Браузер (мысалы, Microsoft Internet Explorer) ... болып табылады.

a) web-беттерді қарап шығу құралы

53. Төменде аталғандардың қайсылары «Браузер» бағдарламасы болып саналады?

a) Internet Explorer

54. Модем – бұл ... арналған құрылғы.

a) телефон байланысы арнасы бойынша ақпаратты жеткізуге

55. Провайдер – бұл ...

a) Internet қызметін ұсынушы компания

56. Internet-тегі Қазақстанға тиесілі жоғарғы деңгейлі үйшік атауын көрсетіңіз.

a) .kz

57. Internet желісіне қосылу үшін қажетті құрылғыны атаңыз:

a) модем

58. Internet желісі көмегімен қашықтан оқытуды ... пайдалана алады.

a) Internet желісіне қатынас құра алатын кез келген адам

59. Электрондық үкімет – бұл …

a) бір ақпараттық желіге біріктірілген мемлекеттік органдар жүйесі

60. Internet E-mail қызметінің міндеті – ...

a)электронды пошта (пошталық сервер)

61 Электронды пошта (e-mail) ... жеткізуге мүмкіндік береді.

a)хабарламалар мен тіркелген файлдарды

62. Электронды пошта мекен жайындағы @ таңбасына дейін не жазылады?

a) пайдаланушының аты

63 Электронды пошта мекен жайындағы @ таңбасынан кейін не жазылады?

a) үйшік атауы

64 Internet желісінің электронды пошта жәшігіне кіру үшін ... білу керек.

a) пайдаланушының логині мен құпия сөзді

65. Интерактивті оқыту дегеніміз?

А) сұхбат арқылы оқыту

66. Арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа:

А) Movie Maker

67. Интерактивті тестілеу құралы:

А) Activote

68. Интерактивті тақтаның негізгі құралдары:

А) Компьютер, интерактивті тақта, проектор

69. ACTIVstudio-ның бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы:

А) флипчарт

70. ACTIVstudio-да қалам мен өшіргіш қай панельде орналасқан:

А) негізгі панелінде

71. Флипчартқа тақырып немесе ескертулер қосады:

А) қалам құралы

72. Флипчарт бетін және флипчарт беттердегі объектілерді өшіреді:

А) себет

73. Бұл папкада жеке қолданушының ресурстары сақталады:

А) Менің кітапхана ресурсы

74. Қаламның ұшының негізгі қалыңдығылары:

А) 2, 4, 6, 8

75. Қаламның модификаторы қай батырма арқылы іске қосылады:

А) қалам

76. Флипчартты сақтау батырмасы қай жерде орналасқан:

А) Бас мәзір

77. ACTIVstudio-да іс-әрекет және қасиет белгісі қай жерде орналасқан:

А) Объектілерді редакторлеу құралы панелінде

78. Интерактивті электронды қалам дұрыс жұмыс жасау үшін қандай іс-әрекет жасалынады:

А) калибровка

79. Қолданушының қолмен жазған жазуын машиналық жазбаға айналдыратын құрал:

А) тану

80. Саймандар тақтасы деген не?

А) Қосымшаның функциаларын тез орындауға арналған батырмалар

мен әр түрлі шарт белгілерден тұратын жолақ

81. Калькуляторды іске қосу;

А) Арнайы құралдар панелі - калькулятор

82. Бейнефайлдың кеңейтімін көрсетіңіз:

А) .avi

83. ACTIVstudio бағдарламасында аннимация жасау үшін қандай құрал қолданылады:

А) бейнекамера

84. Компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология бұл:

А) компьютерлік технология

85. Ақпараттық мәдениет дегеніміз:
А) ЭЕМ көмегімен ақпаратты іздеу, алу, жинақтау, өңдеу, тарату, өз ойын білдіру, адамдармен қарым - қатынас жасау
86. Ақпараттытық процесс дегеніміз:

А) ақпарат қабылдау, беру, қолдану, түрлендіру процессі

87. «Интерактив» сөзі ағылшынның «interact» сөзінен шыққан, мұндағы «inter»...

