Технологиялық карта 8

Ортанғы тобы: 8

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлім: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: тепе-теңдік ұстап секіру.

Мақсаты: тепе-теңдікті ұстауға жаттықтыру. Түрлі тәсілдермен жүруге үйрету, балалардың зейінін дамыту. Бірлікке баулу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: бала санына қарай сылдырмақтар, дабыл, жіп немесе арқан, гимнастикалық орындық, шығыршық (диаметр 1 м), қапшық, орындықтар және гимнастикалық таяқшалар, қаптар.

Үш тілдік компонент: Сәлеметсіздер ме -Здравствуйте-Hello,Сау болындар-До свидания- Goodbye, Сылдырмақ-погремушка-rettle,Орындық-скамейка-bench

Оқу іс-әрекетінің түрлері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Бойына қарай бір-бірден сапқа тізіліп тұру. Сәлемдесу. « Орындарына бару» ойыны. Педагог орындарына өзгелерді итермей, жылдам барған балаларды атап өтеді. Ойын 2-3 рет қайталанады.     Бір бағытта бүкіл топпен жүгіру. Сапта бірінші ең ұзын бала тұрады. Балалар өздерінің орындарын және көршілерін есте сақтайды. Нұсқаушының белгі беруіне қарай балалар зал ішінде жан-жаққа шашырайды және оның ішінде дабылдың соғуына қарай жүреді. Белгіден кейін олар өз орындарын жылдам барып тұрулары керек.
Доппен орындалатын ЖДЖ: Б.қ: аяқтары иық деңгейінде, қолдары кеуде алдында, шынтақтары бүгілген, саусақтары жұдырыққа түйілген. Осы күйінде қолдарын айналдыру қимылдарын орындайды. Қолдарын кезек-кезек айналдырады. Б.қ.:аяқтары сәл ашылған, қолдары артқа қарай жіберілген. Отырып,     Барынша жоғары тартылу. Тізені бүгпеу. Денені түзу ұстау.
Ұйымдастыру кезеңі қолдарымен тізесін құшақтау, тұру, қолдарын артқа жіберу және т.с.с. Б.қ.:аяқтарын ашып отыру, қолдары артқа жіберілген. Еңкейіп, аяқтарынаң Ұштарына қолдарын тигізу, тік тұру, қолдарын артқа қарай жіберу, қайтадан алғашқы қалыпқа келу. Б.қ: аяқтарын тік түзеп отыру, қолдарын артқа тіреу. Оң аяқты көтеру, түсіру. Сол аяқты көтеру, түсіру. Б.қ.: аяқтарды қосу, қолдарын беліне қою. Өзінің айналасында екі аяқпен секіру.     Бір орынан ұзындыққа секіру. Педагог бір орынан ұзындыққа секіруді көрсету.     Допты еденге ұру және екі қолды жоғары көтеріпқағып алу, 8-10 рет жерге түсірмей қағып алу.     «Төбеге қапшық қойып жүр» ойыны:     Осыдан кейін аяқтарын бүгіп, еденнен күштеп тіреліп, бір сәтте қолдарын алға қарай сермеп, екінші жіптің арғы жағынан тізесін бүгіп, жеңіл секіріп өту. Жіпке жақындау, аяқтарын бір-бірінен шағын қашықтықта қою.   Әрі қарай қолдарын алға қарай сәл көтеріп, аяқтың ұшымен тұру, одан соң қолдарын төмен түсіріп, артқа жіберіп, жартылай отыру. Допты кеуденің тұсына келетіндей етіп, еденге қатты ұру, допты екі қолмен қағып алу. Егер доп домалап кетсе, оның артынан жүгірмеу, өйткені өзгелерге кедергі келтіреді. Басқа қапшықты қойып, нысанаға жету, жартылай отыру, тұру, айналып бұрылу және қайтып оралу.
Рефлексиялық түзетушілік Жүру: сегіз рет санағаннан кейін қолдың қалпын өзгертіп отыру, әрбір төртінші санақта шапалақтау.     «Алыптар мен құртақандар» ойыны. Қолдарын белге қою, артқа жіберу, төмен түсіру. Балалар «алыптар» деген белгі бойынша аяқтың ұшымен жүреді, «құртақандар» деген белгі бойынша жартылай отырып жүреді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:бір орынан ұзындыққа секіруді.

