Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Ағылшын тілін оқытудың жоғарғы сатысында оқушыларды мультимедиалық технологияларды пайдалану, көркем фильмдер арқылы тыңдалым әрекетіне үйретудің жолдары

2.1. Шетел тілін оқыту процесін мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы жетілдірудің теориялық негіздері

2.2. Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы тыңдау және сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған тәжірибелер

Көркем фильмді сабақта қолданудың тиімділігі

2.3. Оқушылардың қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар, сабақ жоспары

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Тілін үйренетін елде тұрмай сол елдің тілін үйрену ұзақ уақыт тер төгіп, қажырлылық пен уақытты қажет ететін еңбек болып табылады. Осы мақсатқа жетуде аутенттік фильмдердің маңызы жоғары. Видеофильмдер шетел тілін оқытуда құнды материал болғанымен, оны тікелей оқу үрдісіне қолданудың әдістемесі толық шешімін таппаған мәселе болып отыр. Көрерменнің көбісі фильм көргенді жақсы көргенімен, оны шетел тілін үйрену үрдісінде пайдалануға онша мән бермейді.

Қазіргі таңда шетел тілдерін оқыту әдіс­темесінің жетілдірілуге тиісті теориялық және тәжірибелік мәселелерінің қатарында комму­никативтік құзыреттілік және оған қол жеткізу тәсілдері үнемі көкейтестілігін жоймайтын мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында шет тілдік білім беру Халықаралық стан­дарттың негізгі желісінде жүзеге асуда, яғни оның өзегі жалпыеуропалық құзырлылықта сипатталған деңгейлеп оқыту болып табылады. Шетел тілін меңгерту үрдісі халықаралық стандарт негізінде оқыту арқылы коммуникативті құзыреттілікті іске асыру мақсатын ұстанады. Ал, бұл құзыреттілік тілдік, сөйлеу, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық сияқты ішкі біртұтас құрылымдық бірліктерінен тұрады. Сондықтан да мұғалім алдында шетел тілі сабағында әртүрлі әдіс, тәсілдерді (рөлдік ойын­дар, пікірталас сайысы, жобалап оқыту, фильм) қолдана отырып, шетел тілінде сөйлеу­ге үйрету міндеті тұр. Сонымен қатар тілін оқи­тын елдің мәдени құндылықтарын да мең­герту оқушыларды шетел тіліне дайындауда білікті маманның мақсаты болу керек. Бұл аталған істе нәтижелерге қол жеткізуде сабақта видеофильмдерді көрсету өз нәтижесін берері анық [1,7].

Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» деген тақырыпта оқыған лекциясында: «Осы заманғы әлем жаһандану кезеңін – адамзаттың біртұтас ақпарат және коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рынокқа айналуы дәуірін бастан кешіруде» деп көрсеткен болатын [1.28]. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім беру реформасы бойынша білімді, ойлы және өнерлі тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім беру жүйесі негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, жаңа белсенді және инновациялық әдістерді енгізу шетел тілін оқытудың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Білім берудің дәстүрлі әдісінен оқу процесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту үдерісінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар білім беру саласында ақпараттық технологиялардың жаңа құралдарын қолдану бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Отандық және шетелдік білім беру орындарында бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) қолдану ең маңызды әдіс болып табылады.

Қазіргі кезде жаңа білім беру жүйесінің заманауи технологиялар мен интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер мультимедиялық презентация, видеофильм, электрондық пошта, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Шетел тілдік ортада болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің басты мақсатының бірі шетел тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шетел тілін оқыту барысында БАҚ қолдану сабақты қызықты әрі тиімді етіп өткізуге көмектеседі.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында білім беруді ақпараттандыру мәселесі бойынша төмендегідей негізгі ғылыми мектептер қалыптасып, кешенді зерттеулер жүргізілуде:

