Сынылатын Әдебиеттер

Азақ тілінде

Негізгі:

1. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М.Т. Айтқүлов\\ Алматы: "Орталық Қазақстан" БПК, "Қазақстан".- 1993.-170 б.

2. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М.Т. Айтқүлов \\ Алматы, Карағанды:"Ғылым", "Қазақстан". - 1996.- 2-бөлім, 1-кітап, 175-274 б.

3. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М. Айтқұлов \\ Алматы, Карағанды:"Ғылым", "Қазақстан". - 1996.- 2-бөлім, 2-кітап, 275-535 б.

4. Ахметов Ж.В. Патологиялық анатомия. \\ Алматы.- 2003, 393 б.

Қосымша:

1. Ахметқалиев С.Е., Қамбаров Ж.А. Клиникалық патоморфологияға кiрiспе: Оқу құралы.\\ -Ақтөбе: Ақтөбе медициналық академиясы.-1999. - С.5-34.

2. Iшкi аурулар // Т.З.Сейсембеков, А.Е.Тәменов, М.Т.Айтқүлов М.Т.\\Алматы.-1995.-298 б.

3. М.М.Түсiпбекова М.С.Усеева Перинатустық кезең патологиялық анатомиясының өзектi мәселелерi.\\ Медицина и экология.- N3.- 2000.- C.55 – 57.

Орыс тілінде

Негізгі:

1. Патологическая анатомия. Курс лекций: Учебное пос. (Под ред. В.В.Серова, М.А.Пальцева.- М.: Медицина, 1998.- 640с.:ил.-( Учеб. лит. для студ. мед. вузов).

2. Пальцев М.А., Аничков Н.Н. Патологическая анатомия: Учебник. Том 1, 2. М.:Медицина,2001.

3. Абдуллахождаева М.С. Основы патологии человека. - Ташкент, 1998. – 300с.

Қосымша:

1. Пальцев М.А., Пауков В.С., Улумбеков Э.Г. Патология: Издательский дом: «ГЭОТАР-МЕД» 2002.- 959 с.

2.Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии /В.В.Серов, Т.Н.Дрозд, В.А.Варшавский, Г.О.Тетевосянц. - М.: Медицина, 1987.– 285с.-(Учеб. лит. для студ. мед. вузов).

3. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии: Учеб. пос. /В.В.Серов, М.А.Пальцев, Т.Н.Ганзен.-М:Медицина, 1998.-544с.-(Учеб. лит. для студ. мед. вузов).

4. Струков А.И. Патологическая анатомия: Учебник/А.И.Струков, В.В.Серов.-4-е изд., стереотип. М.:Медицина,1995.- 688с.- (Учеб. лит. для студ. мед. вузов).

5. Хазанов А.Т., Чалисов И.А. Руководство по секционному курсу. \\ М. - 1986.С.10-87

6. Блюгер А.Ф. Ультраструктурная патология печени: Электрон.-микроскоп. Атлас /Риж. мед.ин-т; А.Ф.Блюгер, В.К.Залцмане, О.Я.Карташева.-Рига:Зинате,1989.-318 с.:ил.

7. Общая патология человека: Руководство /Под ред. А.И. Струкова. - М.: Медицина, 1990. – Т.1, 2..

8. Саркисов Д.С. Очерки истории общей патологии. - М.: Медицина, 1998. – 115с.

9. Серов В.В., Ярыгин Н.Е., Пауков В.С. Патологическая анатомия: Атлас. - М.: Медицина, 1986. – 305с.

Ағылшын тілінде

Негізгі:

1. Rоbbins S.W., Kumar V. Basic Pathology. / 6 nd Ed, W.B. Saunders Company. - Philadelphia-London-Toronto-Sydney, 2003. – 158p.

2. Rоbbins S.W., Kumar V. Basic Pathology. / 6 nd Ed, W.B. Saunders Company. - Philadelphia-London-Toronto-Sydney, 2003. – 158p.

2.11 БІЛІМДЕРІН БАҒАЛАУ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ:

Тәжірибелік сабақтар мен аралық бақылау:

100-95 балл. Толық, дұрыс, жеткіілікті жауап. Студент бағдарламамен ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттерді терең қамтыған. Күрделілігі жоғары оқу материалын оңайлықпен түсініп, қолдана алады. Пән бойынша негізгі терминдерді орнықты және саналы түрде қолданып, спецификалық терминологияны біледі. Алған білімін басқа қажетті пәндермен интеграциялай алады. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттеп, оларды дұрыс бағалап, қорытынды шығара алады. Өз білімін тесттік тапсырманың 95% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

94-90 балл. Толық, дұрыс, жеткілікті жауап. Студенттің оқу бағдарламасы бойынша білімі жүйелі және терең. Негізгі әдебиеттерді тереңінен меңгеріп, қосымша әдебиеттермен танысқан. Күрделілігі жоғары оқу материалын оңайлықпен түсініп, қолдана алады. Білімін арнайы терминологияны қолдану арқылы жеңіл жеткізеді. Алған білімін басқа қажетті пәндермен интеграциялай алады. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттей алып, оларды дұрыс бағалап, қорытынды шығара алады. Өз білімін тесттік тапсырманың 90-94% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

