Музыкалық білім мен тәрбие берудің негізі - ұлттық дәстүрде.
Қазақ халқының мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін зерттеу мәселесі де жас ұрпақ тәрбиесінде ерекше маңызға ие болды.Оқушы музыка әуенінің өзіндік ерекшілігін, табиғатын түсінуі керек. Кез келген музыкалық шығарма мінездемесі, құрылымы, мазмұны, жанры,стилі, шығу тарихы жағынан бірінші кезеңде тұтастық талдау әдісіне бағынышты. Екінші кезеңдегі бөлшектеп талдау әдісі музыканы өңдеу,әуенді музыкалық құралдардың айқындылығын меңгеруді тереңдетеді. Ал, үшінші кезеңдегі тұтас талдау әдісі өнердің бір-біріне жақын түрлерін біріктіреді. Мектептегі барлық оқу және сыныптан тыс эстетикалық бағыттағы жұмыс барысы музыка пән мұғалімінің кәсіби білімін, іскерлігін талап етеді. Жоғары оқу орындарында «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша «Музыкалық білім берудің әдістемесі»- болашақ маман музыка пән мұғалімін кәсіби-педагог ретінде дайындауға бағытталған оқу пәндер циклында негізгі және интегралданған пән.Осы пәнді оқыту барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.Мысалы:
- жергілікті мекен жайдағы таңдаулы мұғалімдердің сабақтарын көрсетіп,сол мұғалімнің көзге түсерлік қыры мен сырын аңғартып жазбаша талдау жасатқызу;
- өз аумағымыздағы мәдени өзгешілікпен таныстырып,болашақ мамандарды кітап оқу арқылы ғана емес, әр түрлі экскурсиялар,жорықтар,көрмелерге, театрларға бару арқылы баулу;
- өзін-өзі жаттықтыруға оқу теледидарын және аутогендік жаттығулар әдісін қолдану ( өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау);
Іздемпаздыққа тәрбиелеу үшін оқытушы тағы да бір тәсілдерді үйрете алады.
- өз бетінше іс басқару, өзгеге жалтақтамау, тыңнан жол салуға баулу;
- тәуекелге бел байлау;
- белсенділік, әуесқойлық, іздену жолындағы жігерлік;
- қалыптасқан дәстүрге сын көзбен қарау, ұнамаған әдіс-тәсілдерді өзгерту жолында жаңа ойлай білу;
- өзге тұлғалармен араласып, өз ойларымен бөлісе білу.
Жоғарыда айтылғанның бәрін ескере отырып, музыка пәні мұғалімінің бірнеше кезеңнен тұратын ұзақ оқу процессінде оның алдына қойылатын міндеттерді көрсетуге болады: оқушылардың музыка өнеріне қызығушылығын ояту, дамыту; олардың музыканы қабылдау қабілетін дамытуды жүйелі түрде ұйымдастыру әне халықтық мұра – орындаушылықты насихаттау.
Музыка мұғалімінің қызметі ұйымдастырушылық, танымдық, эмоционалдық, т.б. бірнеше бағытта жүргізіледі:
Ұйымдастырушылық бағыт мұғалімнің оқыту, тәрбиелеу процессін жоспарлау және ұйымдастырудан құрылады. Бұл оқу материалын іріктеу, оқу және тәрбие жұмыстарының түрлі формаларын, сабақ барысын ұйымдастыру, т.б. Бұл үшін мұғаім мынадай заңдылықтарды білуге тиіс:
- мектептегі музыкалық қызметті ұйымадастырудың негізгі формаларын;
- ұлттық бағдарламаның мазмұнын, оның идеялық, теориялық негізін, дидактикалық принциптері мен әдістерін;
- музыкалық шығарманың көркемдік және тәрбиелік мәнін;
- оқушылардың жас ерекшеліктерін;
- оқыту -тәрбиелеу процессін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін әр сынып деңгейіне байланысты таңдай білу;
Танымдық бағыт мұғалімнің оқушылардың ой қызметін басқаруына байланысты құрылады.