- профессор С.С.Құнанбаеваның мектебі шет тілін оқытудың теориясы мен әдістемесін ақпаратандыру мәселелерін зерттейді: мәдениетаралық-қатынастық біліктілігін қалыптастыру Ә.Т.Чакликова, елтанымдық біліктілігін қалыптастыру Ж.А.Түселбаева; студенттерді АҚТ-ды пайдалануға әдістемелік даярлау Д.Е.Сағымбаева; шетел тілін оқытуда телекоммуникациялық технологияларды пайдалану А.Б.Нұрова, ағылшын тілін электрондық оқулықтар арқылы оқыту әдістемесі Ұ.Т.Нұрманалиева;

- профессор Б.Б.Баймұхановтың мектебі оқу үдерісіне компьютерлік технологияларды енгізу мәселелерін, әртүрлі бағдарламалық құралдарды қолданудың әдістемесін жасау мәселелерін зерттейді Б.Д.Сыдықов, Р.С.Шуақбаева, І.Ж.Есенғабылов, Г.А.Мадьярова және т.б;

- профессор Ж.А.Қараев және М.Б.Есбосынов, С.В.Рах, К.З.Халикова, Ж.С.Сардарова, С.Т.Мұхамбетжанова, Б.К.Төлбасова, Б.Абыканова, О.К.Ахметова және т.б ғалымдар ақпараттық-қатынастық технологияны жалпы орта білім беретін мектептің оқу үдерісінде, кәсіби дайындықта және жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуда қолдану мәселесін қарастырған.

Интернетті пайдалану әдістемесі А.Л.Муховиков, интернетті пайдалану С.Н.Конева, әдеби-әдістемелік Интернет-сайттар ғылым және мектеп тәжірибесінде диалог жасау кеңістігі ретінде Ю.В.Ээльма, Интернет-технологиялар негізінде мектептің білім беру ортасын белсендіру. Ю.Дик, Интернет ресурстар Ә.Т.Чакликова, Н.Ғ.Даумов бойынша жүргізілген зерттеулерді қарастырдық.

Шетел тілінде сөйлеу және сол тілді түсіну дағдысын қалыптастыруда оқытуды компьютерлік технологиялар арқылы, соның ішінде мультимедиялық презентациялар мен интернет ресурстар арқылы ұйымдастыру жолдарын жүзеге асыру жолдарын қарастыру зерттеу жұмысының негізгі мақсаты болып табылады.

Зерттеу нысаны:жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы шетел тілін оқыту әдісі.

Зерттеу пәні: түсіну дағдысын қалыптастырудағы мультимедиалық құралдарды пайдаланудың маңызы.

Зерттеудің мақсаты:орта мектепте мультимедиалық құралдар мен Интернет ресурстарды пайдалану маңыздылығын теориялық тұрғыда негіздеу, тәжірибе жүзінде сынақтан өткізу және жасалған тәжірибелік жұмыстың тиімділігін дәлелдеу.

Зерттеудің міндеттері:

- шетел тілі сабағында бұқаралық ақпарат құралдарын қолданудың тиімді тәсілдерін айқындау;

- шетел тілін оқытуда шетел баспаларын, газет-журналдарын, интернет, фильмдер қолданудың тиімділігін көрсету;

- шетел тілі сабағында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу және түсіну дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау.

Зерттеу көздері:білім беру салаларында оқытудың жаңа технологияларын қалыптастыру мен енгізуге бағытталған, мерзімді басылымдарда жарияланған әлеуметтік зерттеу нәтижелері; шет мемлекеттерде (АҚШ, Германия, Канада, Франция, Ресей) білім беру жүйесін ақпараттандырудың, оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың іс-тәжірибелері; зерттеу тақырыбына байланысты психологиялық және педагогикалық әдебиет, тәжірибелік жұмыстар, озат мұғалімдердің іс-тәжірибесі, автордың жеке жұмыс тәжірибесі, оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендер.

