Зат есім– заттың, құбылыстың атауы болатын, заттың атын білдіретін сөздер. Сұрақтары: кім? не? кімдер?нелер?

Мысалы: кім? – ана, ақын, етікші, жазушы, елші, оқушы, аспаз, кәсіпкер, зейнеткер, арбакеш, ұстаз, ақылгөй,жәрдемші, т .б.

Не? – ауыл, қағаз, жылқы, перде, теледидар, қарындаш, нөсер, нәтиже, өзен, жапырақ, торғай, кітап, дәптер, т. б.

Кімдер? – балалар, спортшылар, жүлдегерлер, әншілер, немерелер, аналар, орманшылар, ақсақалдар, әжелер, оқушылар, т.б.

Нелер? – журналдар, көгершіндер, орындықтар, бүркіттер, жылқылар, көлдер, таулар, дәптерлер, қаламдар, гүлдер, көліктер, т. б.

Зат есім– заттың, құбылыстың атауы болатын, заттың атын білдіретін сөздер. Сұрақтары: кім? не? кімдер?нелер? - student2.ru

Зат есім– заттың, құбылыстың атауы болатын, заттың атын білдіретін сөздер. Сұрақтары: кім? не? кімдер?нелер? - student2.ru

Туынды зат есімнің жасалуы

Есім сөздерден   Етістіктен   Еліктеу сөздер  
Аңшы, жұлдызшы, сынықшы Әңгімеші, егінші, тергеуші Адамшылық, аңшылық таршылық; молшылық Суретшілік, күйшілік Балалық, кішілік, достық, әділдік; Талапкер, жүлдегер; Дәмхана, еңбекқор, өнерпаз, әуесқой, арбакеш, Қазақстан; Алым, бөлім Сүзбе, кеспе Бұрғы, сүзгі Айтыс, күрес Тарақ, күрек Сүйеніш, қуаныш Боран, түйін Көсеу, бұрау Үйінді, шайынды Сорғыш, көргіш Түйреуіш, сылауыш Тарсыл гүрсіл шуыл дүңкіл уһіл арсыл  

Күрделі зат есімнің жасалуы

Бірігу арқылы Қосарлану арқылы Тіркесу арқылы Қысқару арқылы  
Темірқазық Түйетабан Көкшетау Еңбеккүн Көрпе-жастық Жігіт-желең Ата-ана Дәрі-дәрмек Абай даңғылы Тау сілемі Алма шырыны Қамар сұлу Ұжымшар БҰҰ Пединститут Медбике

Зат есім түрленеді, яғни септеледі, көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді.

Зат есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі – бастауыш пентолықтауыш, алайда зат есім түрленіп келіп барлық сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады.

Балықшылар теңізге қарай бет алды. Балықшылар – кімдер? – бастауыш. Тілекке әкесінің сөзі көп ой салды.Тілекке – кімге? – толықтауыш,әкесінің – кімнің? – анықтауыш, сөзі – несі? – бастауыш. ЕлдосАстанадан Алматыға ұшақпен ұшып келді. Астанадан – қайдан? – пысықтауыш, Алматыға – қайда? – пысықтауыш, ұшақпен – немен? – толықтауыш. Адам бойындағы асыл қасиет – адамгершілік.

Адамгершілікзат есімісөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап баяндауышқызметін атқарып тұр. Зат есім жіктеліп келіпте сөйлемніңбаяндауышыболады. Мысалы, Бар қазақтың Абайы.

Қазақ тілінде жеке тұрғанда толық мағынасы болмайтын, сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайтын, алдындағы есім сөзге көмекшілік қызметатқаратын сөздер де кездеседі. Ондай сөздер көмекші есімдердеп аталады. Көмекші есімдер зат есіммен ілік септігі арқылы байланысады, яғни,зат есім ілік септігінде, көмекші есім тәуелдік жалғауында келеді. Мысалы, қаланың сырты, жердің асты, үстелдіңүсті, мектептіңалды, дүкеннің қасы,үйдің жаны, ауылдың маңы, ыдыстыңтү(п)бі, көшенің арасы, бөлменің іші.

Көмекші есімдер зат есім сияқты түрленіпқолданылады. Мысалы, Ауылдың жанында бір қора мал жайылып жүр. Ауылдың жанында – қайда? – пысықтауыш.

Сын есім, түрлері, емлесі, сын есімнің түрленуі, сөйлемдегі қызметі

Сын есім заттың сындық, сапалық қасиеттерін білдіретін, сындық ұғым атауыболатын сөздер. Сұрағы –қандай? қай?

Наши рекомендации