Бұл үшін мұғалім:
- ғылыми теорияның методологиялық және психологиялық-педагогикалық негіздерін білуге;
- білім мен дағдының дидактикалық принциптерінің қалыптасуын қадағалауға;
- танымдық процесстердің мүмкіншіліктерін және ақыл-ой қызметін бірте-бірте жетілдіру арқылы басқаруға;
- оқытуды анық логикалық түсініктемелер арқылы құра білу;
- пәнаралық байланысты қолана отырып, жүйелі білім беруге;
- өткен материал мен өтілетін материалды байланыстыра отырып, логикалық шешемдерді жасауға;
- оқушы бойында музыкалық білім алуға өз еркімен ұмтылысын тәрбиелеуге міндетті.
Эмоцианалдық бағыт мұғалімнің музыка өнеріне деген көзқарасына және оның оқушылардың әсемдікті сезіну қабілетін қалыптастыруына байланысты анықталады.
Бұл үшін музыка мұғалімі мынаны ескеру қажет:
- мектептегі музыкалық тәрбие жұмысының қоғамдық тәрбиедегі ролін;
- эмоцианалдық тәрбиенің жеке адамның жан-жақты қалыптасуындағы маңызын;
- музыка өнерінің адамға тигізер әсерінің ерекшеліктерін;
Сонымен қатар музыка маманы бала бойында музыкаға эмоцианалдық көзқарасты тәрбиелеуге, эстетикалық қажеттілікті дамытуды бағыттауға, әсемдікті музыкалық форманың ең жетілген түрлері мен идеялық-образдық мазмұнының бірлігі арқылы қалыптастыруға міндетті. Және музыка өнері арқылы патриотизм, интернациолизм сезімін тәрбиелеуге, музыкалық материалды толық игеру үшін сабақ барысында эмоцианалдық қалыпты сақтауға, оқушылардың музыка өнерін терең ұғынуы үшін эстетикалық толғаныс әлемін байыту, кеңейту үшін жұмыстануға міндетті.
Ізденішілік бағыт мұғалімнің оқу процессін жетілдіру арқылы және кәсіби шеберлігін көтеру арқылы көрінеді.
Бұл мұғалімнің өзінің музыкалық- педагогикалық қызметін талдау мен және озат педагогтар тәжірибесін, жаңа әдістерді педагогикалық қызметке енгізуімен ұштастырылады.
Мұғалім ғылыми зерттеулердің теориялық негізін және зерттеу жұмысын өткізу әдістемесін білуге тиіс. Сонымен қатар педагогикалық кәсіби шеберлігіне мына талаптар қойылады:
- оқу процессін бақылауға және талдауға;
- педагогикалық фактілерді бір жүйеге келтіруге;
- кез келген педагогикалық оқиғаға музыкалық білімін, педагогикалық біліктілігін қолдана білуге;
- музыка сабағының құрылымына жаңа формалар, әдістер қолдану жолында үнемі ізденіс үстінде болуға;
- сабақтың тақырыбын ашу мақсатына сәйкес қосымша материалдар қолдануға;
- өз еңбегінің жемісін болжай білуге;
- оқушылардың музыкалық даму деңгейін білуге;
- үнемі білімін жетілдіруге, орындаушылық тәжірибесін, музыкалық репертуарын толықтыруға, оқышулармен сөздік байланыс шеберлігін жетілдіруге міндетті.
Әдебиеттер тізімі:
1. Майғаранова Ш. Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері / Ш. Майғаранова .- Алматы : Ғылым, 2002 .- 124 бет.
2. Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы / Х. Маданов. – Алматы : Қаржы-Қаражат, 1998 .- 336 бет.
3. Меңдіаяқова Қ.М. Мектепте музыка тәрбиесін беру әдістемесі / Қ.М. Меңдіаяқова, Г.Ж. Қарамолдаева .- Алматы : Әл-Фараби, 1997 .- 132 бет.