Зерттеу әдістері:қарастырылып отырған тақырып жөніндегі ақпараттық, ғылыми және әдістемелік әдебиетті талдау, теориялық талдау, сауалнамалар, сұхбаттар, сұрақ-жауап, жинақтап қорытындылау, оқу үдерісінде Интернет ресурстарды пайдалану кезіндегі оқушылардың әрекетін сырттан бақылау, мұғалімдердің сабақта мультимедиалық құралдарды пайдалану тәжірибесін зерттеп білу, педагогикалық тәжірибе жасау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер оқытудың мазмұнына, формасына, әдістеріне қарай мультимедиялық технологияларды жүйелі пайдаланудың дидактикалық негіздері анықталып, оқыту үдерісіне енгізілсе, онда оқытудың теориялық және практикалық денгейі жоғарылап, білім сапасының артуына қол жеткізуге болады, соның нәтижесінде, оқушылардың танымдық белсенділігі артады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- шетел тілін үйретудегі Интернет ресурстарын пайдаланудың басым тенденцияларын айқындауға талпыныс жасалды;

- шетел тілін оқытудағы ақпараттық технологиялардың жаңа мүмкіндіктері талданды;

- шетел тілі сабағында білім беру процесінің сапасын жоғарылататын және оқу материалын қабылдау тиімділігін көтеретін әдістердің жаңа нұсқаларын жасауға талпыныс жасалды;

- түсіну және сөйлеу дағдыларын қалыптастырудағы видео технологиялардың рөлі айқындалды.

Зерттеудің теориялық маңызы.Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары мультимедиалық құралдардың көмегімен шетел тілін оқытудың тиімді жолдарын анықтау мен Интернет ресурстардың оқыту үдерісіндегі жаңа мүмкіндіктерін айқындау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға ой қосуы мүмкін.

Зерттеудің практикалық мәні.Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мультимедиалық құралдарды мектептердегі шетел тілі сабақтарында, тіл үйрету курстарында оқуды ақпараттандыру мақсатында қолданылуы мүмкін. Атап айтқанда, эксперимент нәтижелері мен қорытындыларын электронды оқулықтар мен Интернет ресурстарды қолданып өтетін дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақ барысында пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

- шетел тілін оқыту үдерісіндегі мультимедиалық технологиялардың педагогикалық, психологиялық, әдістемелік, ұйымдастырушылық, техникалық ерекшеліктерін дұрыс айқындай білу оқытудың теориялық және практикалық денгейін жоғарылатып, білім сапасының артуына қол жеткізеді;

- мультимедиалық құралдар көмегімен жасалатын арнайы бағдарламаларды дайындауда және пайдалануда ескерілетін принциптер мен талаптарды нақтылап, оқыту үдерісіне енгізу оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады;

- оқушылардың білімін жетілдірудің және олардың танымдық қабілеттерін дамытудың жолдарын мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы шешудің теориялық және дидактикалық негіздерінен іздеп, оларды оқытудың мазмұнына, формасына, әдістеріне қарай икемдесе, тіл үйретудегі нәтижелер жоғарылатуға болады.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі – зерттеу жұмысы автордың теориялық ұстанымдарының әдіснамалық дәлелділігімен; зерттеудің ғылыми ақпаратының жүйелі құрылуымен; зерттеу әдістерінің кешенді қолданылуымен, зерттеудің бірегей міндеттерімен; эксперимент мәліметтерінің тиянақты талдануымен қамтамасыз етіледі.

Жұмыстың талқылануы мен жариялануы.Диссертацияның мазмұны, тұжырымдары мен негізгі нәтижелері «Студенттердің ғылыми инновациялық шығармашылығындағы: зерттеулер тәжірибесі және басым бағыттары атты №14(68) ғылыми конференцияда (Қызылорда, 2012) баяндалды. Республикалық ғылыми басылымда «Шетел тілін оқытудағы мультимедиялық құралдарды пайдаланудың маңызы» атты мақала жарияланды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Негізгі бөлім

Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму кезеңі оқу-ағарту саласында технологиялық жаңа әдістерді кең қолдануды қажет етеді. Еліміздегі әлеуметтік – экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті әлемдегі ақпараттық даму – білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесін, әдістері мен технологиясын қайта қарауды талап етуде.

