Оқушылар ұжымын қалай ұйымдастыруға болады?
Сынып жетекшісі оқушылар ұжымын құруда, олардың сапалы білім алуы мен саналы тәртібін қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Саналы тәртіп болмаған жерде сапалы білім де болмайды.
Оқушылардың оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін жандандыруда сынып жетекшісі белсенділер тобына арқа сүйейді.
Сынып жетекшісі қоғамдық пікірдіескеруі тиіс.
Сынып ұжымын ұйымдастыруда ұжымдық шығармашылық істерді ұйымдастырады. Тәрбие істері ұжымдық және шығармашылық сипатта болғандықтан, ұжымдық тәрбие істері (ҰТІ) немесе ұжымдық шығармашылық істер (ҰШІ) деп аталады.
Кез келген ҰШІ мынадай кезеңдерден тұрады:
1) мақсат анықтау;
2) жоспарлау;
3) дайындық және ұйымдастыру;
4) жұмысты жүзеге асыру;
5) нәтижені талдау;
Әрбір кезеңді оқушылар бірлесіп іздену арқылы жүзеге асырады.
4.Оқушылар ұжымын әлеуметтік маңызды іс-әрекет негізіндегі оқушылар бірлестігін ұйымдастыру формаларын түсінуге болады.
Оқушылардың іс-әрекеті оқу және оқудан тыс уақыттағы іс-әрекет. Балалар ұжымының үлкедер ұжымына қарағанда ерекшелігі:
· Қоғамдық құндылық пен жеке тұлғаның маңызды мақсатына бағытталған бірлескен іс-әрекеті;
· Ұжым мүшелерінің еркін қарым-қатынас жасауы;
· Ұжым мүшелерінің бір-бірімен өзара жауапкершілігі және тәуелділігі;
· Өзін-өзі сайлау органдарының болуы.
5. Ұжымдық әрекеттерді ұйымдастыру мекемелері:
1. Мектептен тыс мекемелер орталығы;
2. Балалардың шығармашылық үйі;
3. Балалар мен оқушылар сарайы;
4. Балалар мен жастардың спорт мектептері;
5. Эстетикалық тәрбие орталығы;
6. Балалардың мәдениет сарайлары;
7. Музыка өнер мектептері;
8. Балалардың кітапаналары;
9. Әр түрлі клубтар;
10. Балалардың сурет голлереялары;
11. Балалар лагерлері, қоғамдық ұйымдар т.б.
Бұл мекемелердің ұстаздарын үйірме мекемелерін мысалы: геолог, альпинисть ботаник етіп тәрбиелеуді мақсат етеді. Әрбір бала өз туған әсерін сүйе біліп, оны қорғай білсе болғаны.
6. Оқушылар ұжымында өзін-өзі басқарудың жоғарғы органы сынып жиналысы. Оның негізгі міндеті – ұжым өмірін ұйымдастыру барысында оған қатысты негізгі мәселелерді талқылау. Соған орай оған негізгі қызметі ұйымдастырушылық және ынталандырудың оның жұмысының нәтижелі болуы ұсынылды. Оң өзгерістерге бағыттайтын шешім қабылдау.
Сынып жетекшісі оқушыларды жан-жақты білуі қажет. Сыныпты қабылдап алғаннан кейін, сынып жетекшісі зерттеуді оқушылардың құжаттарымен танысудан бастайды. Оқушылардың мінездемелері, жылдық баға қорытындылары, сынып жиналысының хаттамалары, денсаулығына қатысты анықтамалармен танысады. Оқушылардың оқуға деген ынтасын білу үшін сабақтарға қатысады. Оқушылардың ата-аналарымен әңгімелесу арқылы олардың үйдегі өмірін, еңбек жағдайын, отбасы туыстарымен қарым-қатынасын, бос уақытын қалай өткізетінін, үй тапсырмаларын орындаудағы белсенділігі мен жауапкершілігін анықтап біледі.
Зерттеудің нәтижесінде әр оқушыға жеке-дара және жалпы сыныпқа психологиялық мінездеме жазады.
Жеке оқушыға педагогикалық-психологиялық
Мінездеме жазу схемасы
І. Оқушы жайлы жалпы мәліметтер
1. Мектебі
2. Сыныбы
3. Оқушының аты-жөні
4. Жасы
5. Ұлты
ІІ. Оқушының тұрмыс жағдайы
1. Отбасы құрамы
2. Ата-анасының қызметі
3. Материалдық жағдайы
4. Отбасында оқушыға деген қарым-қатынас
5. Ата-анасының тәрбиелік әсері
ІІІ. Оқушының денсаулық жағдайы
1. Дене бітімінің дамуы
2. Денсаулық жағдайы
3. Дене тәрбиесі сабағына қатысуы
4. Спортпен шұғылдануы
ІҮ. Оқушының оқу әрекеті
1. Сабақ үлгерімі
2. Қабілеті
3. Есте сақтау қабілеті
4. Ойлау мен сөйлеу ерекшеліктері: оқу материалын түсініп қабылдауы, өз ойын ауызша және жазбаша жеткізуі, талдау жасауы
5. Шығармашылық жұмыспен айналысуы
Ү. Оқушының еңбек әрекеті
1. Еңбекке көзқарасы
2. Таңдаған мамандығы
3. Еңбек сабағына қатысуы
4. Мектепте, үйде еңбекпен айналысуы
ҮІ. Оқушының қоғамдық қызметі
1. Қоғамдық белсенділігі
2. Оқушының ұжымдағы орны, жолдастарымен қарым-қатынасы
ҮІІ. Оқушының тәртіптілігі
1. Мектепте, үйде, мектептен тыс жерлерде өзін ұстауы
2. Жауапкершілігін сезінуі
ҮІІІ. Оқушының жеке психологиялық ерекшеліктері
1. Темпераменті
2. Қабілеті
3. Мінез-құлқы
ІХ. Оқушыға байланысты пікірлер мен ұсыныстар