Дәрігер интерн міндетті

білу:

· жалпы тәжірибелі дәрігер - стоматологтың жұмысын ұйымдастыру;

· стоматологиядағы менеджмент және маркетинг сұрақтары;

· стоматологиядағы заңды құқығы, этикалық және құқықтық қалыптар;

· жақ-бет аймағының топографиялық анатомиясы, тістердің, жақсүйектерінің, жұмсақ тіндерінің, лимфа түйіндерінің, сілекей бездерінің және самай-төменгі жақсүйегі буынының морфо-функциональді және анатомиялық ерекшелігі;

· хирургиялық стоматологиядағы жалпы және жергілікті жансыздандыру ерекшеліктері;

· стоматологиялық сырқаттардың, соның ішінде, жақ-бет аймағының жарақаттарын және зақымдануларының клиникалық симптомы, нақтамалау қағидалары, салыстырмалы нақтамасы, емі;

· стотматологиялық сырқаттары кезіндегі, дәрігерлік-еңбек сараптамасы сұрақтары;

· стоматологиялық тәжірибедегі дәлелді медицина;

· жедел жағдай кезінде, нақтамалау және жедел көмек көрсету негізігі;

· хирургиялық стоматологиялық сырқаттарының алдын алу әдістері;

· халыққа амбулаторлы стоматологиялық көмектің барлық түрлерінің көлемі, соның ішінде, ауруханаға дейінгі кезеңде, ауруханаға жатқызу көрсеткіштері.

· стоматалогиялық аурулардың амбулаторлы және ауруханалық реабилитация қағидалары;

· заманауи жағдайда стоматологигялық науқастарды диспансеризациялауды ұйымдастыру және жүргізу;

· жедел жағдайларды нақтамалау, халыққа жедел эпидемиялық жағдайларда медициналық көмек көрсету қағидалары.

Істей алу:

· стоматологиялық бөлменің, бөлімшесінің, клиниканың жұмысын ұйымдастыру;

· есеп-тірекеу құжаттарын жүргізу;

· дәлелді медицина негізінде хаттамаларды қолдану;

· жақ-бет аймағының хирургиялық ақауы бар науқастарға зерттеулер жүргізу;

· зертханалық, функциональді, көмекші, визуальді және басқа да зерттеу әдістерін дұрыс тағайындау және оларды адекватты талдау;

· жақ-бет аймағында жергілікті жансыздандырудың барлық түрлерін жүргізу;

· жақ-бет аймағының зақымданулары мен сырқаттары кезінде, тәжірибелі және арнайы стоматологиялық көмек көрсету;

· анафилактикалық шок, коллапс, тыныс жолдарының жедел бұзылуы кезінде (асфиксия), гипертониялық криз, қан кету кезінде жедел көмек көрсету;

· жедел жағдайларды нақтамалау, халыққа жедел эпидемиялық жағдайларда медициналық көмек көрсету қағидалары.

· денсаулық сақтау заңнамасына сай, медициналық құжаттарды толтыру;

· стоматологиялық патологиясы бар, уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша экспертиза жүргізу, медико-әлеуметтік экспертизаға, еңбекке жарамдылық көрсеткіштерін анықтау, еңбек шарттарын жеңілдету, санаторлы-курортқа бағыттау;

машықтарын жетілдіру:

· жақ бет аймағындағы жергілікті жансыздандырудың барлығын жүргізуді;

· тістерді типтік және атипиялық әдістермен жұлу;

· периостотомия операциясын жүргізу;

· тіс түбір ұшын кесу, гемисекция, тіс түбірін кесу, реплантация, цистоэтомия, цистотомия операцияларын жүргізу;

· жоғарғы жақсүйегі қойнауының перфоррациясы кезінде, ұяшығы кесу;

· жақ-бет аймағының және мойынының шиқандарын, іріңді лимфаденитін және аденофлегмонасын тіліп ашу;

· ауыз қуысы жарақаттарына тігіс салу;

· ауыз қуысы аймағының операциялық жарақаттарынан тігісті алу;

· ауыз қуысы аймағының жарақаттарын таңу;

· сілекей бездерінің өзектерін жуу;

· пародонт сырқаттарын хирургиялық емдеу әдістерін орындау;

· ерін және тіл үзбелерінің, ауыз қуысы кіреберісінің пластикасы;

· дентальдыимплантацияны жүргізу;

· дентальды имплантация кезінде сүйектік пластиканы жүргізу;

· дентальдыимплантация кезінде синус – лифтинг жүргізу.