Бірінші тарау "Шетел тілін оқыту процесін мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы жетілдірудің теориялық негіздері" деп аталады. Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде мектептегі оқу үдерісінің тиімділігі мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей байланысты. Күнделікті сабақ барысында компьютерді пайдалану - заман талабына болып табылады. XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: білім беру сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, электрондық телекоммуникация құралдары мен электрондық оқулықтар даярлау. Жоғарыда аталған тәсілдер оқушылардың заман талабына сай білім алуына, танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізеді.

Соңғы жылдары көз алдымызда адамдардың әлеуметтік, мәдени, ғылыми және өндірістік қызмет аясына тікелей әсер еткен компьютерлік революция бола алады. Компьтердің оқу үдерісіне де тигізетін өзіндік әсерін жоққа шығаруға болмайды. Жаңа ақпараттық технологияны адамзат қызметінің барлық саласында енгізу ақпараттық қоғамның басты көрінісі болып табылады. Компьютерлік техниканы үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану оқытудың педагогикалық технологиясы, оқытудың ақпараттық технологиясы, оқытудың компьютерлік технологиясының пайда болуына себеп болды. Сонымен біз осы ұғымдарға тоқталып өтуді жөн көрдік. Оқытудың компьютерлік технологиясы деп оқушының өз бетімен танымдық іс-әрекетін дамытуға, оқыту мен оқуды басқаруға, сондай-ақ оқу мен практикалық есептерді ойындық, адам-машиналы тұрғыдан шешуге бағытталған әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық, бағдарламалық-техникалық және ұйымдастыру құралдарының кешенін айтады [3. 314].

Кез-келген педагогикалық технология - ақпараттық технология болып табылады. Оқу-тәрбие үдерісінде білім беруді ақпараттандыру үшін жаңа ақпараттық технолгияны пайдалану қажет. Білім берудегі жаңа ақпараттық технология деп оқу мен оқу-тәрбие материалдарының, есептегіш техника мен аспаптық құралдарының жиынтығы, есептегіш техника құралдардың оқу үрдісіндегі рөлі мен орнын, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жетілдіруде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесін айтады [4. 262].

Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану оқыту үдерісін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі жаңа оқыту құралдары, яғни компьютерлер, телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті бағдарламалық және әдістемелік жабдықтар әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса оқушылардың өзіндік жұмыстарын орындататын әдістемелік құралдар ретінде атқаратын жұмысының маңызы зор.

Білім беруді ақпараттандыру кезінде түрлі бағдарламаларды, жүйелер мен орталарды қең қолдану кезінде оқытудың формалары мен әдіс-тәсілдері, сонымен қатар білім беру үдерістерінің мазмұны да маңызды өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан мектеп алдында тұрған жаңа мәселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту тиімділігін арттыруға компьютерлік технологияны қолдану оны жүзеге асыру мен оңтайландыруға тікелей әсерін тигізеді:

- оқушылардың өзіндік жұмысын арттыру;

- ақпараттың түрлі көздерімен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру;

- ақпаратты беру, өндеу, сақтаудың қазіргі заманғы әдіс-тәсілдеріне оқушыны үйрету;

- олардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілетін дамыту;

- өмірге икемдеуге себеп болатын әлеуметтік қызмет дағдыларын қалыптастыру [5. 30].

Ю.К. Бабанскийдің теориясын қолданушылар оқытудың тиімділігін көтеруге келесі тәсілдермен жетуге болады деп есептейді:

- оқыту мен оқушылардың еңбегін ғылыми түрде ұйымдастыру формасын жетілдіру жолымен;

- оқытудың интенсивтендіру тәсілін қолдану арқылы;

- оқытудың қазіргі заманғы технологиялық құралдарын жасап, қолдану арқылы [6. 25].

