Азіргі заман білім жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары 9 страница
«Бұл бағдарламада түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтиды.бұл теория бойынша оқушылардың ойлауын дамыту бұрынғы алған білімдерінің сыныптағы түрлі дереккөздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүргізуге негізделген.»
Мемлекетіміздің өзіне және тәрбиеленушісіне тұлғалық-гумандық көзқарасты ұстауға қабілетті мұғалімге деген сұранысы оның кәсіби шеберлігін, шығармашылық қабілетін, құзіреттілігін көтеру мәселесінің өзектілігін байқатады. Атап айтқанда 2005 жылғы Қазақстан Ресбуликасының Жоғары педагогикалық білім беру концепциясында жоғары педагогикалық білім берудің басты мақсаты оқушының жеке басының қалыптасуы мен даму мәселесін шығармашылықпен шешуге қабілетті кәсіби жағынан компетентті жаңа формацияның педагогын даярлау деген. Концепцияда педагогтың құзыреттілігі үш тұрғыдан, яғни, жалпы мәдени (дүниеге көзқарас), әдіснамалық (психологиялық-педагогикалық) және пәндік-бағыттылық деп атап көрсетілген. (1,3) Демек, мұғалімнің, педагогтың, тәлімгердің, оқытушының кәсіби шеберлігін, құзіреттілігін жетілдіру бүгінгі педагогика және психология ғылымдарының ең өзекті мәселесі болып табылады. Олай болса, мұғалім өзінің педагогикалық әрекетінде шеберлік, кәсібилік, құзырлылық сияқты сатылардан өту арқылы жетеді. С.И.Ожегов сөздігінде «шеберлік белгілі саладағы өнер ал шебер өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман»- деп анықтама берілген. Жалпы, педагогикалық шеберлік-кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен біліктілік жүйесі. Педагогикалық шеберлік-педагогикалық қызметтің жоғары деңгейде меңгерілуі; педагогтың, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін пәрменді басқарып, мақсатты педагогикалық әсермен өзара әрекеттестікті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін нақты, арнаулы білімдердің, біліктілік пен дағдыларының тұлғалық кәсіптік маңызды қасиеттерінің кешені. Олай болса, педагогикалық шеберлік іскерліктен, педагогикалық қабілеттен, кәсіби білім мен біліктіліктен, кәсіби сапалар жиынтығынан, педагогикалық техникадан тұратыны сөзсіз. Педагогикалық іс-әрекеттің биік шыңына апаратын баспалдақ-кәсібилік. Мұғалімдердің кәсібилік мәселесімен айналысқан белігілі ғалым А.К.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған:
1. Объективті критерийлер: Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес, әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Жоғары еңбек көрсеткіші, әр түрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктілігі.
2. Субъективті критерийлер: Адамның мамандығының қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкестігі; өз ісіне қанағаттануы және кәсіби-педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарасының болуы.
3. Нәтижелі критерийлер: Мұғалім өз ісінде қоғам талап етіп отырған талаптарға сәйкестігі жағынан қарастырылады.
4. Шығармашылық критерийлер: Мұғалімнің өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесінің еңбегін өзгерте алады. Сонымен қоса мұғалімнің ғалым-зерттеуші сапаларына төмендегідей сапаларды жатқызуға болады:
-педагогикалық эрудиция (білімдарлық);
-ғылым салаларын тереңірек меңгеру;
-педагогикалық мақсат қоя білушілік;
-педагогикалық (практикалық және диагностикалық) ойлау;
- педагогикалық сезімталдық; (интуиция);
- педагогикалық тез шешім қабылдау суырып салмалық өз жанынан жедел шешім шығару; (импровизация)
- педагогикалық байқағыштық және көрегендік; (2,39-42)
Ал кәсіби сапаларға мыналар жатады: әдептілік, сыпайылық, сезімталдық, тәрбиелілік, зейінділік, ізденімпаздық, шыдамдылық, адамгершілік, тәртіптілік, белсенділік, іскерлік, саяси сауаттылық, шыншылдық, сыншылдық, болжағыштық, патриоттық, өзбеттілік, принципшылдық, кешірімділік, батырлық, кішіпейілділік, балаға деген сүйіспеншілік, баланы құрметтеу.
