Дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары 5 страница

Осы жазылғандарды қорыта келе, балалардың сабақ оқитын, еңбек ететін үйдегі бөлмелері мен мектептегі сынып бөлмелерінің, балалар бақшасындағы топтардың бөлмелерінің ауасын жиі-жиі желпіндіріп, тазартып отыру аса маңызды екенін айта кеткіміз келеді. Сонымен қатар, баланың далада, таза ауада көбірек ойнауы маңызды.

Ырғақты тыныс гимнастикасы баланың ақылының артуына жағымды әсер етеді. Бастауыш сынып оқушыларына сабақ кезінде 1-2 минөттік демалыс беріп, тыныс гимнастикасын ұйымдастыру қажет: оқушы партада отырып, екі қолын бүйіріне таянып терең дем алып жөне дем шығарады. Мұндай гимнастика баланың сабаққа ынтасын арттырады.

Лекция 10

Тақырып:Сыртқа шығару органдарының жас ерекшеліктері

Жоспар: Зәр шығару жүйесі,

Бүйректің құрылысы мен қызметі

Кілт сөздер:несеп, зәр

Несеп - зәр шығару жүйесіне бүйрек, несеп ағар, қуық және несеп түтігі кіреді. Бүйректе пайда болған зәр несеп ағар түтігі арқылы қуыққа құйылып, оның бұлшық еттері жиырылғанда зәр несеп түтігі арқылы сыртқы ортаға шығады. Несеп – зәр шығару мүшелері жыныс жүйесімен тығыз байланыста болады. Эмбрионда зәр шығару мен жыныс мүшелері бірге дамиды. Еркекте несеп жолы мен жыныс жолы несеп жолына бірігеді, ал әйелде несеп түтігі қынап кіреберісіне ашылады.

Бүйрек – жұп мүше. Іш қуысының артқы қабырғасында, бел аймағында, XII- ші кеуде, I-II-ші бел омыртқаларының аралығында,омыртқа жотасының екі жағында, іш перденің сыртында. Екі бүйректің жоғарғы үштары төменгілеріне қарағанда бір – біріне жақын тұрады. Қалыпты жағдайда оң жақтағы бүйрек сол жақтағыдан төменірек болады.

Бүйректің атқаратын қызметі:

- зәр пайда болады, сыртқа шығарады

- қан қысымының тұрақтылығын сақтайтын фермент ренинді бөледі

Бүйректің пішіні бұршаққа ұқсайды. Ол қызыл күрен түсті, жоғарғы және төменгі полюсы, медиаль, латераль шеті, алдынғы және артқы беті бар. Латераль шеті дөңес, медиаль шеті ойық болып келеді. Медиаль шетінде бүйректің қақпасы орналасқан. Ол арқылы бүйректің артерия, вена қан, лимфа тамырлары және несеп ағар өтеді.

Бүйректің артқы беті көкетке, ішкі шаршы, көлденең бұлшық еттеріне қараған. Осы жерде бүйрек үшін шұңқыр (почечные ложа) пайда болады. Бұйректің жоғарысында бүйрек үсті бездері орналасқан.

Оң бүйректің алдынғы беті он екі ішектің төменге қараған бөлігімен, жуан ішектің оң жақтағы иірімімен, ал жоғарысында бауырдың төменгі бетімен жанасады.

Сол бүйректің алдынғы беті асқазанның жоғарғы шетімен, асқазан асты безінің ұшымен, ал төменінде жіңішке ішекпен шектеседі. Бүйректің латераль шетіне көк бауыр мен жуан ішектің сол жақтағы иірімі жанасады. Бүйректің тек алдынғы беті іш пердемен жабылған, сондықтаң бүйрек экстроперитонеаль жағдайда орналасқан болып саналады. Бүйректі бір орында қан тамырлары мен бүйрек шандыры, іш қуысынын қысымы ұстап тұрады. Бүйректің сырты фиброзды қапшықпен қапталған, қалыпты жағдайда тығыз және тегіс жылтырақ. Оның сыртында майлы қапшық бар.