Ал, мұндай өзгеріс оқушының білімге деген ынтасын арттырып, сабақтың, нәтижелік бақылаудың жаңа модельдерін (баяндама, есеп беру, жұрт алдында жобаларды топ болып бірге отырып қорғау) ізденуге итереді, оқытудың жеке оқушыға бағытталған қызықты түрлерін енгізуге қөмектеседі. Біз компьютерді кең көлемде ақпарат құралы ғана емес, сонымен қатар адамның қоғамда өзін-өзі басқаруына, өзіндік танымына жаңа жол ашатын және қуатын жаңа жағдайға жаңаша көзқараспен пайдалануға мүмкіндік беретін қуатты құрал деп есептейтін философтардың пікіріне біз де қосыламыз.

Ақпараттық құралдарды қолдану барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекетінде компьютерлік даярлықтары байқалдық. Мультимедиадағы бейнелер мен графикада шетел тілін сазды кескіндемелік анимациялық иллюстрациялар арқылы бере отырып, шетел тілін оқытуда үлкен маңызға ие болатындығын аңғардық [7. 162]. Бұл кездегі ұсынылған формалар, құралдар, политра, дизайн, лингвистикалық, көркемдік және т.б. шешімдердің үйлесім табуы шетел тілін үйрену үдерісіндегі оның мазмұнын толықтырады. Олар оқушының барлық сезім мүшелеріне әсер ете отырып, оның ойлау қабілетін арттырып, аналитикалық ойлауы мен бейнелік қабылдауының, есте сақтауының барлық түрлеріне қозғау салып, оқу ақпаратын толыққанды қабылдауына және тануына негіз салатындығын байқадық.

Мультимедиа оқушылардың оқу ақпаратын қабылдаудағы көру және есту бейнелерін өзара үйлестіреді. Мультимедиалық бағдарламалар оқушының ақпарат алмасу жағдайында мультимедиалық жүйемен интерактивті диалог орнату сияқты көптеген жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Шетел тілін оқыту үдерісінде компьютер, мультимедиа, мультимедиялық оқу бағдарламаларын қолдану ағылшын тілін оқытудағы сән салтанат көрінісі емес, өткен материалдарды қайталану мен жаңа ақпараттарды қабылдаудың аса қажетті құралы болып табылады. Шетел тілін менгеруде оқушының танымдық, әдеби-көркем және әлеуметтік ақпараттарды игеруінде компьютер, мультимедиа мен интернеттің рөлі артып, оқу материалы және қосымша тақырыптық материалдарды мәнерлеп, көрнекілеп беруде иллюстративті құрал ретіндегі маңызы ұлғайды. Мультимедиа, презентациялар, видеофильмдер сонымен қатар оқушының оқу мазмұнын анықтап, жақсы меңгеру үшін, шетел тіліндегі экстралингвистикалық ақпаратты игеруге көмегін тигізеді. Бұл ақпарат шетел тіліндегі грамматикалық ерекшеліктер мен лингвистикалық ақпараттарды айқын да дәл қабылдауға ықпал етеді. Грамматикалық категориялар кеңестік дәуірдегі оқыту әрекетінде басты назарда, оқушылар грамматикалық ережелер мен сөз жаттады. Ақпараттық технологиялар арқылы сабақта табиғи орта жасалатын, сөйлесудің үлгілері беріліп, оқушыларға сөйлеу дағдысының пайда болғаны тәжірибе барысында байқалды. Оқу-танымдық ақпараттардың формалары (суреттер, слайдтар, сызбалар), көрсету формаларының дизайны (анимация, түрлі эффектілер), сөз және дыбыспен сүйемелдеу формалары жобаның басты мақсатына сай келіп, ең түйінді мәселеден оқшауланбауы керек. Оқытушы өз кезегінде бақылап, кеңес беріп, іс-әрекетін оқушының да бақылауына мүмкіндік жасайды. Ол қажетті технологиялардың функциялары мен жұмыстарына сәйкес тактиканы түсініп, видеофильмдер немесе презентациялар элементтерін жобалау және безендіру мәселелерінде дұрыс бағыт ұстанып жобаның әдістемелік сипатын жасайды. Бұл оқушының мультимедиялық жоба барысындағы орнын ығыстырмайды, олар жобаның өздеріне тиісті бағыттарын орындауды жоспарлауды үйреніп, даярлық шаралары, тақырыптық және кескіндемелік ақпарат нәтижелері болып табылатын презентациялар, видеофильмдер, тақырыптық нәтиже және дыбыстық сүйемелдеуде белсенді бола алады. Жұмыста ақпараттық ортамен тығыз қарым-қатынаста бола отырып, оған шын беріліп, бастапқы үйрену зерттеу пәні – тіл және оның лингвистикалық түрлерін оқып үйренуге айтарлықтай қызығушылықтарын көрсетеді [8. 79].

