Пәннің және оқу жұмысының түрлері
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні бойынша
мамандық
Азақ филологиясы кафедрасы
Филология және педагогика факультеті
Курс _______/_______/________
Семестр _______/_______/________
Оқу бағдарламасы бойынша жалпы сағат (кредит)саны : _______
Соның ішінде оқыту түрі бойынша:күндізгі /сырттай /қашықтықтан
- дәріс _______/____________/_______
- практикум _______/____________/_______
- өздік жұмысы _______/____________/_______
Қорытынды бақылау түрі:
- емтихан ____сем./ ____сем./ ____сем.
Көкшетау
Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 22 желтоқсан 2005 жылғы №03-3-1/838 хаты негізіндеқұрастырылған.
Қазақ филологиясыкафедрасы отырысында бекітілген
№ 1 хаттама « 28 » тамыз 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі _____________ ф.ғ.к.,доц. О.А.Жұмағұлова
қолы (тегі, аты,әкесінің аты)
Филология және педагогика факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясымен келісілген
№ 1 хаттама « 29 » тамыз 2014 ж.
Факультеттің ОӘК төрағасы______ п.ғ.м.,ак.доцент А.Қ.Құрманова
қолы (тегі,аты,әкесінің аты)
Оқытушы туралы мәлімет:
Молдағалиева Раушан Шамжановна
Қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі
Консультациялық сағат (office - hour):
кафедрада келісілген ОБСӨЖ-дің кестесі бойынша
Жұмыс телефоны: 25 -72-64
1. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізупәнінің мақсаты – студенттерге кез-келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін құжаттарды жасау, толтыруды меңгерту.
Пәннің міндеттері:
- Іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру;
- Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту;
- Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудің тарих, саясаттану, архив ісі, тіл білімі, педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету;
- Мемлекетіміздің арқа сүйер болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы ролінің күшеюіне олардың өз септігін тигізуін қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік тілде ісқағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың безендірілуі, лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.
Пәннің қысқаша мазмұны:
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу– басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді. Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейін көтеру онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей байланысты.
2. Пән мазмұнын меңгерудің талаптары:
Пәннің пререквизиттері:
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады.
Пәннің постреквизиті:
Ресми іс қағаздар термині мекемелер мен ұйымдардың басқару қызметін құжаттау, құжаттарды түрде баяндалу керек;
- тұжырымдар дәл, нақты болуы керек;
- сөздер мен терминдер нақыт өз мағынасында пайдаланылуы ұйымдастыру. Ресми құжаттарға төмендегідей талаптар қойылады:
- мазмұны қысқа әрі тұжырымды керек;
-терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігін сақтау қажет.
Пәннің құзыреттілігі:
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу – басқару процесінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады. Себебі іс қағаздарын жүргізу – мекеме жұмысының нақты құжаттармен, деректермен реттелген, дәйектелген жұмысы. Соған орай студентдайын құжаттармен жұмысты да, мекеме ішіндегі дайындалған құжаттармен жұмысты да, сырттан келген құжаттармен жұмысты да, сондай-ақ оларды қабылдау, тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау, құжаттарды қолдануға дайындау, архивке дайындау сияқты толып жатқан жұмыстарды білуі керек.
Пәннің қысқаша мазмұны:
Мемлекеттік тілде іс қағаздары – басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді. Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейін көтеру онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей байланысты.
Пәнді меңгергеннен кейінгі студенттің білімі:
- Қазақстандағы және әлемдік кеңістіктегі қазақ тілінің рөлі мен орнын білуі, әрі сол тілде іскери қарым-қатынас жасай білуі керек.
- Кез-келген тақырыпта айтылған ойларға өз пікірін, өз көзқарасын еркін қоса білуі керек.
Пәннің және оқу жұмысының түрлері