Оқыту əдiстерiне жалпы сипаттама

Бiлiмдi меңгерту қандай жолдармен немесе тəсiлдер-мен iске асса да, оқыту əдiстерiн

таңдау негiзiнен, бiлiм берудiң мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары жəне мiндеттерiне

сəйкес анықталады.

Оқу процесiнде бiлiм берудiң көздерiнеқарай қолданылатын əдiстер:

Сөздiк əдiстер:түсiндiру, əңгiме, əңгiмелесу, лекция, кiтаппен жұмыс.

Көрнекi əдiстер:иллюстрация жəне демонстрация.

Тəжiрибелiк əдiстер:лабораториялық, практикалық, графикалық, əр түрлi жаттығу жұмыстары.

Оқыту процесiнде ең көп тараған дəстүрлi əдiс - сөздiк немесе мұғалiмнiң ауызша баяндау əдiсi.Бұл əдiс оқыту процесiнде басқа əдiстерге қарағанда жетекшi роль атқарады. В. А.Сухомлинский: ''Сөз – ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нəрсемен ауыстыраалмайсың…''- деп оның маңызына ерекше назар аударады Мұғалiмнiң сөзi əсерлi, тартымды, сенiмдi, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мəнерлi жəне бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дəлелдi болу үшiн Ы. Алтынсаринның пiкiрiн келтiрейiк:''Мұғалiм балалармен iстес болады: егер олар бiр нəрсенi түсiнбесе, онда мұғалiм шəкiрттердi кiналамай, оларға дұрыс түсiндiре алмағаны үшiн өзiн-өзi кiналауы керек. Мұғалiм балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексiз терминдердi қолданбастан əрбiр затты ықыласпен, қарапайым тiлмен түсiндiру керек''. Бұл əдiстi қолданғанда мұғалiм оқушыларға бiлiм берумен қатар олардың таным белсендiлiгiн арттыруға (зейiн, қабылдау, ойлау т.б. процестерiн) байланысты да əрекет жасайды. Мұғалiмнiң оқу материалын ауызша баяндауы көп жағдайда түрлi көрнекi жəне техникалық құралдарды пайдаланумен ұштастырылады. Ауызша баяндаудың тағы бiр ерекшелiгi, оқытушы-ның түсiндiруi мен оқушылардың ұғыну процесiнiң қатар жүруiнде. Түсiндiру барысында əңгiме, əңгiмелесу, ауызша-жазба жəне лабораториялық жұмыстарын қажетiне сай қатар қолдану керек. Түсiндiру– оқу материалын мұғалiмнiң логикалық тұрғыдан дəйектi де сындарлы баяндауы. Оның себебi, түрлi заңдылықтар мен ережелердi түсiндiру белгiлi дəрежеде логикалық жүйелiлiктi қажет етедi.

Түсiндiру əдiсiнiң мақсаты: заттардың елеулi белгi-лерiн ашып көрсету, фактiлер мен

құбылыстарды талқы-лау. Сондықтан мұғалiмнiң оқу материалын түсiндiруiнде əрқашанда

пайымдау, қорыту, дəлелдеукөп болады.

Түсiндiру əдiсiнiң ең маңызды мəселелерi – оқушылардың алдына жаңа мəселенi айқын, ашық етiп қойып, оқу материалын тыңғылықты баяндап шығу. Түсiндiру əдiсiнiң табысты болуы мұғалiмнiң нақтылы деректердi қаншама сəттi қолдана бiлгендiгiне де байланысты. Түсiндiру əрқашанда заттар мен фактiлердiң, құбылыстардың мəнiн ашу, қағидаларды түсiндiру, осы-лардың негiзiнде оқушыларға жаңа бiлiмдi баяндауда оны терең жəне түсiнiктi ұғынуларына мүмкiндiк туғызады. Бiрақ ол оқушылардың жас ерекшелiктерiне, сынып жəне пəн ерекшелiктерiне қарай өзгерiп отырады. Əңгiме– мұғалiмнiң сабақ барысында оқушылармен араласуының неғұрлым қолайлы

тəсiлi болып табылады. Сөйтiп, оқушыларға жаңа бiлiмдi түсiндiрудiң неғұрлым қарапайым жəне

түсiнiктi түрi. Əңгiме барысында мұғалiм құбылыстарды бiрiздiлiкпен көркем суреттей отыра, өз сөзiн əртүрлi көркем шығармалар (картина, фотосурет) мен көрнекi құралдарды қолдану арқылы

жалғастырып отырады. Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың фактiлер мен құбылыстарды

