Олданған әдебиеттер

1. Әдістемелік нұсқау Бекбаева Ж.С., 2009

2. jksint.kz

3. «Білімнің көзі кітапта» Сағитжанов Д.М., 2005

4. Білім туралы. - Об образовании: Қазақстан Республикасының Заңы. - Алматы: Литера, 2000. - 96 б.

5. http://www.kitaphana.kz

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің «бақылау өлшеу аспаптары және автоматика слесары» тобына педагогикалық-психологиялық мінездеме

Бақылау өлшеу аспаптары және автоматика слесары тобында барлығы 25 студент оқиды. Оның ішінде 15 қыз, 10 ұл бала. Топ жетекшісі Исаева Г.У. Группада әлеуметтік құрамы орташа. Материалық жағынан жеткілікті қамтылған.

Топ жан-жақтан жиналганына қарамастан өте ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады.

Жақсы оқитын балалар саны- 9, орташа оқитын балалар саны -12, ал қалган 3 студент қанағаттанарлықтай.

Үйірмелерге қатысу жағынан қыздар осал. Ал ұлдар спорттық үйірмелердің барлығына қатысады.

Топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпайтын жаман қылықтардан аулақ. Студенттер ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады.

Оқудан тыс студенттер бирге бас қосып, киноға, саябаққа шығады. Кейде топ жетекшісіменде бірге қыдырады.

Студенттер сабаққада, сабақтан тыс жұмыстарғада белсене қатысып, бірігіп қатысады.

Тапсырған:Жәкетова Камила

Мінездеме

Астана қаласы С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университетінің «Кәсіптік білім беру» мамандығының студенті

Жәкетова Камила, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында тәжірибе орны «Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» 15.01.2015-22.01.2015жыл аралығында өндірістік тәжірибеден өтті.

Өндірістік тәжірибені өту кезінде Жәкетова Камила өзін оте жаксы жағынан көрсетті.Өндірістік тәжірибені жаксы меңгерді. Студенттермен жақсы тіл табысып, олармен жұмыс жасай алатындығын көрсетті.

Берілген жұмысты уақытылы және сапалы орындай білді. Колледжден тыс іс-шараларға қатысып жүрді. Колледждегі мұғалім ұжымымен жақсы тіл табысып, сонымен қатар, жоғары тұрған инстанция өкілдеріменде жылдам тіл табыса білді.

Камила болашақта білікті де, білімді, адал қызмет ететін азамат болатынына сенемін.

Өндірістік практиканы «5» - ке тапсырды.

Директор: Нұғыманов Т.А.

Тәжіртбе жетекшісі: Исаева Г.У.

Осымша - 2

Тақырыбы: «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол».

Мақсаты: Елбасының халыққа жолдаған жаңа «Нұрлы жол» жолдауымен таныстырып, жолдаудағы басты мәселелерге тоқталу. Оқушыларды патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Елбасы суреті, «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» жолдауы, ҚР рәміздері, сөзжұмбақ, суреттер.

Тәрбие сағатының барысы:

І. Ой қозғау.
— Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
— Қазақстан мемлекеті туралы не айта аласың?
— Ұлттық рәміздеріміз туралы не білесің?

Тарихыңды білесің бе?

Біздің тұңғыш президентіміз кім?

11 қараша күні елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты жолдауын жариялады.

ІІ. Мұғалім сөзі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жылда халыққа өз жолдауын арнап отырады. 11 қараша күні елбасымыз «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты жолдауын жариялады.

Жолдауда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды бірлікті бекемдеп, аянбай тер төгуге шақырды.

«Біз Жалпыұлттық идеямыз — Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел — елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан — 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі — Мәңгілік Ел! Ол — барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға тоқтаала келе, ондай идеяның бастауы тым тереңде жатқанын жеткізді.

«Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты — Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін — Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі — бірлік, берекесі. Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз — Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз», — деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Елбасы 2015 жыл — ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.

«Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!» — деп қорытындылады Елбасы өз сөзін.

ІІІ. Сұрақтарға жауап алу.

Елбасы Қазақстандықтарға жылда не арнап отырады?

 Жақында шыққан жолдауы қалай аталады?

 Жолдаудағы негізгі идея не?

 «Мәңгілік ел» туралы не білдік?

 2015 жылы қандай мерейтойлар бар?

 Қазақтың қандай хандарын білесің?

 Жолдауды жүзеге асыру үшін не істеулерің керек?

ІV.Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек.
1. Жолдау тақырыбы: «Нұрлы ……»(жол)
2. «Қырдан келген жас қазақ» әңгімесі кім туралы? (Шоқан)
3. Елбасының есімі? (Нұрсұлтан)
4. Бес қарудың бірі. (Садақ)
5. Дала жұлдызы кім? (Алтынсарин)

Мемлекеттік рәміз? (ту)

Менің оқу жұмысым

Тәжірибеден өту кезінде "Жанаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі"үздік ұстаздың бірі тарих пәнінің оқытушысы ЖОЛМУХАНБЕТОВА ВЕНЕРА ЖУМАШЕВНА «Механикалық өңдеу, өлшеу- бақылау құралдары және машина жасаудағы автоматика» тобына өткізген «Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәсстүрлері» атты ашық сабағына қатыстым. Сабақ 8:30 да басталды. Сабақтың басты мақсаты жас ұрпақтың сана сезіміне ұлттық құндылығымыз салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды дәріптеп, оның өмірімізде алар орнының ерекше екенін түсіндіру болды.

Ашық сабақ өз уақытында басталды. Оқушылар да, оқытушы да өте жақсы дайындалған. Бұл дайындық сабақ барысында көрінді, оқушылар салт-дәстүріміз жайында білетіндерін айтса, оқытушы балаларға білмегендерін толықтырып, көптеген мәліметтер берді.

Сабақ барысында мұғалім тақырыпты ашу үшін көптеген көрнекіліктер, плакаттар, сөзжұмбақ, дәстүріміз жайында мағұлмат беретін суреттер қолданды. Тақырып өте дұрыс таңдалған деп ойлаймын, себебі қазіргі кезде жастар салт-дәстүрге мән бермей бара жатқаны рас. Осыған орай ашық сабақта оқушылар әдет-ғұрпымыздың, салтымыздың әр уақытта қажет екендігін түсінді.

Ашық сабақта тарих мұғалімі оқушыларға өзінің ойын өте жақсы жеткізе білді. Әр түрлі салт-дәстүрімізге байланысты суреттер көрмесі, барлық әдет-ғұрпымыз дәріптелген кітаптар, сабақ үстінде мұғалімнің сөз саптауы арқалы оқушылардың назарын өзіне аудара білді. Осы себепті оқушылар сабаққа белсенді қатысып, сұрақтарға жарыса жауап беріп жатты. Сабақ соңы бата беру салтымыз дәріптелген қойылыммен аяқталды. 9 сынып оқушысы Саясат Еламан білетін батасын айтып, барлық оқушыларға, қатысқан ұстаздарға бата берді.

Жалпы сабақта қойылған мақсат орындалды. Оқушылар еркін өз ойларын айтып белсенді қатысты, оқытушы өзінің сабақ өткізу ерекшелігімен, сөз саптауымен оқушылардың назарын өзіне аударып, алға қойған мақсатына қол жеткізді.

Наши рекомендации