А) бірлесу

88. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр қандай ғасыр деп аталды?

А) «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры»
89. «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялары (АКТ)» терминінің анықтамасын бер:

А) ақпаратты өңдеудің әр түрлі құрылғыларын, механизмдерін, жолдарын, алгоритмдерін сипаттайтын жалпылама ұғым

90. АКТ -ның қазіргі маңызды құрылғылары:

А) телекоммуникациялық программалық жабдықтар және құралдармен жабдықталған ЭЕМ

91. Сабақтар өткізудің қай саласында электронды білім басылымдарының ең белсенді ендірілуі байқалады:

А) лабораториялық-практикалық
92. Қазіргі электрондық басылымдар мен ресурстар оқушыға қандай мүмкіндік береді?

А) оған ыңғайлы өз қарқыныда теорияны оқуға, эксперименталдық зерттеу жүргізуге, жаттығу әрекеттері арқылы практикалық дағдылары мен біліктіліктерді игеруге, өзін-өзі бағалауды іске асыруға
93. «Ақпарат» термині латынның Informatio деген сөзінен нені білдіреді:

А) «түсіндіру» «хабардар ету»
94. Оқытудың ақпараттық технологиялары бұл –

А) білім беру үрдісін іске асыру үшін пайдаланылатын компьютердің, компьютерлік желілердің, компьютерлік телекоммуникациялардың электрондық құралдары, байланыстың басқа да құралдары мен олардың қызымет ету тәсілдерінің жиыны
95. Оқыту үрдісінде тікелей пайдалануға бағытталған АКТ құралдарын атаңыз:

А) оқытатын, тренажерлар, ақпараттық-іздеу, анықтамалық, демонстрациялық, имитациялық, лабораториялық, моделдеуіш, есеп жүргізу, оқу-ойын
96. Компьютердің «миы»:

А) процессор

97. Адам бейнелік ақпаратты қандай құрал көмегімен алады:

А) Көру мүшесі

98. Берілген сөйлемдердің қайсысы ЖАЛҒАН:

А) аудиокассета графиктік ақпарат болып табылады

99. Сұхбат терезесі деген не?

А) Операциялық жүйе мен қосымшалардың параметрлерін баптауда қолданылатын терезе

100. Экран бетінде файлды, программаны бейнелейтін қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне қалай аталынады?

А) белгіше

Тест сұрақтар (Нормативтік-құқықтық модуль)

1.ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қай жылы, қандай жарлықпен жарияланды?

A. ҚР Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығы

B. ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығы

C. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы

D. ҚР Президентінің 2009 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығы

E. ҚР Президентінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1019 Жарлығы

2.ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асыру кезеңдерін көрсетіңіз:

A. 3

B. 2

C. 4

D. 5

E. 6

3.ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсатын көрестіңіз?

A. Қазақстанда тұратын барлық ұлттың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді қолдануды қамтамасыз ету.

B. Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау.

C. Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

D. Білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру.

E. Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.

4. Қазақстан Республикасы «Тіл мәртебесіне» қай жылы ие болды?

A. 1989 ж., 22 қыркүйек

B. 1990 ж., 1 желтоқсан

C. 1995 ж., 30 тамыз

D. 1986 ж., 16 желтоқсан

E. 1997 ж., 11 шілде

5. ҚР «Тілдер туралы» Заңы қай жылы қабылданды?

A. 11.07.1997ж.

B. 15.09.1999ж.

C. 20.08.2000ж.

D. 22.07.1986ж.

E. 12.07.1997ж.

6. Тілді қолданудың А1-А2 деңгейлік жүйесі қалай аталады?

A. Қарапайым түрде пайдалану

B. Өз бетімен оқу

C. Біліктілікпен пайдалану

D. Кітаптардан оқып-үйрену

E. Орфографияны сақтап жазу

7. Тілді қолданудың В1-В2 деңгейлік жүйесі қалай аталады?