жақсы түсiнiп, ұғынуына көмектеседi. Бұл əдiстi қолдану барысында мұғалiм мен оқушылар арасында диалог пайда болады. Əңгiме оқытудың түрлi мiндеттерiн орындауға бағытталады: жаңа бiлiмдi хабарлау, оны бекiту мақсатында қолданылатын əңгiме; өткен материалды жаңамен байланыстыру, өткендi қайталау, оны тексеру жəне бағалау үшiн қолданылатын əңгiме. Əңгiме əдiсi көбiнесе бастауыш немесе орта буын сыныптарда кеңiнен қолданылады. Мұғалiмнiң сабақта əңгiме əдiсiн қолдану ұзақтығы, берiлетiн оқу материалының сипатына

байланысты болып келедi. Əңгiмелесу- мұғалiм мен оқушылар арасында жаңа бiлiмдердi хабарлау, пысықтау, қорытындылауды дұрыс ұйымдастырылған сұрақ-жауап тəсiлiнде қолданылады. Сондықтан əңгiмелесу оқытудың аса күрделi əдiсi болып есептелiнедi. Бұл əдiстi нəтижелi пайдалану мұғалiмдер тарапынан өте мұқият дайындықты талап етедi. Əңгiмелесу барысында мұғалiм оқушылардың жеке басының қабiлетiн, зейiнiн (т. б. психикалық процестерiн), таным ерекшелiктерiн танып бiледi, баяндалып отырған немесе өтiлген оқу материалын олардың қалай ұғынғанын анықтайды. Əңгiмелесуде баяндау, талдау, қорытынды жасау тəсiлдерi қолданылады. Бұл əдiс, сонымен қатар, сұрақ-жауап тəсiлi арқылы да iске асады. Ол үшiн мұғалiмнiң сұрақтары дəл, жинақы, оқушының ойын оятуға, дамытуға бағытталған болуы тиiс.

Дəрiсбаян -сөзге негiзделген оқыту əдiсi ретiнде ол өзiнiң құрылымы, баяндалатын оқу

материалының дəлдiгi жəне сабақтың өн бойында тыңдаушыларының ойлау қабiлетiн белсендi

етуi жағынан басқа əдiстерге қарағанда өзiндiк ерекшелiктерi бар.

Дəрiсбаян əдетте жоғары сынып оқушылары арасын-да көптеп қолданылатын əдiстiң бiрi.

Дəрiсбаян барысында оқушылар жаңа оқу материалын тыңдайды, қабылдайды, ұғынады, мұғалiм

сөзiне зейiн қоя тыңдайды, мазмұнын қадағалап отырады.

Дəрiсбаянның басқа ауызша баяндау əдiстерiнен тағы бiр ерекшелiгi, мұғалiмнен жаңа

бiлiмдi баяндамас бұрын оқушыларға оның жоспарымен, қажеттi əдебиеттер тiзiмi-мен

таныстыруын қажет етедi. Оқушылардың лекция жоспарымен алдын-ала танысуы, оның

мазмұнын баян-дауда мұғалiмнiң ойын жақсы ұғынуға көмектеседi.

Ол үшiн лекция мақсатының идеялық бағыты, оның нақтылығы, берiлетiн бiлiмнiң

оқушыларға түсiнiктi болуы мұғалiмдер тарапынан үлкен шеберлiктi қажет етедi.

Дəрiсбаян барысында баяндалған оқу материалы-ның мазмұнын оқушылардың қысқаша

жазып отыруы, оны өз беттерiнше қайталап оқуы, дағдылануы да қажеттiлiк болып табылады.

Дəрiсбаян жəне əңгiме əдiстерi оқу материалына жұмсалатын уақытты үнемдеу жағынан

тиiмдi болғанымен де, оқушылардың өз ойын, пiкiрiн айтып, кеңес алуға қолайлы жағдай туғыза

алмайды. Бұл турасында əңгiмелесу əдiсiнiң мүмкiндiгi мол. Мұғалiм дəрiсбаянға дайындалу барысында оның мазмұнына, амал-тəсiлдерiне жəне құрылымына назар аударады. Дəрiсбаянның мазмұнын ол оқу бағдарламасы, оқулық жəне оқу құралдарына байланысты анықтайды. Бiрақ, бағдарламада көрсетiлген барлық мəселелердiң iшiнен түйiндi мəселелердi айырып, ғылымның соңғы жаңалықтары мен табыстарын озат тəжiрибемен байланыс-тырып, материалдың белгiлi бiр бөлiгiн оқушыларға оқу-лықтан, басқа əдебиеттерден өздiгiнен оқып алуға тапсыр-малар берiп отыруды оқытушы мұқият ойластыруы қажет. Сонымен, лекцияның мазмұны, баяндалу формасы, оқытушы-ның шеберлiгi

лекцияның тиiмдiлiгiн арттырудың кепiлi.

