Танымдық қабілеттері мен машықтарына байланысты
- ақпараттың кең көлемін игеру.
- бай сөздік қор.
- игерілгенді жаңа материалға көшіру.
- себеп-салдарлық байланысты құру.
- құпия тәуелділік пен байланыстарды құрықтау.
- шешім шығара білу.
- ақпаратты шоғырлай және жинақтай білу.
- күрделі мәселелерді шешуге қатысу.
- ақпаратты ұйымдастыру.
- күрделі ойларды аулай білу.
- астарлы айырмашылықтарды аңғара білу.
- қарсылыққа сезімталдық.
- ақпаратты іздеудің альтернативті жолдарын қолдану.
- жағдайды талдау.
- процестің өзін де, нәтижесін де бағалай білу.
- кейін неге апарып тірелетінін көре білу.
- талқылай білу.
- болжам жасау.
- ойды тәжірибеде қолдану.
- қайта жасауға икемділік.
- ойлаудағы сыншылдық.
-жоғары білімқұмарлық.
Шығармашылық қабілеттеріне байланысты
- тәуекелшілдік қабілет.
- бағытынан тайған ойлау қабілеті.
- ойлау мен әрекетте икемділік.
- ойлау жылдамдығы.
- өзіндік идеяларын айта білу және жаңа бір нәрсені ойлап табу қабілеті.
- бай қиял.
- әркелкі нәрселерді қабылдау.
- жоғары эстетикалық құндылықтар
- дамыған сезгіштік.
Эмоционалды ортаның ерекшеліктеріне байланысты
- шынайы Мен-концепциясы.
- өзгеге сыйластық.
- адамдарға эмпатикалық қатынас.
- өзге адамдардың ерекшеліктеріне төзе білу.
- өзін-өзі талдауға икемділік.
- сынға шыдамды қатынас.
- нәрселер мен ойлармен бөлісуге дайын болу.
- тапсырманы орындауда табанды болу.
- ойлау мен тәртіпте тәуелсіздік.
- мадақтауды күткенде шыдамсыздықтың болмауы.
- жарысқойлық.
- әзілқойлық сезімі.
- құлықты мәселелерді талдауда сезгіштік.
- өз күші мен қабілетіне сенімділік.
Дарынды балаларды анықтау диагностикасы
1.Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.
2.Дамытушылық жағынан ықпал ете отырып баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
3.Баланың дарындылық белгісін оның психологиялық дамуының нақты деңгейіне ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.
4.Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-ананың сипаттамалық бағалары.
5.Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып бала қабілетін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты.
Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.
Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамыз.
Баланың отбасы жағдайын зерттеу
Шығармашылық қабілетін анықтау
Сауалнамалар психо-диагностикалық тренингтерді өткізу
Ата-анасымен әңгімелесу
Ғылыми жоба жарыстарына, көрмелерге, жәрмеңкелерге, пікір-сайыс ойындарына қатыстыру.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастырудың критерийлері
Нормативті-құқықтық құжаттар;
Ғылыми-әдістемелік қызмет түрлері (ауысымды мектептердегі жұмыс жоспары, диагностикалық әдістемелер, инновациялық технология, олимпиада тапсырмалары, ұсыныстар);
Ақпараттық қызмет;
Мектеп басшыларының, мұғалімдердің жұмыс жүргізуге дайындығы;
Білім мекемелерінің өсуі; (эксперимент түрлері,ауысымдық мектеп,резерв мектебі,банк, т.б.)
Дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі және сол бағытта талмай жұмыс жасайды;
Олар дарынды оқушыға қосымша тереңдетілген бағдарламалар жасай алады және олардың өздігінен жұмыс істеуіне, шығармашылық ізденістеріне қажетті кеңестер бере алады;
Жұмысқа қажетті материалдар мен тиімді әдістерді таба біледі және жұмыстың мақсатын нақты қоя біледі;
Оқушыға дұрыс бағыт беру арқылы оның ғылыми -зерттеу жұмысымен айналысуына көмек жасай алады;
Педагогикалық үрдісті диагностика лау жұмысын жүргізе алады және оларды бір-бірімен байланыстыра алады;
Дарындылықты анықтауда әр түрлі психо- диагностикалық әдістемелерді, ал дамытуда оқытудың әр түрлі жаңа технологияларын тиімді қолдана біледі.