A. Өз бетімен оқу

B. Қарапайым түрде пайдалану

C. Біліктілікпен пайдалану

D. Кітаптардан оқып-үйрену

E. Орфографияны сақтап жазу

8. Тілді қолданудың С1-С2 деңгейлік жүйесі қалай аталады?

A. Біліктілікпен пайдалану

B. Қарапайым түрде пайдалану

C. Өз бетімен оқу

D. Кітаптардан оқып-үйрену

E. Орфографияны сақтап жазу

9. ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы үшінші бағыттың мақсатын көрсетіңіз

A. «Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті»

B. «Мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу»

C. «Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы»

D. «Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту»

E. «Мемлекеттік тілді меңгеру»

10. ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы бірінші бағыттың мақсатын көрсетіңіз

A. «Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы»

B. «Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті»

C. «Мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу»

D. «Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту»

E. «Мемлекеттік тілді меңгеру»

11. ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы екінші бағыттың мақсатын көрсетіңіз

A. «Мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу»

B. «Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы»

C. «Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті»

D. «Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту»

E. «Мемлекеттік тілді меңгеру»

12. ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы төртінші бағыттың мақсатын көрсетіңіз

A. «Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту»

B. «Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы»

C. «Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті»

D. «Мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу»

E. «Мемлекеттік тілді меңгеру»

13.Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 Қаулысы қалай аталады?

A. Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы

B. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

C. Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтиханын өткізу ережесін бекіту туралы

D. 2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

E. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы

14. ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының «Педагог мәртебесі» бағытының мақсатын көрсетіңіз

A. Педагог мамандығының беделін көтеру.

B. Білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету.

C. Балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамту.

D. Білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін ендіру.

E. Білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру.

15. ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсатын көрестіңіз?

A. Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

B. Қазақстанда тұратын барлық ұлттың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді қолдануды қамтамасыз ету.

C. Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау.

D. Білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру.

E. Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.

16. Білім туралы заң қай жылы қабылданды?

A. 27.07.2007ж.

B. 16.12.1991ж.

C. 20.08.2000ж.

D. 22.07.1986ж.

E. 12.07.1997ж.

17.ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асыру кезеңдерін көрсетіңіз

A. 2

B. 3

C. 4

D. 5

E. 6

18. ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қай жылы, қандай жарлықпен жарияланды?

A. ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығы

B. ҚР Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығы

C. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы

D. ҚР Президентінің 2009 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығы

E. ҚР Президентінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1019 Жарлығы

19. ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 2011-2015 жылдары қай кезеңді қамтиды?

A. 1

B. 5

C. 4

D. 3

E. 2

20. ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды?

A. 1995 ж. 30 тамызында, Алматыда

B. 1990 ж. 25 қазанында, Астанада

C. 1993 ж. 28 қаңтарында, Астанада

D. 1991 ж. 10 желтоқсанында, Алматыда

E. 1991 ж. 16 желтоқсанында, Алматыда

21. Білім заңына қай жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді?

A. 22.07.2011ж.

B. 27.07.2007ж.

C. 16.12.1991ж.

D. 20.08.2000ж.

E. 22.07.1986ж.

22.ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бағытының мақсатын көрсетіңіз

A. Балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбиелеудің және оқытудың әр түрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету

B. Педагог мамандығының беделін көтеру.

C. Білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету.

D. Білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін ендіру.

E. Білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру.

23.ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының «Өмір бойы оқу» бағытының міндетін көрсетіңіз

A. Баршаға арналған білім, өмір бойы білім алу үшін жағдай жасау

B. Білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету.

C. Білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін ендіру.

D. Білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру.

E. Балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбиелеудің және оқытудың әр түрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету

24. 12 жылдық білім беруде білім алушының оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім берудің нәтижесі қалай аталады:

a) құзыреттілік;

b) білімділік;

c) біліктілік;

d) кәсібилік;

e) тәжірибелік.

25. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында құзыреттілік амал идеяларын қабылдау себептерінің бірі:

a) еңбек нарығындағыөзгерістер, білім мазмұнын жаңарту;

b) педагог кадрларды дайындауда шетел тәжірибесін қабылдау;

c) оқушы қажеттілігін қанағаттандыру;

d) ата-аналардың сұранысын қанағаттандыру;

e) білім сапасын арттыру.

26. Ауызша және жазбаша байланыс құралдарын пайдалануға және тиімді өзара әрекеттерді іске асыруға мүкіндік беретін құзыреттілік:

a) коммуникативтік;

b) ақпараттық;

c) мәдени-танымдық;

d) әлеуметтік-кәсібилік;

e) өзін-өзі басқарушылық.

27. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» -кімнің сөзі:

a) Н.Ә. Назарбаев

b) А. Құнанбаев

c) Ш: Мұртаза

d) М: Шаханов

e) Ғ. Мүсірепов

28. ҚР білім беру мен тәрбие тілі туралы «Білім туралы» заңның қай бабында айтылған?

a) 9-бап

b) 51-бап

c) 2-бап

d) 45-бап

e) 11-бап

29. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Жолдауында Ұлттық даму стратегиясын негіз ете отырып, осы мерзім ішінде жүзеге асырылуға тиісті неше бағыт белгіленген

a) Жеті басымдық

b) алты басымдық

c) тоғыз басымдық

d) бес басымдық

e) сегіз басымдық

30. Мектеп оқушыларының функциональдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары ҚР Үкіметінің қай жылғы қаулысымен бекітілген?

a) 2012ж. 25 маусым №832 қаулы

b) 2012ж. 15 тамыз №782 қаулы

c) 2011ж. 25 қыркүйек №671 қаулы

d) 2012ж. 25 шілде №881 қаулы

e) 2011ж. 25 қыркүйек №671 қаулы

31. 1986 ж. Қазақстан компартиясының желтоқсан Пленумында қандай мәселе қаралды?

a) Республика басшылары ауысты

b) Білім мен денсаулыққа қосымша қаржы бөлу жайлы

c) Мал шаруашылығының жағдайы жайлы

d) Келесі жылға арналған мемлекеттік бюджет қаралды

e) Заңдылық пен құқықтық тәртіптің бұзылуы жайында

32. 1990 жылдың қазан айында Қазақстан өзінің:

a) Егемендік туралы Декларациясын қабылдады

b) Мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады

c) Жаңа Конституциясын қабылдады

d) Президентін сайлады

e) Ішкі істер әскерін құрды

33. 1991 жылы қазанда құрылған Қазақстанның Халық Конгресі партиясының тең

төрағалары болып кімдер сайланды?

a) О. Сүлейменов пен М. Шаханов

b) О. Сүлейменов пен Терещенко

c) М. Оспанов пен М. Шаханов

d) М. Оспанов пен Х. Қожахметов

e) Х. Қожахметов пен Терещенко

34. 1990 ж. шілдеде дүниеге келген "Азат" қозғалысының басты мақсаты:

a) Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу

b) Адамдардың азаматтық құқытарын қалыптастыруға жәрдемдесу

c) Қоғамдық проблемаларды шешу

d) Қуғын-сүргіннің құрбандарының толық ақталуына көмектесу

e) Тарихтағы шындықты қалпына келтіру

35. 1992 ж. 2 наурызда Қазақстан өмірінде қандай оқиға болды?

a) Қазақстанның БҰҰ-на өтуі

b) Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды

c) Қазақстан дүниежүзілік банктің мүшесі болды

d) Қазақстан Халықаралық валюта қорының мүшесі болды

e) Жекешелендіру туралы Заң қабылданды

36. Қазақстан Республикасының Туының авторын атаңыз

a) Ш.Ниязбеков

b) Ш.Уәлиханов

c) Ж.Мәлібеков

d) Х.Наурызбаев

e) Қ.Әлімбаев

37. Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторларын атаңыз

a) Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов

b) Ш.Ниязбеков, Х.Наурызбаев

c) Ш.Уәлиханов, Ш.Ниязбеков

d) Қ.Әлімбаев, Ж.Мәлібеков

e) Қ.Әлімбаев, Ш.Ниязбеков

38. 1993 жылы Қазақстан Республикасының президенті қол қойған Лиссабон хаттамасы

бойынша қандай мәселе қаралды?