89-85 балл.Жауабы айтарлықтай толық. Студент бағдарламаға сәйкес материалды игерген, бағдарламамен ұсынылған негізгі әдебиетті түсінген, арнайы терминологияны қолданады. Белгілі бір патологиялық үрдістің маңызы мен ролін дұрыс, бірақ сенімсіздікпен түсіндіреді. Жауабы барысында бірең-сараң қателіктер жіберіп, кейіннен оларды өз бетінше түзей алады. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттей алып, оларды түйіндеп, қорытынды шығара алады. Өз білімін тесттік тапсырманың 85-89% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

84-80 балл.Жауабы толық.Студент оқу бағдарламасына сәйкес материалды игерген, бағдарламамен ұсынылған негізгі әдебиетті түсінген. Арнайы терминологияны дұрыс қолданып, оның жолы мен бағытын түсініп түсіндіре алады, бірақ білімі мен қимылында бірнеше үстіртін қателіктер жіберіп, оларды оқытушының көмегімен түзей алады. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттей алып, оларды түйіндеп, қорытынды шығара алады. Өз білімін тесттік тапсырманың 84-80% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

79-75 балл.Жауабы дұрыс, бірақ толық емес. Студенттің оқу бағдарламасы бойынша игерген білімі айтарлықтай толық, негізгі әдебиетті қамтыған, арнайы терминологияны дұрыс қолданып, оның жолы мен бағытын түсініп түсіндіре алады, негізгі механизмдерін атай алады, бірақ оларды түсіндіруде қиыншылық туындатады. Жауабында бірнеше үстіртін қателіктер жіберіп, оларды оқытушының көмегімен түзей алады. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттей алып, бірақ оларға баға беруде қиындық туындатады. Өз білімін тесттік тапсырманың 79-75% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

74-70 балл.Жауабы толық емес, үстіртін қателіктері болады, бірақ оқытушы жетекші сұрақтар қойғанда оларды түзей алады. Студент келешектегі оқуына қажетті оқу бағдарламасындағы негізгі материалды меңгерген, негізгі әдебиттерді оқыған. Арнайы теримонологияны қоланады, негізгі механизмдерді атай алады, бірақ оларды кезеңдерге бөле алмайды және де тұрақты бір мысалдарды талдағанда алған білімін қолдана алмайды. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттеуде негізгі дағдылары болады, бірақ оларды бағалап қорытындылауда қиындық көрсетеді. Өз білімін тесттік тапсырманың 74-70% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

69-65 балл.Жауабы оқу бағдарламасы бойынша білімін толық көрсетпейді, үстіртін және бірең-сараң айтарлықтай қателіктер жібереді, бірақ студент оларды оқытушының жетекші, яғни қосымша сұрақтары арқылы түзейді. Арнайы терминологияны қолдану дағдылары бар, бірақ күрделі механизмдерді түсіндіруде қынжылады. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттеуде негізгі дағдылары болады, бірақ оларды бағалап қорытындылауда қиындық көрсетеді. Өз білімін тесттік тапсырманың 65-69% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

64-60 балл.Бағдарламалы оқу материалын толық аша алмайды. Студент үстіртін және айтарлықтай қателіктер жібереді, бірақ оқытушының көмегімен оларды түзей алады. Арнайы терминологияны қолдану дағдылары бар, бірақ негізгі механизмдерді түсіндіруде қынжылады. Өз білімін басқа қажетті пәндермен интеграциялап, байланыстыра алмауы мүмкін. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттеуде дағдалары болып, бірақ оларды бағалап, нәтижесін түсініп, қорытындылай алмайды. Өз білімін тесттік тапсырманың 64-60% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

59-55 балл. Жауабы толық емес, нақсыздықтары көп. Үстіртін және айтарлықтай қателіктері бар. Кей жағдайларда студент арнайы терминологияны қолданады, бірақ механизмдерін көрсетуде қиналады, өзара-байланыстарды анықтай алмайды, пән бойынша негізгі түсініктер мен терминдерге дұрыс анықтама бере алмайды. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттеудегі дағдылары толық емес және де оларды бағалап, нәтижесін түсініп, қорытындылай алмайды. Өз білімін тесттік тапсырманың 59-55% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

54-50 балл.Жауап бергенде көптеген айтарлықтай қателіктер жіберіп, оларды тіпті оқытушының жетекші қосымша сұрақтары арқылы түзей алмайды. Айтарлықтай қателіктер: терминологияны дұрыс қолданбайды, түсініктер мен терминдерге және де негізгі қағидалары мен үрдістерге анықтама бере алмайды, жіктелуін білмейді. Студент негізгі үрдістердің, механизмдердің негізін түсінбейді; материалды арнайы терминологияны қолдану арқылы жеткізе алмайды, өрескел қателер жібереді. Ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді суреттеуде жартылай дағдылар көрсетеді, оларды мүлдем бағалап, нәтижесін түсініп, қорытындылай алмайды. Өз білімін тесттік тапсырманың 54-50% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

49-0 балл. Студент жауап беруден бас тартады немесе жауап беруге талпынғанда оқу материалы бойынша білімін көрсете алмайды. Өз білімін тесттік тапсырманың 49-0% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

Студенттің білімі Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты бойынша (05.03.2006 ж. ҚР МЖБС) балдық рейтингтік әріптік жүйемен бағаланады. Бақылаудың барлық түрі (аралық, ағымды, СӨЖ) 100 балдық шкала бойынша бағаланады.

Наши рекомендации