Түсінеді:ойынның шарттарын.

Қолданады:допты қағып алу дағдыларын.

Технологиялық карта 10

Ортанғы тобы: 8

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлім: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Жүруді жүгірумен, жүгіруді жүрумен алмастыру.

Мақсаты: Жүруді жүгірумен, жүгіруді жүрумен алмастыруға жаттықтыру. Ептілік, күш, шапшаңдық сияқты қасиеттерді дамыту. Қапшықты алысқа лақтыруға жаттықтыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: доптар,.

Үш тілдік компонент:Сәлеметсіздер ме -Здравствуйте-Hello,Сау болындар-До свидания- Goodbye Сылдырмақ-погремушка-rettle, Қапшық-мешочек-sac.

Оқу іс-әрекетінің түрлері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Жүру. Алаң бойынша баяу жүгіру (2,5 мин). Жүру. Екі сапқа тізіліп тұру.     150м шамасында балалар жылан секілді жүгіреді. 3-4 рет дем алып, демді шығару.   Жетекшінің соңынан тұру.
Доппен орындалатын ЖДЖ: Б.қ: негізгі тұрыс, доп төменде. 1- доптарды екі жаққа созу; 2- доптарды жоғарыға көтеру; 3- допты екі жаққа созу; 4- алғашқы қалыпқа оралу. Б.қ.:аяқты екі жаққа кеңінен ашып тұрып, доптарды кеуде тұсында ұстап тұру. 1- допты екі жаққа созу; 2- алға иілу, допты еденге тигізу; 3- тік тұру, допты екі жаққа ұстау; 4- бастапқы орынға келу. Б.қ.:тізерлеп тұрып, допты иықтарына қойып тұру. 1-2 – оңға бұрылу, оң аяқтың өкшесінің тұсына жақындатып, еденге тигізу; 3-4 – түзу тұрып, алғашқы қалыпқа оралу. Дәл осылай сол жаққа қарай (6 рет).     Жаттығуды 6-8 рет қайталау. Жаттығу педагогпен бірге орындалады.  
Ұйымдастыру кезеңі Б.қ: негізгі тұрыс, доп төменде. 1-2- отырып, кегельдерді алға созу; 3-4- алғашқы қалыпқа оралу. (5-7 рет) Б.қ.: негізгі тұрыс: қолдары белдерінде, доптар еденде. Қос аяқпен секіру. Доптарды айнала оң және сол аяқпен кезек-кезек секіру. -бір-бірден сап түзеп жүру.     1. Допты бір-біріне домалату.   2. Допты жоғары лақтырып екі қолымен ұстап алу.     Әуелі жаттығу нұсқаушының белгі беруіне қарай орындалады, одан кейін балалар өз бетінше орындайды (15 рет).  
Рефлексиялық түзетушілік «Ұйқыдағы түлкі» ойыны. Шарты: балалар қояндар болады, бір баланы түлкі қылып сайлайды. Түлкі ұйқыға кеткенде, қояндар алаңға ойнауға шығады. Жүргізуші: түлкі оянды деген кезде қояндар үйлеріне қашады. Түлкі оларды қуалап ұстауға тырысады. Балалар аса қызығушылықпен ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:жүруді жүгірумен, жүгіруді жүрумен алмастыруды;.

Түсінеді:ойынның шарттарын.

Қолданады:допты жоғары лақтырып екі қолымен ұстап алу дағдысын.

Наши рекомендации