коммуникативті машықтарын меңгеру:

· ем қорытындысы нәтижелі болуы үшін, науқаспен/туыстарымен алғашқы байланысты және кейінгі қарым қатынасты қалыптастыру;

· науқасты нақтамалау және емдеу үрдісіне қатыстыру, науқастың компетенциясын құру;

· қарап тексеру және емдеу шараларымен байланысты, науқастардың көзқарасы, науқастың агрессиялық көңіл күйін бақылау, конфликтті жағдайды басқару;

· жоспарланған зерттеулер немесе хирургиялық араласулардың сипатын, көлемін, науқасқа сенімді, байыппен түсінікті ақпараттандыру;

· қызметтестерімен және медициналық қызметкерлермен, кәсіби қарым қатынастар;

· қызметтестерімен, оң моральді-психологиялық қарым қатынасын қалыптастыру;

· кәсіби тәртібі – сенімділік, жауапкершілік, өз-өзін бағалау, пікірлерге адекватты жауап беру;

· стресттік жағдайларда, кәсіби тәртібі

құқықтық компетенциясы:

Арнайы машықтарын қалыптастыру:

· хирургиялық стоматологиялық бөлменің, бөлімшенің, ұйымның және жұмыс кестесіне қойылатын санитарлы-гигиеналық талаптар;

· аппараттармен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережесі және ержелері;

· хирургиялық стоматологиялық бөлімшедегі, дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің іс әрекеттерін, олардың құқықтарын, міндеттерін ҚР заңдарына, нормалық құқықтық және реттеуші құжаттарына сай жүргізу;

· хирургиялық стоматологиялық және жақ бет хирургиясы іс әрекетін қалыптастырудың құқықтық негіздерін тәжірибеде қолдану;

· тәжірибеде медико-экономикалық хаттамаларын қолдану;

· медициналық есептік тіркеу құжаттарын толтыру;

· науқастың құқығын қорғау;

· кәсіби этканың қағидалары мен қалыптарын, дәрігерлік этика мен деонтологиясы;

өз бетінше білім алу, өз-өзін жетілдіру:

төмендегі машықтарын жетілдіру;

· өз бетінше кәсіби әдебиет көзімен, электронды ақпарат көзімен жұмыс;

· ЖОО оқуы кезінде алынған, негізгі және кәсіби білімін, қолдана отырып, алынған ақпараттарды сараптау;

· дәлелді медицина көзқарасынан, ақпаратты талдау;

· хирургиялық стоматология аймағында, ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу

· творчестволық презентацияларды дайындау, семинарларда, конференцияларда сөйлеу, аудиториямен жұмыс істеу машықтарын қалыптастыру;

· креативті ойлау қабілетін қалыптастыру;

· жалпы интеллектуальді деңгейін, кәсіби сөйлесу, этикалық қалыптар мәдениетін жетілдіру.

5. Пәннің қысқаша мазмұны:Хирургиялық стоматологияның басқа медициналық пәндердің арасындағы алатын орны. Оның стоматологияның басқа салаларымен ара қатынасы.стоматологияның алдын алу шараларының бағыты, кешенді диспансеризациялау қағидалары. Қауіпті жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмекті ұйымдастырып, көрсету. Бұқараға мамандандырылған көмекті ұйымдастырып, көрсету. Ғылыми-техникалық даму мен ғылыми жетістіктердің стоматологиялық тәжірибеге ендірілуі. Ақпараттың жаңа жолдарының, интернеттің, дәлелдік медицинаның емдеуімен зерттеуінде кеңінен қолданылуы. Кәсіби деңгейін үнемі жоғарыда ұстау үшін, білім деңгейін үнемі жетілдіріп отыру.

Наши рекомендации