Ж.А. Қараевтың пікірінше "компьютерлік оқыту технологиясы өзіндік танымдық іс-әрекетті дамытуға арналған методологиялық, психо-лингвистикалық, бағдарламалы-техникалық, ұйымдастырушылық құралдардың жиынтығы" болып табылады [3. 320].

Оқытудың компьютерлік технологиясы оқытушы мен оқушының арасындағы қатынас формасын өзгертеді. Бұл өз кезегінде оқу мотивациясын күшейтеді, оқытудың қарқындылығын арттырады. Оқу мотивациясы дегеніміз - танып білуге ұмтылдыратын қозғаушы күштерді дамытудың әдістері, құралдары мен тәсілдері.

Оқытудың ақпараттық технологиялары - компьютерлік техниканың, телекоммуникациялық байланыс құралдарының, инструментальды бағдарламалық жабдықтардың жиынтығы [9. 71].

Ал, мультимедиаға зерттеушілер түрліше анықтама береді:

Мультимедиа - әртүрлі типті ақпараттарды компьютердің ұсыну мүмкіндігін дамытатын және адамның мультисенсорлық табиғатына негізделген технология.

Мультимедиа - екі не онан да көп типті ақпараттарды интерактивті формада біріктіру [10. 144].

Мультимедиа - әртүрлі формада ұсынылған ақпараттарды біріктіруге мүмкіндік беретін компьютердің аппараттық және бағдарламалық құралдары кешені [11. 92].

Шетел тілі сабағында білім беру траекторияларын жүзеге асырумен байланысты мәселелерді шешудің айқындалған жолдардың бірі - интернет болып табылады. Интернет технологиясы жағдайында білім алудың дамуы, шетел тілін оқыту үдерісі мазмұнына да елеулі өзгерістер енгізді. Интернет мүмкіндіктерін тіл үйренуде пайдала білу, интернет арқылы құнды және ақпараттарды тиімді іздеп, таба білу аса маңызды. Сонымен қатар ғаламдық гипермәтінді ақпараттық жүйе (www), электронды кітапханалар, телеконференциялар, журналдардың электронды версиялары, виртуалды музейлер, электронды хабарландыру тақталары, электронды пошта жүйесінің шетел тілін үйренудегі ықпалы мен орны ерекше.

Интернет жүйесіндегі CD-ROM интерактивті дискілер, хабарландырудың электрондық тақталары, мультимедиа, гипермәтіндер сияқты жаңа электрондық технологиялар Mosaic және www интерфейстің көмегімен оқушыларды оқу үдерісінде белсенді түрде тартуға мүмкіндік беріп қана қоймайды, дәстүрлі оқыту әдістерінің көпшілігінен айырмашылығы, оқыту үдерісін басқаруды да жүзеге асырады.

Қазіргі таңда мұғалімдердің алдында заманауй технологияларды пайдалану негізінде, оқу мазмұнын одан әрі жетілдіру үшін Әлемдік желіні қолдану мәселесі туындап отыр. Ғаламтор шетел тілін үйренуде бұрын белгісіз болған жаңа мүмкіндіктерді ұсынады. Оларға: сабақ мазмұнына желідегі материалдарды енгізу; жоба жұмысы бойынша оқушылардың жеке ізденістерін жүргізуге көмектесу; әр түрлі деңгейдегі желі материалдарын пайдалана отырып, оқушылардың оқуға деген икемділіктерін дамыту және жетілдіру; өзара хат алмасу нәтижесінде білім алушылардың жазу дағдысын дамыту; шет тілінің заманауи сөздіктерімен сөз қорын қалыптастыру; желі арқылы басқа елдердің мәдениеті, әлеметтік және экономикалық жағдайы туралы мәліметтер табу, оларды талдауды үйрену және т.б. жатады.

