.А. Қайырбековтің атына берілген жүргізуші куәлігін қарап-тексерудіжүргізді.
Қарап-тексерудің алдында криминалист маман Р. Хамидуллинге ҚР ҚПК-нің 80-бабына сәйкес қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша келу;
дәлелдемелердi жинауға, зерттеу мен бағалауға жәрдем көрсету үшiн арнаулы бiлiмiн, дағдысын және ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, тергеу әрекеттерiн жүргiзу мен сот талқылауына қатысу; өзi орындаған әрекеттерге қатысты түсiнiк беруге, ал осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайда зерттеу жүргізу және қорытынды беру; iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi және iске қатысуына байланысты өзiне белгiлi болған өзге де мәлiметтердi жария етпеу; тергеу әрекеттерi жүргiзілген кезде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтау; зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз ету міндеттері түсіндірілді.
Cонымен бірге, оның зерттеу нысанасына жататын материалдармен танысу; қорытынды беру үшін өзіне қажетті қосымша материалдар беру туралы өтінішхаттар мәлімдеу; өзiнiң шақырылу мақсатын бiлу; егер тиiстi арнаулы бiлiмi мен дағдысы болмаса, iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан бас тарту; тергеу немесе сот әрекетiне қатысушыларға қылмыстық процестi жүргiзетін органның рұқсатымен сұрақтар қоюға; олардың назарын дәлелдемелердi жинауға, зерттеу мен бағалауға және ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға жәрдем көрсету, iстiң материалдарын зерттеу, сараптама тағайындауға материалдар дайындау кезiндегі өзiнiң әрекеттерiне байланысты мән-жайларға аудару; қылмыстық процесті жүргізетін органның, соттың тағайындауы бойынша іс материалдарына, салыстырма зерттеулердi қоспағанда, оның барысы мен нәтижелерін осы Кодекстiң 199-бабының тоғызыншы бөлiгiнде көзделген тәртiппен қылмыстық iске қосып тігілетін хаттамада не ресми құжатта көрсете отырып, объектiлердiң толық немесе iшiнара жойылуына не олардың сыртқы түрiнің немесе негiзгi қасиеттерiнiң өзгеруiне әкеп соқпайтын зерттеулер жүргiзуге құқығы бар. Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органы уәкілетті бөлімшесінің маманы қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен сот-сараптамалық зерттеулердің барысы мен нәтижелерін осы Кодекстің 117-бабының талаптарына сәйкес ресімделген маманның қорытындысында көрсете отырып, осы объектілер бойынша оны жүргізуді жоққа шығармайтын көлемде осы объектiлердiң iшiнара жойылуына әкелетін салыстырмалы зерттеулер жүргiзу; өзi қатысқан тергеу әрекетiнiң хаттамасымен, сондай-ақ тиiстi бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген әрекеттердiң барысы мен нәтижелерiнiң тіркелуiнiң толықтығы мен дұрыстығына қатысты, хаттамаға енгiзілуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасау; қылмыстық процестi жүргiзетін органның әрекеттерiне шағым келтіру; аудармашының тегін көмегін пайдалану; аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеу; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеу; егер iс бойынша iс жүргiзуге қатысуы оның лауазымдық мiндеттерiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, өзiнiң тергеу немесе сот әрекеттерiне қатысуына байланысты шеккен шығыстарына өтем және орындаған жұмысы үшiн сыйақы алу құқықтары түсіндірілді.
Бұдан басқа, маманға оның қылмыстық процесті жүргізетін органға хабардар етпестен, процеске қатысушылармен зерттеу жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге; зерттеу материалдарын өз бетінше жинауға құқылы емес екендігі түсіндірілді.
Оның үстіне оған дәлелді себептерсіз өзiнiң мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн ҚР ҚПК-нің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы туралы ескертілді.
Криминалист маман__________ Р. Хамидуллин
Тергеу әрекетіның барысы мен нәтижесін тіркеуді бейнежазу арқылы криминалист маманР. Хамидуллин «Сони» маркалы цифрлық бейнекамераға жүргізіп отыр.
Қарап-тексеру мыналарды анықтады:
1. «Айфон 5С» маркалы ұялы телефон, телефонпанелі қара түсті қандай да бір көзге көрінетін бүлінген жерлері жоқ. Телефон көлемі 12,5х6х0,7 см. Алдыңғы бөлігінде экранның астында диаметрі 1 см дөңгелек нысандағы батырмасы бар, экранның өзінің көлемі 9-х5 см, телефонның артқы бөлігінің жоғарғы сол жақ бұрышында диаметрі 0,5 см дөңгелек нысандағы фото-бейнекамера объективі бар, одан төмен алма түрінде сурет бар, сондай-ақ «IPhone» жазуы бар, сол жақтағы қыр бөлігінде дыбыссыз режимді қосу және ажырату батырмасы, телефонның жоғарғы бөлігінде телефонды қосу және ажырату батырмасы бар. Телефонды қосқан кезде ол жұмыс істеп тұр, қандай да бір көзге көрінетін іздер мен бүлдірулер жоқ.