Тәрбиешінің жұмыс барысындағы келіспеушілігі стрестік жағдайы
Тәрбиедегі сенім - Тәрбиешінің балаларға деген терең сыйластығы мен өзінің әр тәрбиеленушісінің ақыл-ой мен ізгіліктік дамуының мүмкіндігі зор деген сенімге негізделген қарым-қатынасы.[1]
Тәрбиедегі сенім — тәрбиеші мен тәрбиеленушінің кәміл сыйластыққа, шын сенімге негізделген қарым-қатынасы. Өз тәрбиеленушілерінде жағымды белгі болғанда тәрбиеші сенім білдірсе, олар сенімді ақтауға тырысып, өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылады. Тәрбиелей оқыту — 1) оқушының білімі, білігі және дағдысымен бірге оның дүниеге көзқарасын, мінез-құлқын, еркін, таным қабілеттерін және басқа да қасиеттерін қалыптастыру; 2) оқушылардың қоршаған ортаға, бір-біріне деген эмоциялық қатынастарын қалыптастыру. Оқыту принциптерінің бірі. Бұл терминді педагогикаға неміс философы, психологі және педагогі И. Ф. Гербарт ( 1776-1841) енгізді.[2]
Тәрбиешінің стресстік жағдайы бөлімі белгілі бір өмір салаларымен өзара байланыс жасайды. Себебі, әр адамға өз әрекетінде әр түрлі әлеуметтік сұрақтарды шешуге тура келеді, өзге адамдармен әрекеттесу және оның бағалауы біздің қабылдауымызға, уайымдауларымызға, жағдайларға және сыртқы әлем құбылыстарына қатынасымызға елеулі ықпал жасайды. Көптеген өмірлік мәселелер адамдар арасындағы қатынастың проблемасы болып табылады.
Тұлғалық стрестің индивид не жасап жатқанына және оған берілген мысалы, ата-ананың, ерінің, қызметкердің ролін және т.б. әлеуметтік ролдерді қалай жүзеге асырады және бұзатын уақытта онымен не болатынына қатынасы бар. Ол денсаулықтың бұзылуы, жағымсыз әдеттер, сексуалдық қиындықтар, қартаю, зейнетақыға кету сияқты құбылыстармен байланысты көрінеді.Тұлғаішілік стресс детальды қарастыруды қажет етеді. Ол бірінші жағынан оған жеткілікті көңіл бөлінбегеніне байланысты болса, екінші жағынан, ол әртүрлі өмірлік оқиғаларды жобалауы мүмкін және оған қатынас ерекшеліктеріне ықпал жасап және индивид мінез-құлқына әсер ететініне байланысты.
76сұрақ.Педагогтың лекциялық сөз мәдениеті «Мұғалімге керегі тек білім ғана емес, сондай-ақ сөйлеу шеберлігі, яғни кәсібилік, біліктілік, білімділікпен қатар, сол бар ілім-білімін жеткізе алатын сөйлеу шешендігі, кәсіби шешендік», - деген А.Байтұрсынов. Педагог тілі – балалардың сөйлеу тілін дамытудың негізгі көзі.
Мұғалімнің тіл мәдениеті оқу-тәрбие үрдісіндегі мұғалімнің педагогикалық мәдениетіне белгілі дәрежеде әсерін тигізеді. Өйткені тіл адамдық сапаның көрсеткіші болғандықтан, тіл мәдениеті мәселесі алдымен, адами қасиеттерді қалыптастыруымен шектесіп жатады. «Баланың маңайында сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиісті. Былық сөзді естіп өскен бала өмір бойы былық, былапыт тілді болады», -деп қазақ педагогы Мағжан Жұмабаетың сөзінен де болашақтың тұтқасын ұстар ұрпақты тәрбиелеп, білім беруші педагогтардыің сөйлеу мәдениетінің жоғарылығы басты орында екендігін басып айта аламыз Х.Досмұхамедовтың: «Мәдениеттің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетеді. Білімді жұрттардың тілі бай болады», - деген пікірі бүгінгі күннің шындығына айналып отыр
Сөздің мәнерлілігі дегеніміз – адамның сөйлеу кезінде эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өз мәнерімен, сазымен айтуы. Сөйлеу мәдениеті деп оның дұрыстығын, яғни әдеби тіл үшін қалыптасқан дәстүр бойынша орфоэпия, грамматика, лексика, стилистика, дұрыс жазу ережелері нормасына сәйкес келуін айтады. Сөйлеу мәдениетінің жоқтығы, мәселен: адамның сөздегі дыбыстарды дұрыс айтпауынан, яғни сөздер қалай жазылса, солай айтуынан; өз үйлесімін дұрыс құрмауынан; с өздерді дұрыс мағынасында қолданбауынан; сөзді, грамматикалық формаларды, интонацияны орнымен қолданбауынан көрінеді.
77-сұрақ Мұғалімнің өздік білім жетілдіру.Өзін-өзі жүйелі түрде танып, дамытып отыратын, өзін-өзі белсенді тәрбиелеп отыратын ұстаз ғана өзгелерге тиімді көмек көрсетіп, өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетіне ықпал ететін ахуалды қалыптастыра алады. Олай болмаған жағдайда оның балаларды өзін-өзі дамытуға ынталандыру іс-әрекеті оның дербес тәжірибесімен бекітілмей тек баяндаушы сипатта болады. Дағдылы жұмыс күндері мұғалімнің тұлғалық-кәсіби өсуі және өзін-өзі жетілдіруі- педагогикалық мамандықты айтпағанда, кез-келген мамандықтың міндетті шарты болып табылады. Кәсіби өзіндікдамудың құрамдас бөлігі – педагогтың өзіндік білім алу жұмысы. Кәсіби өзіндік білім алудың тиімді жолы – педагогикалық ұжымның шығармашылық ізденіс жұмысына қатысу, білім беру мекемесін дамытуда жаңашыл жобалар, авторлық курстар мен педагогикалық технологияларды жасақтау.
Өзіндікдамудың екі педагогикалық нәтижесі бар. Бірінші жағынан – тұлғалық даму мен кәсіби өсуде болатын өзгерістер, екінші жағынан – өзіндік дамумен айналысуға қабілеттілікті игеру. Аталған нәтижелердің жүзеге асқандығын төмендегі әрекеттерден көруге болады:
- Мақсатқоя білу; өз алдына кәсіби мәнді мақсат пен өзіндікдаму міндеттерін қою;
- Жоспарлау: өзіндікдаму құралдары мен әдістерін, әрекеттері мен тәсілдерін таңдау;
- Өзіндікбақылау: өзіндікдамудағы қадамдар мен нәтижелерді салыстыру;
- Түзету: өзімен жүргізілген жұмыс нәтижелеріне қажетті түзетулер енгізу.
Мұғалімнің өзін – өзі жетілдіруге түрткі болатын мәселелермен қажеттіліктері:
•Күнделікті ақпаратпен жұмыстануы. Мысалы ата – аналар жиналысын өткізу, сайыстарға, мектепшілік шараларға қатысу үшін мұғалімде ақпарат іздеуге және жаңа ақпаратты талдауға қажеттілік туындайды;
Шығармашылық шабыты;
•Ғылымның қарқынды өсуі;
•Қоғамда болып жатқан өзгерістер және оның дамуы;
•Бәсекелестік (әріптестер арасындағы бәсекелестік);
•Қоғамдық көзқарас , айналасындағы адамдардың осы ұстаз туралы пікірлері;
•Материалдық стимул. Аттестаттау комиссиясының пікірі, санаты, өтемақы немесе марапаттаулар;
•Қызығушылық;