a) Қазақстан Республикасының жерін ядролық қарудан еркін аймақ деп жариялады

b) Варшава Шарты Ұйымын таратуды жариялады

c) Қазақстан Республикасының көрші елдердің ішкі істеріне араласпайтындығы

d) Ядролық сынақты біржақты тоқтатуды жариялау

e) Қазақстан Республикасының ТМД-ның басқа елдерімен экономикалық

ынтымақтасуынының жаңа принциптерін жариялады

39. Қазақ КСР егемендігі туралы декларация қашан қабылданған?

a)1990 ж. 25 қазан

b)1989 ж. 1 қаңтар

c) 1986 ж. 21 қыркүйек

d) 1992 ж. 25 ақпан

e) 1991 ж. 16 желтоқсан

40. «Тіл туралы» Заңның 1 бабы бойынша қазақ тілінің статусы:

a) Мемлекеттік тіл

b) Ұлтаралық тіл

c) Ресми тіл

d) Міндетті тіл

e) Халықаралық тіл

41. 1991 жылғы 2 қазандағы тарихи оқиға:

a) Ғарышқа қазақ азаматының ұшуы

b) Тәуелсіздік

c) Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға мүше болуы

d) Теңгенің айналымға енуі

e) КСРО-ң ыдырауы

42. Астананы Ақмола қаласына ауыстыру жөніндегі Президент Жарлығы шыққан уақыт:

a) 1995 ж. қыркүйекте

b) 1997 ж. қазанда

c) 1994 ж. желтоқсан

d) 1992 ж. маусымда

e) 1996 ж. тамызда

43. 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық президент сайлауымен бірге вице-президентті сайлады. Вице-президент кім болды?

a) Асанбаев

b) О. Сүлейменов

c) Әбділдін

d) Ғ. Байназаров

e) Қ. Сұлтанов

44. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары қай жылы бекітілген?

a)1992 ж.

b)1994 ж.

c)1993 ж.

d) 1990 ж.

e)1991 ж.

45. Қазақ КСР-і қашан Қазақстан Республикасы деп жарияланған?

a) 1991 ж. 10 желтоқсан

b) 1992 ж. 16 желтоқсан

c) 1990 ж. 25 қазан

d) 1991 ж. 25 ақпан

e) 1992 ж. 12 наурыз

46. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті қашан алғаш рет жалпы халықтық

сайлауда сайланған?

a) 1991 ж. 1 желтоқсан

b) 1992 ж. 4 қазан

c) 1990 ж. 12 сәуір

d) 1991 ж. 12 қараша

e) 1993 ж. 1 мамыр

47. Қазақстан жоғары оқу орындарының студенттеріне 1995ж. бастап АҚШ-тың,

Батыс Европаның оқу орындарында білім алуға мүмкіндік берген бағдарлама:

a) “Болашақ”

b) “Әділет”

c) “Бөбек”

d) “Ақ бота”

e) “Атамекен”

48. Қазақстан Республикасында ұлттық валюта - теңге қашан енгізілді?

a) 1993 ж. қарашада

b) 1990 ж. қарашада

c) 1991 ж. қарашада

d) 1992 ж. қарашада

e) 1994 ж. қарашада

49. Қазақстан Республикасының екінші Конституциясы қашан қабылданды?

a)1995 ж. 30 тамыз

b)1994 ж. 4 сәуір

c) 1995 ж. 25 қазан

d) 1995 ж. 5 мамыр

e) 1997 ж. 5 қараша

50. Қазақ тіліне Мемлекеттік тіл мәртебесі қай жылы берілгенін атаңыз

a) 1997ж.

b) 2001ж.

c) 1988ж.

d) 1989ж.

e) 1993ж.

Наши рекомендации