Оған қоса, ақпараттық жүйе ретінде Ғаламтор өз пайдаланушыларына басқа да ресурстарды ұсынады:

1) электронды пошта (e – mail);

2) телеконференциялар (usenet);

3) видеоконференциялар;

4) өз мәліметтерін енгізу мүмкіндігі, өзінің жеке бетін қалыптастыру (homepage) және оны Web – серверде орналастыру;

5) ақпараттық ресурстарға қолжетімділік;

6) анықтамалық каталогтар (Yahoo!, InfoSeek/UltraSmart, LookSmart, Galaxy);

7) ізденіс жүйелері (Alta Vista, HotBob, Open Text, WebCrawler, Excite);

8) желіде сөйлесу (Chat) [12. 209].

Қазіргі уақытта дүние жүзінде электрондық пошта көпшілікке белгілі және телефон, радио, факс ретінде кең таралған.

Электрондық пошта - мұғалімдер мен алыстағы оқушылар арасындағы ақпарат алмасудың тиімді тәсілі. Элетрондық почта экономикалық және технологиялық жағынан тиімді технология болып табылады және оқу үдерісі кезінде оқу курстарының мазмұндық жағын жеткізу және оқытушының оқушымен кері байланыс қамтамассыз ету үшін қолданылады. Бұл уақытта дәстүрлі оқыту кезінде мұғалім мен оқушы арасындағы "диалог" шектеулі болады. Алайда оқушылар модельдік және телефондық каналы бар жеке компьютерді пайдалана алады, электорондық почта консультацияның интенсивті үдерісін іске асырады. Бөлінетін ақпараттық ресурстарға жол табу белгілі бір нәнді игеруде кітапхаларға, ақпараттық-анықтамалық жүйелерге интерактивті түрде қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Шетел тілін оқытуға әртүрлі жолмен жетуге болады. Әрбір амал өзінің пікірлесі мен қарсыластарын табады. Жоғарыда айтылғандай жаңа материалды жеткізудің жиі кездесетін түрі осы электрондық оқулықтар болып табылады. Электронды оқулықтар бір мезгілде жаттығуларды, лабораториялық жұмыстары мен тестерді, яғни бір мезгілде білім беру мен баққылау жасауды да құрайды. Жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей, жаңа технологиялық оқыту кезіндегі сабақ сапасы мен оқу курстарының құрылымы дәстүрлі әдістерінен әлдеқайда жоғары болады.

Электрондық оқулықтар оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, яғни танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықтың ішкі мазмұны үнемі интернет желісі және басқа да электрондық кітапханаларымен толықтырылып отырады. Сөйтіп, әр оқушы өз мүмкіндігінше, даярлығына сәйкес ақпарат, мәліметтер алып, танымдық өрісін кеңейтіп, белсенді жұмыс жасай алады. Оқытудың компьютерлік технологиясының оқу үдерісіне кеңінен енуі оқушының танымдық белсенділігін таныта отырып, электрондық оқулық көмегімен оқушыларды өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.

Қазіргі уақытта дәстүрлі оқулықтармен салыстарғанда электронды оқулықтың артықшылықтары туралы көп айтылуда.

Электрондық оқулықтардың ерекшелігі мынада:

- тілге үйрету кезеңдерінде табиғи тілдік ортаны қалыптастыру;

-оқыту үдерісінде көрнекіліктің дидактикалық принциптері жүзеге асырылады;

- оқытуда оқушының жеке ерекшелігі ескеріледі;

- оқушылардың барлығы толық қамтылады;

- оқушылардың өз мүмкіншілігін жоғары деңгейде пайдалана алады;

-тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу әрекеттері оқытуда сатылай ұйымдастырылады;

- өз білімдерін өздері бақылай алады;

- репетитор қызметін атқарады;

- нақты ақпарат таратушы;

- оқушының көңіл-күйіне әсер қалдырушы;

- нақты білім қалыптастырушы [13. 67].

