Ысқарған сөздер, тіркесті сөздер, емлесі
Күрделі атауларды шартты түрде белгілі тәсілдерменқысқарту арқылы жасалған сөздер қысқарған сөздердеп аталады. Қысқарған сөздерді тіл білімінде аббревиатурадеп атайды. Күрделі сөздер әр түрліжолмен қысқарады:
1. Күрделі атаудың әр сөзінің бас әрпінен: ҚР, БҰҰ, ТМД, т. б.
2. Күрделі атаудың бірінші сөзінің алғашқы буыны және қалған сөздің басқы әрпінен: ҚазҰУ, ҚарМУ, ҚазҰПУ, т. б.
3. Күрделі атаудың әр сөзінің алғашқы буынынан: ауатком, колхоз, ұжымшар, т. б.
4. Күрделі атаудың алғашқы сөзінің бірінші буыны мен келесі сөз түгел алынады: пединститут, медколледж, медбике, педпрактика, т. б.
5. Техника маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілер де қысқарған сөзге жатады: ТУ-104, ДТ- 54, ЯК-40 , т. б.
6. Әр түрлі өлшем бірліктері: м (метр), кг (килограмм), ц (центнер), т. б.
Қысқарған ( пединститут, ауатком, ұжымшар, кеңшар медколледж,
сияқты сөздерден басқа) сөздерге қосымша дефис арқылы жалғанады. Мысалы: ҚазҰУ-ды бітірген, ДТ-54-ті жүргізеді, БҰҰ-ға мүше, т. б.
Күрделі сөздің бірітіркесті сөздіңқұрамындағы сөздер біртұтас лексикалық мағынабереді, бір ұғымның атауыболып келеді.
Тіркесті сөздер әр түрлісөз табынанжасалады.
Зат есімнен жасалған тіркесті сөздер: бала бақша, нағашы ата, ортан жілік, қайын ене, қазақ тілі, Республика алаңы, Оқушылар үйі, Достық даңғылы, Абай даналығы, ауыл шаруашылығы – кім? не?
Сын есімнен жасалған тіркесті сөздер: сары ала, көк бурыл, күрең төбел, ұзын бойлы, қою қаба сақалды, қызыл шырайлы – қандай?
Сан есімненжасалғантіркесті сөздер: он үш, жиырма бес, тоғыз жүз алпыс, екі мың елу жеті, алпыс үш, жетпіс тоғыз – қанша, неше?
Етістіктенжасалғантіркесті сөздер: келе жатыр, айтып болып еді, құлап қала жаздап еді, күліп жібере жаздады – қайтты, не істеді?
Стеуденжасалғантіркесті сөздер: қыс бойы, күні кеше, таң атқаннан кеш батқанша, кеш батқаннан таң атқанға дейін – қашан?
Тіркесті сөздер әрқашан бір-бірінен бөлек жазылады.
Күрделі сөздердің түрлерін жинақтап кесте арқылы көрсеттік.
КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР | |||
Біріккен сөздер | Қос сөздер | Қысқарған сөздер | Тіркес сөздер |
Саңырауқұлақ Бәйшешек Айдос Ұлтабар Алаөкпе Ханталапай Қосалқа Өнеркәсіп Жазғытұрым Әлдеқалай | Үйір-үйір Таудай-таудай Бетпе-бет Жөнді-жөнсіз Ас-мас Көйлек-көншек Сарт-сұрт Жап-жасыл Көкпеңбек Аппақ | ХШЖК ҚР ҚазҰУ ҚБТУ Ауатком Ұжымшар Физмат Ил-40 Ан-24 см | Ана тілі Сөз тіркесі Ал қара көк Күрең қызыл Жиырма үш Оқушылар сарайы Ақ құба өңді Қызыл шырайлы Қыс бойы Кешке дейін |
Морфология
Сөз түрлері: атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер. Сөз таптары: Зат есім, түрлері, зат есімнің түрленуі, сөйлемдегі қызметі
Сөз табы -лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері ортақ болып келетін сөздер тобы. Қазақ тілінде9 сөз табыбар.
Сөзді топтастыру принципі үш түрлі болады: 1) лексикалық-семантикалық сипаты; 2) синтаксистік қызметі; 3) морфологиялық белгісі.
Сөз таптарыныңлексика-семантикалықсипаты.Әр сөздің өзіндік ұғымы, мағынасы болады. Мысалы: зат есім заттың атын: адам, мектеп, табиғат; сын есім заттың сынын: жақсы, биік, қара, таза, үлкен; сан есім заттың санын: үш, жеті, елу, мың; етістік істің қимылын: бару, келу, айт білдіреді. Бұл тұжырымдар сөзділексика-семантикалықжағынан сипаттайды.Сөз таптарыныңсинтаксистікқызметі.Әр сөзтабы белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Сөз таптарының сөйлемдегі бұл функциясы синтаксистік қызметідеп аталады.
Сөз таптарыныңморфологиялықбелгісіәр сөз табының сөзтудыру тәсілі мен түрленуіне, грамматикалық ерекшелігіне қатысты болады.
Қазақ тіліндегі сөздер семантикалықжәне морфологиялықбелгілеріне қарай үш үлкен топқа бөлінеді.
Атауыш сөздер –лексикалық та, грамматикалық та мағынасы бар, басқа сөздермен байланыса алатын дербес сөздер.
Көмекші сөздер –лексикалық мағынасы жоқ, көбінесе грамматикалық қызмет атқаратын жәрдемші сөздер.
Одағай сөздер –адамның көңіл күйі мен сезімін білдіру үшін қолданылатын сөздер.