Бүйректің құрылыс бірлігі – нефрондар. әрбір бүйректе I млн шамасында нефрондар болады. Олар Шумлянский – Боумень денешелерінен, бастапқы, ирек Генли, шеткі және жинаушы түтікшелерден тұрады.

Нефрон Шумлянский – Боумень денешелерінен басталады. Денешенің екі қабат қабырғасы бар, бір қабатты куб тәріздес кілегеймен қапталған. Бүйрек артериясының өте жіңішке тармақтары денешенің ішіне өтіп , капиляр шумағын құрайды.

Бүйректегі қан айналымының ерекшілігі бар. Бүйрек қанды бүйрек артериясынан алады. Бүйрек қақпасынан кіргенен кейін артерия қан тамыры майда артерияларға тармақталады.

Зәрдің пайда болуы.Зәр бүйректің нефрондары арқылы өткен қанның плазмасынан пайда болады.

Бүйректен зәрдің пайда болуы екі сатыдан тұрады.

1. Капиляр шумақтарындағы сүзілу (фильтрация)

2. Түтіктердегі қайта сорылу (реабсорбция)

Капиляр шумақтарындағы сүзілу (фильтрация). Қан капиляр шумақтарынан өткенде, оның плазмасы ерітінділерімен бірге сүзіліп денешенің қабырғасына өтеді.Қанның плазмасының капиляр шумағынан сүзіліп денешенің қуысына өтуінен бірінші зәр пайда болады.

Соңғы зәрдің пайда болуы.Зәр денешелерден бүйрек түтікшелеріне өтеді (бастапқы – ирек, Генли – шеткі – жинаушы түтікшелері).

Түтікшелерде алғашқы зәрдің құрамындағы амин қышқылдары, глюкоза, витаминдер, тұздар, су қайтадан қанға сорылады. Бұл құбылыс реабсорбция деп аталады. Сонымен тәулігіне 1,5 -2,5 л соңғы зәр пайда болады, оның құрамы 95 % су, 5 % қатты заттардан тұрады.

Қатты заттардың құрамында негізінен зәр қышқылынан, мочевина мен креатинин бар. Соңғы зәрде натрий, калий тұздары өте аз мөлшерде болады.

Зәр, оның құрамы мен мөлшері:тәулігіне 1,5-2,0 л соңғы зәр пайда болады. Сұйықты көп қабылдағанда 2,5 л дейін зәр бөлінеді.

Зәрдің бөлінуіне тәулігіне бір қалыпты болмайды. Зәр түсі ақшыл – сары, мөлдір сұйық, салыстырмалы тығыздығы 1,1015 – 1,020, және қабылданған сұйықтың мөлшеріне байланысты өзгереді. Зәрдің құрамында судың басқа ақуыз ыдырауынан пайда болған ең соңғы өнімдер мочевина, зәр қышқылы, креатинин, индикан сияқты заттар болады.

Зәрдің бөлінуі.Бүйректе пайда болған зәр, бүйрек астауынан несеп ағар түтігі арқылы қуыққа ағады. Несеп ағар түтігінің қуыққа құятын бөлігі оған қисайып орналасқан және қуыққа құяр жерінде зәрді қайта ағудан сақтайтын қақпақша бар.

Әдебиеттер:

1. К. Дүйсенбин. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. А., 2003ж.

2. Ж.Д. Демеуов. Мектеп жасына дейінгі балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы. А., 1995ж.

3. С. Жұмабаев. Жас ерекшелік физиологиясы мен мектеп гигиенасы. А., 1996ж.

4. М.Т. Матюшонок. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы мен гигиенасы. А., 1986ж.

5. М.. Нұрышев «Адам анатомиясы» оқулық, А.Қарасай, 2006 348 бет

6. З.М. Алиакбарова. Мекиеп гигиенасының негіздері. Алматы, Абай атындағы АлМУ. 1985

7. З.М. Алиакбарова. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасы. Алматы, РБК, 1993

Қосымша әдебиеттер

8. О.А. Петришина. Бастауыш мектеп жасындағы балалар анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы. А., 1984ж.