Оқулықпен жəне кiтаппен жұмыс iстеу əдiсi –оқушылардың өздiгiнен жаңа бiлiмдердi

қабылдау, сыныпта алған бiлiмдерiн бекiту, бiлiктiлiк пен дағды қалыптастыруда тиiмдi əдiс болып табылады. Кiтап - бiлiмнiң сарқылмас қайнар бұлағы. Ол бiлiм мазмұнын кеңiрек ашып, оқушылардың оны терең игеруiне көмегiн тигiзедi. Оқулық жəне кiтаптың көмегiмен оқушылар сабақта немесе сабақтан тыс кездерiнде түрлi жаттығу жұмыстарын орындап, мұғалiмнiң басқаруымен сыныпта алған бiлiмдерiн толықтырып отырады.

Оқушылар оқулықтармен жəне басқа оқу кiтаптары-мен жұмыс iстей отырып, белгiлi бiлiм

жүйелерiн меңгередi, өздерiнiң көзқарастарын қалыптастырады, ой-өрiсiн дамы-тады, өздiгiнен

жұмыс iстей бiлуге дағдыланады.

Кiтаппен жұмыс iстеу оқушы үшiн оқытуда күрделi тəсiл болып танылады. Қазiргi мектеп

тəжiрибесiне жүгiнсек, көптеген жағдайда, оны бiтiрушiлер арасында кiтапты оқи немесе нəтижелi

қолдана бiлмейтiндер кездеседi.

Кiтапты немесе оқулықты оқи отыра, оның нақтылы мазмұнын, тақырыптың негiзгi ойын,

құнды деректер мен қағидаларын жеке қарастыру, жетекшi идеяларын ашып көрсете немесе өз

сөзiмен тиянақты баяндай алмау мəселе-лерiн ұмытпаған жөн. Ол үшiн оқушы оқу материалының

құрылымымен жалпы танысу, оны көз жүгiрте қарап шығу, содан кейiн барып кейбiр маңызды

бөлiктерiне жете мəн беру, оған қатысты жаттығу жұмыстарын жасау, ең соңында оқығанын есiнде сақтауға күш салуға дағдылануы тиiс. Екiншi мəселе, бастауыш сыныптан бастап оқушыларды дауыстап оқуға, одан кейiн тез, iштей оқуға, оқығанды өз сөзiмен айтып беруге дағдыландыру қажет. Мəтiнмен жұмыс iстегенде оқушыларды, оның ең негiзгi мазмұнын айтуға, бөлiктерге бөлiп жоспар жасауға, қорытынды мен тұжырымдар жасауға үйрету керек. Егер оқушы осындай тəсiлдердi қолдана бiлсе, онда ол оқығандарын тек жаттап алуға дағдыланады.

Кiтаппен жұмыс iстеудiң өзiндiк мəндi психологиялық ерекшелiгi бар. Кiтап оқу мұғалiмнiң

сөзiн тыңдауға қара-ғанда оқушының ақыл-ой күшi мен ерiк-жiгерiн көп керек етедi. Ол оқушының өзiндiк ойлауын, iс-əрекетiн жандан-дырып, оның бiлiм деңгейiн, дүниетанымын арттырады. Қоғамға, өмiрге, адамдар-арасындағы қарым-қатынаста басқаша көзқараспен қарауға

тəрбиелейдi. Яғни, ол бiлiм беру көзi ғана емес, сонымен қатар тəрбие құралы.

Дегенменде, оқушының үй тапсырмасын кiтап немесе оқулық көмегiмен орындау барысында

қажеттi уақытты тиiмдi пайдалану, өзiне-өзi бақылау немесе есеп беру жұмыстарында

айтарлықтай кемшiлiктер бар. Барлық оқушылар бiрдей бiздiң жоғарыда айтқан кiтаппен жұмыс

жасау тəсiлдерiне мəн бермейдi, оның талаптарын толығы-мен сақтамайды. Соның негiзiнде бiлiм

мазмұны нашар меңгерiледi.

Сондықтан оқушының кiтаппен өз бетiнше нəтижелi жұмыс iстеуiн, оның саналы көзқарасын

жəне өзiне-өзi бақылауды үйрету, ұйымдастырып отыру мұғалiм тарапынан жауапкершiлiкпен

көңiл аударып отыруды қажет етедi.