Диссертацияның екінші тарауы «Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы сөйлеу және түсіну дағдыларын дамытуға бағытталған тәжірибелер»деп аталады. Шетел тілін коммуникативтік бағытта оқытуда мультимедиалық интерактивті технологияларды пайдалану жүргізілетін сабақтың тиімділігін арттырады, яғни оқушылардың сабақ материалдарын тез әрі терең түсінуін қамтамасыз етеді. Шетел тілі пәні өзге пәндерден шынайы тілдік ортаның қажеттілігімен ерекшеленеді. Ал сол ортаны жасанды түрде қалыптастыру мұғалімнің негізгі міндетінің бірі. Мультимедиалық құралдардың заманауи технологияларын енгізу – оқу үдерісінің мәнін байытады, оқушыларға қатты әсер етеді, балалардың тіл үйренуге деген ынтасын арттырады, оларды шетел тілін ақиқат өмірде қолдана алуға үйретеді және мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді [14. 239].

Қазіргі таңда зерттеушілер шетел тілі сабағын өткізуде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі төңірегінде көптеген тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Ол зерттеулердің негізгі мақсаты заманауи оқыту әдісінің тиімділігі мен дәстүрлі оқыту әдісінен ерекшелігі.

Жоғарыда аталған мультимедиялық құралдарды (электронды оқулық пен тұсаукесер) қолданудың тиімділігін, тәжірибе жүзінде дәлелдеуге тырыстық. Тәжірибе барысында оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты электрондық оқулықпен, мультимедиялық Power Point-та жасалған тұсаукесерлерді пайдаланып, сұрақ-жауап тәсілін қолдана отырып топтық жұмыс жасайды.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс үш кезеңде жүзеге асты: айқындау, қалыптастыру, нәтижелерді талдау және жинақтау. Эксперименттік жұмыстың басты мақсаты – шетел тілін оқыту үдерісінде жаңа ақпараттық технологиялардың, соның ішінде мультимедиалық құралдардың шетел тілін түсіну және сөйлеу дағдыларын дамытудағы рөлін айқындап, зерттеу жұмысының болжамы мен теориялық тұрғыдан анықталған нәтижелердің дұрыс немесе бұрыс екендігін дәлелдеп көрсету.

Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарын ұйымдастырудың айқындау кезеңі сауалнама, сұрақ-жауап, бақылау және әнгімелесу әдісін пайдалану арқылы жүзеге асырылды. Бұл аталған кезеңде біз оқушылардың білім деңгейін анықтаумен қатар шетел тілі мұғалімдерінен сауалнама алдық.

Эксперимент барысы мен нәтижесін бақылау мақсатында біз оқушылардын бастапқы білім деңгейін анықтауды жөн көрдік. Ол үшін оқушылардан өткен тарау бойынша бақылау тестері мен ситуациялық тапсырмалар алынды. Оқушылардың шетел тілін меңгерудегі тілдік дағдыларды қаншалықты жетік меңгергенін бақылау қорытындысы бойынша пайыздық көрсеткіш шығардық. Екі сынып оқушыларының білім деңгейін бақылай отырып, біз 11"е" сынып оқушыларының мәтінді оқу мен грамматикалық дағдыларының орташа деңгейде екенің, ал сөйлеу мен тыңдау дағдылырының орташадан төмен екенін байқадық. Сонымен қатар екінші 11"д" сынып оқушыларының нәтижелеріне қарасақ, олардың керісінше тыңдау және оқу дағдыларының жоғары екенін, ал жазу дағдысының төмендеу екенін анықтадық.

жұмыстың жалпы сипаттамасы - student2.ru

Наши рекомендации