9. А.П. Чабовская. Мектеп гигиенасы. А., 1984ж.

10. Ә. Күзенбаева. Адам анатомиясы. Алматы, 2001ж.

11. А. Рақышев. Адам анатомиясы. Алматы, 2004ж. 1 бөлім

12. Е. Керімбеков Адам анатомиясы. Оқу құралы. Алматы – 1988

13. Н.М.Апанасенко. Физическое развитие детей и подростков. Киев, 1998

14. А.А.Гуминский, Н.Н.Леонтьева. Руководство к лабораторным занятиям по общей и возрастной физиологии. М. Просвещение, 1990

15. А.Г. Хрипкова, и др. Возрастная физиология и школьная гигиена. М.: Просвещение, 1990

16. Ю.А.Ермолаев. Возрастная физиология: Учеб. Пособия для студ.педагог. ВУЗов. – М.: Высшая школа, 1985

17. А. Рақышев. Адам анатомиясы. Алматы, 2004ж. 2 бөлім

18. М.. Нұрышев «Адам анатомиясы» оқулық, А.Қарасай, 2006

19. А.П. Чабовская. Мектеп гигиенасы. А., 1984ж

20. Сапин. Анатомия человека

21. Ж.Д. Демеуов. Мектеп жасына дейінгі балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы. А., 1999ж.

22. З.М. Алиакбарова. Мекиеп гигиенасының негіздері. Алматы, 1985

23. Е. Керімбеков Адам анатомиясы. Оқу құралы. Алматы – 2000

24. К. Дүйсембин Орталық жүйке жүйесi және жоғары жүйке әрекетiнiң физиологиясы:Оқулық / К. Дүйсембин.- Алматы: ҚазмемҒАҒЗИ, 2001.-217 б.

25. Н.Н. Леонтьева Анатомия и физиология детского организма. (Внутренние органы):

Учеб.пособие для студентов фак.дошкольного воспитания пед. ин-тов / М.: Просвещение, 1976.-

26. З.В. Любимова Возрастная физиология.В 2-х ч.Ч.1: Учебник для вузов / М.: 2003

27. Ш.С. Набидоллина Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы: Оқулық / Ш.С. Набидоллина.- Астана: Фолиант, 2007.- 280бет.

28. О.А. Петришина Бастауыш мектеп жасындағы балалар анатомиясы,физиологиясы және гигиенасы: Педагогика училищелерінің оқушыларына арналған оқу құралы / Алматы: Мектеп, 1984.- 205 бет.

29. С.В. Савельев Сравнительная анатомия нервной системы позвоночных / С.В. Савельев.- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2001.- 272с.

30. Қ.Ә. Сапаров Адам анатомиясы бойынша білім дәрежесін тексеруге арналған тестілік тапсырмалар / Алматы: Қазақ университетi, 2005.- 72бет.

31. К.М. Саугабаева Тесты для контроля знаний по анатомии человека / Алматы: Қазақ университетi, 2004.- 74с.

32. Г.Л. Билич Биология. Полный курс. В 3-х томах. Том 1. Анатомия / М.: ОНИКС 21 век, 2004.- 864с.

33. А.А. Гуминский Руководство к лабораторным занятиям по общей и возрастной физиологии: Учеб.пособ. для биол. спец. пед. ин-тов / А.А. Гуминский, Н.Н. Леонтьева, К.В.Маринова.- М.: Просвещение, 1990.

34. З.В. Любимова Возрастная физиология.В 2-х ч.Ч.1: Учебник для вузов / З.В. Любимова, К.В. Маринова, А.А. Никитина.- М.: ВЛАДОС, 2003.- 304с.

35. К. Дүйсембин Орталық жүйке жүйесi және жоғары жүйке әрекетiнiң физиологиясы: Оқулық / К. Дүйсембин.- Алматы: ҚазмемҒАҒЗИ, 2001.- 217 б.

Наши рекомендации