Көрнекiлiк əдiстероқу материалын оқушылардың көзiмен көрiп, нақтылы түсiнулерiне

мүмкiндiк бередi. Бұған демонстрация, иллюстрация жəне бақылау тəсiлдерi жатады.

Демонстрация(көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер жəне заттардың

нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Əдiстiң бұл түрi оқылып

отырған құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың iшкi құрылысы жəне сыртқы көрiнiсiмен немесе бiрыңғай заттардың орналасу жағдайымен таныстыруды көздейдi.

Табиғи нысананы көрсету негiзiнен сыртқы көрiнiсiнен басталады (көлемi, түсi, формасы,

өзара байланысы т. б). Келесi кезекте оның iшкi құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлiнiп

көрсетiледi. Заттың үлгiсi жəне көркем туындылар оқушылар тарапынан бiртұтастық жағдайында

қабылданады. Демонстрациялау көбiнесе оқушылардың практика-лық оқу əрекетiмен ұштаса жүргiзiледi. Приборлар мен нысандарды демонстрациялау нəтижесiнiң табысты болуы бiрнеше жағдайға байланысты болады:

- көрсетiлiп отырған нысана барлық оқушыларға жақсы көрiнуi тиiс;

- оқу материалын түсiндiру кезiнде көрсету жұмыс-тары жүргiзiлiп, соңынан нысана алынып

тасталуы керек. Оны оқушыларға алдынала көрсетуге болмайды;

- көрнекi құралдарды бақылау барысында əрбiр оқушы мұғалiмнiң нұсқауы бойынша жұмыс iстеуi

тиiс;

Иллюстрация- демонстрация əдiсiмен тығыз байланыста болады. Бұл əдiстi

иллюстративтi құралдарды (плакаттар, картиналар, суреттер, чертеждер, портреттер,

картограммалар, модельдер) көрсетуде қолданады. Иллюстрация əдiсiнiң нəтижелi болуы, негiзiнен оның қолдану тəсiлдерiн мұғалiмнiң қаншалықты меңгер-генiне байланысты болып келедi. Соның негiзiнде оқушы-лар мен мұғалiмге оқу материалын табысты меңгеруге айтарлықтай көмек бере отыра, ғылыми ұғымдарды жеңiл меңгеруге септiгiн тигiзедi. Мектеп тəжiрибесi көрсеткендей сабақта иллюстра-циялы материалдарын көптеп қолдану, оқушылардың назарын нақтылы оқу материалынан ауытқуына əкеп соғады. Сондықтан, көрнекi құралдарды пайдаланудың дидактикалық қолданысын жəне таным процесiнде олардың рөлiн алдын-ала жақсылап ойластырып алу қажет. Бұған қосымша мұғалiмдер көрнекi құралдардың тиiмдi көлемiн де анықтауы қажет. Бұл əдiстердiң iшiнде ең басты рөл атқаратыны – бақылауəдiсi. Ол барлық оқу пəндерiн оқытуда кеңiнен қолданылады.

Тəжiрибелiк əдiстер.Оқушылардың сабақта алған теориялық бiлiмдерiн, бiлiктiлiк пен

дағдыларын тереңдету жəне жетiлдiре түсу мақсатында олардың практикалық жұмыстарының маңызы ерекше. Оқытудың негiзгi дəстүрлi əдiстерiмен қатар мұғалiм оқушылармен бiрiгiп сабақта, оқу- тəжiрибе участогiнде оқу приборлары жəне техника құралдары көмегiне сүйенiп оқу тəжiрибелерiн жүргiзедi. Оқытудың зертханалықтəсiлi негiзiнен биология, химия, физика пəндерiнде жиi қолданылады. Аталған пəндердiң мазмұны зертханалық жұмыстарды қажет етедi. Зертханалық жұмыстар жаппай түрде немесе оқушының жеке-дара орындауы арқылы жүредi. Жаппай түрде жүргiзгенде сыныптағы оқушылардың бəрi бiрыңғай тəжiрибе жасайды, ал жеке оқушылар орындағанда əрқайсысының жасайтын тəжiрибесi əр түрлi болады да, кейiн ол

жинақталады. Оқушылардың зертханалық жұмыстары мектеп жанындағы оқу-тəжiрибе учаскесiнде жүргiзiлетiн тəжiрибелермен де тығыз байланысты. Олар дайындау, өткiзу, қорыту кезеңiболып бөлiнедi. Дайындау кезеңiнде оның мақсаты белгiленедi, жоспары жасалады жəне оқушыларды қажеттi аспаптармен, реактивтермен, басқа да оқу құралдарымен, жұмыс iстеу принциптерiмен таныстырады.

Наши рекомендации