Жалпы мұғалімдерде ең бастысы педагогикалық-психологиялық білімділік қажет - деп ойлаймын. Психологиялық-педагогикалық білімділік мұғалімнің кәсіби білімімен тығыз байланысты болатын білім. Ол дефференциялды-психологиялық, яғни оқу материалдарын балалардың жас және дербес ерекшеліктері сипатына қарай меңгерту ерекшеліктері туралы білім; Әлеуметтік психологиялық-топтық және жеке мүшесінің оқу-танымдық және коммуникативтік әрекет ерекшелігі туралы және мұғалімнің білім алушылармен өзара қарым-қатынасы, қарым-қатынас заңдылығы туралы білім; Аутопсихологиялық-ол өз іс-әрекетінің жетістігі мен кемшілігі және жеке басына тән сапалардың жиынтығынан тұрады. Сондықтан мұғалімдардың психологиялық-педагогикалық құзіреттілігін (ППҚ) диагностикалау мен дамытуға байланысты 4 топқа бөлуге болады. (3,42-44-б)
Шебер мұғалім | Жаңашыл мұғалім | Зерттеуші мұғалім | Кәсіби-шығармашылық деңгейіне көтерілген мұғалім |
Ғылым мен практикаға белігілі тәсілдерін үлгілерін жоғары деңгейде меңгерген. Қалыптан тыс педагогикалық міндеттерді шеше алады. (өзі үшін жаңалық ашады) Оқушылардың дамуын ескеруге талпынады. Мұғалімдерге өз тәжірибесін жеткізіп тарата алады. | Тұтас педагогикалық жүйелер немесе өзі жеке тапқырлық таныта алады және қолдана біледі. Басқалар үшін жаңалық болып табылатын шығармашылық жұмысын көрсете алады. Еңбектің негізгі нәтижесі –психикалық дамуына байланыстылығын түсінеді. Жаңалыққа жаны құштар. | Оқушыларды ғылыми –зерттеушілікке бағыттай алады, тапқыр –зерттеуші, басқа мұғалімдердің іздемпаздығын бағалай алады. Мұғалімнің кәсіби сапалары қалыптасқан. | Психикалық-педагогикалық жағынан қалыптасқан үнемі өзін-өзі дамытуға ұмтылады. Кәсіби дәрежесі жетілген, жаңашыл зерттеушілік ерекшелігі дамыған ұстаз. |
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр. Мұғалім өз саласы бойынша пәндік білімі жетік педагогика мен психологияны толық меңгерсе әр уақытта өз әрекетін дұрыс ұйымдастырып отырса онда өзінің педагогикалық шеберлігін кәсіби тұрғыдан шыңдай түседі. Жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе-білім беру, ғылымды дамыту, өркениет бітеннің өзегі, білім, ғылым тәрбие екендігінде ешкімнің таласы жоқ. Осы арада білім ордасы- мектеп, ал мектептің жаны-мұғалім болып табылатыны баршаға мәлім. А.Байтұрсыновтың «мектеп керектері» еңбегінде былай деп көрсетілген: «мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі-білімді педагогикадан, әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім... » Ұстаз қолында адам тағдыры, ел тағдыры тұрады, мұғалім өсіп, дамып келе жатқан ұрпақпен жұмыс атқарады. Мұғалім сөзі мен іс-әрекетімен мәдениетімен, білікті біліммен, ұйымдастырушылық қабілеті мен, балалармен тіл табысудағы қасиетімен асқақ, өз кәсібін қадірлеген ұстаз ғана педагогтың мәртебесін биік ұстай алады. Қазіргі қоғамға қажетті де осындай ұстаздар. Кез-келген елді әлемге танытатын – білімі мен ғылымы. «Мектеп-әлеуметтік мәселенің ең өзектісі» деп Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев үкіметпен жұртшылық назарын жалпы білім беретін мектептің қызметін көтеруге аударып отырған жағдайда жаңа заман мұғалімінің жауапкершілігі арта түсуде. (6,176-177-б). «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі» деп қазақтың ұлы педагог ағартушы Ы.Алтынсарин айтқандай: қазіргі мектеп алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті және кәсіби шеберлігі басты шарт екені аян. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, жаттандылықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Қазір заман өзгерді, қоғам өзгерді, қоғамдық қасиеттер, ата-ана мен бала психологиясы өзгерді. Қазіргі балалардың көпшілігі ешнәрседен қорқа қоймайтын, өзінің өміріне тек тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, романтик қиялшыл емес жауапкершілікті жете қабылдамайтын, көп нәрсеге сене бермейтін жанашырлығы бауырмалдығы аз адамдар. Сондықтан кез-келген мұғалімдерді олардың жан дүниесі қабылдамайды. Олардың сұранысы өте биік. Бүгінгі күнгі мектеп мұғалімі жан-жақты, әлемдегі жаңалықтардан мағлұматты бар болғанда ғана жаңа формациядағы ұстаз бола алады.
XXI -ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор. Мұғалім өзіндік жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін, жігерлі тұлға зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті көп оқитын, көп білетін, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана алатын оқушының өз бетінше білім алуына үйрете алатын болуы керек. Қазіргі мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейіміділік, сараптамалық қабілеттері болуы тиіс. Ол сонымен бірге ұлттық құндылықтарды яғни этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгерген, ғаламдасуға байланысты «Интернет» жүйесін меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болу керек. XXI -ғасыр ақпараттық-қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына байланысты, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Мұғалім - қоғам айнасы. Бүгінгі мұғалім кім ? Бүгінгі мұғалім –ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері, оқытушы, ұстаз, оқулық авторы, технолог, жаңалықты дәріптеуші, таратушы. Педагогикалық еңбекті ұйымдастырудың моделін жасау –қоғамдық-экономикалық сферадағы өзгерістерге сай шығармашылық жағашылдық білім беру жолдарын талап етеді. Сондықтан мектептерде мұғалімнің кәсіби шеберлігі, мәдениеті, жоғары болып, шығармашылықпен жұмыс атқарып, өз білімін үнемі көтеру қажеттігі туындайды.
Ұлттық мемлекеттің дамуы, өркениетті негізгі үш шешуші кезеңнен тұрады.
1. Жаңа ғылыми жаңалықтарды игеруі.
2. Білім деңгейін көтеруі.
3. Мамандардың кәсіби білімімен айқындауы.
Белгілі педагог К.Ушинский «мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды»-деген. Сондықтан ұстаз –шәкірт-ұстаз болуы қажет. Мұғалімнің мәдениеті мен шеберлігін, интеллектуалдығын анықтауға төмендегідей талаптар қойылады:
1. Мұғалімнің сыртқы келбетінің мәдениеті;
2. Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі;
3. Мұғалімнің кәсіби мәдениеті, әдептілігі, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, өзін қоғамдық орындарда ұстауы, дауыс ырғағы, өнері, жан-жақтылығы.
4. Ілтипаттылығы, сенімі, әділдігі, төзімділігі. (5,112-113-б).